Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

90 Ж. Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық процестер

1980 жылдардың аяғында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен ұлттық тәуелсіздік мәселелері алдыңғы катарға шыға бастады.1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920 -1950 жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау ткралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, М.Тынышпаев сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерін ақтауға және олардың мұраларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілді.

Сол тарихи кезеңдегі ең басты оқиғалардың бірі - 1989 жылы 22қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заңы еді. Бұл Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді. Осылайша тәуелсіздік жолында ұлттық тарих пен ұлттық тіл қоғамды жұмылдырушы әрі біріктіруші күшке айналды

1990 жылы 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды. Одақтас республикалар Кеңес Одағын егеменді мемлекеттердің одағына айналдыру реформасын дайындай бастады.1990 жылы 25қазанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады. Бұл тарихи құжат еліміздің тәуелсіздігіне жасалған маңызды қадам болды.

1991 жылы 19 тамызда елде Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитеттің құрылғаны жарияланды. Ал Кеңес Одағының президенті Фороста(Қырым) демалып жатқан жерінде «үй тұтқынына» алынды. Іс жүзінде бұл мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті еді.Бірақ бүлік жүзеге аспай қалды және оны ұйымдастырушылар тұтқынға алынды. Бұл жағдайлар Кеңес одағының ыдырауын тездетіп, оны реформалаудың 20 тамызға белгіленген Новоогарево келісімін болдырмай тастады. «Тамыз бүлігі» Коммунистік партияның тарауына әкелді. Сол жылы 7 қыркүйекте Қазақ КСР Компартиясының кезектен тыс съезі шақырылып, онда партияны тарату жөнінде шешім қабылданды. Компартияның негізінде Социалистік партия құрылды.

1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Бұдан басқа Қазақстанның өзекті мәселесінің бірі - елді ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру мәселесі шешілді. Бұл жөнінде Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әлем кіндігі» деген кітабында ашық жазды.Онда мынадай құнды деректер келтіреді:1991жылы Қазақстан территориясынды жапай қырып-жоятын қарудың мол арсеналы-құрлықаралық баллистикалық зымырандардың және ауыр бомбалаушы ұшақтардың 1216 ядролық қондырғысы болған.

Қазақ жерінің кіндігі болып саналатын Ақмола облысынды стратегиялық маңызы бар 38-зымырандық әскери дивизия орналасып, оған 60-қа жуық шахталық қондырғы кірді. Шығыс Қазақстанда орналасқан 57-зымырандық дивизияға 60 шахталық қондырғысы бар әскери бөлімдер кірді. Қызылорда облысында кешенді 14 шахталық қондырғы орталығы, Семей ядролық полигоны маңындағы Балапан сайына 12 шахталық қондырғы орналастырылды. Қазақстанда барлығы 148 шахталық континентаралық қондырғы болды. Бұл шахта қондырғыларында 104 континентаралық баллистикалық зымырандар орналастырылды. Олардың әрқайсысы оқшантай жебесімен жабдықталып, арнайы нысанаға бағытталған қондырғысы 10-ға жетті.Бұл зымырандар салмағы 7,6 тонна, ұшу қашықтығы 12 мың км радиусты қамтиды.Бұған қосымша Семей ауданында құрамында ауыр стратегиялық бомба тастайтын 40 ұшағы бар қанатты зымырандармен жабдықталған 79-ұшақтар дивизиясы орналастырылды. Сондай-ақ Қазақстан Кеңес Одағының атом қондырғылары мен нысандарының 85%-ын ядролық қуатпен қамтамасыз етіп отырды.

1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Қазақстан Президентін сайлау болып, сайлауда Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетті. 10 желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаев өз қызметіне кірісті.Осы күні Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылданды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды, бұл күні Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

1991 жылы желтоқсанда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру (ТМД) өте күрделі жағдайда өтті.

8 желтоқсанда Минскіде (Беловежск) Белорусь, Ресей және Украин президенттері «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы» Беловежск келісіміне қол қойды. Онда жоғарыда аталған мемлекеттер 1992 жылы Одақтық келісімге қол қойып, КСРО-ны құраушылар болғандықтан: «КСРО халықаралық құқықтың субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатады және геосаяси мәнін жоғалтады»,-деп мәлімдеді. Одан әрі: «Біздің халықтардың тарихи бірлігіне, қалыптасқан сүйені және екі жақты келісімдерді ескере отырып, демократиялық құқықтық мемлекет құру үшін жоғарғы келісім жасаушы тараптар Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құрады»,- деп атап көрсетілді. Сөйтіп, бұл келісім 1992 жылы Кеңес Одағының құрылуы туралы шарттың күшін жойып,Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құрды.

Бұдан кейін Орта Азия және Қазақстан мемлекет басшылары Ашхабадтағы кездесуде «Беловежск келісімін» талқылап, тең құқықтық дәрежеде жаңа мемлекеттер достастығын құруға әзір екендіктерін білдірді.

Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлекет арасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойылды.

Сол күні ТМД-ның құрылуы жөніндегі «Алматы Декларациясына» қол қойылды. Онда ТМД-ны құрушы мемлекеттер демократиялық, құқықтық мемлекет құруға ұмтыла отырып: «Олардың арасындағы қарым-қатынастар әрбір елдің мемлекеттігін тану және құрметтеу, өзін-өзі билеу құқығының бұлжымастығы, тең құқылық және ішкі істеріне қол сұқпау ұстанымы, күш қолдану мен күшпен қоқанлоқы жасаудан, экономикалық және қысым жасау әдістерінен бас тарту, дауларды шешу, адам құқы мен еркіндігі, соның ішінде аз ұлттардың да құқығын құрметтеу, халықаралық құқық нормалары мен міндеттерді адал орындау негізінде дамиды»,-деп мәлімдеді.

ТМД Жарғысы бойынша Достастыққа қатысушылар тепе-теңдік негіздегі үйлестіруші институттар арқылы жұмыс істейді. Ондай ұйымдарға мемлекет басшыларының және үкімет басшыларының кеңесі жатады. Бұл ұйымдарда әр мемлекет бір дауысқа ие, ал шешім ортақ келісім жолымен қабылданады. Мемлекет басшыларының Кеңесі жылына 2 рет, үкімет басшылары жылына 4 рет жиналады, сонымен қатар кезектен тыс та өткізіледі. Достастық мемлекеттерінің тұрақты атқарушы және үйлестіруші органы – Кеңесші-үйлестіруші комитет болды. Комитет үкімет төрағаларының орынбасарлары деңгейінде жасақталады. Достастық шеңберінде Парламентаралық ассамблея құрылып, жұмыс істейтін болады.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ның толық құқық мүшесі болды. Елімізді дүние жүзі қауымдастығы мойындады. Сол жылы 5 қазанда Президент Н.Ә.Назарбаев БҰҰ-ның Бас ассамблеясының 47-сессиясында сөз сөйледі. Президент өз сөзінде «Азиядағы бірлескен іс-қимыл және өзара сенім шаралары жөнінде Кеңес» шақыруды ұсынды.Ондағы мақсат Еуропадағы ЕҚЫҰ үлгісінде Азиялық құрылым жасау болатын.

Кейінірек 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыды «Азиядағы бірлескен іс қимыл және өзара сенім» ұйымының мүшесі болған мемлекеттердің сыртқы саяси мекемелерінің басшыларының бірінші кездесуі болды. Онда бұл мемлекеттердің қатынасын реттейтін декларацияға қол қойылды. Бұл Декларация осы ұйымға мүше елдер арасындағы қарым-қатынастардың мынадай ұстанымдарын жариялады: теңдік егемендігі, жеке субъект құқығын құрметтеу; күшпен қорқыту мен күш қолданудан бас тарту; мемлекеттердің территориялық тұтастығын құрметтеу; дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешу; ішкі ісіне араласпау; қарулануды азайтып, оған бақылау қою; экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынас; адам құқығы мен негізгі бостандықтарды сақтау.

Бұл кездесудегі қабылданған Декларация қазіргі заман тарихында ерекше маңызды орын алды. Өйткені Азияда 3,5 млрд адам (яғни адамзаттың жартысынан астамы) тұрады, онда әлемдік жалпы өнімнің 55%-ы дүниежүзілік сауданың 40%-ы шоғырланған.

Алайда бұл аймақ тұрақты даму қалпында бола алмай отыр. Декларацияда «уақыт Қазақстан ұсынысының маңыздылығын дәлелдеді» деген қорытынды жасалды. Декларацияға Азияның 16 мемлекеті қол қойды.

2002 жылы 4 маусымда Алматыды ұйымға мүше елдердің басшыларының жоғарғы дәрежедегі бірінші Саммиті өтті. Оған Ауғаныстан, Әзірбайжан, Египет, Қытай, Индия, Израиль, Қырғыстан, Моңғолия, Палистина, Ресей, Түркия, Өзбекстан мемлекеттері қатысты. Форумның жұмысына БҰҰ, ЕҚЫҰ, Араб мемлекеттерінің лигасы сияқты халықаралық беделді ұйымдар атсалысты. Бақылаушы мемлекеттер ретінде Австралия, АҚШ, Индонезия, Жапония, Тайланд, Вьетнам, Украина, Корея Республикалары қатысты.

Саммитке Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев төрағалық етті. Кездесуде лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы байланыстарға үн қосу туралы Алматы актісі мен ұйым Декларациясы қабылданды.

Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, УВКБ сияқты ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді ұйымдармен – Халықаралық валюта қоры, халықаралық қайта құру және даму банкі, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды.

Қазақстан егемендіктің алғашқы кезінен бастап, өінің сыртқы саясатында да көп векторлық бағыт ұстанды. Экономикалық ықпалдастық ұйымынық, ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымының, Орталық Азия экономикалық одағының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының шеңберінде жүзеге асырылатын интеграциялық үрдістерге белсене қатысып отырады.

Қазақстанның егемендігін қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады. Ол-1989-1990 жылдар, бір жағынан, саяси қайшылықтарды шешуде одақтық басшылықтың дәрменсіздігімен ерекшеленеді. Осы уақытта Қазақ КСР-ның «Тіл туралы» Заңы қабылданды, Қазақ елінде президенттік басқару институты енггізілді.

Келесі кезең - ол Қазақ КСР-ның 1990 жылы 25 қазанда егемендік туралы Декларация қабылданған күнінен 1991 жылы желтоқсанда Кеңестер Одағының ыдырауына дейінгі уақыт. Бұл кезеңге ел басшылығының экономикалық еркін даму жолында белсенділік көрсетуі, әр түрлі саяси ұйымдар, партиялар мен қозғалыстар қызметінің өсе бастауы, ұлттық мәдени орталықтардың құрылуы тән болды.

Одан кейінгі кезең 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңының қабылдануынан 1992 жылдың соңына дейін созылды. Бұл кезеңде Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады, Қазақ елінің ортақ азаматтығы белгіленді, тәуелсіз нарықтық экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден қызметі енгізілді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1992 жылы мамырда Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясын» жариялады. Онда Президент: «Біз марксизм-ленинизмнің тұманды жобасымен «жарқын болашақ» құрудан бас тартамыз. Бірақ бұл алдымызда болашақ жоқ деген сөз емес. Нақты мақсат болмайынша адам да, билік жүйесі де, қоғам да өмір сүре алмайды»,-деп, нақты тұжырымдарын жасады.

Қазақстан дамуының тұжырымдамалық моделі ашық қоғам, демократиялық бейбіт сүйгіш мемлекет құруды көздейді. «Қазақстанда либералды да немесе халықтық капитализм де, таза немесе жаңартылған социализм де болмайды, қарапайым көп укладты рыноктық экономикасы бар демократиялық қоғам болады...». Одан әрі Қазақстанға сипаттама беріліп оның даму ерекшелігі көрсетілді: дамыған елдерге тән белгілері, халықтың жалпы білімділігі, кең көлемдегі ғылыми зерттеу мекемелері, ғарыштық зерттеулердің жүргізілуі, дамушы елдерге тән белгілері, экономиканың шикізаттық бағыты, экологияның ластануы, шетел инвестициясы мен жаңа технологияға деген сұраныс, инфрақұрылымның артта қалуы. Бұған қоса Қазақстан ауқымды территориясымен, оның құрлықтың ортасында орналасуымен, табиғи байлықтың мол қорымен, халықтың көп ұлтты құрамымен ерекшеленеді.

1992жылы 4маусымда мемлекеттік Ту, Елтаңба ҚР Әнұраны бекітілді. Мемлекеттік рәміздер мәдениет пен тарихтың айнасы, ол азаматтардың ұлттық санасын оятуға қызмет етеді, еліміздің қайталанбас мазмұнын баян етеді. ҚР мемлекеттік Туының авторы Ш.Ниязбеков. Президенттің «ҚР рәміздері туралы» Жарлығы бойынша, ол көгілдір түсті, тік төртбұрышты матадан жасалынған, ортасында нұр шашып тұрған күн, оның астында қанат жайған қыран белгіленген. Тудың сабының тұсын ұлттық өрнекпен нақышталған тік жолақ көктеп өтеді.Сондай-ақ ұлттық өрнек нақышын көрсететін ою-өрнек салынған. Күн, оның сәулесі, бүркіт және оюлар алтын түстес болып келеді. Тудың аспан тәрізді көк түстен жасалуы көшпенділердің тегін, бейбітшілікті, тыныштықты білдіреді. Күн бейнесі өмір нәрін, байлықты, молшылықты бейнелейді.Қыран бостандықты, намысты, ерлікті, биік арман мұратты оймен ұштастырады. Тудағы қошқар мүйіз оюы Қазақ жерінде ежелден келе жатқан көшпенділерге тән өрнек.

Жоғарыда айтылған жарлық бойынша Мемлекеттік Елтаңба белгіленді. Елтаңбаның авторлары Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ белгіленген, шаңырақты айнала уықтар күн сәулесіндей тарап шаншылған, оны аңыздардағы пырақты аттар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Кйіз үй көшпенділер мәдениетінің сыйы. Шаңырақ қазақ халқы үшін айырықша қастерлі ұғым.Ол Қазақстанда мекендейтін барлық адамдардың ортақ отбасының, ортақ үйінің нышыны. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ киелі шаңырақты қос қапталынан орап, пәле жаладан, қауіп қатерден қызғыштай қорып тұрғандай әсер қалдырады. Ортақ үйіміз қасиетті Отанымызға қалтқысыз қызмет ету идеясын білдіреді. Жұлдыз барлық бес құрлықтағы мемлекеттермен, халықтармен ашық қарым қатынас жасауға деген ұмтылыстың белгісі.

Мемлекеттің Әнұранының әнін жазғандар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди; сөзін жазғандар М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т,Молдағалиев, Ж.Дәрібаев болды. 2006жылы қаңтарды ҚР жаңа әнұраны қабылданды. Ол бұрыннан Қазақстандықтардың ресми емес Әнұранына айналып кеткен «Менің Қазақстаным» әні еді. Сол себепті де оны Қазақстан парламенті бірауыздан ресми Әнұран ретінде бекітті. Әнұранның сөзін жазғандар Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев, әнін жазған Ш.Қалдаяқов.

1992жылы 29 қыркүйекте Алматыда Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы болып өтті. Желтоқсан айында Қазақстан халықтарының форумы өткізілді.Оның негізгі мақсаты еліміздің ішкі саяси бағытын дамытуда ұлтаралық келісімді жіне саяси тұрақтылықты сақтау.

1993 жылы қаңтарда тәуелсіз Қазақ елінің алғашқы Конституциясын қабылдаудан кейін кезекті жаңа дәуір басталды. Ол 1995 жылы наурызда аяқталды. Осындай тарихи өзгерістердің ішінде егеменді мемлекетіміздің маңызды оқиғаларының бірі Президент Н.Назарбаевтың 1993жылы 12қарашада «Ұлттық валютаны енгізу» туралы жарлығы шығып,соған байланысты еліміздің аумағында заңды төлемақы түрі ретінде ұлттық валютамыз теңге еңгізілді. Жалпы осы уақыт ішінде Қазақстанның беделі халықаралық деңгейде көріне бастады.Республика өзінің сыртқы саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етуде белсенді шаралар жүргізді.

1994жылы 29наурызды ҚР Президенті Ресей Федеративтік Республикасына тұңғыш ресми сапармен барып, Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің профессорлық оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесуде Ресей, Орта Азия мемлекеттері мен бұрынғы кеңестік республикалармен өзара стратегиялық қарым-қатынас бағыты бойынша «Еуразиялық одақ» идеясы туралы алғаш рет ұсыныс жасады. Бұл идея бойынша өзара қатынастың геосаяси нұсқасын және құрылымы мен ұстанымын анықтап береді.

10жылдан соң 2004 жылы 2сәуірде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Еуразиялық одақ: сөзден іске» деген тақырыпта халықаралық конференция болды. Онда осыдан он жыл бұрын еуразиялық идея жарияланғаннан кейін әлемде үлкен өзгерістер болғаны айтылды. Жаңа жүзжылдықта жаңа күш көрсетулер, жаңа қауіптер мен жаңа мүмкіншіліктер пайда болды. Сондықтан Еуразия одағы туралы идея өзінің өзектілігін қазіргі кездің өзінде де жоғалтпады. Ол енді жаңа мән мағынамен толықтырыла бастады. Тәуелсіз мемлекеттер арсындағы ықпалдастық ол табиғи құбылыс, егеменді елдердің тәуелсіздік ұстанымдарына қайшы келмейтін үрдіс. Еуразия қауымдастығы құрылды және тарихи тұрғыда бекіді.

1995 жылы наурызда жаңа кезең басталды. ҚР Конституциялық соты ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаттарының өкілеттігін заңға қайшы деп танып, ол таратылды. 1995жылы 16 ақпанда Н.Ә.Назарбаев ұлттық мәдени орталықтарының жетекшілерімен кездесу өткізді. Бұл кездесуде Кеңес одағы ыдырығаннан кейін бұрынғы кеңес мемлекеттерінің бірқатарында ұлтаралық және ұлттық негізде мыңдаған адам өмірін алып кеткен, көптеген адамдарды үйсіз қалдырған, тұрақты жетім қалдырған қарулы қақтығыстар туралы айтылды. Бақытымызға қарай, Қазақстан мұндай жағдайдан аман. Ол - ел

бірлігінің, ұлтаралық қатынастың тұрақтылығы мен өзара келісімнің нәтижесі. Бұл жұмысқа ұлттық мәдени орталықтардың қосқан үлесі ерекше. Сол себепті Қазақстан Республикасының Президенті олардың өкілдеріне ризашылығын білдірді. Н.Ә.Назарбаев ел ішіндегі ұлтаралық қатынасты сақтау және оны одан әрі нығайту үшін Республикада жаңа қоғамдық институт ашудың пісіп-жетілгенін, Президент жанындағы кеңес беруші орган ретінде Қазақстан халықтарының Ассамблеясын құру уақытының келгенін айтты. Оның негізгі міндеттері арасынан мыналар бөліп көрсетілді: Қазақстандағы ұлттардың барлығының рухани жағынан өрлеуі мен дамуы; ұлтаралық қатынастар мәдениетінің қалыптасуы; қарама-қайшылықтар мен проблемалар туа қалған жағдайда саяси ымыраға келу жолын іздеудің басым болуы, ұлттық мүдделерге қатысты заң актілерін талдау.

Осы кездесуден кейін Республиканың барлық облыстарында Қазақстан халықтарының Ассамблеясының бірінші сессиясына дайындық жұмысы қызу басталып кетті. Барлық облыстарда кіші ассамблеялар құрылып, олар бірінші сессияға өздерінің 260 делегатын сайлады. Сессия жұмысын 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өткізді. Оның құрамына 40-қа жуық ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері кірді. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы Президент жанындағы кеңес беруші орган ретінде және Республиканың Жоғарғы Кеңесінің таратылуына байланысты Президенттің өкілеттілігін ұзарту туралы бүкіл халықтық референдум өткізу жөнінде бастама көтерді. Референдум 29 сәуірде өткізіліп, оның қорытындысы бойынша сайлаушылардың 95,4%-ы Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттілігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.

1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум бойынша Қазақстан Республикасының жаңа конституциясы қабылданды. Желтоқсан айында екі палаталы Қазақстан Парламентіне сайлау өткізілді. Қазақстан тәуелсіздігінің бес жылдық даму қорытындысы жасалған Н.Ә.Назарбаетың ''Ғасырлар тоғысында'' (Алматы,1996ж.) кітабы болды. Оның бірінші бөлімінде Елбасы “таяуда өткен оқиғаларды еске түсіріп”, Кеңес Одағының ыдырау себептеріне талдау жасайды. Екінше бөлімде болашақ жолын анықтаудың қандай қиын болғаны жайлы баяндайды. Қазақстанның парламенттік дағдарыстан жаңа конституцияға қандай жолмен келгені, Қазақстан Республикасының саяси жүйені жаңарту мен елімізде дамытудың жолдарын іс жүзіне қалай асырғаны, соның ғажап емін іздегені айтылады. Кітаптың Шығыс пен Батыс арасында деген бөлімінде Қазақ елінің сыртқы саясатының құрылуы тарихы жан жақты ашып көрсетілді.

1997 жылы Елбасы Қазақстан халқына «Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» деген Жолдауын арнады.

Осы кезеңде астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшірілді. Бұл мәселе жөнінде Елбасы, Премьер министр, Парламент Сенатының төрағасы және Парламент мәжілісінің төрағасы халыққа үндеу жарияланды. Үндеуде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола еліміздің астанасы болатындығы, енді бұл жерде Отанымыздың жүрегі соғатындығы айтылды. Ал арнайы құжаттарда: «Қазақстан - Еуразиялық ел ,Ақмола - географиялық жағынан Еуразия материгінің кіндігіне орналасқан қала» дей отырып, қаланың барлық талаптар бойынша астана болуға лайық екені көрсетілген. Үндеуде: «ХХ ғасыр тарихында біз тұңғыш рет өзіміздің еліміздің астанасы жөнінде еркін шешім қабылдап отырмыз. ХХІ ғасыр табалдырығында өз таңдауымыз бойынша ежелгі Сарыарқа төсінде жаңа астана құрамыз»,-делінген. 1998 жылы 6 мамырда Президент Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана деп өзгертілді.

Қазақстан тәуелсіздік жолында экономикалық дағдарыс, әлеуметтік тұрақсыздық, халық тұрмысының төмендеуі, жұмыссыздық, экологиялық ластану, қылмыстың өсуі, т.б көптеген қиыншылықтарға кездесті. Оларды жою және адамзат қауымдастығының лайықты орын алу үшін экономиканы қайта құру, оны қазіргі ғылыми технологиялық салаға бағыттау, мүмкіншіліктер теңдігі ұстанымын қамтамасыз ету негізінде әлеуметтік бағыттағы нарық құру, меншікті жекешелендіруді жүргізу, бағаны босату, ойластырылған инвистициялық саясатты, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам институттарын құру, мәдениет, білім, ғылымның дамуын іске асыру қажет болды.

1990 жылдан бастап БҰҰ Даму бағдарламасы ұйымы (БҰҰ ДБ) адамзаттың дамуы мәселесі жөнінде әлемдік ауқымда есептерін жариялай бастады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа өлшемі ретінде адамзат дамуының индексі алынды. Ол көптеген көрсеткіштермен – жан басына шаққандағы кіріс, денсаулық жағдайы, қоршаған ортаның ластануы, өмір сүру ұзақтығы, білім алу, ақпарат алу мүмкіндіктерімен анықталды. Егер осылардың барлығын топтастырсақ, онда негізгі көрсеткіштер экономика, денсаулық сақтау, білім беру болады.

Қазақстандағы адам дамуы жөніндегі есептің бірінші басылымы 1995 жылы жарыққа шықты. БҰҰ ДБ есебі бойынша Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстанда адам дамуының индексінің көрсеткіштері құлдырап кетті. 1991 жылы оның төмендеп кетуінің себептері 84% экономикалық құлдыраудан, 13% адам жасының ұзақтығының қысқаруынан және 3% білім берудің сапасының төмендеуінен болған. Ал 1990 жылдардың ортасына қарай бұл көрсеткіштер жақсара бастады.Адам дамуының индексінің жақсаруы Қазақстанда қалай жүрді? БҰҰ ДБ есебі бойынша АДИ көрсеткіші 0,5 болса, онда ол әлеуметтік – экономикалық дамуы төмен елдер қатарына жатқызылды. Оған Африканың экватор бойындағы елдер, кішігірім аралдардағы мемлекеттер, Пакистан және Индия жатады. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық жағдайдың біршама жақсарғанын көрсетеді, ол әсіресе 1990 жылдардың ортасында айрықша сезіле бастады.

1999 жылы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деген кітабы жарыққа шықты. Бұл еңбегінде Елбасы барлығымызға бірдей тең құқылы және мүмкіндіктері тең көпұлтты мемлекет құрудамыз. Бұл ретте Конституцияның кепілі ретінде ел Президенті Қазақстанның барлық халқының алдында, 130 ұлт пен ұлыстар алдында жауапты, деп жазды. «Өткеннің негізгі сабақтарына үңілуге түрткі болған жағдай – ұлттық мәдениетті тарихтың келесі айналымына қосу. Мұндайда әрі кең, әрі жүрдек бүгінгі күннің даңғысымен жүруде байырғы тәсіл жарамсыз болмақ. Былайша айтқанда, өткенге мойын бұрамын деп болашағыңнан айырылып қалу кәдік»,- деп атап көрсетті. Кітап Қазақстанның өткені мен қазіргі тарихының: ұлттың өзіндік «менін» сақтау, Қазақ даласы Ұлы Түрік Елінің бір бөлігі, ұлттық мәдениеттің болашағы екендігі, Алаш мұрасы және қазіргі кезең, ұлттық ерекшелік, тоталитарлық және ұлттық даму, Орталық Азиядағы тәуелсіз мемлекеттер және тарихи тағылымы, тарих дөңгелегі және ұлттық жады сияқты өзекті әрі тұйінді мәселелерден тұрады.

1999 жылы Қазақстанда егемендік жағдайында алғашқы халық санағы жүргізілді. Ол 1998 жылғы жүргізілген санақпен салыстырғанда еліміздің халқының санының азайғанын көрсетті:16199154-тен 14953131-ге, яғни 1246023 адамға азайған. Осы 10 жыл ішінде қазақтардың саны 22,9% -ға, 6496858-ден 7985039-ға өскен, бұл халық санының 1488181 адамға артқанын көрсетеді.

1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық қоғамдық қозғалыс жұмыс жүргізген. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті. 1999 жыл Қазақстанда демократиялық үрдістердің даму кезеңі болды. Осы жылы Парламенттің төменгі палатасына сайлау пропорционалды жүйемен өткізілді. Республиканың Парламент мәжілісіндегі 77 орынның 10 орны пропорционалды жүйемен сайлауға бөлінді. Саяси партиялар алғаш рет депутат мандаты үшін тікелей күресуге мүмкіндік алды. Партиялық тізім бойынша 84 кандидат тіркелді. Сайлауға 9 пария: Халық конгресі, Қазақстан өрлеу партиясы, Республикалық саяси еңбек партиясы, Республикалық «Отан» партиясы, Коммунистік партия, Демократиялық «Азамат» партиясы, Аграрлық, Азаматтық және ұлттық «Алаш» партиялары қатысты.

Сайлауда жеңіп шыққан партия 1999 жылы ақпанда құрылған, Алматыда өткен Құрылтай съезінде президенттікке үміткер ретінде Н.Ә.Назарбаевты қолдау негізінде 30,89% дауыс жинап, Мәжілісте 4 депутаттық орынға ие болған «Отан» партиясы еді. 1991 жылы құрылған Коммунистік партия екінші көрсеткішке ие болды.

Коммунисттер 17,5% дауыс жинап, Мәжілісте 2 депутаттық орынға ие болды. Одан кейін 1999 жылы тіркелген Аграрлық 12,63% дауыс жинады және парламентке 2 өкілін енгізді. Азаматтық партия (1998 жылы Ақтөбе қаласында Құрылтай съезіне құрылған) 11,23% дауыс жинап,ол да Мәжілістегі 2 орынды жеңіп алды.

2000 жыл Қазақстанда мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.