Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салы кодексi.doc
Скачиваний:
552
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
6.09 Mб
Скачать

§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

 

572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін элек­трондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан немесе тұр­ғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруы оның хабарламаларды кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін электронды байланыс желілері арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.

3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы са­лық­тық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық тө­леушіге:

1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті;

2) электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.

4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.

 

573-бап. Электрондық цифрлы қолтаңбаны ауыстыру және жою

1. Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:

1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;

2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;

3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;

4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.

2. Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн байланыстың арналары арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

3. Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

4. Салық органы салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшiнсiз салық төлеушiнi мемлекеттiк деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде электрондық цифрлы қолтаңбаны жояды.

5. Салық органы салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасын жоюды уәкiлеттi органның элек­трон­дық цифрлы қолтаңбаны жою туралы шешiмi негiзiнде бiр жұмыс күнi iшiнде:

1) салық төлеушiнi соттың заңды күшiне енген үкiмi не қаулысы негiзiнде жалған кәсiпорын деп таныған жағдайда – салық органы соттың үкiмiн не қаулысын алған күннен бастап;

2) салық төлеушiнi мемлекеттiк тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайда сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде салық органы соттың шешiмiн алған күнiнен бастап жүргiзедi.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]