Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қазақ халқының шығу тегінің тұжырымдамасы

  1. Қазақ халқының этногенезисі

  2. «Қазақ» сөзінің этимологиясы

1.Халықтың шығу тегін зерттеудің негізгі аспектілері болып лингвистикалық және антороплогиялық аспектілер болып табылады. Осы тұрғыдан Қазақстанның ежелгі тарихын үндіирандық және түрік кезеңдеріне бөлуге болады. Б.д.д. ІІІ-І мыңжылдықтарда Қазақстанның көне тұрғындары өзінің шаруашылық, мәдени дәстүрлері бойынша, лингвистикалық және антороплогиялық қатынастан алғанда үндіирандық жанұяның көнеирандық тармығына енген.

Қола дәуірінде Батыс Сібір, Қазақстан, Орта Азия далаларында андронов мәдениеті кең таралды. Ол номадизмнің (көшпенділіктің) негізін қалады. Осы мәдени-тарихи қауымдастықтың ұрпақтары евразия далаларындағы ерте темір дәуірінің номадтарына айналды.

Темір дәуірінде мұнда сақ-скиф тайпалары мекендеді. Қазақстанның бұл тайпалық одақтары үндіеуропалық біртұтастылықты біздің дәуіріміздің басына дейін сақтап қалды. Археология, этнология, этнография, топонимика, палеоантропология ғылымдарының зерттеулері бойынша қола және ерте темір дәуірлерінде шаруашылық, мәдени дәстүрлер, этникалық даму мен лингвистикалық жақындық негізінде Қазақстанның кейінгі тайпалары мен тайпалық одақтарының, соның ішінде қазақ халқының қалыптасуына әсерін тигізді.

Біздің дәуіріміздің І мыңжылдығы басында Евразияның көп бөлігі үшін, соның ішінде Қазақстан мен Орта Азия үшін этногенетикалық дамудың жаңа кезеңі басталып, прототүрік этномәдени және тілдік ортақтыққа көше бастады.

Осылайша, қазақ халқының шығу төркінін белгілейтін этногенетикалық процестер бастауы тереңде – алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде жатыр. Қазақ халқының этникалық негізін сақ, үйсін, қаңлы, ғұн, түрік, түргеш, қарлұқ, оғыз, қимақ, қыпшақ, найман, керей, жалайыр және т.б. тайпалар құрады.

13 ғасырда Қазақстан халықтарының этникалық бірігуінің дамуын моңғол шапқыншылығы тежеді. Жаңа этникалық компонент – моңғол рулары мен тайпалары маңғыттар, барластар т.б. қосылды. Моңғолдар саны азшылықты құрап, моңғол элементі түрік тайпаларымен ассимиляцияланды.

Қазақ халқының даму генезисі турасында көптеген ғалымдар өз тұжырымдарын жасады:

  • Толстов қазақтар этногенезисінің автохтонды концепциясының жақтаушысы.

  • Левшин қазақтардың моңғол шапқыншылығына дейін қалыптасып болғандығы туралы айтады.

  • Вельяминов-Зернов қазақ этногенезисінің 15 ғ. ортасында аяқталғандығы туралы пікір білдіреді.

  • Пелье кез келген халықтың этногенезінің соңғы сатысы болып халықтың жалпы атауының шығуын есептейді.

2. «Қазақ» сөзінің этимологиясы (шығу төркіні)

Қазақ халқының аты туралы тарихшылар осы уақытқа дейін ғылыми тоқтамға келген жоқ. Әркім әртүрлі жорамал айтып келеді.

Бірінші жорамал. Есімі мәлім тарихшы Бартольд: мемлекетінен, руынан, ұлысынан бөлініп, далада үйсіз-күйсіз жалғыз жүріп, шытырман оқиғаларға кездесуді жақсы көрушілер қашқын, қашақ деп аталады, осыдан қазақ аты шықты деп түсінік береді.

Екінші жорамал.Қазақ атын дәріптеп, құстың атымен «ақ қаз», «қаз ақ» деп түсіндірмекші болады.

Үшінші жорамал.«Қазақ» сөзі ертедегі «қас» және «сақ» тайпа аттарының қосылуынан жасалған деген пікірді алғаш айтқандардің бірі А.Н. Бернштам болды. Өз еңбектерінде осы пікірді М.Ақынжанов қолдады.

Төртінші жорамал.«Кас-сак» вариантының екінші компоненті «сақ» сөзі «созақ» топонимінің құрамында кездеседі. А.Н. Берншамның айтуынша, «созақ» топонимі «су» және «сақ» деген екі сөзден құралған. Ертедегі грек авторларының жазуына қарағанда, сақтардың бір бөлігі апа-сака (апасиактар) деп аталған. «Аб» – иран тілдерінде «су» деген сөз. Ендеше апасиактарды ертедегі түрік тайпалары «сусақ» деп атаған.

«Қассақ» вариантының бірінші компоненті «қас» Қазақстандағы қазығұрт, Каспий, Кастек сияқты топонимдердің құрамында кездеседі. «Қазақ» сөзінің «қассақ» тайпа аттарынан шықты деуге осындай деректер бар.

Бесінші жорамал.Әзірбайжан ғалымы М.Сеидов «қазақ» сөзінің түпкі мәні жөнінде өз болжамын ұсынды. Оның айтуынша «қаз» сөзінің бір мағынасы – «биіктік». Яғни «қаз-ақ» биіктікте тұрушы мәнін берген. Биік шыңның синонимі ретінде «құз» сөзі қолданылады.