Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Хіх ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалар

Басқарудың әкімшілік жүйесін іске асыру өзінің шекаралары жағынан кеңейіп жатқан империя жағдайына қолайлылық туғызды.

Крепостниктік құқықты жойысымен Ресей үкіметі әлеуметтік-саяси өмір ағысын түбірінен өзгерткен бірқатар реформаларды: земстволық, соттық, қалалық және басқаларын жүзеге асырды. Капитализмнің дамуы «тереңінен» де, кеңінен де жүріп жатты.

Осындай жағдайда ресей Қазақстанда басқарудың бұрынғы жүйесін түбірінен міндетіен алға тартты.

Қазақстанды басқару жөніндегі Ереженің жобасын даярлау үшін үкімет 1865 жылы Далалық комиссия деп аталатын комиссия құрды. Бұл реформаны әзірлеу кезінде қалың халық бұқарасының көңіл-күйі еске алынбады. Ш. Уәлиханов қазақтардың материалдық тұрмыс халін арттыруға жәрдемдесетін радикалды реформа жүргізуді жақтады. Қазақстанда халықтың өзін-өзі басқару негізіндегі әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынды. 1867 жылы 11 шілдеде Александр ІІ Жетісу мен сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережелер жобасына, 1868 ж. 21 қазанда – Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы Ережелер жобасына қол қойды. Сонымен, Қазақстанды басқару жөніндегі «Уақытша ережені» үкіметтік шенеуніктердің ойластыруы негізінде, Сейдалин, Шыңғыс Уәлиханов, Мұса Шорманов сұлтандардың және басқалардың белсенді қатысуымен патша үкіметі әзірледі. 1854 жылы ашылған Семей, Ақмола облыстарын, 1866 жылы құрылған Жетісу облысын басқаруға өзгерістер енгізілді. Реформа бірінші рет бүкіл Қазақстанды қамтыды. Әйтсе де хандық билік 1845 жылы өмір сүруін тоқтатқан Бөкей ордасы Уақытша Ереже жобасы бойынша Астрахань губерниясының құрамына қосылып жіберілді.

Қазақстанда 3 генерал-губернаторлық – Орынбор (астанасы Орынбор қаласы), Түркістан (астанасы Ташкент), Батыс Сібір (астанасы Омбыда) генерал-губернаторлық құрылды. Генерал-губернаторлық облыстарға бөлінді. Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарында салық мөлшері 3 рубль, ал Түркістанда 2 рубль 75 тиынды құрады.

Өз кезегінде облыстар – уездерге, уездер – болыстарға бөлінді.

Басқарудың жаңа жүйесі көшпелілер өмірінің патриархалды-феодалдық құрылысын шайқалтты, сұлтан-билер мен ағамандар билігін шектеді. 1867-1868 жж. реформаларды жүзеге асыру рулық ақсүйектердің ықпалы әлсіреуіне әкеп тіреді, мұның өзі олардың құқықтық, экономикалық және саяси жағдайларынан көріне бастады.

Әкімшілік басқару жарқын көрінген әскери сипатта болды. Облыстардың басында әскери және азаматтық билікті ьолығымен өз қолдарына шоғырландырған әскери генерал-губернаторлар отырды.

1868 ж. далалық облыстарды басқару туралы Уақытша ереже және 1867 ж. Түркістан өлкесіндегі басқару туралы Ереже бойынша болыс басқарушысы өз қолына полицейлік билікті шоғырландырды. Ол «тыныштық пен тәртіптің» сақталуын, салықтың төленуін және халықтың әртүрлі борыштарын өтеуін қадағалап отырды. Билер сотының шешімін жүзеге асыру да оның міндетіне жатты.

1867-1868 жж. реформамен жалпыимпериялық заңдар негізінде әрекет жасайтын әскери-сот комиссиялары мен уездік соттар құрылды.

1867-1868 жж. реформалар екі жылға, тәжірибе жасау ретінде уақытша енгізілген болатын. Алайда бұл тәжірибе жергілікті халықтың наразылығын тудыруы ықтималдығынан жиырма жылдан астам уақытқа созылды. Тек ХІХ ғ. 80 жж. соңы мен 90жж. басында ғана патша өкіметі әкімшілік сот істері реформасын енгізуді аяқтауға кірісті. 1886 ж. 2 маусымда Түркістан өлкесін басқару туралы ереже, ал 1891 ж. 21 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөніндегі Ереже қабылданды.

Нәтижесінде Қазақстанда екі генерал-губернаторлық – Дала және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Салықтар 4 рубльге дейін өсірілді, барлығы жыл сайын 10 рубльге дейін алымдар жиналды.

18-19 ғғ. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар

Сырым Датұлы бастаған кіші жүз қазақтарының ұлт – азаттық көтерілісі

18 ғасырдың ортасында Ресей үкіметінің қазақ жерін отарлау саясаты пәрменрді жүргізіле бастады.Кіші жүз қазақтары бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша Жайық бойында көшіп қонатын.Ал қыс айларындажайықтың он жақ жағалауында қыстайтын еді.Алайда патша үкіметінің Жайық бойына көшіп – қонуға тыйым салынуына байланысты ол мүмкін болмай қалды.Сол себепті Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының 1773-1775 жж. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына белсенді қатысуы кездейсоқ емес еді.Ол патшаүкіметінің жерге қатысты қысымының күшеюінен еді, Мысалы,Кіші жүз қазақтары Е.Пугачев көтерілісі кезінде Жайық бекінісін қоршауға,Кулагин бекінісін алуға қатысты.Екі мың қазақ сарбазы Орынборға шабуыл жасауға қатысты.Орта жүз қазақтары Пресно – горьковский бекінісіне шабуыл жасап,басқа да соғыс қимылдарына қатысып,қатар – қатар тұрған бекіністерге қауіп төндірді.

Е.Пугачевкөтерілісі басылғана кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді.Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші – қон жүйесінің бұзылуы болатын.Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады.Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды.Оның өзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп,ақы төленуі тиіс еді.

Бұндай аса күрделі жағдайда Кіші жүз ханы Нұралы Ресейәкімшілігінен қалыптасқан өзара сенімді қарым қатынасын пайдаланып, ең алдымен халық мүддесін ойлауы керек болатын.Алайда,ол бұл мәселені басқаша шешті; қазақтардан Жайықтың арғы бетіне өту мен қазақтардың қолына тұтқынға түскендерді босату үшін алым – салық жинады.Қомақты қаржының бір бөлігін өзіне қалдыруды да ұмытпады.

Ханның рұқсат беруі тек ханның ғана емес,сонымен қатар Жайық қазақтарының ағамандарының кірісті кәсіпшілігіне айналды.Нұралы ханның мұндай іс әрекеті қарапайы халықтың ғана емес,сондайақ сұлтандар мен ру басыларының,билердің заңды нараздылығын туғызды. Бұл Кіші жүздегі саяси ахуалды мүлде шиеленістіріп жіберді.Хан беделін күннен – күнге төмендете берді.

Ресейдің орталық саясаты мен ханның іс – әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар күшейе бастады.Оған қоса 1782 – 1783 жылдың қысында «жұт»басталды.Сол уақыттағы «жұт»туралы деректер мына жағдайларды сереттейді; «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мындаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады.Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады.Ал бұл жерлерде оларды қазақтар қарсы алып,тонап отырды.1783 жылы көктемде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті».

Көтерілісті ұйымдастырушу белгілі батыр әрі шешен, Е.Пугачев көтерілісіне араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды.Көтеріліс 1783 жылы басталып,1797 жылға дейін созылды.Көтерілістің халықтық сипат алу себебі:патша үкіметінің отарлық саясаты,олардың қазақ жерлерін тартып алуы,бекіністердің салынуы,ғасырлар бойы қалыптасқан көші – қон жүйесінің бұзылуы,ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі,қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектклуі болатын.Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ,Ералы,Досалы жыл сайын Орынбордан жалақы алып отыратын.Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қызмет етті.Кіші жүздегі көші – қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды.Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптаралыққа ұсындырды.Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі Бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады.Көтерішілердің ең негізі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып ,ол көтерілістің негізгі ошағына айналды.Сырым Датұлы 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.

Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.Сонымен бірге Нұралы Ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді.Мысалы, 1785 жылы Ресей патшайымы 2 Екатеринаға Кіші жүз ағамандарының жазған хатында: «Біз Кіші орданың қырғыз – қазақ жұрты,барлық халқы,ханның маңайындағылардан басқа,Нұралы ханға ашулымыз ..... Біз патшадан жаманшылық көргеннен емес,ханның зұлымдылығына байланысты сізбен ешқандайда ымыраға келе алмаймыз. Сондықтан ол орнынан алынбайынша біз сізбен келіссөз жүргізіп,бітімге келмейміз деп,бірауыздан шештік»,- деген талап қойған.

Кіші жүздегі ұлт- азаттық көтеріліс Ресей әкімшілігін қатты аландата бастады.Сол себепті 1785 жылы әскери коллегияның шешімімен қаңтар айында көтерілісті басу үшін генерал Смирнов бастаған тұрақты әскер жіберілді.

1785 жылы көктемде көтерісшілер Антонов бекінісі мен Жайықтың төменгі ағысындағы Сахарный бекінісіне шабуыл жасайды.Бірақ әскери горнизон шабуылға дайын болғандықтан,қазақ сарбаздарына тойтарыс беріледі.Көтерісшілер сол маңдағы басқа да бекіністер мен қамалдарға шабуылдарын жиілете түсті.Көтерісшілердің күші барған сайын нығая бастады.Ал Кіші жүз ханы Нұралының патша әкімшілігімен байланысын күшейткенімен,халық алдндағы беделі төмендей берді.Ақ сүйектері мен халықтың сеніміне айырылғанан кейін Нұралы хан патша үкіметінен көмек сұрап,Орынбор әкімшілігінің қолдауына сүйенді.Өзімен «жауласқан»табын руының ауылынан қорғаныс іздеп көмек сұрады,сөйте отырып,Орал казак әскерінің атаманы Донсковтан «олардың басып алуын»талап етті.Басып алу нәтижесін де «....қырғыз – қайсақ халқы барлығы менен бөлініп кетті. Көшіп қонушылар Ембінің жоғарғы жағына Ойыл бойымен кетіп қалды»,- деп,Нұралы хан генерал-губернаторға жазған хатында мәлімет берген екен.Кіші жүздегі хандық биліктің дағдарысы жергілікті паьша әкімшілігінің де алаңдаушылығын туғызды.Олардың Кіші жүздегі қазақтарды бұрынғысынша басқаруы мүмкін болмай қалды.

Осындай жағдайда хандық билік жүйесіндегі қазақ қоғамын іштей ыдырату үшін Орынбор генерал – губернаторы генерал – поручик, борон Отто Игильстром бастаған патша әкімшілігі Кіші жүздегі хандық билікті жою саясатына кірісті.Борон Игельстром қарапайым халық пен «Ақ сүйектер»арасында жік түсіріп,Сырым Датұлының хандық билікке қарсы күресін пайдалануға тырысты.

1785 жылы шілде айында қазақ старшындары мен ру басшыларының құрылтайы өткізілді.Оған кіші жүздің 32 руының 25-ш қатысты.Құрылтайда Нұралы ханды тақтан түсіру туралы шешім қабылданды.24 шілдеде құрылтай шешімі Орынбор генерал – губернаторы Игельстормға тапсырылды.Ал ол бұл шешімге қатысты өзінің қосымша пікірлерін жазып «ханның белелсіздігі»туралы Петерборға мәлімет береді.

1786 жылы 10 мамырда Игельстром 2 Ектеринадан Кіші жүздің барлық руларын жаңадан ағамандар тағайындап,жазалау тәртібін енгізуді өтінді.О.Ингельстром Кіші жүздегі хандық билікті жою туралы әрекеті тарихқа «Игельстром реформасы»ретінде енді.Оның мәні неде еді? Бұл реформа бойынша Кіші жүздегі хандық билікті жойып,оны басқаруды Орынбор Шекаралық соты арқылы жүзеге асыруды көздеді.Кіші жүз аумағы үшке бөлініп,бұл бөліктергебасқаруды жүзеге асыру үшін сот қызметін атқарушы төраға,елге танымал екі заседатель мен бір молдаға тағайындау жоспарланды.Бұл істі жүргізетін шенеуніктерге арнайы жалақы төленетін болды. Ру ағаманы мен сот төрағасы 200 сом,олардың көмекшілері мен заседательдер 50 сом,молда 100 сом жалақы алатын болды.Хандық билік жойылды.

1786 жылы 6 шілдеде 2 Екатерина Нұралы ханды биліктен алу үшін бұйрық шығарды.Ол алдымен Орынборға шақырып,одан кейін Уфаға жер аударылды.Сойтіп,оның тағдырын патша әкімшілігі шешті,сонда 1790 жылы қайтас болды.

1786 жылы Орынборда Шекаралық сот, ал 1787 жылы жазалау ұйымы құрылды.Бірақ бұндай әкімшілік басқару жүйесін Кіші жүздің бүкіл аумағын тарату мүмкін болмады.Өйткені іс жүзінде билік ру ағамандарының қолындаболатын.Осылайша Игельстром реформасы жүзеге аспай қалды.Біріншіден,ол қазақтардың далалық заңдарына сәйкес келмеді.Орынбор әкімшілігі енгізген тәртіптерді тағайындалған сот төрағаларының өздері де жете түсіне алмаған еді.Екіншіден,хандық билікті бірден жоюды патша үкіметі қауіпті деп санады.Себебі қазақ халқының наразылығын басып алмай,бұндай саяси қадамға бару көтерілісті одна әрі өршітіп жіберді деп сескеген болатын.

Сонымен бірге 1789 жылы 14 шілдедегі Француз буржузиялық революциясы Бастилияны шабуылмен басып алып, «Азаматтар мен адам құқығы туралы деклорация»қабылдаумен аяқталған белгілі.Нәтижесінде Францияны Республика деп жариялап.Король 16 Людовик жазаға тартыдған еді.Міне,осындай жағдайдан қорыққан патша үкіметі Кіші жүзге енгізіліп жатқан жаңалықтарды тоқтата тұруына тура келді.Және де О.Игельстром қызметінен босатылды.Ал оның орнынп келген губернатор А.Пеутлинг хандық билікті қалпына келтіру бағытын ұсынды.

1790 жылы көтерісшілер жасағы Ойыл өзенінің маңында қайта шоғырланып,Елек қоғанысына шабуылға дайындала бастады.Осы жылдың тамыз айында Уфада Нұралы хан қайтыс болғанан кейін,патша әкімшілігі 1791 жылы оның інісі Ералыны Кіші жүзге хан етіп тағайындады.Нұралы ханның тақтан тайдырылуы мен О.Игельстромның қызметтен босауы Сырым Датұлы сарбаздарының біраз бөлігінің елдеріне қайтуына әсер еткен болатын.Сол себепті көтерісшілердің әскери күші едәуір күшейіп қалғанды.Ал жаңа губернатор болса Сырым батыр көтерілісін біржола басуды қолға ала бастады.Ералы хан ағасы Нұралы ханның саясаты одан әрі жалғастырып,Сырым Датұлына қарсы күресті қайта бастады. Міне,сондықтан да Орынбор әкімшілігі оған жан-жақты қолдау білдірді.Осындай жағдайлардың барлығы көтерілістің қайта өршуіне әкеп соқты.1792 жылы жазда көтеріліс бүкіл Кіші жүз аумағы қамтыды.Сол жылы күзде Сырым Датұлы Елек қаласын шабуылмен басып алуға әрекет жасады,бірақ та мүмкін болмай қалды.Бұдан былай күшінің жеткіліксіздігіне көзі жеткен Сырыс батыр күрестің түрін өзгертіп,партизандық әдісіне көшеді.Кіші жүздегі көтерілістің ұзағға созылуына алаңдаушылық мбілдірген 2 Екатерина Сырым Датұлын ұстауға жарлық береді.

1794 жылы Ералы хан қайтыс болып,патша үкіметі тағы да жаңадан хан тағайындауға мәжбүр болды.Тек екі жылдан кейін ғана,яғни 1796 жылы қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып тағайындалды.

Есім хан Сырым Датұлы сарбаздарының шабуылдарынан сақтана отырып,өзінің бүкіл ауылымен шекаралық бекіністер маңында көшіп – қонуға шешім қабылдады. Ал өзінің ордасы ретінде Мерген форпостын таңдап алды.Бұған қарамастан көтерісшілер 1797 жылы 27 наурызда хан ауылына шауып,Есімнің өзін өлтірді.Бұл кезде Орынбор губерниясының генерал-губернаторы болып қайтадан барон Игельстром тағайындалған еді.Бұл жолы енді,патша әкімшілігі жаңа әдіске көшеді.1797 жылы тамызда Кіші жүзде Хан кеңесі құралады.Оның төрағалығына Әбілқайырдың ұлы,жасы егде таратқан Айшуақ сұлтан тағайындалды.Хан кеңесіне Сырым Датұлы да шақырылды.

Жазалаушы отрядтан қаша отырып,көптеген сарбаздарынан айырылған С.Датұлы 1797 жылы 3 тамызда мыңға жуық жасағымен Хан кеңесіне келеді.Хан кеңесіндегі келіссөздерден кейі С.Датұлы күресті тоқтатынын жариялады.Бұл жолы Хан кеңесі Кіші жүзді саяси дағдарыстан шығаруда қабілетілігін көрсетті.Соған байланысты 1797 жылы қазан айында Айшуақ хан болып тағайындалады.Ал бұл 14 жылға созылған.С.Датұлының қозғалысының жеңілісінің көрінісі болатын.

Кіші жүздегі қазақтардың Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілісі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бірінші ашық бас көтеру болды.С.Датұлы 2 Екатерина мен Игельстром кіші жүзде хандық билікті жою үшін кейбір жағдайларда пайдаланған да еді.Дегенмен Сырым Датұлы бастаған халық халық біраз уақыты болса да патша үкіметінің отарлық саясатын тежеді және Ресей үкіметін қазақтардың мүддесімен кейін патша үкіметі қазақтарға Жайықтың сол жағына көшіп – қонуға рұқсат берүге мәжбүр болған еді.Бұл Сырым батырбастаған көтерілістің нәтижиесіз болмағанын дәлелдесе керек.Кіші жүздің соңғы ханы ресми түрде бекітілген Шерғазы (Серғазы )Айшуақұлы болды.Қазақ тарихын зерттеуші орыс ғалымы А.И.Левшин оның хан тағына отыру салтанатын былай суреттейді:”Ол кездегі сауатсыз азиаттықтарға хан атағының қаншалықты маңызды екенін көрсету үшін орыс үкіметі оны үнемі сән салтанатпен әрі түрлі рәсімдермен өткізіп отырды. Бұл дәстүр кіші жүздің ханы болып Нұралы сайланған кезден бастап жалғасып келе жатыр .....мысал ретінде 1812 жылы болған Кіші орданның бұрынғы сұлтаны АЙшуақұлы Шерғазыны Орынбор маңында хан тағына отырғызу салтанатын сипаттайық .Орынбор әскери губинаторы книзь Волконский Ресей импереторының сайлауды бекіту туралы шешімі жарияланғаннан кейін салтанатты жиынның куиін белгілеп ханның өзіне және белгілі сұлтандар мен ру басыларына, сондай ақ қырғыз ағамандарына 23 тамызда Оралдың сол жақ жағалауына халықымен көшіп келуін ескертті.

22 тамызда бір штаб-офицері бірнеше обер-офицерлерімен және тілмаштарымен далалық өлкеге жіберілді.Олар шекара маңына жақын көшіп келген ханға келесі куні салтанатты рәсім болатындығын жеткізеді

23 тамызда бекіністен таңғы сағат 7-де 3 зеңбіректен оқ атуымен салтанатты рәсім басталатынын паш етеді.Ал сағат 8-де штаб-офицері екі обер-офицерімен және қарауылмен Шерғазыға келіп,дайындықтың әзір екенін баяндап және оған салтанат өтетін жерге келуін сұрайды. Сондай-ақ оған куйме мен екі арба жіберіледі.Жіберілген штаб офицер және тілмашпен бірге куймеге ханның өзі және бір сұлтан екеуі отырады;арбаға құрметті сұлтандар мен оның маңайындағылар отырады. Хан куймесі алдында екі офицер,төрт урядник журіп отырды,ал соңында елу казак еріп журді.Ал салтанатты топтың соңынан атты қырғыздар ілесті.

Осы уақытта хан өз киіз уйінен шыққан кезде,белгіленген уақытта бекіністен әскери губернатор да шығады. Екі жақ та келіп жеткен уақытта,салтанат өтетін жерде қарулы әскерлер құрмет көрсетіп,барабандар соғылып , музыка ойналады. Қарулы әскер құрамында: 200 Орынбор казактары , бір тептяр полкі, 300 башқұрттар, гарнизондық жаяу әскер полкі артилериялық рота болды.

Әскери губернатор ханмен бірге дайындалған орынға көтеріліп,жиналған халыққа Жоғары мәртебелі патша ағзамның Шерғазыны хан етіп бекіткенін жариялайды және императордың грамотасын орыс және татар тілінде оқуға бұйрық берді.

Сонан кейін хан кілем үстіне тізесін бүгіп,Құранның алдында Ресейге адалдығы жөнінде салтанатты түрде ант береді,алдын ала дайындалып бекітілген антты мұсылман діни басқармасының өкілі оқып,хан оны қайталап тұоды.Негізінде дайындалған антын оқи бастады.Соңында құранды сүйіп,оны басына көтерді,одан кейін ресми қағазға қол қойылатын орынға өзінің мөрін басты.Содан соң қатар тізіліп тұрған артиллериядан 12 рет оқ атылды және қамалдан 11 рет алты қарудан оқ атылды;мылтықан оқ атылып ,барабандар соғылды және тағыда музыка ойналды.Осы аралықта ханға Сарайдан арнайы жіберілген құндыз ішік кигізілді,өте қымбат жібекпен қапталған шапан жабылды,баскиім кигізіп,оның аты жазылған алтын қылыш тапсырылды.Баскиімді генерал – майор кигізді,ал ішікті иығына жапқан полковник болды,қылышты подполковник тапсырды.Соңында әскери губернатор оған императордың хандық билікке лайықтылығы жөніндегі грамотасын тапсырды,ол оны сүйіп,басына көтерді.

Осыдан кейін халық тарайды,бірақ әскери губернатор түс ауа төрттердің кезінде ханға арнайы күйме мен арбалар жіберіп,нөкерлерімен бірге түстік асқа шақырды.Бөлмеге кіре берісте музыка ойнап тұрды.Түстік кезінде,император әулеттері үшін,оның денсаулығы үшін шексіз мөлшерде шарап ішілді;түстік аяқталысымен бал ұйымдастырылды.

Келесі күні қырғыздарға далада ешбір рәсімдерсіз ас берілді.Ал, үшінші күні далада қоштасу түстігі беріліп,көптеген сыйлықтар таратылды.

Алайда Шерғазыны хан етіп бекіту салтанаты Ресей империясы үшін өте иқолайсыз уақытта өткізілген еді.1812 жылы Ресей тарихында Отан соғысының басталғаны белгілі.Бұл соғысқа әртүрлі әскери полктардың құрамында қазақтар да қатысқан еді .Қазақ жауынгерлернің көпшілігі24-26 тамызда Бородино деревнясы түбінде болған даңқты шайқаста көзге түсті.Көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін ертіс желісі полктерінің бірінің солдаты Майлыбайұлы күміс медальмен марапатталды,ал 1 Тептяр полкінің старшинасы Сағит Хамитұлы 3 дәрежелі қасиетті Анна орденін Вязьма түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін алды.Атаман М.Платов қолбасшылық еткен казак әскерлерінің құрамында орыс армиясымен бірге Еуропаға жасалған жорықтарға 1 Башқұрт полкі де қатысты.Осі полктің уряднигі Нарынбай Жанжігітұлы өзінің ержүректілігімен танылып,Веймар,Ганау,Майндегі Франкфурт түбіндегі шайқастарда және парижді алудағы көрсеткен жауынгерлік ерліктері үшін қасиетті Георгий орденінің толық иегері болды.Н.Жанжігітұлвмен бірге бұл үшін қасиетті Георгий орденінің толық иегері болды.Н.Жанжігітұлымен бірге бұл шайқастарда Әмен Байбатырұлы батылдығымен көрінді.Кейін оны халық тек батыр ғана емес,талантты ақын ретінде де мойындады, 1812 жылғы Отан соғысы Яков Беляков үшін екінші ірі әскери сын болды.Шоқынған қазақ Я.Беляков 3 Орынбор қазақ полкінің құрамында өз еркімен 1809 1810 жылдары орыс – түрік соғысына қатысып,даңқты қолбасшы М.И. Кутузовтың өз қолынан мараптқа ие болған еді. 1812 жылы Отан соғысына қатысқан қазақтардың қатарында өз өтініштері бойынша халық жасақтарына сұрангандар да болған .Өз еріктерін халық жасақтарына жазылғандарға Ұлттық киімдерін киіп жүру рұқсат етілген .Олар қылыш, найза және мылтықтан басқа ,садақ пен жебені де асқан шеберлік пен паидаланды. Ол жөнінде 23 жеңіл атты егерлік бригаданың қолбасшысы ,полковник барон де Марбо жоғары бағалы келе, оларға “Амур ” деген лақап ат тағылғанын ерекше атап көрсетеді .”Қазақ ,башқұрт немесе татар атты жауынгерінін мықты да шебер қолымен атылған кішкентай жебе жаудың тура көзіне немесе тамағына дәл тиеді .Олардың нысананы дәл көздейтіні және атқан оқтарының күштілігі сондай 15 сажень қашықтықтан атқан оқтары адамға ғана емес ,сондай ақ атты да тесіп өтетін болған”.

Қазақ халқының Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы,Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтерлісін белсенді қолдауы және Ресейдегі Отан соғысына өз еріктерімен қатысуы отаршылдық үстемдік пен басқыншылыққа қарсы халықтың санасы мен жауынгерлік рухы жаңа сапалық деңгейде қалыптаса бастағанын айқындап береді.

Бөкей ордасындағы көтеріліс

ХІХ ғасырдың басында патша өкіметі қазақ жеріндегі хандық билікті жоюға кірісті. Бұрынғы рулық бөлініс, бағынушылықтың орнына аумақтық құрылымдар құрмақ болды. Сол себептен 1801 жылы Кіші жүзге қарайтын Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді бөліп, Ішкі немесе Бөкей ордасын құрды.

Қарапайым халық жер мен жайылымдар әділетті, біркелкі бөлінеді ғй деп үміттенді. Бірақ мәселе олай болмай шықты. Бөкей ордасы казак станицаларының желісімен және Жайық өзенін бойлай салынған қамалдармен кіші жүз жерінен бөлініп тасталды. Соның салдарынан Еділ мен Жайықтың арасында көшіп жүрген қазақтар жан-жақтан орыс ауылдарымен, қамалдармен қоршалып қалды. Каспий жағалауындағы шұрайлы қоныстардан қазақтар ығыстырылып, орыс помещиктері граф безбордко мен князь Юсуповтар және Орал казак әскерлері иелік етті. Олар қазақтарды бұл жерлерге жолатпады. Қыс болса қазақтардан от ауызы, жаз шықса тұяқ аты деген сияқты неше түрлі салықтар алынды.

Орыстардан қалған тәуір жерлерге хан мен оның туыстары, сұлтандар иелік жасады. Мысалы, Жәңгір ханның меншігінде 400 мың десятина, оның туысы Нұралыхановтардың меншігінде 750 мың десятина, Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожа Бабажановтың қарамағында 700 сың десятина жерлері бар еді. Бұрын жерге меншікті білмейтін, кім бұрын келіп орналасса, сол жайлай беретін елде енді таршылық туды, көшпелі елдің шаруашылығы қатты күйзелді. Мәселен, Қарауылқожа қазақтарға жерді жалға беру дегенді шығарды. Жалға жер алғаны үшін қазақ малшылары өте ауыр салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Сонымен қоса қарауылқожаның отбасы үшін әрбір шаңырақ 2 сомнан төлеуге, ал ауыл старшыны бір бие беруге міндеттенді. Қыста Каспий теңізінің жағалауынан қазақтар Қарауылқожа Бабажановқа қамыс дайындауға тиіс болды. Қамысты қыста дайындаттырып, сол қамыстан үй немесе малға қора салдырған. Сонымен бірге патша үкіметі Ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне сай бейімдегісі келді. Сондықтан бұл жерлерде дистанциялар (бекініс аралық басқару жүйесі) құрылды. Осындай экономикалық, әкімшілік қысымдармен қатар елдің ар-намысына тиерлік рухани қысымшылықтар да көбейді. Қит етсе айып алып, дүре ссоғу және т.б. жәйттер халықтың зығырданын қайнатты. Осындай патша үкіметі мен хан тарапынан жасалған шаруашылық, әкімшілік, рухани қысымшылық, жан түршігерлік әділетсіздік халық көтерілісіне алып келді. Көтеріліс Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов басқарды.

Исатай 1791 жылы туған. Ол Ішкі ордадағы халқы ең көп рулардың бірі беріш руынан болатын. 1812 жылы ол Бөкей хандығының Жайық бөлімінің ағамандығына (старшындығына) тағайындалды. Кейінірек ол бүкіл беріш руын басқарды. Өзі басқарып отырған жерде тұратын қара халыққа істелген зорлық-зомбылыққа талай рет ара түскендігі үшін оны екі-үш рет жазалап, түрмеге де түсірген. Исатайдың әділдігі мен еңбекші халыққа жасаған қамқорлығы оның атын шығарып, беделін күшейтті. Исатайдың бай, феодалдар озбырлығына қарсы жүргізген күресі кейін қазақ еңбекшілерінің феодализм мен отаршылдыққа қарсы күресіне әкелді.

Исатай Тайманұлының ең жақын жауынгер серігі, көтерілістің екінші басшысы және жалынды жыршысы махамбет Өтемісұлы болды. Ол 1804 жылы Батыс Қазақстанның бұрынғы Орда ауданы нарындағы Бекетай құмында туған. Ол беріш руының ағаманы болатын.

Жәңгір ханның Зұлқарнайын деген баласы Орынборда оқығанда соның қасында болсын деп махамбетті де бірге жібереді. Сондықтан ол мұсылманша да, орысша да оқып, жаза білген. Жасынан асқан шешендігімен көзге түскен махамбетті Жәңгір хан өзінің сөзін сөйлететін, мадақтайтын «сарайақыны» етпек болды. Бірақ ондағы әділетсіздікті, халыққа жасалып отырған жауыздықты көп көрген махамбет ол жолға түспейді. Халықтың екі жақты езіліп отырғанын, оның басында ерік, қолында билік жоғын білген болашақ жалынды жыршы өз өмірін халқын азат ету жолына арнайды. Дегеніне көнбей, үстем тап өкілдеріне қарсы шыққаны үшін Жәңгір хан оны қуғындай бастайды.

Ішкі ордадағы қозғалыстың алғашқы толқындары 1827-1829 жылдары басталған. Бұл көтерілістердің де ең баста адамдарының бірі махамбет Өтемісұлы еді. Ол 1829 жылдан 1831 жылға дейін Калмыков түрмесіне жабылған, кейін одан қашып шыққан.

Көтерілістің негізгі мақсаты – патша өкіметінің жерді тартып алып жатқан отарлық саясатын тоқтату, ханның өктемдігін, өзбырлығын шектеу, қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту болды.

Алғашында жәңгір хан исатай мен махамбетті өз жағына тартпақ болды. Бұдан ештеңе шықпаған соң ол оларды ашықтан-ашық қуғындауға шықты. Жәңгірдің сенімді деген билеріне жазған хатында былай делінген: «Исатай мен махамбет басқаларды маған бағынбауға шақырады. Олар старшина қарабөкен мен Жоланға шабуыл жасап, жарақаттады...барлығыңызға жоғарыда аталған бойұсынбаушыларды ұстап маған әкелуді бұйырамын».

1836 жылдың ақпанында Жәңгір хан Исатай мен Махамбетті алдап қолға түсіріп, айдатпақ болады. Сол оймен оларды өз ордасына шақыртады. Мұны іштен сезген Исатай мен Махамбет бармайды. Оларды оңайлықпен қолға түсіре алмайтындығын білген хан сол жылдың 17 наурызында қараылқожаны басқартып 522 адамнан тұратын жасақты жібереді. Мұны естіген Исатай мен Махамбет өз қаруластарымен Қарауылқожаға қарсы щығады. Олар 1936 жылы 4 сәуірде манаш қыстауында кездеседі. Исатай қантөгіс болмасын деген оймен бұрынғы қазақ салты бойынша Қарауылқожаны жекпе-жекке шақырады. Істі сонымен шешпек болады. Бірақ Қарауылқожа да, оның қасындағылар да жекпе-жекке шығуға қорқады, соғыспен басып алуға да сескенеді. Сөйтіп кері қайтуға мәжбүр болады. Исатай да қантөгіске барғысы келмей, өз қосынына кетеді. Сөйтіп екі жағы да қан төкпестен тарасады. Күз айларында Исатай мен Махамбет ауыл-ауылды аралап, халықты Жайық жағасына келуге, Орал казак-орыс әскерлерінің алған жерлерін қайтаруға, байлардың жерлерін қайтадан бөлуге шықырып, үгіт жүргізеді.

1838 жылдың басында Исатай мен Махамбет даңқы қазақ даласына кең тарайды, оларға жан-жақтан шаруалар, кейбіпр ағамандар келіп қосыла бастайды. Сол жылдың жазы мен күзінде олар біраз ірі бай ауылдарына шабады. 16 қыркүйекте көтерілісшілер Қарауылқожаның ауылына қарулы шабуыл жасап, талқандады, 50 адамын, 41 түйесін, 441 жылқысын айдап әкетті, мұның алдында шаруалардан жиналып алынған 3000 сом ақшаны тартып алды. Қарауылқожа әрең дегенде қашып құтылды. К.Арсланов, С.Ақмурзин сияқты сұлтандарды, көптеген алыпсатарлар мен ру старшиналарын тұтқынға алды.

1837 жылы көтерілісшілер саны өткен дылмен салыстырғанда 3-5 есе көбейіп, барлық топтарды есептегенде 4-5 мың адамға жетті.

Көтерілісшілер хан ордасын шаппақ болды. Жол-жөнекей олар адай ағаманы Н.Шонтиевтің, ыстының ағаманы В.Анфугузиннің, сұлтан Шәкі Нұралыхановтың және т.б. шенеуніктері ақсүйектерінің, есентемір, адай, тама, кердері руларының ағамандарының ауылдарына шабуыл жасап, өртеп, малдарын айдап, жайылымдарын тартып алды.

Қазан айының аяғына қарай исатай мен махамбет өздерінің дамылдау қостарынан Хан ордасынан 4-8 шақырым жерге әкеліп тікті. Хан ордасы қоршауға алынды. Бұл кезде ханның әскер күші аз болды. Оны Исатай сарбаздары бір шабуылдың өзінде-ақ талқандап кететін еді. Жәңгір хан келіссөз сұрап бәйек болды. Исатай, біріншіден, оған сеніп, екіншіден, ханға қантөгіссіз дегенін істетпек болып, бірнеше күнді босқа өткізді.

Жәңгір хан Исатай мен Махамбеттің сарбаздары келе жатқанын естігенде патша үкіметінен скөмек сұраған. Сол көмекті асыға күтуде еді. Ал Орынбор губернаторы бұл кезде көтерілісшілерді қоршап алып, олардың көздерін жоюды жоспарлап жатқан болатын. Хан ордасына Кулагин, Горск қамалдарынан, Зеленов форпостынан, Орал мен Астраханнан жақсы қаруланған тұрақты және казак әскерлерінің бөлімдері мен жекелеген әскери бөлімшелер аттандырылды. Орынбордан көтерілісшілерге қарсы бүкіл операцияны үйлестіріп, басқару үшін полковник Геке шықты. Ханның жанында босқындар мен төлеігіттерден 600-700 адамнан тұратын қарулы отряд жасақталды. Көтерілісшілердің шегінетін жолын кесіп тастау үшін бүкіл Өзен мен Жайық бойы шептеріндегі постылар күшейтілді.

Бұл жерде ерекше атап өтетін мәселе – патша өкіметінің қарулы күші Ішкі орданың феодалдарын жақтап шаруаларға қарсы күреске қатысқаннан кейін Исатай мен Махамбет басқарған қазақ шаруаларының көтерілісі тек феодалдарға ғана есем, сонымен бірге Ресей отаршыларына да қарсы бағытталған, көтеріліс деп саналған. Демек, көтерілісшілер бірден екі майданда – біріншіден, өз елінің қанаушыларына қарсы күрес жүргізсе, екіншіден, патша үкіметінің қарулы әскеріне қарсы күрес жүргізуіне тура келді.

Қоршаудағы хан ордасына жақын келген соң Геке қосымша күш келгенше уақыт ұту үшін Исатаймен күресті тоқтату жайында келіссөз жүргізе бастады. Ол ұзаққа созылды. Бұл кезде подполковник Меркулов басқарған патша әскерлері Теректіқұм алқабында орналасқан Исатай ауылына тұтқиылдан шабуыл жасап, батырдың отбасы мүшелерін тұтқынға алады. Мұны естігеннен кейін Исатай Хан ордасын қоршауды қойып, жедел ауылына көмекке кетеді.

1837 жылы 8 қарашада Исатай жасақтары Меркулов отрядын қоршап, олардың қолға түсірген адамдарын босатуды босатуды талап етеді. Күшінің тең еместігін біліп, жеңілетіндігін сезген Меркулов исатайдың қойған талаптарын тапжылтпай орындап, өзі отрядымен тезірек Гекеге қосылуға асығады.

Патша үкіметінің екі мың солдаты және хан жасақтары бар Геке әскерлерімен Исатай – Махамбет басқарған көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе мекені маңында болды. Исатайдың айбынды атты жауынгерлері лап қойғанда патша әскерлерін еңсеріп әкеткен еді. Бірақ алдын ала дайындалып қойған зеңбіректер іске қосылып, атқылай бастағанда аттар үркіп, көтерілісшілер арасында абыржу басталып, тұс-тұсқа бытырап кетті. Исатай мен Махамбеттің оларды қайтадан жинап, ұрысқа кірістірмек болған ұмтылыстарынан ештеңе шықпады. Бұл шайқастағы Исатай жігіттерінің ерлік күресі туралы Геке былай деп жазды: «мен мұндай ерлікті бұрын-соңды кездестірмеген едім, қазақтар қардай бораған оққа қарсытайсалмай шайқасты, оларды зеңбіректің оғы да тоқтата алмады, тек қарсы жақтың күші басым екенін көргеннен кейін ғана олар шегінуге мәжбүр болды».

1837 жылдың желтоқсанында Исатай өзінің қасында қалған сенімді жасақтарымен Кіші жүзге кетті. 1838 жылдың көктемінде қазақ даласының әр жерінде қозғалыстар, толқулар туып жатты. Елек өзенінің алқабында Жоламан батыр басқарған, Арал-Каспий аралығы Сұм құмдарында Жүсіп батыр астаған, Орта жүзде Кенесары бастаған көтерілістер болды. Бұл кезде Кіші жүзді Ресейден қайта бөліп алмақ болған сұлтан Қайыпғали Есімов көтерілісшілерді ұйымдастырып, қимыл жасап жатқан болатын. Исатай отряды Ойыл сағасында соларға келіп қосылды.

Исатай мен Махамбет жаңа шайқастарға дайындалды. Жайықтың бергі бетіндегі Адай, Әлім және т.б. елдерге кісі жіберіп, өздері барып қару-жарақ, әскер жинады. Олардың бұл қимылдарына Орынбор губернаторы мен Жәңгір хан қарсы шаралар ұйымдастырды. Ресей әскерінің полковнигі Геке басқарған үш полк әскер Баймағамбет сұлтанныңғ бастауымен Исатай, Махамбеттің жауынгерлерін жоймақ болып аттанды. Исатай мен махамбет жасақтарын кейін қалдырып, өздері шағын серіктерімен алдағы шепті барлап қайтуға шығады. Сөйтіп, олар 1838 жылдың 12 шілдесінде ойламаған жерде Ақбұлақ пен Қиыл өзендерінің аралығында Геке басқарған біріккен ірі жазалаушы отрядпен кездесіп қалады. Ұлын-асыр шайқас болады. Сан жағынан бірнеше есе басым Геке әскерлер бұларды қоршап алады. Сол күнгі кескілескен соғыста Исатай қаза табады. Махамбет бірнеше серіктерімен соғыс шебін бұзып шығады. Бірақ ол қалған жасақтарымен жақсы қаруланған Геке әскерлеріне қарсы бұл жолы табан тіреп соғыса алмады. Көмектесемін деп келген Қайыпғали ұрысқа кірмей кетіп қалды. Көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды.

Исатай қаза болғаннан кейін күрес жалыны кеміп, қол тарай бастайды. Махамбет Хиуа ханының беремін деген әскерін алып, еліне оралып, көтерілісті қайта бастамақ болады. Бірақ Хиуы ханы әскер бере алмайды. Олар қайтып еліне оралады. Жәңгір хан бұл жөнінде сетіп, отряд қүрып, Махамбетті ұстап әкелуге жібереді. Отряд оны Тілекеев деген қазақтың үйінде отырған жерінде ұстап, Калмыков түрмесіне жеткізеді. Екі жұмадан кейін оны Орынборға жөнелтеді. Онда Махамбеттің ісі генерал-губернатордың бұйырығымен әскери сотқа беріледі. Сот істі қарап, егер келешекте Махамбет тағы да «бүлікшілікке» араласатын болса, қатаң жазалатынын ескеріп, босатады. Бірақ Жәңгір хан өлгеннен кейін аға сұлтан болған Баймағамбет айшуақов махамбеттің соңына қайта түседі. Оның басына 1000 сом бәйге тігіледі. Кейін хорунжий шенін алған Ықылас Төлеев деген сатқан Махамбетті қапылыста өлтіреді.

Көтеріліс басылды. Оған қатынасқандар қатаң жазаланды. Әскери соттың шешімі бойынша оларды екі топқа бөлді. Бірінші топқа Исатай мен Махамбеттің жақын көмекшілері, көтерілістің белсенді басшылары жатқызылды. Олардың тағдырын Орынбор генерал-губернаторы мен полковник Геке шешті. Мысалы, Исатайдың жақын серіктері Р.Жәнібекұлы мен Ұ.Төлегенұлына 1000 реттен тұзға салынған шыбықпен дүре соғып, сібірге жер аударылды. Қожахмет Өтемісұлы, Бекен Сарыұлы, таңрық Нұржанұлы, Балабек Нұржанұлы сияқты және т.б. көтерілістің белді басшылары 500 адамдық қатардан өткізіліп, шпицрутенмен дүре соғылып, Ригаға 8 жылға қара жұмысқа айәдалды. Егер кейін ауырып, денсаулығы көтермесе Иркутск губерниясына жер аударылатын болып шешілді. Смайыл Өтемісұлы, Смайыл Қалдыбайұлы сияқтылар дүре соғылып, солдатқа жіберілді. Ал көтерілісшілердің екінші тобына жатқызылғандарға 20-дан 50-ге дейін шпицрутеннен дүре соғылып, басқа да жазалар қолданылды. Көтерілісті басып-жаншуда ерен «ерлігімен» көзге түсіп, белсенділік танытқандар орыс болсын, қазақ болсын шен-шекпен, әскери атақ алды.

Көтерілістің сыр-сипатын тереңірек түсіну үшін сол көтерілістің жалынды жыршысы болған махамбет Өтемісұлының өлеңдеріне аз ғана тоқтала кеткен жөн. Ол – қазақ халқын патша өкіметіне және оның Қазақстандағы өкілдері – хан-сұлтандарға қарсы қарулы көтеріліске бірінші болып шақырған ақын. Ол бостандыққа, тәуелсіздікке күрес арқылы ғана жетуге болатындығын жете түсінді. Көтерілістің басты мақсаты – патша үкіметі мен хан-сұлтандар артып алған жерлерді еңбекші халыққа қайтарып беру, елдің жағдайын жақсартып, тоқшылыққа жеткізу, халықты жеген хандарды талқандап, оның орнына әділ адамды басшалыққа қою.

Сонымен, Исатай Тайманұлы мен махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс жеңіліске ұшырады. Оның басты себептерінің бірі – ұлт-азаттың көтеріліс өршіп кетер деп қорыққан Рсей өкіметінің жергілікті хан билігімен одақтасуы болды. Жәңгір ханның озбырлығына қарсы болған топ өкілдері көтеріліс жеңіле бастаған кезде хан жағына шығып кетті. Көтеріліс стихиялы, нақты бағдарламасы жоқ, жақсы ұйымдаспаған еді. Соынмен қатар оның қазақ елінің басқа аймақтарындағы азаттық қозғалыстармен байланысының болмауында. Дегенмен, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының басшылығымен болған бұл көтерілістің қазақ халқының тарихында маңызы зор. Хан тарапынан алым-салықтың онын әрмен өршітілуі біршама азайды, патша үкіметі жергілікті халықтың мақсат-мүддесімен де белгілі мөлшерде санасуына тура келді. Көтерілісшілер Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы, саяси-әлеуметтік бостандық үшін, әлеуметтік езгіге қарсы күрес туын кейінгі ұрпаққа беріп кетті.