Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

3. Салық әкімшілігін жүргізу

 

20-БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУДІҢ ӨЗГЕ ДЕ НЫСАНДАРЫ

 

80-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

555-бап. Салық әкімшілігін жүргізу

Салық әкімшілігін жүргізу салық қызметі органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

 

556-бап. Салықтық бақылау

1. Салықтық бақылау – Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау.

2. Салықтық бақылау:

SUB5560201

1) салықтық тексеру нысанында;

2) мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында жүзеге асырылады.

SUB5560300

3. Салықтық бақылаудың осы нысандары шеңберінде:

1) салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

2) бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуына бақылау;

3) акцизделетін тауарларға бақылау;

4) трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

5) мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуына бақылау;

6) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функция­ларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысаны шеңберінде:

1) салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

2) салықтық нысандарды қабылдау;

3) камералдық бақылау;

4) ірі салық төлеушілердің мониториигі;

5) салықтық зерттеп-қарау жүзеге асыры­лады.

5. Салықтық тексеруді жүргізудің жалпы тәртібі «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Рес­публикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Салықтық тексеруді жүргізу тәртібі мен мер­зімінің ерекшеліктері осы Кодексте ай­қындалады.

7. Уәкілетті орган «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық статистикалық есептіліктің, тексеру парақтаның нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді.

8. Кеден органдары осы Кодекске және Қазақстан Респуб­ли­касының кеден заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде Қазақстан Рес­публикасының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуімен бай­ланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орын­далмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиісті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

 

 

557-бап. Салық құпиясы

1. Мына мәліметтерді:

1) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) төлеген (аударған) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы туралы;

2) салық төлеушіге есептелген салық сомасынан есепке жатқызылуға тиіс қосылған құн салығы сомасының асып кетуін бюджеттен қайтару сомасы туралы;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомасы туралы;

4) әрекетсіз салық төлеушілер және соттың заңды күшіне енген үкімінің не қаулысының негізінде жалған кәсіпорындар деп танылған салық төлеушілер туралы;

5) салық төлеушінің таратылуымен (қызметін тоқтатуымен) байланысты құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш беруі туралы;

6) жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасы және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзған салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылған жауапкершілік шаралары туралы;

7) осы Кодекстің 197-бабына сәйкес қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы немесе тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес салық төлеуші ретінде тіркеудің бар (жоқ) екендігі туралы;

8) салық төлеушінің (салық агентінің) мынадай тіркеу деректері:

сәйкестендіру нөмірі;

жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);

дара кәсіпкердің, заңды тұлғаның атауы;

салық төлеушіні (салық агентін) тіркеу есебіне қою күні, тіркеу есебінен шығару күні, тіркеу есебінен шығару себебі;

қызметті тоқтата тұруының басталған және аяқталған күні;

салық төлеушінің резиденттігі туралы;

9) салықтық тексеру жоспары туралы;

10) салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) салық есептiлiгiн табыс етпеуi туралы мәлiметтердi қоспағанда, салық қызметi органы салық төлеушi (салық агентi) туралы алған кез келген мәлiметтер салық құпиясы болып табылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді, басқа тұлғаға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатынсыз бере алмайды.

3. Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмастан мынадай жағдайларда:

1) салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасаған тұлғалардың осы Кодексте белгіленген тәртіппен салық міндеттемесін, салық агентінің міндеттерін орындауы туралы сауал салу бойынша, олардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде заң бойынша қудалау мақсатында құқық қорғау органдарына;

2) салық төлеушінің салықтық міндеттемесін, осы Кодексте белгіленген тәртіппен салықтарды есептеу, ұстау және аудару бойынша салық агентінің міндеттерін айқындау немесе салықтық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы істерді қарау барысында соттарға;

3) сот санкциясымен, ал заңды күшіне енген сот актілерінің негізінде жазылған атқару құжаттары бойынша соттың санкциясынсыз атқару құжаттарын орындау барысында оның Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде сот орындаушысына береді.

Осындай мәліметтерді беру тәртібін атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп уәкілетті орган белгілейді;

4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға береді.

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган салық құпиясы болып табылатын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды тұлғалардың тізбесін бекітеді;

5) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға береді.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган салық құпиясын құрайтын мәліметтерге қол жеткізе алатын лауазымды адамдардың тізбесін бекітеді;

6) салық тексеруін жүргізуге маман ретінде тартылған тұлғаға;

7) Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарына, халықаралық ұйымдарға береді;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы бойынша салық есептілігін қамтитын мәліметтер бөлігінде береді.

4. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

5. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары, салық қызметі органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы салық құпиясы болып табылатын мәліметтерді алған өзге мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары, аталған органдарда жұмыс істеген кезеңде де, сондай-ақ өзі қызметтен босағаннан кейін де мұндай мәліметтерді жария етуге құқылы емес.

Салықтық тексеруді жүргізуге тартылған мамандар, салықтық тексеруді жүргізу кезінде өздерінің міндеттерін орындау кезінде де, сондай-ақ оларды орындауды аяқтағаннан кейін де салық құпиясын жария етпеуге тиіс.

6. Салық құпиясы болып табылатын мәліметтері бар құжаттарды жоғалту не осындай мәліметтерді жария ету Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамалық актілерінде көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

558-бап. Салықтық зерттеу

1. Салықтық зерттеу - тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша салық төлеушінің нақты бар болуын немесе жоқтығын растау үшін, сондай-ақ осы Кодекстің 637-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайда салықтық тексеру актісін тапсыру үшін салық қызметі органдарының жүзеге асыратын іс-шарасы.

Салықтық зерттеуді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылуы мүмкін.

2. Салықтық зерттеу жұмыс уақытында салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жүргізіледі.

3. Салықтық зерттеудің нәтижесі бойынша салықтық зерттеу актісі жасалады, онда мыналар көрсетіледі:

актінің жасалған орны, күні мен уақыты;

актіні жасаған салық қызметі органының лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда);

салық қызметі органының атауы;

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекен-жайы;

салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

салықтық зерттеудің қорытындысы туралы ақпарат.

4. Салықтық зерттеу нәтижесінде салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмау фактісі анықталған жағдайда, мұндай салық төлеушіге салық қызметі органы салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы хабарлама жібереді.

5. Осы баптың 4-тармағының ережесі мынадай жағдайларда:

1) салықтық тексеру актісін тапсыру мақсатында;

2) салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы жіберген хабарламаны және (немесе) осы Ко­дексте белгiленген жағдайларда оның көшiрмесiн почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша қолданылмайды.

6. Салық қызметі органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген хабарламаны жіберген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде салық төлеуші салық қызметі органына келу тәртібімен салық заңдарын орындамаудың себептері туралы жазбаша түсіндірме беруге міндетті.

Аталған талап орындалмаған жағдайда немесе салық қызметі органы жіберген хабарламаны почта немесе өзге де байланыс ұйымының қайтаруы негізінде жүргізілген салықтық зерттеу нәтижелері бойынша, салық төлеушінің орналасқан жерінде жоқ болуы себебі бойынша салық қызметі органы осы Кодексте белгіленген әрекеттерді жүзеге асырады.

 

559-бап. Куәгерлердің қатысуы

1. Салық қызметі органдарының лауазымды адамдары өздерінің талап етуі немесе салық төлеушінің (салық агентінің) талап етуі бойынша жасайтын мынадай іс-әрекеттер:

1) салық қызметі органы лауазымды адамының салық міндеттемелерінің орындалуы жөнінде хабарламаны, касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді, мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді, мүлік тізімдемесінің актісін, салық тексеруін жүргізу туралы хабарландыруды, нұсқаманы, салықтық тексеру актісін және осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының өзге де құжаттарын тапсыруы;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу;

3) нұсқаманың негізінде жүргізілетін, салық салу объектісі және (немесе) орналасқан жеріне қарамастан салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеу;

4) нұсқаманың негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) мүлкіне (тұрғын үй-жайлардан басқа), оның ішінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен арнайы құралдарды (сурет-, аудио-, бейнеаппаратураларды) қолдана отырып түгендеу жүргізу;

5) салықтық зерттеу куәгерлердің қатысуымен жүзеге асырылады.

2. Куәгерлер ретінде салық қызметі органдарының лауазымды адамы мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің нәтижесіне мүдделі емес, саны екі адамнан кем емес, кез келген кәмелетке толған, іс-әрекетке қабілетті азаматтар шақырылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен өзіне қатысты іс-әрекет жүргізіліп жатқан салық төлеуші (салық агенті) қызметкерлерінің, құрылтайшыларының куәгерлер ретінде қатысуына жол берілмейді.

4. Куәгерлер іс-әрекет жасалған кезде өздері қатысқан, салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасайтын хаттамада (актіде) тіркелген, салық қызметі органдарының лауазымды адамдары мен салық төлеуші (салық агенті) іс-әрекеттерінің фактісін, мазмұнын және нәтижелерін куәландырады.

5. Куәгер жасалған іс-әрекеттер жөнінде ескерту жасауға құқылы. Куәгердің жасаған ескертуі салық қызметі органдарының лауазымды адамы жасаған хаттамаға (актіге) енгізілуі тиіс.

6. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы куәгерлердің қатысуымен жасайтын хаттамада (актіде) мыналар көрсетіледі:

1) хаттаманы (актіні) жасаған салық қызметі органдары лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

2) салық қызметі органының атауы;

3) іс-әрекеттер жасалған орын мен күн;

4) іс-әрекетке қатысқан немесе оны жүргізген кезде болған әрбір адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

5) іс-әрекеттің мазмұны мен оны жүргізудің сабақтастығы;

6) іс-әрекеттің басталған және аяқталған уақыты;

7) іс-әрекет жасалған кезде анықталған фактілер мен мән-жайлар.

7. Салық қызметі органдарының лауазымды адамы іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған адамдарды хаттамамен (актімен) таныстыруға міндетті. Хаттамамен (актімен) таныстырғаннан кейін салық қызметі органдарының лауазымды адамы, сондай-ақ іс-әрекет жасауға қатысқан немесе ол жасалған кезде болған барлық адамдар хаттамаға (актіге) қол қояды.

8. Хаттамаға (актіге) іс-әрекет жасалған кезде орындалған фотографиялық түсірілімдер мен негативтер, бейне жазбалар немесе басқа да материалдар (олар болған кезде) қосылады.

9. Салық қызметі органдары лауазымды адамның осы бапта белгіленген тәртіппен жасаған хаттамасы (актісі) осы баптың 1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасау фактісін тіркейді және растайды.

 

 

81-тарау. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІ САЛЫҚ  ОРГАНДАРЫНДА ТІРКЕУ

 

560-бап. Жалпы ережелер

Уәкілетті орган салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру жолымен салық төлеушілерді есепке алуды жүргізеді.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасы – салық төлеушілерді есепке алуды жүзеге асыруға арналған ақпараттық жүйе.

Салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасын қалыптастыру:

1) жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін салық органдарында салық төлеуші ретінде тіркеу;

2) салық төлеушіні:

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде;

қосылған құн салығы бойынша;

электрондық салық төлеуші ретінде;

қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы салық төлеуші ретінде;

салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне алу болып табылады.

4. Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін салық төлеуші ретінде тіркеу:

1) аталған тұлғалар туралы мәліметтерді салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасына енгізуді;

2) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасындағы тіркеу деректерін өзгертуді және (немесе) толықтыруды;

3) салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасынан салық төлеуші туралы мәліметтерді алып тастауды қамтиды.

5. Салық төлеушіні тіркеу есебі салық төлеушіні осы баптың

3-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген тіркеу есебіне қоюды, салық төлеушінің тіркеу деректеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, салық төлеушіні тиісті тіркеу есебінен шығаруды қамтиды.

6. Салық қызметі органдарына салық төлеуші туралы:

1) уәкілетті мемлекеттік органдар;

2) осы Кодекстің 581-бабының 1), 4) тармақшаларына сәйкес банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;

3) салық төлеушілер берген немесе мәлімдеген мәліметтер салық төлеушінің тіркеу деректері болып табылады.

7. Осы Кодекстің мақсаттары үшін:

1) жеке тұлғаның тұрғылықты жері – азаматтарды тіркеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматты тіркеу орны;

2) дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың орналасқан жері – салық органында дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың қызметінің басым бөлігін жүзеге асыратын орны;

3) резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жері – құрылтай құжаттарында немесе құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеу туралы куә­лігінде көрсетілген оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері;

4) филиал, өкілдік ашпай, қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның орналасқан жері – салық органында салық төлеуші ретінде тіркеу кезінде мәлімделген Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жері;

5) резидент емес жеке тұлғаның болатын жері – резидент емес жеке тұлғаның көші-қон карточкасында көрсетілген Қазақстан Республикасындағы уақытша болатын жері деп танылады. Егер халықаралық шарт ережелеріне сәйкес көші-қон карточкасының болуы көзделмеген болса, онда салық органына резидент емес жеке тұлға мәлімдеген Қазақстан Республикасында басым уақыт орналасқан жер болатын жері деп танылады.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]