Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

І дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан

1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс

1914 жылы 1 тамызда Ресей империясы І дүниежүзілік соғысқа кірді. Соғыс Қазақ өлкесіндегі халықтарға да ауыр салмақ түсіріп, ер-азаматтар майданға алына бастады. Әскери мобилизацияға ілінген азаматтардың отбасына көмектесу қажет деген талаппен қазақтарды әскерге алынған орыс шаруаларының шаруашылықтарында еріксіз жұмыс істеуге мәжбүр етті. Соғыс жағдайы өте көп мал, азық-түлік, көлік, жем-шөп, ақша қажет етті. Бұл сұраныстарды орындау үшін халықтан мал мен жем-шөпті жаппай тартып ала бастады. Мемлекеттік салық шамадан тыс өсіп кетті. Мемлекеттік несие алуға қарапайым халықты еріксіз мәжбүрледі және арнайы әскери халық енгізілді. Соғыс басталған уақыттын бастап салық 3-4 есе, ал кейбір жағдайларда 15 есеге дейін көтерілді. Соғыс жылдары Түркістан өлкесінен 300 мың пұт ет, 100 мың пұт балық, 70 мың бас жылқы., 13 мың түйе, 14 мың киіз үй, сондай-ақ 40 мың пұт мақта, 1 мың пұт мақта майы мен сабын алынған. Соғыстың алғашқы жылдарының өзінде-ақ, тек Жетісудан 34 млн сомды құрайтын мал және мал өнімдері алынады.

Соғыс жылдары Қазақ өлкесіндегі орыс шаруаларының да жағдайлары қиындады. 1915 жылы науырызда Верный, Лепсі, Пржевальск уездеріндегі ауыл тұрғындары бағаның, салық пен міндеткерліктердің өсуіне байланысты наразылықтар білдірді. Осы кезеңде Қазақ өлкесіндегі қалаларда «Солдат әйелдерінің бүлігі» басталып, мобилизацияға ұшырғандар әскери міндеттерінен бас тарту оқиғалары жиілеп кетті. Оны тәртіпке келтіру үшін әскери күш қолданылды.

Қаладағы өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы мүлде қиындап кетті. Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақ өлкесінде төтенше әскери жағдай енгізілді. Оның негізгі талаптары бойынша халыққа жиылыс ашуға, түрлі шерулер мен ереуіл жасауға тыйым салынып, полицейлік бақылау мен цензура күшейтілді. Әсіресе шетелдік компаниялардың меншігінде қалған өнеркәсіп жұмысшыларының жағдайы тіптен қиын болды. Кен орындары мен шахталардағы жұмыс уақыты бірнеше есе өсті. Бір күндік орташа ақысы 20 тиын тұратын жұмысты еңбекшілер 12-14 сағат істейді. 1915 жылы маусымда Қарағанды, Екібастұз, Спасск заводының жұмысшылары ереуілге шығып, жалақыны көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етті. 1916 жылы жазда жұмысшы қозғалысы Риддерді, Ембі мұнай кәсіпорынын, Екібастұз, Байқоңыр көмір кеніштерін, Спасск мыс кеніштерін, Орынбор-Ташкент және Транссібір теміржолын, Жезқазғанның өнеркәсіп орындары мен зауыттарын, Успенск, Қарсақпай және т.б. кәсіпорындарын қамтыды. Оның үстінде соғыс барысында Қазақ жері әскери тұтқындарды орналастыру аймағына айналды. 1914 жылы желтоқсан айында Қазақ жеріне әртүрлі ұлт өкілдерінен тұратын 20 мың әскери тұтқын әкелінді. Олар негізінен Дала өлкесінің солтүстік-шығыс аудандары мен Түркістан әскери округіне орналастырылды.

Ресей империясының соғысқа қатысуы Қазақстандағы орталық езгіні күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қайшылықтарды одан әрі шиеленістіріп жіберді. Патша үкіметінің орыстандыру саясаты, Қазақ жеріне шаруаларды жаппай қоныстандыру қозғалысы және осыған байланысты жерді тартып алу,жергілікті халықтың азаматтық құқықтарының аяқ асты етілуі 1916 жылы бүкіл Қазақ өлкесі мен Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық қозғалыстың басталуына себеп болды. Ал көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайы патша үкіметінің 1916 жылғы 25-маусымда «бұратана халықтардан» соғыс аудандарында қорғаныс құрылыстарын жүргізу мен тыл жұмыстары үшін 19 бен 43 жастың аралығындағы еректерді мобилизациялау туралы жарлығы еді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мыңнан астам адам алынуы тиіс болды. «Бұратана халықтарға» қазақ, қырғыз, өзбек, тәжік, түркімен, дүнген, ұйғыр халықтары жатқызылды. Әскери мобилизациядан жергілікті патша әкімшілігінің басшылық органдарында отырған мемлекеттік қызметкерлер, діни қызметкерлер, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, ақсүйектер мен «құрметті азаматтар» босатылды. Бұл жалпыұлттық қозғалыстың екіге бөлінуіне әкеп соқты. Өйткені қазақ қоғамының жоғарыдағы жеңілдіктерді пайдаланушы топтары мобилизацияны жүзеге асырушыларға айналды. Патша жарлығы жарияланғаннан кейін тыл жұмысына алынатындардың тізімі жасала бастады. Ал қазақ халқының басым бөлігінде тууы туралы куәліктерінің болмауы әкімшілік тарапынан пара алу мен түрлі заңсыздықтардың жасалынуына себеп болды.

Бұл әділетсіздіктер халықтың наразылығын туғызуы заңды болатын. Ашынған халық болыс басшыларын, ауыл ағамдарын, полицейлер мен чиновниктерді өздігінен жазалай бастады. Олар кеңселерді, іс қағаздарын, тыл жұмысына шақырылғандардың тізімін өртеді. Стихиялық бас көтерулер бірте –бірте ұйымдасқан сипат алып, оларды радикалды көзқарастағы азаматтар басқарды.

1916 жылғы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісінің жетекшілері: Торғай облысында Әбдіғаппар Жанбосынұлы, Әліби Жангелдин, Амангелді Иманов; Орал облысында Сейтіқали Меңдешев, Әбдірахман; Маңғыстыуда Жалау Мыңбаев; Атбасар өңірінде Әділбек Майкөтов; Ақмола уезінде Сәкен Сейфулли; Жетісу облысында Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев; Чырдария облысында Тұрар Рысқұлов және т.б. болды.

Әлихан Бөкейханов бастаған қазақ зиялылары қазақ халқының қарулы көтерілісіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне топтаса отырып, газет арқылы да, ел аралау арқылы да қарулы көтерілістің еш нәтиже бермейтінін, күштің тең еместігін, босқ қан төгілетінін және ең алдымен, қарапайым халық зардап шегетінін дәлелдеуге тырысты. Ұлттық интеллигенция мобилизацияны кейінгі шегеріп, оны арнайы дайындықтардан кейін жүргізуді ұсынды. Қазақ жастарын жарлыққа көніп, тыл жұмыстарына баруға шақырды. Ондағы ойы, егер соғыс жеңіспен аяқталса ұлттық автономия құруға үміттенген болатын. Кейін қазақ жігіттері майданға алынғанда Ә.Бөкейханов, М.Дулатов бастаған зиялы азаматтар Минск, Киев аймағында тыл жұмысында жүрген жігіттердің ортасына барып, олардың әскери тәртіпке бейімделіп кетуіне көмек көрсеткен еді. Онда тілмаштық қызмет көрсетіп, дәрігерлік көмек пен ас-ауқаттың дұрыс берілуіне ықпал ету, мәдени шаралар ұйымдастыру сияқты т.б. қызметтер атқарған болатын. Бұл азаматтар ой-пікірлерін тек сөз жүзінде ғана қалдырмай, оны нақты істерімен дәлелдеп отырды.

1916 жылы 7 тамызда Ә.Бөкейхановтың төрағалық етумен Орынборда өткен Торғай, Орал, Ақмола, Семей және Жетісу облыстары қазақтарының арнайы жиылысының материалдары осы бағыттың дәлелә бола алады. Оның хаттамасында, патшаның 25 мауысымдағы жарлығы жергілікті басшылардың хабарламасы түрінде ғана белгілі болғаны, оның баспада жарияланбағаны туралы айтылған. Ол қазақтарға ашық күнгі найзағайдай әсер етті.Қазақтар ешқашан әскери міндеті, әсіресе мынадай жаппай қысым көрсету жағдайында өтеген емес. Жергілікті басшылар асығыс және қызмет бабын асыра пайдалану арқылы жарлықты орындай бастады. Мысалы, Қостанай уезінде жергілікті басшы тыл жұмысына шақырылғнандарға 9-15 күннің ішінде жиналуына бұйрық берген. Ал кейбір болыстың қазақтары жиылу орнынан 200-400 км қашықтықта көшіп жүргені ескерілмеді. Ақтөбе уезінде де жиналу орнына 10 күн ішінде келуге бұйрық берілді, ал бұл жердегі қазақтар да 200-400 км қашықтықта шашыраңқы орналасқан еді. Сондай-ақ бұл жиылыста қазақтардың тізімдегі жазылған жастарышындыққа сәйкес келмейтіндігі, тізімге әкімшіліктің өз бетінше тіркегенін және оның дұрыстығын ешкімнің тексермегендігі туралы айтылыда.

Кейбір тізімдер әдейі қате жасалынды. «Сондықтан даладағы би немесе болыс басқарушысының 20 жаста деп көрсетілуі жиі кездест, ал заң бойынша олар 25-35 жастан жас болмауы керек. Оның үстіне жергілікті болыс басшылары мобилизация кезінде өздерінің жауларынан өш алу үшін қарсыластарын тізімге кіргізіп, қайта тізім жасады, Басқалары тыл жұмысынан шақырылғандардың жасын өзгертуге уәде беріп, пара талап етті» [1. 6-б].

Мұндай әділетсіздіктерге шыдамған халықтың наразылығы күшейе бастады. Қостанай уезі Қарабалық болысының және Орал уезі Шыңғырлау болысының басшылары өздерінің қызмет бабын шектен тыс асыра пайдалануының салдарынан бойларын ашу-ыза кернеген халықтың қолынан қаза тапты. Ал кейбір болыс басшылары өздерінің жауларына соққы беру үшін оларды жарлықты орындаудан бас тартты деп айыптап, «басшыларға жеткізіп отырды». Жоғарыдан көрсетілген әділетсіздіктердің нәтижесінде деп көрсетілді аталмыш хаттамада, қазіргі ұрпақ алғаш рет қазақ отрядтарымен бетпе-бет кездесті. Мысалы, Шыңғырлау болысының ауылдарына 75 қарулы казак орналастырылды, ал оларды асырап тұру үшін қазақтардан күніне 25 қой және 25 пұт сұлы алынып отырды. Қостанай уезінің Арақарағай болысының аймақтарына 125 казак, сонымен бірге Кеңарал мен Меңдіқара уездеріне де 125 казак әскері орналастырылды.

Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі саяси жағдайды әуел бастан-ақ Ресейдің демократтық және либералдық саяси күштері жіті қадағалап отырған-ды. 1916 жылы шілде айында Мемлекеттік Думаның мүшелері: мұсылман, кадет және еңбекшілер партияларының өкілдерінен тұратын фракциялар тыл жұмысына шақыру заңдарының өрескел бұзылғандығына Ресейдің Ішкі істер министрлігі мен Әскери министрліктің назарын аудартты. Сонымен бірге бұл шараны жүзеге асырудың нақты тәртібін анықтауды талап етті.

Бірақ оппозицияның бұл әрекетінен ешбір нәтиже шықпады. 1916 жылы тамызда Мемлекеттік Дума депутаттары А.Ф.Керенский мен К.Б.Тевкелев өз фракцияларының тапсырмасымен Қазақ өлкесі мен Орта Азияда орын алған оқиғалармен арнайы танысу үшін Түркістанға келеді [75, 193-б].

Осы істердің нәтижесінде Думанның сол жылдардан бастап солшылдар мен оңшылдардан тұратын депутаттар құрамының үштен бірі «бұратана» халықтарын тыл жұмыстарына алу жөнінде жарлық шығарған патша үкіметінің заңдық және саяси тұрғыдағы кінәсіе дәлелдеуге тырысты. Алайда Ресей парламенті құқықтық жеңіске жете алмаған еді.

Қазақ даласына казак отрядтарының келуі бейбіт отырған көшпелік халықтың арасында үрей туғыза бастады. Тыл жұмысына алуды бейбіт жолмен жүргізеді деп үміттенген қазақтар қобалжи бастады. Кебір өз мүліктерін тастап, тек екі кереге мен бір тұтам кміз алып оңтүстікке көшіп кетті. Жастар ауылдарды тастап, далалы аймақтарда белгісіз жағдайда жүр. Қазақтар барлық жерде пісіп-жетіліп тұрған егіндерін тастап, шабылған шөптерін шөмеле күйінде қалдыруда. Олар шіріп, жерге ұшып жатыр. Шаруашылыққа орнасан зор зиян келді, өйткені олар әскерге адам жинау хабары жеткен күннен бастап шаруашылықпен айналусыды қойды. Жетісу облысының Лепсі уезіндегі Үржар болысының қазақтары ауылдарын тастап кеткен кезде астық пен шабындықты малмен таптап, өздері басы ауған жаққа кетті. Міне, 1916 жылы Қазақ өлкесінің облыстары өткізген арнайы жиылысының материалдарынан осындай оқиғалардың жағдайын көруге болады.

Осылайша көтеріліс бүкіл даланы қамти бастады. Халық көтерілісі орталықтарының біріне Жетісу өлкесі айналды. Бұл жерде патша жарлығы хабарланған күннен бастап шілде айының басында Жетісудың бірқатар болыстары қазақтарының басын қосқан съездер өтіп, онда жарлыққа мойынұсынбай қарулы қарсылық көрсету жөнінде шешім қабылданы. Соған сәйкес 17 шілдеде Түркістан өлкесінде әскери жағдайы енгізілді. Көтерілісшілердің жазалаушы отрядтармен ірі қақтығыстары Асы, Қарқара, Самсы, Қастек, Нарынқол, Шарын, Құрам аудандарында болды. Көтеріліс тамыз айының ортасында Жетісу облысының болыстарын түгел қамтыды. Жетісудағы көтеріліс ошағын басу үшін патша үкіметі 16 зеңбірек және 47 пулеметпен қаруландырылған 95 рота, 24 казак жүздігі жіберілді. 1916 жылы қазан айында жазалаушы отрядтарға көтерілісшілердің батыл қарсылық көрсетуіне қарамастан көтерілістің бұл ошағы аяусыз басылып –жаншылды. Көтеерілісті басқаннан кейін жаппай тұтқандау басталып, әскери-далалық сот іске кірісті. Жазалаушылар тек көтерілісшілерді ғана емес, бейбіт халықты да жазалады және көптеген ауылдарды жойыпжіберді. Патша үкіметінің осындай жазалау шараларының салдарынан 300 мыңнан аса қазақтар мен қырғыздар Қытайға барып паналауға мәжбүр болды.

Сырдария облысында да халық көтерілісі кең ауқымда жүргізілді. Әулиеата, Шымкент уездеріндегі көтерілісшілердің қарсылығы біраз уақытқа созылды. Алайда қыркүейк айының соңында олар аяусыз басылды. Көтерілісшілердің кейбір жасақтары Торғай облысына көшіп кетті. Жазалаушы отрядтармен кескілескен ұрыстарды Семей, Ақмола облыстарының көтерілісшілері де жүргізді. Бұл областардағы наразылықтардың басу үшін 12 кавалерия жүздігі және 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы жіберілу фактісін айтудың өзі жеткілікті.

1916 жылы қыркүйек-қазан айларында Зайсан, Өскмен, Қарқаралы. Ақмола уездерінде қарулы қақтығыстар басталды. Қазан айының соңында бұл аймақта да көтеріліс аяусыз басылды. Халық көтерілістрі Қазақ жерінің батыс аймақтарында, яғни Орал облысында да жаппай етек алды. Патша үкіметінің жазалаушы әскери бөлімдеріне Гурьев және Темір уездерінің көтерілісшілері табанды қарсылық көрсетті.

Ал Торғай облысының барлық уездерін қамтыған көтеріліс ұйымдасқан, кең көлемде әрі табанды түрде өтті. Торғай ошағы Қазақ даласындағы көтерілістің ең ірі орталығына айналды.

Азаттық қозғалыстың өршуі барысында көтерілістің Торғайдағы ошағының ханы болып халық арасында беделді болған Нияз бидің ұрпағы Әбдіғаппар Жанбосынұлы сайланды. Кенесары ханның серіктерінің бірі, атақты Иман батырдың немересі Амангелді Иманов көтерілісшілердің бас қолбасшысы – сардарбек болып тағайындалды. Бұл өлкедегі көтеріліс жетекшілерінің бірі, осы аймақтан шыққан Әліби Жангелдин болатын. Көтерілісшілер арасында қатаң әскери тәртіп орнатылып, жасақ қазақтың дәстүрлі ондық жүйесіне негізделіп құрылды. Торғай даласында Қазақ өлкесінің басқа облыстарынан – Сырдария, Ақмола, Семей аймағынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. 1916 жылы қазанда олардың саны 50 мыңға жетті. Торғай даласындағы көтерілісті басу үшін 17 атқыштар ротасы, 18 казак жүздегі, 4 кавалерия эскадроны 18 зеңбірек, 10 пулеметі бар экспедициялық корпус аттанды. 22 қазанда көтерілісшілер Торғай қаласын қоршауға алады. Бірақ оны басып алудың сәті түспеді. Себебі бұл жерге генерал-лейтенант А.Лаврентьев бастаған жазалаушы отряд келіп жеткен болатын. Патша үкіметінің жазалаушы әскери бөлімдерінің күшеюіне байланысты Әбдіғаппар ханның жасақтары партизандық күрес әдісіне көшті. Әбдіғаппар ханның орталығы мен негізгі күштері Торғайдан 150 км қашықтықтағы Батпаққара сайында орналасты. Онда әскери-соғыс қимылдарын одан әрі жүргізу мен өз бақылауына алған аймақтарды басқаруды жүзеге асыратын Әскери Кеңес құрылды. Осы жерден жазалаушыларға қарсы жорықтар жасалып тұрды. Қазақтар көтерілісінің Торғай ошағын басып-жаншуғ қанша әрекеттенгенмен патша жазалаушы отрядтарының әскери операциялары нәтижесіз аяқталды. Көтеріліс 1917 жылға дейін созылып, Ақпан революциясына ұласып кетті. Бұл көтеріліс қазақ халқының азаттық қозғалысының, жалпы ұлт-азаттық күресінің құрамдас бөлігі болды.