Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

3. Мәдени саладағы жетістіктер мен қайшылықтар.

Мәдени салада Кеңес өкіметі мынадай стратегиялық міндеттерді анықтап береді: дәстүрлі өмір салтынан қол үзу; сауатсыздықпен күрес жүргізу және кеңестік білім беру жүйесін қалыптастыру; атеистік тәрбиені күшейту; мемлекеттік және партия билігіне коммунистік идеология рухында тәрбиеленген шенеуніктерді даярлау. Осы міндеттердің ішіндегі ең негізгісі – білім беруді дұрыс жолға қою болды.

1919 жылы 26 желтоқсанда Халық Комиссарлар кеңесі сауатсыздықты жою жөніндегі декретке қол қойды. Бұл мәселемен айналысатын төтенше комиссия құрылды.

1920-1921 оқу жылында Қазақ өлкесінде 72232 адам оқитын 2412 сауатсыздықты жою пунктері жұмыс істейді. Ауылға жаппай мәдени-ағарту жорығы ұйымдастырылды. Сауатсыздық жоюдың жылжымалы бөлімшілері жұмыс істей бастады, әйелдерді оқыту үшін « Қызыл отаулар» құрылды. Білім беру жүйесінің бастауыш, толық емес орта білім, ора білім беретін мектептері қалыптаса бастады. Ересек балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар ашылды. Өндіріс орындары жанынан жұмысшы факультеттері (рабфак) құрылды. Ауылдарда кішігірім мектептер ашылып, онда қарапайым әріп таныту, санау, жазу, оқуға үйрету сабақтары жүргізілді. 1930 жылы 27 тамызда Қазақ АКСР-ның ОАК мен ХКК жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы қаулы қабылдады. Бұл халық үшін өте маңызды қаулы еді. Оқу құрылдары қазақ тілінде шығарыла бастады. Қазақ тіліндегі оқулықтарды жазуға А.Байтұрсынов, Ж.Күдерин, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Сәтбаев, С.Сейфуллин және т.б. қоғам қайраткерлері мен педагогтар белсене ат салысты. Алғашқы қазақ тіліндегі алгебраны Қ.Сәтбаев, география оқулығын Ә.Бөкейханов құрастырды.

1928 жылы қазақ әліпбиі араб графикасынан латын әліпбиіне ауысып, ұлттық дәстүріміз бен мәдениеттің дамуына үлкен кедергілер туғызды. Әліпбидің ауысу қазақ тілі ғылымының дамуына да өз зардабын тигізген еді.

Зиялы қауымды, әсіресе педагог мамандарды, дайындау мәселесінің ерекше маңызы болды. Мысалы, 1924 жылы мұғалімдердің 5,8%-ы ғана жоғары білімді болды. Мұғалімдерді дайындау үшін тұрақты және қысқа мерзімді курстар, педагогикалық техникумдар ашылды. Жоғары оқу орындарының мамандары негізінен Мәскеу, Ленинград, Ташкент қалаларында дайындалды. Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны 1928 жылы ашылды. Ол Қазақ педагогикалық институты еді. Бұл иститутқа 1935 жылы Абай есімі берілді (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті). 1929 жылы Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институты. 1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институты, 1931 жылы Алматы медицина институты, 1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. 1939 жылы сауаттылығы республика бойынша 65%-ға, ал қазақтар арасында 40%-ға жетті. 1940 жылға қарай сауатсыздық еңбекке қабілетті халық арасында тегіс жойылды.

Бұл кезеңде ғылыми мекемелерді құру жұмыстары да белсенді жүргізілді. Қазревком тұсында Ғылым ісі жөніндегі комиссия жасақталып, кейінен ғылыми бөлім болып қайта құрылды. Қазақ АКСР құрылғаннан кейін Халық ағарту комиссариаты жанынан ашылған ғылыми бөлім жұмыс істей. Ғылым ісімен айналысатын мұндай мекемелердің ұйыдастырушылық жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан бойынша өлкелі музейлер мен мұрағаттар ашыла бастады. Сол кезеңде ашылған ғылыми мекемелер қатарында өсімдіктерді қорғау станциясы, мал дәрігерлік-бактериологиялық институт, тыңайтқыштар мен топырақтану институты ашылды. 1938 жылы Алматында КСРО Ғылым Академиясының тұрақты базасы құрылды. 1935 жылы профессор С.Асфендияровтың «Көне дәуірден бүгінгі күнге дейін Қазақстан тарихы» атты ғылыми еңбегі жарқ көрді.

Қазақ өлкесінің мәдени өмірде де айтылу жаңалықтар болып жатты. 1926 жылы Қызылордада тұңғыш қазақ ұлттық драма театры ашылды. Оның алғашқы көркемдік жетекшісі Жұмат Шанин болды. 1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық театры, қазіогі Абай атындағы опера және балет театры ашылды. Театр сахнасында қойылған «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклін өнер сүйер қауым ыстық ықыласпен қабылдады. Осы кезде алғашқы қазақ операсы да өмірге келді. Ол Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы болатын. 1934 жылы Құрманғазы атындағы ұлт аспаптары оркестірі құрылып, жетекшісі белгілі сазгер Ахмет Жұбанов юолды. Ал 1936 жылы Жамбыл атындағы филармония ашылды.

1936 жыл қазақ өнері тарихындағы ерекше табысты жыл болды. ССол жылы мамырда Мәскеуде қазақ мәдениеті мен өнерінің алғашқы онкүндегі ашылды. Онда қазақ өнерінің Күләш Байсейітова, Әміре Қашаубаев, Әбілхан Қастеев сынды майталмандары Мәскеудің талғампаз көрермендерін өз өнерлерін тәнті етті. Бұл жетістіктерден кейін К.Байсейітовтің КСРО халық әртіс деген құрметті атаққа ие болды. Бейнелеу өнері әлемінде талантты қазақ суретшісі Ә.Қастеев табысты еңбек етті.

1934 жылы Қазақстанда көркем фильмдер студиясы ашылып, алғашқы деректі және көркем фильмдер студиясы ашылып, алғашқы деректі және көркем фильмдер түсіріле бастады. 1938 жылы «Ленфильм» киностудиясында қазақтың тұңғыш дыбысты «Амангелді» көркем фильм түсірілді. Фильмнің сценарийін Б.Майлин мен Ғ.Мүсірепов жазды.

Музыка өнеоінің дамуына этнограф, сазгер А.В. Затаевич көпеңбек сіңірді Оның «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж), «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» (1931ж.) атты еңбектерінде қазақтың әндері мен күйлері жинақталып алғаш рет нотаға түсірілді.