Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Азаматтық қарсылық жылдарындағы Қазақстан

Ақпан буржуазиялық – демократиялық революциясынан Кейінгі Қазақ өлкесі. Уақытша үкімет органдарының құрылуы. Қазақ облыстық съездері

1917 жылы 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық – демократиялық революция жеңіске жетті. Патша үкіметі құлап, билік Уақытша үкіметтің қолына көшті. Қазақ өлкесіне де революция жеңісі туралы хабарлар тез таралды. Қалалар мен түрлі елді – мекендерде жұмысшылар бейбіт шерулер мен жиылыстарға шығып, революцияға қолдау көрсететіндерін білдірді. Патша өкіметінің құлағанын қазақ халқы да зор қуанышпен қарсы алды. Революция халық көкейіндегі ең өзекті мәселелер – отаршылар тартып алған жерлер қайтарылып, әрбір ұлтқа өзін - өзі басқару құқығы беріледі деген үмітін күшейтті. Қазақ халқы «еркіндік аламыз, жерімізді қайтарып аламыз» деп үміттенді.

Дәл осы кезде Минскіде жүрген Ә. Бөкейханов, М. Дулатовтар бастаған бір топ қазақ зиялылары халыққа үндеу жолдады. Олар сол кезде майдандағы тыл жұмысына алынған жігіттерге көмек көрсетіп жүрген-ді. Үндеу «Қазақ» газетінде жарияланады. Онда: «Ресейдегі барша халыққа Ағайындық, Теңдік, Бостандық күні туды. Жаңа құрылған үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек ... Енді араздық, өштік, дау, жанжал, талас, партиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың – бірлік, адалдық болсын!Жер мәселесін де қозғап, тезірек қолға ала беріңдер. Біз қалайтын патшалық түрі – демократическая республика...

Қ ұдайдан басқа ешкімнен қорықпаңдар! Түзулікпен іс етіңдер; жаңа үкіметті сүйіңдер... өзіміздің майдандағы жұмысшыларымызға болысыңдар!» деген сөздер жазылды. Қазақ зиялылары бұл үндеуде «алдағы уақытта не істеу керек?» деген сұраулардың жауабын береді,

Революция жеңісінен кейін патша үкіметі әкімшілігіндегі чиновниктердің қызметтен босатылу процесі басталды. Наурыз айында Орал облысы губернаторының орынбасары, Батыс Сібір генерал-губернаторы, Торғай облысының губернаторы, Орал,Омбы, Петропавал, Орынбордағы бірқатар уезд басшылары мен жандармерияның лауазымды адамдары тұтқындалды. Мұндай жағдайлар Жетісу және Семей облыстарының кейбір уезіндеріндегі отарлаушы әкімшіліктің басшыларына да қолданылды.

1917 жылы наурыз айында барлық жерлерде Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдары- обылыстық және уездік, оннан соң болыстық, ауылдық, селолық, станциялық атқару комитеттері құрыла бастады. Қазақтың ұлттық зиялы қауым өкілдерінен Уақытша үкіметтің комиссарлары болып; Торғай облысында Ә. Бөкейханов, Жетісу облысында М. Тынышбаев, Түркістанда М. Шоқай тағайындалды. Ал Семей облысында Уақытша үкіметтің Атқару комитетінің комиссары К. Ляшкевич болды.

1917 жылы 8 наурызда Орал облысының комиссары болып облыстың бұрынғы әскери губернаторы Г. Бизянов тағайындалды. Бүкіл Далалық генерал-губернаторлығы бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып И. Законов тағайындалды. Ал Түркістан өлкесін басқару үшін 1917 жылы 7 сәуірде Уақытша үкімет Мемлекеттік Думаның мүшесі Н. Шепкин басқарған Түркістан комитетін құрды. Уақытша үкімет билігі жергілікті жерлерде облыстық және уездік комитеттерге сүйенді. Сібір, Орынбор, Жетісу, Орал казак әскерлерінің қолдану үшін Қазақ өлкесінде мұсылман, татар комитеттері мен уездерде қызмет атқарды.

Қазақ өлкесіндегі халық билігі органдары- Кеңестер екінші ықпалды саяси билікке айналды. 1917 жылы наурыз- сәуір айларында өлкеде 25-тен астам жұмысшы, шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі құрылды. Кеңестерді басқаруда социал-демократтар, меншевиктер және эсерлердің қызметі үлкен рөл атқарды.

Қазақ қоғамындағы саяси өмірдің белсенділігі күшейе бастады. Ол бірнеше бағытта жүргізілді; мемлекеттік құрылысқа қатысу,ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдар құру, әлеуметтік-экономикалық реформалардың бағдарламаларын жасауға қатысу. Осындай

бағыттағы мәселелерді шешуші облыстық қазақ съездері алдында мақсат етіп қойған еді.

Алғашқы болып өз жұмысын Торғай облыстық съезі бастады. Ол Орынборда 1917 жылы 2-8 сәуір аралығында өтті. Бұл съезд көпшіліктің қызығушылығын туғызды. Мәселелерді қарады. Оған 300 делегат қатысты. Съезге барлық болыстардың және Қазан, Уфа мұсылман комитеттерінің, Орынбор мұсылман бюросының, «Уақыт» атты татар газетінің редакторы Ф. Каримов, Орынбор, Ақтөбе қалаларындағы қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. Съездің жұмысын құттықтау сөзбен «Қазақ» газетінің редакторы, съезді ұйымдастырушылардың бірі Ахмет Байтурсынов ашты. Ол өз сөзінде « Қазіргі біздің ең негізгі міндетіміз-тыныштық пен тәртіп сақтау, ұйымдық тұрғыда бірігу және жаңа үкіметтің бағытын қолдау»,-деп атап көрсетті.

Съезд төралқасына: А. Байтұрсынов төраға, А. Қалменов, Б. Танашев орынбасарлары, ал хатшылары болып С. Қадырбаев, О. Алмасов, Ш. Бекмұхамедов сайланды. Делегаттар Орынбор эсер қоғамының өкілі М. Сириустың және Ақтөбе азаматтық атқару комитетінің төрағасы Г. Николаевтың құттықтау сөздерін тыңдады. Съезде құттықтау сөз сөйлеуге губернатор Эверсман да әрекеттенген еді, алайда оған деген делегаттардың қарсылығы оның залды тастап шығып кетуіне мәжбүр етті. 1917 жылы 11 сәуірде Торғай облысындағы билік Уақытша үкімет комиссары Ә. Бөкейхановтың қолына көшті.

А. Байтұрсынов делегаттарды съездің күн тәртібінің жобасымен таныстырды. Съездің күн тәртібіне қойылған мәселелер, 1. Қоғамдық қауіпсіздіктің азаматтық комитеттерін ұйымдастыру, 2. Жалпықазақ және жалпымұсылман съездері, 3. Мемлекеттік басқару түрі және Құрылтай жиналысы: 4. Дін басқармасы: 5. Халыққа білім беру: 6. Жер мәселесі: 7.Сот: 8. Жергілікті басқару: 9. Баспа ісі: 10. Пошта: 11. Қоғамдық қаржы: 12. Шаруалар басшылары( институт кресьянских начальников) және зиянкес чиновниктер: 13. Соғысқа қөзқарас: 14. Торғай облысындағы тыл жұмыстарына шақырылған қазақтардың оқиғасы.

Жаңа құрылысты нығайту, ішкі тәртіпті қамтамасыз ету, қала мен армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, Құрылтай жиналысы сайлануына халықтың саналы түрде қатысуын дайындау ісі бойынша үкіметке көмектесу үшін делегаттар атқару билігінің органы болып табылатын ауыл-болыс-уезд-облыс деңгеиіндегі қоғамдық қауіпсіздіктің азаматтық комитеттерді құру істерін бақылау мен жұмыс істеу тәртібін, тағайындау және сайлау ұстанымдарының тепе-теңдігі қадағаланатын анықтап берді. Комитеттерді құру істерін бақылау үшін арнайы комиссия құрылды, оның құрамында облыстың төрт уезінің өкілдерінің енуі талап етілді.

Екінші мәселені талқылау талас – тартыссыз өтті. Делегаттар ұйымдастыру бюросын 8 адамнан құру керек деп шешті. Оларға жалпы қазақ съезінің бағдарламасын жасап, оны шақырудың орны мен уақытын белгілеу тапсырылды. 1 жалпыресейлік мұсылман съезіне төрт делегат, оның ішінде жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросының мүшесі С. Қадырбаев сайланды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша делегаттар Құрылтай жиылысының сайлауын өткізудің уақыты келгенін мойындап, оны тура, тепе – тең, жасырын және жалпыға бірдей дауыс беру және азшылықтың құқығын сақтау негізінде өткізу ұсынылды. «Әйелдерге сайлау құқығы берілу керек» деген тоқтамға келді.

Мемлекеттің құрылым мәселесі бойынша съезд «Ресей мемлекеті демократиялық, парламенттік және бір орталыққа бағынбаған Республика» болу керек деген шешімге келді (1. 27 – б.).

Съездің дін мәселесіне көзқарасы жөнінде зайырлы демократиялық республика идеясын қолдау, шіркеуді мемлекеттен бөлу және Торғай облысының мұсылмандарын Орынбор мүфтилігіне қосу туралы шешім қабылдады.

Халыққа білім беру мәселесі бойынша пікірталас болған жоқ. Делегаттар «мектептердің санын көбейту және бастауыш білім алу жалпыға бірдей міндетті болсын» деген пікірге тоқталды.Ер балалар мен қыздар біріге оқытылсын және алғаш үш жыл міндетті түрде ана тілінде оқытылу тиіс әрі «жүз үйге бір мектептен кем болмасын» делінді. Білім мекемелеріне жұмсалатын қаржыны басқару мекемелері мен мемлекетке жүктеу белгіленеді.

Жер мәселесі бойынша делегаттар жер пайдаланудың дәстүрлі түрін сақтап және ресейлік үкметтің аграрлық экспансиясын тоқтату туралы шешім шығарды. Жер мәселесін толық шешуді Құрылтай жиылысың құзырына қалдырып, делегаттар қазақ жерлерін алу тек мемлекет қажет еткен жағдайда ғана мүмкін болатындығына келісті. Жер мәселесі бойына съезд қаулысында: «...бұл күнге шейін мұжық орнамаған учаскелер, мұжық жамансынып тастап кеткен жерлер, отрубной, оброчной статьялар, мал болуға деп 6 һәм монастырский учаске деп алған жерлердің бәрі бұрынғы иелеріне (қазаққа) қайтарылысын...» деген нақты шешім шығарылды («Қазақ» газеті,1917,№ 226).

Сот туралы қарарда «алдағы түбегейлі реформаға дейін» дәстүрлі билер сотын сақтау және алқа билердің қатысуымен жүргізілглетін сот жұмысының барлық аймаққа таратылуы ұсынылды.

Жергілікті басқару (земество) және баспа ісі,қоғамдық қаржы мәселелері бойынша жергілікті басқаруды енгізу қажеттілігі,қазақ газетінің шығау жиілігін көбейту және бұрынғы жылдары қоғамдық қажеттіліктер үшін жиналған қаржыдан бостандық жолындағы күрескерлерге көмек беру туралы съездің шешімі қабылданды.

Съезде «шаруалар басшылары және зиянкес чиновниктер» мәселесін талқылау аса тартысты өтті. Делегаттар оны жою туралы өз ойларын білдіре отырып, бұрын шенеуніктердің қызмет бабын пайдаланып жасаған зорлық – зомбылықтарын бұлжытпай дәлелдейтін айғақтар кетірді.

Торғай облысының қоныстандыру басқармасының аға кеңесшісі П.П. Агапов пен Торғай уезінің әскери бастығы Загайновтың қазақтарды тыл жұмыстарына алу кезіндегі қызметтері көп сынға ұшырады. Қарарда жоғарыда аталған әкімшілік қызметкерлерінің іс – әрекеттері облыс пен уездерде көтерілістердің шығуына себеп болды деп көрсетілді. П. П. Агапов туралы: «Жұмысын заңсыздықпен жүргізген ол онсыз да әскерлерден қорқып қалған қыздардың санасына толқу туғызды. Ол өзінің сапарын жазалаушы экспедицияға айналдырып, онсыз да бағынышты бейбіт халықты дүрліктірді. Ол бір де бір бағынбай жүрген қазақ жасағын ұстай алған жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да жоқ еді, ол тек бейбіт халыққа террор жасаумен ғана шектелді.П.П.Агаповтың мұндай қызметі жергілікті халықтан кек алу үшін саналы әрі тұрақты түрде жүргізген әрекеті болатын.Ырғыз уезінің 98 қазағын тұтқындап, олар төрт айдан кейін тек кешірім жасаған соң ғана босады...Жоғарыда сипатталған

П.П. Агаповтың қызметін тек биліктің шектен шыққан жүгенсіздігі деп қана бағалауға болады», делінген.

Сөйлеген шешендер Загайновтың да іс қимылын ешбір ақлға сыймайтын қаыгездік деп айыптады. Ол ладағы қазақтарды жаппай тұтқындауға бұйрық беріп, тұтқындалған қазақтарға қатыгездікпен қарады.Ауруына,киім – кешегінің жоқтығына қарамай әртүрлі ауыр жұмыстарға қуып отырған. Сондай – ақ оларды жұмысшы күші ретінде тәулігіне 50 тиынға сатып, қаржыны өз қалтасына басып отырған.

Съезд соғысқа көзқарас туралы қарарда қорғаныс саясатын қолдай отырып, соғысты жеңіспен аяқтау және тылдағы бейбіт өмірді сақтау туралы қорытынды жасады. Тыл жұмыстары жөніндегі мәселеге съезд арнайы көңіл бөлді. Үкіметтен тыл жұмысындағы ауырып қалған азаматтарды дереу эвакуациялау және дәрігерлік тексеруден өткізу, тыл жұмысшыларының 10% - на демалыс беру, отбасындағы жалғыз ер азаматты үйіне қайтару, еңбекақыларын реттеу мен жағдайы төмен жаұяларға көмек көрсету, тыл жұмысшыларын Земск одағына қаратуды сұрау жөнінде шешім қабылдады. Соңғы он үшінші қаралған мәселе «қазақтарды тыл жұмысына зорлықпен алуға байланысты Торғай облысындағы оқиға» болды. Онда Уақытша үкіметтен арнайы тексеру комиссиясы (сенаторлық тексеру) құрылып, «шенеуніктердің қазақтарды тыл жұмысына қалай алғандықтары және Торғай облысында көтеріліске шыққан қазақтарды қалай жазалағандары туралы тергеу жүргізу ұсынылды...» (1. 36 – б.).

Жетісу облыстық қазақ съезі екінші кезекте 1917 жылы 12 – 23 сәуір аралығында Верныйда өтті. Оған 81 делегат қатысып, оның 51 – і Верный уезінен болды. Патша үкіметінің бұрынғы шенеуніктері съезге толығымен қатысты. Олар – облыстың әскер басшысы А. Алексеев, губернатор орынбасарының кеңсесін басқарушы А. Гусев, Верный округтық сотының прокуроры қызметін атқарушы В. Петров, облыстық азық – түлік комитетінің төрағасы С. Корсак, Верный қаласының бастығы қызметін атқарушы Н. Кадкин.

Съзге ресми адамдардың қатысуы, олардың ұзақ құттықтау сөздері съездің көп уақытын алды. Бұл ескі аппараттың өлкедегі билікті әлі де мықтап ұстап тұрғанын және жуық арада айырылғысы келмейтінін көрсетті.

Съездің төрағасы болып белгілі қоғам қайраткері, заңгер Ыбырайым Жанақов, ал оның орынбасарлары болып Ғ.Ордабаев, А.Құдайбергенов, хатшылыққа К.Шегіров пен Н.Жақыпбаев сайланды.

Съезде қаралған мәселелер, негізінен, Торғай съезінде көтерілген өзекті мәселелерді қайталады. Алайда Жалпықазақтық және жалпыресейлік мұсылман съездеріне, Құрылтай жиналысы сайлауына дайындық мәселелері делегаттар назарынан тыс қалып қойды. Торғай съезінде өткір талқыланған кейбір жалпыресейлік және жалпыұлттық міндеттер көмескі белгіленді. Жетісу облыстық қазақ съезі бұл аймақта өте күрделі мәселелерді шешуге қабілетті саяси күш әлі де болса қалыптаспағанын көрсетіп берді. Жетісу облысына қатысты маңызды шаруашылық мәселелерді талқылауға көп көңіл бөлінді. Съезд қарарында Дін істері жөніндегі мәселе бойынша Петроградта Жоғарғы мұсылман діни басқармасын құру туралы ұсыныс жасалды. Делегаттардың ондағы мақсаты ислам мен христиан діндерінің арасалмағын теңістіру болды. Бұл мәселеде Жетісу облыстық съезінің Торғай съезінен бір айырмашылығы, делегаттар дінді мемлекеттен бөлек қарамады, керісінше, дінді қоғамның маңызды саласы ретінде қабылдады.

Жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару туралы делегаттар облысты әскери тұрғыдабасқару мен генерал-губернаторлықты жойып, оның орнына азаматтық басқару жүйесін енгізу туралы ой-пікірлерін білдірді. Делегаттар барлық аймақтарда міндетті түрде екі жетекшінің (комиссарлар) біреуін орыстан, екіншісін мұсылман өкілінен тағайындауды жүзеге асыру жөнінде ұсыныс жасады. Бұл бастама Жетісуға Орест Шкапский мен Мұхамеджан Тынышпаевты комиссар етіп жіберген Уақытша үкімет пен оның Түркістан комитетінің (бірінші құрамы) бағытымен үндесті тапты.

Съезд болысбасшылары мен ауыл ағамандарының өкілеттілігін шектей отырып, бұл әкімшілік жүйені сақтап қалуды дұрыс деп шешті. Қаулыда «болыс басшылары, ағамандар мен халық соттары, қоғамның келісімінсіз әкімшіліктің билігімен тағайындалғандар тез арада өз қызметтерін кетіп, олардың орнына заңды түрде басқа тұлғалары сайлау» қажеттілігі атап көрсетілді.

Сот мәселесі бойынша: «Қазақтар мен орыстардың және басқа ұлттардың арасындағы мәселелер қазақ өкілдері қатысатын алқа билер (присяжный) сотына берілуі керек», - деп шешті.

Съезде ерекше көңіл бөлінген мәселе – ұлтаралық қатынастарды реттеу мәселесі болды. 1916 жылғы көтеріліс салдарынан қазақтар мен орыстардың арасындағы шиеленісіп кеткен ахуалды жақсарту үшін жергілікті қазақ комитеттерінің қазақ ауылдары мен орыс селоларының арасындағы шаруашылық байланыстарды қалпына келтіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуі керектігі атап өтілді. Қақтығыстар қайта тауып кетпеу үшін қоныстанушы орыс шаруаларының қолдарындағы қару-жарақтарын алу талап етілді.

Орал облыстық қазақ съезіне (19-22 сәуір, 1917 жыл) 800 делегат қатысты. Съезд өз жұмысына тыңғылықты дайындықпен келді. Атқарушы комитет пен ұйымдастыру бюросы съезгй дейін Уақытша облыстық қазақ комитетін құрды. Оның төрағасы болып Ғұбайдулла Әлібеков тағайындалды.

Съезді Ғ.Әлібеков құттықтау сөзбен ашып, съездің төрағасы және оның екі орынбасары мен үш хатшысын сайлауды ұсынды. Төраға болып Жаһанша Досмұхамедов*, орынбасарлары болып Ғ.Әлібеков пен А.Қалменов, ал хатшылыққа Ғ.Жетпісов, Х.Ахметшин, Н.Арғыншиев сынды азаматтар сайланды. Сол тарихи оқиғалардың куәгерлерінің бір С.Сейфуллин: «Съездің төралқасына Қазақстанға белгілі жоғары білімді қайраткерлер отырды, тіпті олардың ақылды да парасатты сөйлеген сөздерін айтпағанның өзінде, оларға қарап отырудың өзі бір ғанибет еді», - деп, ырзалық сезімін өз естілігінде білдірген екен [77, 102-б].

Съезде құттықтау сөздерге аз көңіл бөлінді. Орал облысының комиссары Г.Бизянов пен облыстағы бірақтар қоғамдық ұйым өкілдері ғана сөйледі. Съезд өз кезегінде премьер-министр Г.Е.Львовқа, Мемлекеттік Думанның төрағасы М.В.Родзянкоға, Петроград Кеңесі мен Әділет министрі А.Ф.Керенскийдің атына құттықтау жеделхаттарын жіберу туралы шешім қабылдады.

Ғ.Әлібековтың ұсынысымен съезд жұмысы күн тәртібінің алғашқы үш мәселесін: мемлекетті басқару түрі; Уақытша үкіметке қарым-қатынас; соғысқа көзқарас туралы мәселелерді талқылады. Делегаттар монархияны түпкілікті құртуға қолдап, «демократиялық республика идеясы, ұлттық-территориялық федерация мәселесін басы ашық мәселе ретінде кейінге қалдыруды» ұсынды. Съезд Уақытша үкіметті «жарияланған бағдарламаны іске асыру және демократиялық мүдделерді қорғау бағытында қызмет атқарған жағдайда ғана қолдайтынын» ескертті. Уақытша үкіметтің соғыс жөніндегі көзқарасы көпшілік жағынан қолдау таппады. Делегаттар Петроград Кеңесінің жоғары адамгершілік ұстанымдарға негізделген аннекциясыз және контрибуциясыз бітім жасау туралы ұсынысын қолдайтындықтарын білдірді.

Жер мәселесі жөніндегі ауқымды мәселені талқылауда делегаттар: «Ресей үшін аса күрделі аграрлық мәселе, соның ішінде Орал облысының қазақтарына да қатысты жер мәселесінің нақты шешімі Құрылтай жиналысында қабылдану керек», - деп ұйғарды. жерді еңбек етушіге беру және орыс шаруаларын қонастандыру мен қазақтың жақсы жерлерін таптып алуды тоқтату туралы ортақ шешімге келді.

Дін мәселесі туралы қарарда Орал мен Торғай съездері делегаттарының көзқарастары сәйкес келгендігі атап өтіліп, облыстық діни басқарманы Орынбор мүфтилігіне қосу туралы шешімге тоқталды.

Съездің үшінші күнгі жұмысында Халел және Жаһанша Досмұхамедовтардың қазақ облыстарын басқаруды қайта құру және «Орал облысының далалық бөліктерін басқарудыңуақытша ережесі» туралы баяндамасы талқыланды. Онда ауылдар мен болыстар, уездер, облысты басқару мен билік органдарының құрылуы және қызметі туралы нақты нұсқаулар 100-ден астам тармақтар мен ережелерде көрсетілді.

Құрылым тармақтарын жан-жақты талқылау нәтижесі билік органдарының міндеттері мен басқарудың ең күрделі мәселелерін шешіп, өзін-өзі басқарудың қажет екендігі дәлелденген. Екінші жағынан, бұл автономия құруға дайындық жұмыстарының бастамасы болатын.

Жергілікті міндеттермен қатар съезд жалпыресейлік мәселелер бойынша да нақты саяси көзқарасын білдіргендігін атап өтуіміз қажет. Съезд халық арасындағы беделі жоғары қайраткерлер – заңгер Ж.Досмұхамедов, дәрігер Х.Досмұхамедов және заңгер Ғ.Әлібеков сынды азаматтарды Жалпыресейлік мұсылман съезіне Мәскеуге делегат ретінде жіберетін болып шешті.

Ішкі Орда (Бөкей хандығы) қазақтарының съезі 1917 жылы 27 сәуірде Хан ордасында өтті. Бұл съезд де дәстүрлі түрде төралқа мүшелерін сайлаумен басталды. Съезд төрағасы болып заңгер Уәлихан Танашев, мүшелері болып дәрігер Мәжит Шомбалов және Қазан университетінің студенті Шафхат Бекмұхамедов сайланды. Бостандық үшін күрес жолында қаза болғандарды еске түсіргеннен кейін, Орданың, Қазан мен Астраханның қоғамдық ұйымдарының өкілдері құттықтау лебіздерін жеткізді. Съезд жұмысының салтанатты бөлігі «Қзақ» газеті редакциялық алқасының, Торғай облысы қазақтары мен Басқұншақ тұз кәсіпшілігі қазақ жұмысшыларының құттықтау жеделхаттарын оқумен аяқталды.

Хан ордасындағы съезде талқылаған мәселелер Торғай мен Орал съездеріндегі қаралған ұлттық және жалпыресейлік ауқымдағы мәселелерді қайталады.

Бөкей Ордасындағы съезд делегаттары Құрылтай жиналысының «жоғарғы билік ету» құзыры жөніндегі идеясын қолдай отырып, Ресейдің мемлекеттік құрылымына демократиялық федеративтік республика деген анықтама беру туралы өз ойларын білдірді.

Облыстағы басқару және жаңа билік органын құру мен ескі билікті жою жөніндегі мәселені талқылау барасында съезд Ішкі Орданы басқаратын уақытша кеңесті жойып, Астрахан өлкесінде қазақ халқын басқарудың Орталық комитетін құру жөнінде шешім қабылдады. Сонымен қатар съезд «Астрахан өлкесіндегі қазақ халқын» басқару үшін комиссар мен оның көмекшісін қайта тағайындау туралы шешім шығарды. Бұл қызметке І Мемлекеттік Дума мүшесі болған Б.Құлманов және мұғалім И.Меңдіханов сайланды.

Ақмола облыстық қазақ съезі Омбыда 1917 жылы 25 сәуір – 7 мамыр аралығында жұмыс істеді. Съездің шақырылуын заңгер Ережеп Итбаев басқарған ұйымдастыру комитеті дайындады.Облыстық қазақ съезіне Ақмола, Атбасар, Көкшетау, Омбы, Петропавл уездеріне 250 өкіл қатысты. Съездің төралқа құрамына төраға болып заңгер А.Тұрлыбаев, төраға орынбасарлығына Е.Итбаев және М.Дулатов, хатшылыққа М.Саматова, А.Сейітов, Е.Тоқбаев сайланды. Ақмола облыстық қазақ съезіне құттықтау сөз арнағандар қатарында: Омбы әскери округының басшысы генерал А.Григорьев, Уақытша үкіметтің облыстық комиссары И.Законов, Шаруа депутаттары атқару кеңесінің өкілі Юркевич, Омбы мұсылман бюросы атынан Каримов және Ибатулин, Торғай қазақтарының атынан М.Дулатов болды.

Съездің күн тәтібі айбынды көрінді. Делегаттар талқасына 17 мәселе салынды. Съезде қаралған мәселелер торғай съезіне өте ұқсас болды. Бірақ Ақмола облыстық съезіндегі ерекшелік – жұмысшы және әйел мәселесінің күн тәртібіне қойылуы еді.

Съезд қабылдаған қаулылар Ә.Бөкейханов пен оның серіктерінің орынбордағы Торғай съезінде ұстанған бағыттарн жалғастырды. Съезд құрылтай жиналысына сайлауға дайындықты анықтауда нақтылық танытты. Хан орындасындағы сияқты жергілікті жерлерде ауылдық, болыстық, уездік, облыстық қазақ атқару комитеттерін құру керек екендігі мойындалды. Осы мәселе бойынша сайлауға дайындық жасау жұмысы тапсырылды. Торғай, Орал облыстары мен Бөкей Ордасындағы билік органдарының іс-әрекеттерінің көпшілігі бір-біріне ұқсас келді.

Ақмола облыстық съезінің ерекшелігі сол, онда нақты әрекетті талап ететін «жалпықазақ мәселесін шешу және талқылау жөнінде Жалпықазақ съезін тез арада шақыруды қажет деп тауып, оның қашан, қайда болатынын анықтауды Орынбордағы Торғай облыстық қазақ съезінде құрылған арнайы комиссияға тапсыру» туралы қаулы қабылдады. Жалпыресейлік мұсылман съезіне делегат ретінде Мағжан Жұмабаев сайланды.

Съезд қортындысында он адамнан тұратын облыстық қазақ комитетін жасақтап, оның төрағасы болып Айдархан Тұлыбаев сайланды.

Ақмола съезімен қатар Семей облыстық қазақ съезі жүріп жатты. Ол 1917 жылдың 27 сәуірінде басталып 7 мамырда өз жұмысын аяқтады. Съезге облыстың барлық бес уезінен 200-ге жуық делегат және көрші алтай өлкесіің Бийск уезінен екі өкіл қатысты. Делегаттар ішінде жеті әйел болды. ұйымдастыру комитетінің төрағасы, заңгер Райымжан Марсековтың баяндамасынан кейін делегаттар төралқа мүшелерін сайлады: төраға – заң магистрі Жақып Ақпаев; орынбасарлары – Халел Ғаббасов, Райымжан Марсеков, Мұқыш Боштаев, Биахмет Сарсенов; хатшылары - Әліхан Ермеков, Мұстақым Малдыбаев т.б. Съезге бірінші болып құттықтау сөзді ақын, тарихшы-ғалым Шәкірім құдайбердіұлы арнады. Съездің атына Омбыдан, Томскіден, Орынбордан, Ташкенттен және тікелей Ә.Бөкейхановтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсті.

Күн тәатібіне 16 мәселе қойылды. Басқа съездерге қарағанда, мұндағы сапалық ерекшелік – автономия құру және өзін-өзі басқару, халыққа медициналық және мал дәрігерлік көмек көрету сияқты аса өзекті саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің талқылануы еді. Ақмола съезіндегі сияқты мұнда да күн тәртібіне әйел мәселесі енгізілді. Съезде ұйымдастыру комитетінің есебі таңдалған соң, делегаттар 20 адамнан тұратын Семей облыстық ұлттық комитетін және оған 10 үміткер сайлады. Мұндағы тағы бір ерекшелік – комитет құрамына бір әйел (Семей мұғалімдер семинариясының оқытушысы Нәзипа Құлжанова) кірді.

Съезд шешімдерінің көпшілік Торғай съезінің қаулыларына сәйкес келгенімен, қазақ халқының автономиясы мен мемлекетті басқару туралы шешімі өте маңызды саяси қадам еді. Делегаттар Ресей мемлекетінің жер көлемінің кіңдігін, онда әртүрлі халықтардың өкілдері мекендейтін, мәдениетінің алуан түрлілерін ескере отырып, «демократиялық федеративтік республика құру» қажеттілігін ерекше ерекше атап өтті.

«Уақытша өзін-өзі басқару мен жергілікті комитеттер» туралы қаулында Семей облыстық съезі облыстарды әкімшілік және шаруашылық тұрғыда басқару тәртібін жариялау керіктігіне Ресейдің орталық үкіметінің назарын аудартты. Сондай-ақ басқа елдермен, жекелеген өлкелермен қарым-қатынас орнатудың маңыздылығына да ерекше тоқталды. Делегаттар ұлттық ерекшілігіне қарай Ресей халықтарын бір-бірінен қарсы қою әрекеттерінің өте қауіпті екіндігін және оған жол бермеуге баса назар аударылу қажеттігін атап көрсетті.

Семей облыстық съезі Жалпықазақ съезін шақыру, оны Торғай съезінде құрылған ұйымдастыру бюросына тапсыру және Петропавлда шілде айында өткізк жөнінде ұсыныс жасады. Съезд аяқталысымен оған қатысушылар уездік қазақ комитеттерінде есеп берулері керек екені ескертілді.

Сонымен 1917 жылы көктемде өткен облыстық қазақ съездері қазақ қоғамын толғандырып келген мәселелердіталқылады. 1917 жылғы облыстық қазақ съездерінде І және ІІ Жалпықазақ съездерінің қарарлары мен Алаш партиясы бағдарламасының жобасына негіз болған идеялар көтерілді.

1917 жылы 20 науырызда Уақытша үкімет Ресей азаматтарының ұлттық және діни құқықтарын шектеуді жою туралы арнайы декрет қабылдады. Сондай-ақ Уақытша үкімет 1916 жылғы көтеріліске қатысқандарға кешірім жасау және көтеріліс барысында зардап шеккен Жетісу қазақтары мен орыс шаруаларына жәрдем беру туралы шешім шығарды. 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлыққы сәйкес тыл жұмысына алынғандарды елге қайтаруды жүзеге асырды.

Дегенмен Уақытша үкімет Қазақ өлкесіндегі саяси, ұлттық және әлеуметтік-экономикалық жағдайды реттеуде белсенділік танытпады. Халық үшін ең көкейкесті жер мәселесі, қоныс аудару саясаты, ұлттық-территориялық құрылым бойынша патша үкіметінің бұрынғы саясатын жалғыстырды. Уақытша үкімет бүкіл Ресей халықтарын күйзеліске ұшыратқан І дүниежүзілік соғыстағы әскери қимылдарын жалғыстыра берді. Жер мәселесі Құрылтай қимылдары жалғастыра берді. Жер мәселесі Құрылтай жиналысының қызіретіне қалдырылып, ұлттардың өзін-өзі басқару құқығы туралы арнайы мәлімдеме жарияланбады. Жергілікті жерлердің көпшілігінде патшалық әкімшілік сақталып, ол өз қызметін бұрынғыдай атқара берді. Оған қоса қоныстандыру басқармасының мекемелері жұмысын тоқтатпай, ұлы державалық саясат, ұлттық кеміту жалғаса берді.

Уақытша үкіметтің билікке келгеннен кейін жариялаған демократиялық ұстанымдарға деген тұрақсыздығы халық арасыдағы революциялық ахуалдың тереңдеуіне алғышарттар туғызды. 150 мыңнан астам тыл жұмысшылары мен солдаттардың отанына оралу қазақ қоғамындағы саяси жіктелу мен белсенділікті күшейте бастады.

Ақпан революциясы Ә.Бөкейханов бостаған ұлттық зиялы қауымның және өз саяси қызметтерін жандандырған социал-демократтардың үмітін ақтамады. 1917 жылы майда Ә.Бөкейханов кадет партиясынан шығатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Өйткені Уақытша үкімет құрамы жағынан, негізінен, кадет партиясы мүшелерінен тұратын. Ал үкімет Қазақ өлкесіндегі өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде империялық идеяларды қолдаған еді. Мәселен, «Мен неге кадет партиясынан шықтым?» деген мақаласында Ә.Бөкейханов кадеттермен үш мәселе бойынша көзқарасының сәйкес келмейтінін жариялады: «Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе де жөн дейді. Біздің қазақ жерді қалап алса, башқұртша көрші мұжыққа сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді.

Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз алаш ұранды жұрт жиылып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Француз, орыс һәм өзге жұрттың тарихынан көрінеді: молла хүкіметтен ақша алса, сатылып кетеді. Рухани іс аяқ асты болады. Жалование алған моллалар хүкіметке жетекшіл болып, еріп кетеді. Біздің қазақ-қырғыздың ісін көркейтетін болсақ, хүкімет ісінен бөліп қойған оң болатын. Оны орысша «отделение церкви от государства» дейді. Кадет партиясы менің бұл пікіріме өзгеше қарайды.

Осы үш жол айырылғаны биыл ашыққа шықты. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға тырыстым. Мұны мен июльдегі жалпықазақ съезіне айтқан едім. Ғалихан» («Қазақ», 1917, 23 желтоқсан, № 256).

Жалпы Уақытша үкіметтің сөзі мен ісінің сәйкес келмеуі, аса маңызды мемлекеттік мәселелерді Құрылтай жиналысынаысыра беруі, елдегі соғыс жағдайы және халықтың күйзелісі билікке деген сенімсіздік ахуалын күшейте берді.

Қазақ комитеттерінің құрылуы мен қызметі

Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясын кейін Уақытша үкіметтің билік органдары құрылды. Олар Петроградтағы орталық үкіметінің шешімдерін жергілікті жерлеоде жүзеге асырып отырды. Билік органдары ретінде таптық және әлеуметтік белгілері бойынша жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестері пайда болды. Сол себепті де қазақ зиялыларының ұлттық автономия түріндегі Қазақ ұлттық автономия түріндегі Қазақ ұлттық мемлекетін қалыптастыруды жүзеге асыра алатын билік органын құруға ұмтылуы заңды құбылыс еді. Олар жер мәселесін, білім беру, сот, дін және т.б. өте маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуге ат салусыды көздеді. Патша әкімшілігі құлағаннан кейін Уақытша үкіметтің жергілікті билік органдарының бірі ретінде Қазақ өлкесінің барлық облыстарында құрылған Қазақ комитеттерінің маңызы өте зор болды. Бұл ғасырлар бойы отарлық езгіде болып келген қазақ халқының алғаш рет мемлекеттік билік істеріне қатыстырылуы болатын.

1917 жылы көктемде өткізген облыстық съездер қазақ комитеттерінің қызметін заңды түрде бекітті. Мысалы, Орал облыстық съезінің хаттамасында (19-22 сәуір, 1917 ж.) былай делінген: «Уақытша облыстық қазақ комитетінің төрағасы Әлібеков комитеттің қызметі туралы съезде есеп беріп, комитеттің барлық құрамының өкілеттіліктері тоқтатылатының мәлімдеп, халықтың сеніміне ие болған адамдардан жаңа құрамдағы облыстық комитетті сайлау ұсынды» [6, 77-б.]. Қазақ өлкесінің басқа облыстарындағы комитеттер де осындай заңдылық негізінде құрылды. Олар наурыз – сәуір айларында барлық облыстар мен уездерде құрылды. Қазақ комитеттері ауылдық, болыстық, уездік, облыстық деңгей бойынша бөлінді.

Уақытша үкімет орындары мен Қазақ комитеттерінің өзара қатынасы екі жақты сипатта өрбіді. Қазақ комитеттері ұлттық мүддені қорғауда маңызды саяси қызмет атқарды. Олар жергілікті халықтың мүдделеріне қайшы келмеген Уақытша үкіметтің іс-шараларына ғана қолдау білдірді. Бұл ауылдық және болыстық жерлерде тыныштық пен тәртіпті сақтау, онда милиция ұйымдастыру сияқты мемлекеттік істер еді. Сонымен қатар Қазақ комитеттері мен Уақытша үкімет арасындағы қатынасты Қоныстандыру басқармасының сақталынып қалуы және жер мәселесінде қазақ халқының талап-тілектерінің ескерілмеу шиеленістіре түсті.

Қазақ комитеттері Қоныстандыру басқармасы мекемелерінің қызметін тоқтатуды және жерді тартып алуға тыйым салып, қазақтардың жерді пайдалану құқығын кеңейтуді талап етті. Қазақ комитеттері басқа да қоғамдықсаяси ұйымдармен, мысалы, Кеңестермен байланыс жасады. Семей облысының Қазақ комитеті жұмысшы және солдат депутаттар Кеңесімен, шаруа және казак Кеңесімен, облыстық атқару комитетімен коалициялық келісімге келді. Бірақ Қазақ комитетері мен Кеңестер арасындағы саяси байланыстар берік емес еді, өйткені ондай қатынастар тәжірбесі жаңа қалыптасып келе жатқан болатын.

Сөйтіп, Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісінен кейін Қазақ комитеттерінің құрылуы Уақытша үкіметтің мемлекеттік унитаризм идеясына қарсы Қазақ жерінде ұлттық-мемлекеттік автономия мәселесін шешудегі алғашқы саяси қадамы болды.

Түркістан өлкесінде де осындай саяси ахуал қалыптасты. Бұл аймақта патша билігі құлатылғаннан кейін үштік билік орнады. Олар – Уақытша үкіметтің атқару комитеттері, Кеңестер, мұсылмандық ұйымдар. Егер алғашқы екеуі жергілікті халықтың мүддесін аз қозғайтын түрі өзгерген бұрынғы саясатты ұстанса, ұлттық зиялы қауым жетекшілік еткен мұсылмандық бағыттағы ұйымдар жергілікті халықтың саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтарын кеңейту бағытында табанды саяси күрес жүргізді.

Қазақ комитеттері мен мұсылман ұйымдарының халық арасындағы беделі мен саяси ықпалы жөнінде мынадай деректер өлшем бола алады: Құрылтыай сайлауы кезінде Қазақ комитетері мен Алаш партиясы ұсынған үміткерлерге сайлаушылардың Жетісу округі бойынша 57,5%-ы; Семей уезі бойынша 85,6%-ы; Торғай облысы бойынша 75%-ы; Орал облысында 75%-ы дауыс берген [75, 317-б.]. Ал 1917 жылы жазда Ташкен қалалық думасына сайлау кезінде 112 орынның 73 орнын мұсылман ұйымдарының депутаттары алды.

Бірінші Жалпықазақ съезі, «Алаш» партиясының құрылуы. «Үш жүз» партиясы. «Шуро-и-Ислам»

1917 жылдың көктемі мен жазында Қазақ өлкесінде жұмысшы және революцияшыл-демократиялық жастардың ұйымдары және саяси партиялар құрыла бастады. Сол кезеңде Верныйда мұсылман жұмысшыларының одағы, Жаркентте жұмысшы одағы, Түркістанда мұсылман еңбекшілерінің одағы құрылды. Зиялы қауымды, оқушы жастар мен мұғалімдерді біріктірген жиырмадан астам қоғамдық ұйымдар құрылды. Олардың арасында Сәкен Сейфуллиннің басшылығымен Ақмолада «Жас қазақ» ұйымы, Меркеде Тұрар Рысқұлов ұйымдастыруға «Қазақ жастарының революциялық одағы», Омбыда Әбілхайыр Досов жеткешілігіндегі «Оқушы жастардың демократиялық кеңесі», Спасск зауытында «Жас жүрек», Петропавлда «Талап», Семейде «Жанар» ұйымдары белсенді қызмет атқарды.

1917 жылы 21-28 шілдеде Орынборда бірінші Жалпықазақ съезі өтті. Оған Қазақ өлкесінің облыстары мен Ферғана облысы, Бөкей хандығы атынан қазақ өкілдері қатысты. Съездің төрағасы болып Халел Досмұхамедов сайланды. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды: Мемлекеттік басқару түрі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халықтық милиция; жергілікті басқару жүйесі (земство); оқу-ағарту ісі; сот, дін, әйел мәселелері; қазақ облыстары депутаттарының Құрылтай жиналысында дайындығы, жалпыресейлік «Шуро-и-Ислам» съезі; қазақтың саяси партиясы; Жетісу облысының жағдайы; Бүкілресей федералистерінің съезі мен оқу комиссиясына қазақ өкілдерін жіберу туралы қаралды. Барлық мәселелер бойынша ұлттық-демократиялық мазмұнда шешімдер қабылданды. Осы съезде қазақтың тұңғыш ұлттық саяси «Алаш» партиясын құру жөнінде қаулы шығарылды. Партияның баспа органы 1918 жылдың қаңтарына дейін Орынборда шығып тұрған «Қазақ» газеті болды. «Қазақ» газеті большевиктер тарапынан жабылғаннан кейін, оны Семейде жарық көріп тұрған «Сарыарқа» газеті ауыстырды. Бұл кезде Семейде «Абай» журналы да жарыққа шыға бастаған болатын. «Алаш» партиясының жетекшісі болып Ә.Бөкейханов сайланды. Партия құрамына ғылым және шығармашылық зиялы қауым өкілдері – А.Байтұрсынов, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Х.Досмұхаметовтар және т.б. кірді. «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы жасалып, ол көпшіліктің талқысына ұсынды. Жоба он бөлімнен тұрды.

«Алаш» партиясы бағдарламасының жобасы.

І бөлім – «Мемлекет қалпы»: «Ресей демократиялық федеративті республика болу («Демократия» мағынасы – мемлекетті жұрт билеу. «Федерация» мағынасы – құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада һәр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Һәр қайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді). Үкімет басында учредительное собрание мен Г.Дума қалауынша келісімді жылға сайланатын президент болу. ... Депутаттар тегіс, тең, төте һәм хұфия сайлаумен болады. Сайлау хақында қан, дін, еркек, әйелталғаусыз болды. Законды жалғыз ғана Г.Дума шығаруы һәм. Хүкімет үстінен қарап, іс тексеру, запрос жасау хақы да Г.Думада болады ...»

ІІ бөлім – «Жергілікті бостандық»: «Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізіні өзінде болып, Ресей республикасының федерациялық бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болуы, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы ... «Алаш» партиясы ғаділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күшқуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарқы ету жағына бастайды».

ІІІ бөлім – «Негізгі хұқық»: «Ресей республикасында дінге,қанға қарамай, еркек, әйел демей адам баласы тең болу. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік; хүкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз һеш кім табалдырығын аттамаушылық; сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық ...»

IV бөлім – «Дін ісі»: «Дін ісі мемлекет ісінен айырылулы болуы. Дін біткенге тең хұқық. Дін жоюға ерік. Кіру, шығу жағына бостандық. Мүфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ.талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моладада болуы, жесір дауы сотта қаралуы».

V бөлім – «Билік және сот»: «Һәр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. ... Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралуы. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы. Присяжныйлар қазақтан алынуы. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылуы».

VI бөлім – «Ел қорғау»: «Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы. Әскерлік жасына жеткен жастар өз жерінде үйретіліп, өз жерінде қызмет ету. Әскер табына бөлгенде, туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқаруы».

VIІ бөлім – «Салық»: «Салық мал, ауқат, табысқа қарай байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен туртылу»

VIІІ бөлім – «Жұмысшылар»: «Жұмысшылар закон панасында болу. (Қазақ жерінде завод, фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды)».

ІХ бөлім – «Ғылым-білім үйрету»: «Оқу ордаларының есігі кімге болса да ашық һәм ақысыз болуы; жұртқа жалпы оқу жайлы; бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өзтілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алды автономия түрінде болуы; хүкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлаумен қойылуы; ел ішінде кітапханалар ашылуы».

Х бөлім – « Жер мәселесі»: «Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілікті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлердер алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; …Жер законінде жер сату деген болмау, һәр кім өзі пайдалану. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл байлықтары земство мүлкіне саналу». «Жоба жасаушылар: Ғалиған Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов» («Қазақ», 1917, 21 қараша).

1917 жылы 14 наурызда Қазақ әлкесінің оңтүстік аймағында «Шуро-и-Ислам» одағы құрылды М.Абдрашидханов, М. Шоқай және т.б. болды. «Шуро-и-Ислам» одағының идеологиясы түркі-мұсылман халықтарының басын біріктіріп, әрбір ұлттың өзін-өзі басқаруына қол жеткізу болатын. Одақ жергіліті халықтың мүддесі үшін белсенді қызмет атқарды. Олардың бастамасымен 16 сәуірде Ташкентте Жалпытүркістандық құрылтай шақырылды. Оған қазақ, өзбек, түркімен және басқа Түркістан халықтарының өкілдерінен барлығы 150 делегат қатысты. Съездің тең төрағасы болып М. Абдрашидханов пен Сералы Лапин, ал хатшылыққа Мұстафа Шоқй сайланды. Съезде қаралған негізі мәселелер-Уақытша үкіметке көзұарас және патша үкіметі құлатылғаннан кейінгі Түркестанды басқару туралы болды. Сондай-ақ съезд Уақытша үкіметті қолдай отырып, Ресейдің федеративтік, демократиялық, парламенттік республика ретінде өзәнәң президенті мен Құрылтай жиналысыболуы мен облыстарға автономия беру (оның ішінде Түркістаңға) идеясын ұсынды. Жалпы Түркістан ұйымын – Түркәстан мұсылман кенесін құру жөнінде міндеттер қойлды. 1917 жылы 12 маусымда ондай ұйым құрылып, оның төрағалығына М. Шоқай тағайындалды. БүБұл ұйым ұлттық-демократиялық бағыттағы саяси күштермен тығыз одақ жасауға ұмтылды. Оның мүшелері «Алаш» партиясымен де қарым-қатынастар орнатты. «Шуро-и-Ислам» 1917 жылы 2 қазанда кеңес үкіметін мойындамау жөнінде шешім қабылдады. 1917 жылы қарашада «Шуро-и-Исламның» белсенді саяси қызметінің натижесінде 4 төтенше өлкелік мұсылман съезі шақырылып, онда Қоқан автономиясы жарияланғаны белгілі. Сөтіп, бұл ұйым түркі-мұсылман халықтарының ұлттық-діни автономиясын құру үшін белсенді саяси күрес жүргізді. Олардың баспа органы ретінде шілде айынан бастап «кенгеш» (кеңес) газеті шағып тұрды. Бұл газет арқылы түркі халықтары федерациясының идеясы насихатталды. 1918 жылдың басында Қоқан автономиясы құлаған соң «Шуро-и-Ислам» ұйымы ыдырып кетті.

Ақпан революциясының жеңісі Қазақ өлкесі мен Түркістан аймағында халықтың мұн-мұқтажын саяси күштер: «Алаш» ұлттық демократиялық париясын, большевиктердің мүддесін қорғайтын «Үш Жүз» радикалдар партиясын және түрікшілдік пен исламды жақтайтын «Шуро-и-Ислам» ұйымын тарих сахнасына шығарды.

Исламшылдар «таза ислам» жолып, ал түрікшілдер модернизм және праматизм бағатынұстанды. «Шуро-и-Ислам» алғашқы кезде бұл екі бағатты біріктірсе, құрылғаннан кейін үш айдан соң, яғни 1917 жылы шілдеде оның құрамынан «таза ислам» одағы – «Шуро-и-Ислам» бөлініп шықты. Улемшілер өзіндерінің жетекшісі адвокат С. Лапиннің басшылығымен «шариғат бойынша таза мұсылман ұстанымдары негізінде мұсылмандардың өзін-өзі билеу құқықтарын іске асыру» бағытында тұрды [9, 116-б].

Ал енді « Үш жүз» партиясына тоқталатың болсақ, бұл партия өзінің саяси ықпалын Қазақ өлкесінің солтүстық-шығыс аймағында жүргізді. «Үш жүз» партиясының Орталық комитеті Омбыда орналасты. оның негізін қалаушы Мұқан Айтпенов болды. Бірақ «Үш жүз» партиясының қызметі Көлбай Төгісов есімімен тығыз байланысты еді. К. Төгісов 1917 жылдың соңыны қарай қоғамдықсаяси өмірде ерекше белсенділігімен таныла бастады. Бірақ оның саяси тәжірибесі сонау бірінші революцияси кезінен-ақ басталған болатын.

Көлбай Төгісов (ол Көлбай Төлеңгітов деген атпен де белгілі) Зайсанда ауыл шаруашылық мектебін бітірген. Онан кейін бітістіруші сотта аударшы әрі хатшы қызметтерін атқарады. К. Төгісовтың алғашқы саяси белсенділігі 1905 жылғы 17 қазандағы патшаның манифесінің жариялауына орай Қазақ өлкесіндегі революциялық-демократиялық топтардың күшімен ұйымдастырылған Қарқаралыдағы саяси шеруде көрінді. Сол үшін полицияның тергеуіне де түсті. Одан кейін ол Зайсан уезіне қайтып келіп, К.Төгісов 16 болыстың атынан үкімет пен патша әкімшілігіне Манифестегі бостандықтарды іс жүзіне асыру туралы талап-тілегін жазады.

1905-1906 жылдары К.Төгісов «Семипалатинский листок» газетінде Манифестің халыққа ештеңе бермегені туралы саяси ойларын жариялайды. Революцияның жеңілісі және демократиялық күштерге қарсы құғын сүргіннің күшеюі либералдық «Семипалатинский листок» газетінің жабылуына әкеліп соқты. Баспасөздегі мүмкіндігінен айырылған соң К.Төгісов адвокаттық қызметпен айналысты. Оған орыс тілін жетік меңгеруі және Ресейдің құқық саласының көптеген белгілі қызметкерлерімен таныстығы қоғамдық-саясиқызметіне көп көмектесті. Оның адвокаттық көмегін оппозициялық көзқарастағы адамдар көп пайдаланды. Сол себепті оның адвокаттық қызметі полицияның қатаң бақылауында болды. 1909 жылы тамызда, сонан соң 1910 жылы желтоқсанда ол революциялық-демократиялық партиялармен байланысыүшін тұтқынға алынады. Екінші рет тұтқындалуы оның 2 жылға түрмеге жабылуына әкеп соқты. 1912 жылы бостандыққа шыққаннан кейін, оны 3 жылға Жетісудң орталық уездерінің бірі – Қапал қаласына жер аударды. Ол әдеби-баспа қызметімен айналысу құқығының да айырылады. Бірақ К.Төгісов өзінің соңғы қолжазбаларын Уфа және Орынбор баспаларынан беріп үлгерді. Уфадан оның «Надандық құрбаны» атты пьесасы жарық көрді. Онда қазақ қоғамдығы әйел мәселесі мен тәуіптердің адамдардыемдеу дәстүрі сынға ұшырайды. К.Төгісов Қапалда жүріп, Орынбор губерниясының Троицк қаласымен тоғыс байланыс орнатады. 1911 жылы қаңтардан бастап шыға бастаған қоғамдық-саяси «Айқап» журналында К.Төгісов жер қатынасы, мәдениет мәселесі, орыс шаруалары мен қазақтардың қарым-қатынасы, казактардың жағдайлары туралы мақалаларын жариялайды.

1916 жылдың ортасында К.Төгісов әкімшілік жер аударылу уақыты аяқталған соң Ташкент келеді. Ол Ташкент «Алаш» газетін ұйымдастырды. Газеттің қазақ жүзіндегі редакторы Көлебайдың әйел Мәриям Төгісова болды. «Алаш» газеты 1916 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастады.

Мазмұны жағынан ол «Айқап» газетінің дәстүрін жалғастырды.

Ақпан революциясынан кейін К.Төгісов «Алаш» газетінің редколлегия мүшелерімен бірнеше мақалалар жариялады. Онда патша үкіметінің қылмыстық саясатын және отаршылдық тәртібін қатаң сынға алған еді. 1917 жылы көктемде ол «Шуро-и-Ислам» ұйымның құрамына енеді.

К.Төгісов Бүкілресейлік екі съезге делегат болып сайланды: Мұсылман съезі (Мәскеу, 1-11 мамыр, 1917 ж.), Шаруалар съезі ( Петроград, 4-28 мамыр, 1917 ж.). Бұл съездерде ол атқару комитетінің құрамына енген еді.Осы екі съездің атқару комитетінің мандатымен К.Төгісов тұған өлкесіне қайта оралып, Зайсанда «Қазақ ұраны» ұйымын құрды( Еңбекші қазақ одағы»).Бұл одақ өз алдына мынадай міндеттер қояды: халық арасындағы денсаулық сақтауды дамыту, егін егу, көшпелілердің шаруашылығына агрономия және зоотехника енгізу және т.б « Қазақ ұраны» ұйымы К.Төгісовты Батыс Сібір және Омбы облыстық Кеңесіне депутат етіп сайлайды.

Осы кезден бастап К.Төгісов «Алаш» партиясына қарсы социалистік бағыттағы саяси партия құруға кіріседі. 1917 жылы қараша айында К.Төгісов пен оның жақтастары «Үш Жүз» Қазақ социалистік партиясын құрды.Бұл партия жөнінде алғашқы хабарды Омбыдағы «Революционная мысль» газеті (1917 ж.17 қараша) жариялайды. Онда: «Бір топ қазақтарды белгілі кадет Ә.Бөкейханов ұйымдастырған ұлттық қазақ «Алаш» партиясының бағдарламасы қанағаттандырмады, сөйтіп ерекше социалистік «Үш Жүз» партиясын құрды. Партияның мақсаты – Ресейдің түркі-татар тайпаларын біріктіру және Ресей республикасының федеративтік құрыласын талап ету.

Партия Құрылтай жиналысына өздерінің ерекше тізімдерін ұсынды».

К.Төгісов 1917 жылы қараша –желтоқсан айларында сөйлеген сөздерінде «Үш жүз» бен «Алашты» туысқан партиялар ретінде көрсетеді. Бұл идея партияның баспасөз органы «Үш жүз» газетінің алғашқы басылымдарында көрініс тапты. Онда қазақ социалистері либералдардың «інісі» деп жарияланды. Бірақ та Құрылтай жиналасына сайлауға өздерінің дербес үміткерлерін ұсынуы жалпыұлттық мақсаттардан таптық міндеттерге көшуге итермелеп, «Үш жүздің» саяси бағытына өзгірістер енгізді. Партия жетекшілерінің бірі К.Төгісов «Үш Жүздің» кеңестік үлгідегі партия болатындығын және социал-демократтар партиясы бағдарламасының негізі бағыттарын мойындайтындығын жариялайды. Осылайша «Үш Жүз» «Алаш» партиясына қарсылас атанды.

Аумалы – төкпелі саясат жағдайында К.Төгісов «Алаш» партиясына қарсы күрес жүргізіп, оның сяси сахнадан кетүіне күш салады. Мұны «Үш Жүз» партиясының белсенділері, соның ішінде «Үш жүз» партиясы Орталық Қомитетінің төрағасы Мұқан Айтпенов те айыптайды. К.Төгісов партия ішіндегі текетірес жағдайында «Үш Жүз» партиясының Орталық комитеті отырысын жедел шақырып, өзіне ынғайлы шешім қабылдайды. Бұл шешім бойынша М.Айтпенов «Үш Жүз» партиясы төрағалығынан босатылып, оның орнына өзі сайланады. Партияның баспасөз органы «Үш Жүз» газетінің редакторы болып Шаймерден Әлжанов тағайындалды. «Үш Жүз» партиясының қызметіне терең талдау жасаған тарихшы М.Қойгелдиев: «... «Үш жүз» аталатын саяси ұйым өзінің пайда болу негізі жағынан да, әлеуметтік базасы жағынан да, терең, табиғи қоғамдық сұраныстан гөрі, сол тарихи кезеңдегі саяси дүрмек ағымында әлеуметтік саяси айқындамасы толық қалыптасып үлгермеген, бірақ ықпалды саяси күшке айналу ниеті саяси ұйым құрұға алып келген түрлі әлсіз элементтердің жиынтық көрінісі болып табылады» деген тұжырым жасады. Кеңес өкіметі орнаған тұста, 1918 жылдың басында, К.Төгісов бірақтар саяси-әкімшілік қызметтерге қол жеткізді. Ол Батыс Сібір Кеңесінде Егіншілік және мемлекеттік мүлік басқармасының комиссары, Омбы облыстық Әділет комиссариатының мүшесі, Тергеу комиссиясы төрағасының горынбасары қызметтерің атқарды. Сол кезеңде К.Төгісов Петропавл Кеңесінің құрамына өнгізіледі. Алайда К.Төгісов елдегі Азамат соғысы кезінде, 1919 жылы наурызда, Колчак үкіметі тарапынан кеңес қайраткері ретінде қуғынға ұшырап, алылды. Жетекшілерінен айырылған «Үш Жүз» партиясы да сол кезде өз қызметін тоқтатты.

Азамат соғысы

Кеңес билігінің орнатуы биліктен тайдырылған саяси күштердің қарулы көтерілісіне және кейіннен азамат соғысына алып келді. 1917 жылы қараша айының өзінде кеңес билігіне қарсы орынборлық казактардың атаманы А. Дутов қарсы шықты. Ол жеті мыңдық казак отрядын басқарды. 1918 жылдың көктеміне қарай оның қол астына 22 мың адам жиналды. Сонымен қатар 1917 жылы қарашада билікті казак әскери кеңесі өз қолына алған Жетісудада қарулы күрестер басталды. 1918 жылы наурызды Гурьевте билікті генерал В. Толстов басып алып, өзін Орал казактарының атаманы етіп жариялады.

Кеңес билігі қарсыластарының басты соққысы 1918 ж. мамырда болған Чехословак әскери тұтқындар корпусының бүлігі болды. Бүлікшілер сібірдің, Оралдың, Орта Волганың – Новосібір, Челябі, Томск, Омск және тағы басқа бірқатар қалаларын басып алды. 31 мамырды контрреволюционерлер Петропавловскіні, маусымда – Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей, Павлодар қалаларын басып алды. Нәтижесінде Орал, Ақмола, семей және Торғай облысының көп бөлігі ақ гвардияшылардың қолында қалды. сібірде Уақытша сібір үкіметінің билігі орнатылып, оның басшысы адмирал А.В. Колчак болды. 1919 ж. оның кол астына 130 мың солдат пен офицерлер жиналды.

Осындай жағдайларда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің 1918 ж. 29 мамырда декретімен қызыл Әскер қатарына алудың еріктілігі міндетті әскери борышпен алмастырылды. 1918 ж. жазда ұлттық әскери құрамалар қалыптастырылды. Қазақ, мұсылман, дүнген, ұйғыр бөлімшелері құрылды. Азамат соғысына қазақ еңбекшілерімен қатар венгрлер, чехтар, немістер, поляктар және басқа да ұлт өкілдері қатысты. Кейбір деректерге қарағанда 1918 жылдың қаңтарынан бастап 1919 жылдың желтоқсанына дейін Орта Азия мен Қазақ өлкесінде 20 ұлттық әскери бөлім жасақталған.

Елде «ақ» және «қызыл» террор өршіді. Мысалы, ресми мәліметтер бойынша ВЧК (БТК Бүкілресейлік төтенше комитет) органдары 1918 ж. 31 489 адамды репрессиялады, олардың 6 185 атылды, 21 236 түрмелер мен лагерьлерге тұтқындалды. Екінші жағынан, колчаковшілердің қолынан 25 мыңнан аса адам қаза тапты.

Азамат соғысы жылдары Қазақстан территориясы ірі жалпыресейлік майдандар – Шығыс, Түркістан, Орал, сондай-ақ жергілікті – Ақтөбе және Жетісу майдандарының әскери театрына айналды.

1918 ж. 3 шілдеде оны атаман А.Дутов басып алды. Бұл Ресейдің орталық аудандары мен Орта Азияны байланыстыратын Орынбор-Ташкент темір жолын кесіп тастауға алып келді. Қызыл әскер темір жол бойымен Ақтөбеге қарай шегінді. Ақ гвардияшылардың оңтүстікке Ташкентке жылжуына жол бермеу үшін Ақтөбе майданы ұйымдастырылып, оны Г.В. Зиновьев басқарды. Осы кезде дала өлкесінің Төтенше комиссары Ә.Жангельдиннің экспедициясы ұйымдастырылды. Ол бірнеше мың адамға арналған қару-жарақпен 1918 ж. 18 шілдеде Мәскеуден шығып, Волга, Каспий, Маңғышлақ арқылы өтіп, 11 қарашада Челкарға келді. Азамат соғысында ақтөбе маңызды роль ойнады, 1918 ж. қазанда ақ гвардияшылар Орта Азияға өту мақсатымен Ақтөбеге шабуыл бастағанда, олар тоқтатылып, кейін шегіндірілді. 1919 ж. Орынбор, Орал, Орск азат етілгеннен кейін, күзде Ақтөбе майданының әскерлері Шығыс майданмен біріктірілді.

1918 ж. қарқынды соғыс қимылдары Жетісуда басталды. Ақ гвардияшылар Іле өлкесін, Верныйды басып алып, Қазақстанның оңтүстігіне әрі қарай жылжуды көздеді. сергиополь, Үржар, Сарқанд және т.б. елді мекендер басып алынды. Олардың осы бағытта жылжуына жол бермеу үшін 1918 ж. жазда Солтүстік Жетісу майданы құрылды. 1918 ж. Солтүстік Жетісуды ақ гвардияшылар басып алды, бірақ кең Лепсі уезінде кеңестер билігі сақтап қалынды, оның орталығы Черкасск қорғанысы болды. Оны құлату үшін арнайы Семейден атаман Анненковтың дивизиясы жіберілді.

Қазақстанда Азамат соғысы жылдарында партизандар қозғалысы мен халық көтерілістері кең қарқын алды. Олардың орталықтары Ақмола және Семей облыстары болды, олардың ішінде Қостанай, Шемонаиха көтерілістерін бөліп айтуға болады, және «Тау қырандары» (Тарбағатай мен Алтай) партизан отрядтарының қозғалыстарын көрстетуге болды.

1919 жылы жазда адмирал А.В. Колчактың Шығыс майданындағы негізгі күштері жеңілді. Бұл жағдайда Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан және Жетісуда қызылдардың үстемдігін орнатуға жағдай жасады. 1920 ж. наурызда Қазақ жеріндегі соңғы Солтүстік Жетісу майданы жойылды. Билікке таластан туған Азамат соғысының нәтижесінде тарихи деректерге қарағанда 8 млн. адам құрбан болған.

Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңес үкіметінің декреттерімен қарқынды түрде банктерді, көлікті, өндіріс орындары национализациялау жүзеге асырылды. 300-ден аса ірі өндіріс орындары национализацияланды. Азамат соғысы жағдайында материалдық ресрустарды мобилизациялау мақсатында төтенше жағдай енгізіліп, ол «әскери коммунизм» деп аталды. Бұл ең алдымен азық-түлік мәселесіне қатысты болды. Сонымен қатар міндетті еңбек борышы енгізілді. Жалпы алғанда, әскери коммунизм саясаты келесілерді қамтыды: нарықтық, ақша-тауар қатынастарын жою, экономикалық стимулдарды, сыртқы экономикалық стимулдармен алмастыру, экономиканың барлық салаларына қатаң мемлекеттік бақылау орнату, теңгермешілікті енгізу.

Азамат соғысына дейін-ақ биліктің ескі органдары жойылып, жаңалары құрыла бастады. Қазақстанды басқарудың алғашқы органы 1918 ж. 11 мамырда құрылған РСФСР ұлттар жөніндегі халық комитетіндегі Қазақ бөлімі болды. Ал 1919 ж. 10 шілдеде Казревком (Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша ереже) құрылды. Оған С. Пестсковский (төраға), А. Байтұрсынов, Б. Қаратаев, Ә. Жангельдин енді. Декретке сәйкес Қазревком өлкені басқарудың жоғарғы әскери-азаматтық органы болды, территорияның құрасына Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары мен Астрахань губерниясының қазақ жерлері енді. Бірақ іс жүзінде 1921 жылға дейін Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомына қарады.

Қазревкомның басты мақсаты автономия құруға дайындық еді. 1920 ж. 26 тамызда М. Калинин мен в. Ленин «Қырғыз (қазақ) кеңес социалистік автономиялық республикасын құру туралы» Декретке қол қойды. ҚазақАКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып Сейітқали Меңдешов, Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.Радус-Зенкович сайланды. Республиканың территориясы 2 млн. км-ге жуық, халық саны шамамен 5 млн. болды. ҚазақАКСР құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Красноводск уезінің бір бөлігі, Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аумағы енді. Қазақ жерінің екі облысы – Жетісу мен сырдария облыстары 1918 ж. 30 сәуірде Ташкентте Түркістан Кеңесінің 5 съезінде жарияыланған Түркістан Кеңестік автономиялық Республикасының құрамына кірді.

1922 жылғы 30 желтоқсанында КСРО-ның құрылуы туралы шартқа қол қойылды. Алғашында ол төрт республикадан РКФСР, УКСР, БКСР, ЗКФСР (Грузия, Әзірбайжан, Армения) тұрды.