Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Қазақ хандығының құрылуы

Отан тарихындағы аса маңызды мәселенің бірі Қазақ хандығының құрылуы болып табылады. Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан аумағында жүрген этносаяси үрдістердің заңды нәтижесі болды. Ол барлық аймақтардың ортақ саяси құрылымға біріккенін, барлық қазақ рулары мен тайпаларының бірлесуін, яғни халық ретінде қалыптасудың ұзақ үрдісінің аяқталуын көрсетіледі. Бұл этноәлеуметтік қауымдастықтың дербес мемлекеттік ұйым құруға деген табиғи ұмтылысы еді.

Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек болды. Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы саяси билік үшін күресі қолайлы жағдайлар туғызған еді.

Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен бірге 1453-1460 жылдарды Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Моғолстан ханы Есен-Бұғаның (1429-1462) иелігіндегі Шу мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге қоныстанады. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілқайыр хандығы мен Моғолыстан мемлекетінің ішкі саяси жғдайымен байланысты болды. 1457 жылы Әбілқайырдың ойраттардан жеңіліске ұшыраған сәтінен бастап жағдай шиелінісіп кетті.

Әбілхайыр ханның ішкі саясаттағы қателіктері мен ойраттарға қарсы күрестегі сәтсіздіктері, құрамындғы ру-тайпалардың наразылығын күшейтіп жіберді. Бұл жағдайлар ру-тайпалардың көсемдерін, енді тұраты этноаумақтық ұйым құра алатын күштерді іздестіруге мәжбүр етті. Сондықтан шайбандық Әбілқайыр ханның саяси құқығын-сүргініне ұшыраған Керей мен Жәнібек хандықтағы саяси дағдарысты өз мүдделеріне пайдалана отырып, қоғамның барлық жіктерін топтастыру саясатын белсенді түрде жүргізе бастады. Осы кезеңде Орта Азияның тарих сахнасына қырғыз, өзбек, қарақалпақ және басқа да халықтар шықты.

Моғолстан билеушісі Есенбұға хан Орда Ежен ұрпақтарымен одақтаса отырып, оларды өз иелігінің батыс шекараларын қорғау үшін пайдалануды көздеді. 1462 жылы Есенбұға хан өлгеннен кейін мен Жәнібектің Жетісудағы саяси ықпалы арта бастады.

Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи» Рашиди» еңбегіндегі деректері бойынша қазақ хандығының құрылған уақыты – 1465-1466 жылдар. Көршілес Моғолстанда Қазақ хандығының құрылуына Әбілқайыр ханның қауіптене қарауы заңды еді. Сол себепті ол 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанады. Бірақ жорық кезінде науқастанып, қайтыс болады. Әбілхайыр ханның өлімінен кейін оның хандығындағы саяси дағдарыс өзінің шегіне жетті. Билік үшін күрес, жаппай жазалаулар басталады. Дегенмен билікті Әбілхайыр ханның ұлы Шайх-Хайдар қолына алады. Әбілхайыр хандығындағы билік үшін күреске Керей мен Жәнібек те араласып, олардан жеңіліс тапқан Шайх-Хайдар хан қаза табады. Ал Әбілхайыр ханның басқа ұрпақтары Мауераннахр аймағына қашуға мәжбүр болады. Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығын дағы зор аумаққа ие болады.(Жәнібекті халық Әз Жәнібек деп атаған, «әз» сөзі дана, данышпан деген мағынада қолданылған – авт.) Осылайша «қазақ» атауын алған халықтың мемлекеттік бірлестігі пайда болған болатын.

Сонымен Қазақ хандығы Қазақстан аумағында үздіксіз жүрген саяси және этникалық үрдістердің нәтижесінде тарих сахнасына шықты. Оның негізгі кезеңдері Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан бөлініп, өздерін қолдаған ру-тапалармен көшіп кетуі және Моғолстанның батыс бөлігіне қоныстану болды. Бұл үрдістердегі маңызды фактор алғашында «өзбек-қазақ» аталған жұрттың, кейінірек «қазақ» деген атауға ие болып Керей мен Жәнібекке қолдау білдіруі еді. Бұл фактор өз кезегінде Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Соңында Әбілхайыр ханның қазасынан кейін Керей мен Жәнібектің бұрынғы Ақ Орда иеліктеріне қайта өз билігін орнатуы шешуші қадам болды. Ал жаңа мемлекеттік құрылым Қазақ хандығы деп атала бастады.

XVІ-XVІI ғасырлардағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

ХV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейін Қазақ хандағы тұтас саяси құрылым ретінде өмір сүрді. Ол тұрақты даму кезендерін де, аумалытөкпелі кезендерін де басынан кешіріп, мемлекеттілік толығымен қалыптасып орнықты. Хандықтың аумағы ішкі және сырт қы жағдайдын өзгеруіне қарай талай рет өзгеріске ұшырады. Ал ХVIII ғасырды әр бір жүз өз хандарын сайлай бастады.

ХV ғасырдың 50-70-жылдарында Қазақ хандығын билеген Керей мен Жәнібек болды. Олардын кейін кейбір деректер бойынша 70-жылдардың ортасында, ал екінші бір деректерде 1480 жылдары (1473-1474-жылдарға дейін Керей хан билеген) Керейдің үлкен ұлы Бұрындық хандық құрған. Қазақ хандығының қалыптасу барысында алғашқы қазақ хандары Сыр бойындағы отырықшы-егінші алқаптар мен қалалар үшін шайбан ұрпақтарымен бітіспес күрес жүргізді. Бұл күрес барысында бірде Қазақ хандығы жеңіске жетсе, келесінде Әбілхайыр ұрпақтары басымдыққа ие болып отырды.

Қазақ хандығы XVI ғасырдың бірінші ширегінде билік құрған Қасым хан Жәнібекұлы кезінде нығайып, күшейді. Ол Бұрындық хан тұсында-ақ іс жүзінде ел билей бастаған еді.Сол кезде Қазақ хандығындағы саяси ықпалынан айырыла бастаған Бұрындық хан өзіне жқын адамдарымен Мауераннахрға барып тұрақтаған. Ал өмірінің соңғы жылдарын Самарқандта өткізген.

Ал Қасым 1511 жылдан бастап ресми түрде билікті қолға алады. Қасым хан (1511-1521(1523)) Махамед Шайбанидың Иран шахы Исмаилмен Мерв түбіндегі шайқаста жеңіліп, қаза тапқанын пайдаланып, Оңтүстік Қазақстан аумағындағы өз билігін нығайтты. Ол 1513 жылы Сайрам қаласын бағындырып, Ташкентке жорыққа шығады. Сонымен бірге Қасым хан өзінің белсенді саяси және дипломатиялық қызметінің нәтижесінде Жетісудың шығыс аймақтары да ықпалын арттыра бастады. Қасым хан 1514 жылы Жетісудан ығысып, Қашқарияға барып орналасқан шағатайлық Моғылыстан ханы Сұлтан Саидпен достық қарым – қатынас орнатады.Өйткені Моғолстан ханы Жаркентті орталық етіп,Шығыс Түркістанда жаңа мемлекеттің негізін салған еді.

Батыста оның қол астына Ноғай Ордасындағы саяси дағдарысты бастан өткерген ру-тайпалар көшіп келе бастады. Сөйтіп. Қазақ хандығының шекарасы оңтүстікте Сырдарияның оң жағалауынан оңтүстік-шығыста

Жетісуға дейінгі, солтүстік пен солтүстік – шығыста Ұлытау,Қарқаралы таулары мен кең-байтақ далалық қеңістікті, ал батыста Жайық өзеніне дейінгі аймақты қамтып жатты.

Қазақ хандығы Қасым хан тұсында халықаралық аренада да таныла бастады. Қазақ хандығы алғашқылардың бірі болып князь III Василий (1505-1533) тұсындағы Мәскеу мемлекетімен диплоиатиялық байланыстар орнатты. Сол тарихи кезеңдерде қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде Батыс Еуропаға да белгілі болды. 1517 және 1526 жылдары Мәскеуде болған австриялық дипломат Сигизмунд Герберштейн өз жазбаларында қазақтар туралы деректер қалдырған.

Тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің мәліметтері бойынша Қасым хан билігі кезінде Қазақ хандығындағы халықтың саны миллионға жеткен.

Сол себепті ол «қазақтың жерлерін жинақтаушы» деген атқа ие болған еді.

Оның замандастары Ибн Рузбихан, Бабыр, Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидың пікірлерінше Қасым хан ержүректілігімен әрі соңынан басқаларды ерте алатын қабілетімен, қолбасшылық дарынымен ерекшеленген.Сондай-ақ оның еліктеуге тұрарлық адамгершілік қасиетті жоғары адам болғанын да атап көрсетеді. Қасым хан хандық билікті нығайтып, қоғам өмірін реттейін заңдардың қатаң сақталуына ерекше мән берген. Ол хандықтың барлық саласын қамтитын, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне негізделген жаңа заңдар жинағын енгізген. Оны халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атағОны халық «Қасым ханның қасқа жолы» деп атаған. Оған мүліктік, қылмыстық, әскери, елшілік және жұртшылық заңдары жинақталған. Осылайша Қасым хан Қазақ хандығының тарихында қолбасшы, саясаткер,дипломат әрі реформатор тұлға ретінде қалды.

Қасым қайтыс болғаннан кейін 1522 жылы оның ұлы Мамаш хандық билікке келді. Арада көп уақыт өтпей ол ұрыстардың бірінде қаза табады.1523 жылы Әдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Тахир (1523-1533) хан тағына көтеріледі .Алайда оның саясаткер ретінде халық арасында үлкен беделі болмады, қаталдығы басым болды.Қазақ хандығының дамуы Тахир хан тұсында хандық ішіндегі саяси наразылықтарменн және сыртқы саясаттағы жеңілістермен ерекшеленді. Өйткені Тахир хан маңғыттармен соғыста сәтсіздікке ұшыраған еді. Тахир хан 1523 жылы Моғолостан ханы Сұлтан Саидпен одақ құрады. Бірақ ол Моғолстанға қарайтын қырғыздардың бір бөлігін өз жағына тартқандықтан, олардың арасындағы одақтық қатынас үзіліп тынды.

Сонымен бірге Тахир хан шайбанилықтарменр соғыста да жеңіліс тапты. Соның нәтижесінде қазақтардың негізі иеліктерінің біразынан айырылуына әкеліп соқтырды. Осылайша Қазақ хандығындағы саяси дағдарыс тереңдей берді. Тахир хан өлгеннен кейін оның ағасы Бұйдаш (1533-1534) хандық билікке келді.

Алайда тарихи деректерден сол кезеңде Ахмет хан, Тоғым хан сияқты хандардың билік құрғаны жөнінде де мәліметтерді кездестіруге болады.

Бұйдаш хан қырғыздармен одақ құрып, қазақ-қырғыз бірлестігін құру мақсатын көздеген еді. Бірақ ол 1559 жылы Мауераннахрға жорық кезінде қаза табады.

Жоғарыда есімі аталған Жәнібектің ұлы Тоғым хан 1537 жылы 37 сұлтанмен және өзінің барлық туғандарымен бірге Шағат деген жерде Моғолстан ханымен болған шайқаста мерт болды. Одан кейін хан тағына аты үш жүз қазақтарының арасында даңқа бөлінген, башқұрт пен ноғайдың да халық аңыздарына айтылатын Қасымның ұы Хақназар (1538-1580) отырады. Хақназар хан әкесі Қасым салған жолды одан әрі жалғастырады. Ол ойрат және моңғол билеушілерімен болған күресте Жетісудың шығысы мен оңтүстігіндегі жерлерді қорғап қалды. Сонымен бірге Өзбек ханы Абдаллахпен одақ жасап, оңтүстік шекараларын бейбіт қалыпқа түсіреді. Ал XVI ғ. ІІ жартысында Хақназар хан Ноғай Ордасының Шығыс бөлігін Қазақ хандығына қосып алып, батыстағы шекараларын Еділге дейін кеңейтті. Хақназар қайтыс болғаннан соң Жәнібектің немересі, Жәдіктің ұлы Шығай (1580-1582) хандық билікке келеді. Ол қазақ қоғамында ислам дінінің таралуына ерекше мән берген хан болады. Шығайдан кейін хан тағына оның баласы Тәуекел (1582-1598) отырды. Тәуекел хан да дипломатиялық саясатқа үлкен маңыз берді. Ол 1594 және 1595 жылдары Құл-Мұхаммед сұлтанды басшы етіп, Мәскеуге елшілер жіберген. Бұл елшіліктердің негізгі мақсаты Тәуекел ханның немере інісі Оразмұхамедті орыс тұтқынынан босату және Ресеймен әскери одақ жасау болған еді. Бірақ Тәуекел ханның бұл дипломатиялық қадамдары сәтсіз аяқталды.

Тәуекел хан 1598 жылы Бұхар ханы Абдаллах өлгеннен кейін Сайрам, Ташкент, Түркістан, Самарқанд қалаларын басып алады. Одан кейін ол Бұхара қаласына қарай жылжиды, алайда, ұрыстардың бірінде жарақат алып, сол 1598 жылы қайтыс болады.

Тәуекелден кейін оның інісі Есім (1598-1628) хан болып жарияланды. Халық оны Еңсегей бойлы Ер есім деп аталған. Сондай-ақ Есім хан қазақ қоғамына «Есім ханның ескі жолы» деген заңдар жинағының енгізген реформатор. Ол Қазақ хандғының астанасын Түркістан қаласына көшіреді. Есім ханның басты жетістігі Ташкент қаласын Қазақ хандығына қосып алу мен 1603-1624 жылдары Бұхар хандығымен жүргізген соғыста жеңіске жетуі еді. Есім ханнан соң оның ұлы Жәңгір хандық билікке келеді. Ол халық жадында Салқам Жәңгір деген атпен қалған. Бұл кезде Қазақ хандығына басты қауіп жоңғарлардан төнгендіктен Жәңгір ханның билігі де үздіксіз соғыстармен өтті. 1643 жылы Жәңгір хан Орбұлақ шайқасында жоңғар әскеріне ойсырата соққы берген. Ол 1652 жылы ойраттармен болған соғыстың бірінде қаза тапты.

Салқам Жәңгірден кейін Батыр хан билік басына келді. Бірақ ол туралы мағлұматтар өте сирек кездеседі. Сондықтан да бұл кезең Отан тарихындағы «ақтаңдық» кезең болып есептеледі. Батыр ханнан кейін Жәңгірдің ұлы Тәуке (1652-1715) хан болып жарияланады. Тәукенің толық аты-жөні Тәуекел-Мұхаммед-Батыр-хан. Оның кезінде Қазақ хандығының іргесі бекіп, жоңғар шапқыншылығына тойтарыс берілген болатын. Қазақ халқы Тәуке хан заманындағы мамыражай тыныштық пен қауіп-қатерсіздікті бейнелі тілмен «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалған заман» деп атауы кездейсоқ еместін. Сонымен бірге оны халық Әз Тәуке (дана, данышпан) деп те ааған. Өйткені Тәуке хан өзінің көрегенді ішкі және сыртқы саясатының нәтижесінде Қазақ хандығындағы бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа біріккен мемлекет орнатуға қол жеткізген еді. Әз Туке қазақ қоғамындағы құқықтық нормалардың жинағы «Жеті Жарғы» заңдар жинағын қолданысқа енгізді.

«Жеті жарғы»

Қазақ хандығының құқықтық жүйесінде Тәуке хан үлкен реформа жүргізді.

Бұ қазақ қоғамына «Жеті жарғы» заңдар жинағының енгізілуі еді. Оның қабылдануына ұйтқы болған Әз Тәуке болғандықтан бұл заңдар жинағын халық арасында «Тәуке ханның Жеті Жарғысы» деп те атаған. Тарихи деректерге қарағанда Тәуке хан беделді Ұлы жүзден Төле бимен, Орта жүзден Қазыбек бимен, Кішкі жүзден Әйтеке бимен кеңесе отырып,құқықтық реформаны жүзеге асырған. Олар қазақ қоғамындағы қалыптасқан құқықтық нормаларды талқылап, жаңа заң ережелерін бекіткен.

Бұл реформа ХVII ғасырдың 80 жылдарында жасалған деген болжамдар бар. Өйткені бұл Қазақ хандығы тағдырындағы аса күрделі кезендер еді. Тәуке ханға екі майданда Сырдариялық қалалар үшін аштархандықтармен және оңтүстік-шығыста ойраттармен соғыс жүргізуге тура келді. Алда жоңғарлармен болмай қалмайтын қатал да ауыр соғыс күтіп тұрды. Мұның үстіне хандықтын өз ішінде де алауыздықтар тоқталмайды. Сол себепті сыртқы жаулардан қөрғану үшін, бірінші кезекте ішкі жағдайды қалыпқа келтіру қажет болды. Бұл сол кезеңнің талаптарына жауап беретін жаңа заң ережелерін қабылдауға алып келді.

«Жеті Жарғыда» қазақ қоғамындағы құқықтық жүесінің негізі қағидалары мен нормалары бекітілген. Қазақ халқының дәстүрлі құқықтық нормаларын Тәукенің алдындағы билеушілер жүйелеп, заң ережелерімен толықтырған болатын. Тарихшылардын пайымдауы бойынша «Жеті Жарғы» Шыңғысханның «Жасағы», «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолы» негізінде жасалған деп санайды.

«Жеті Жарғыда» әкімшілік, қылмыстық, азаматтық, отбасылық құқықтардың нормаларын, сонымен қатар салық, діни көзқарастар туралы ережелерді заңдық тұрғыда бекітті. Жалпы алғанда қоғам өмірінің барлық салаларын қамтыды.

«Жеті Жарғы» бойынша мемлекеттік билік ханның қолыны шоғырландырылды. Ал, елді басқару сұлтандар мен ру-тайпа көсемдері арқылы жүргізілді. Хандықтын маңызды мәселелері халық жи налыстары- Құрылтайда талқыланды. Оған қатысушылар қаруымен келуге міндетті еді.

Қылмыстық- құқықтық нормалар бойынша: кісі өлімі, денеге зақым келтіру, зорлау, сабау,қорлау, балалық борышын атқармау, ұрлық, зинақорлық жасаған қылмыстар үшін т үрлі жазалар бекітілді. Жаза түрлерінің бірі бойынша «қаңға-қан, жанға- жан» қағидасы сақталды. «Жеті Жарғының» ең басты жаңалығы-құн заңының белгіленуі. Яғни жазадан құн төлеу арқылы құтылудың жолдары белгіленді.

Өлім жазасы: әйелі ерін өлтіресе, әйел өзінің некесіз тапқан баласын олтіргені үшін, әйелдің зинақорлық жасағаны үшін, құдайға тіл тигізген адам үшін берілді. Ол дарға асу немесе таспен ұрып өлтіру түрінде жүзеге асырылатын болды.

Құн мөлшері қылмыскер мен жәбірленушінің әлеуметтік жағдайына байланысты белгіленген. Қарапайым ер адамды елт іргені үшін қылмыскер оның туыстарына 1000 қой, әйел адам үшін 500 қой беріп құн төлейтін болса, ал сұлтанды немесе қожаны өлтіргені үшін қарапайым жеті адамның құны алынды. Сұлт анға немесе қожаға тіл тигізу 9 бас қойға, оларға қол жұмсау 27 бас қойға бағаланды.Құлдың құны оның иесіне қыран немесе тазы ит беру арқылы төленді.

Денеге зақым келтіру де құн төлеу арқылы шешілді. Мысалы: бас бармаққа зақым келтіргені үшін 100, шынашақ үшін 20 қой белгіленді. Ұрлық үшін ұрланған малдың немесе заттың құны «үш тоьғыз» мөлшерінде өтелетін болған. Ұрланған жылқыға жылқымен қоса түйе, қойға жылқы қосып қайтаратын болған. Бір түйе үш жылқыға немесе 10 қойға теңестірілді.

ХIV ғасырда Қазақ жерінде болған мароккалық араб жиһанкезі ибн- Батут құқытық нормалар тулалы былай деп жазған: «Онда малды бақпайды, күзетші жоқ, өйткені олардың соттары ұрлыққа қатал қарайды. Ибн- Батуттың тағы бір байқағаны мынау болған: « Менің бұл елдерден көргендерімнің ішіндегі аса бір таңғаларлығы, олар әйелдерді өте қатты сыйлайды екен. Түрік әйелдері бетін жаппайды»

Жазаның басқа да түрлері бойынша: христиандықты қабылдаған адамның мүлкі тәркіленген; егер екі қабат әйел күйеуін өлтірсе, онда ол рудан қуылған; егер бала ата-анасына тіл тигізе, оны жұрт алдында масқаралайтын болған.

Қазжақ қоғамының ерекшеліктеріне сәйкес қылмысқа ұжымдық жауапкершілікке де ерекше мән берілбді. Яғни қылмысты үшін кінәлі адам ның жеке жауапкершілігімен қатар, оның туысқандары да жауап берді. Егер бір адам екі нем есе одан да көп қылмыс жасаса, онда оған қолданылатын жазаның қатаңдығы да күшейетін болған.

Әйелдер мен балалардың, күңдер мен құлдардың сотта куәгер болатын құқы болмайды. Отбасы – некелік қатынастар бойынша мұрагерлік құқық нормалары белгіленді. Сотта нақты айғақтарсыз айыптау үшін екі адамнан жеті адамға дейін куәгерлер талап етілді, олар болмаған жағдайда ант берілетін болды. Сот және әкімшілік билігі бір-бірі толықтырып тұрды. «Жеті Жарғы» заңдары бүкіл Қазақ хандығының аумағында жүргізілді.

XVІ-XVІI ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Қазақ қоғамы саяси және құқықтық белгілерті бойынша ерекшеленетін негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды.Мұның бірі –«ақсүйектер» тобы. Оған Шынғыстан ұрпақтары-төрелер мен Мұхаммед пайғамбардың ілімін наси хаттаушылардың ұрпақтары-қожалар кірді. Қалған әлеуметтік топтар «қара сүйек» яғни қарапайым халыққа жатты.

Шынғыс хан ұрпақтарына туған кезден бастап берілетін құқығы бойынша сұлтан атағын алды. Әке жағынан туыс, бірақ хандық құрмаған Шынғысхан тұқымдарына қатысты «оғлан» немесе «төре» термендері де қолданылды.Мұндай тектік белгі оларға тұғаннан бастап берілгендіктен, бұл атақтар олардың материалдық байлығы мен рухани статусынан тәуелсіз берілетін болған.

Шынғыс хан ұрпақтарының Монғол империясының саяси дәстүрлері с ақталған кез келген мем лекетте хан тағынан үміткер бола алатын құқығы сақталды.

Қазақ қоғамын басқаруды хан сұлт андар мен ру басылары арқылы жүзеге асырды. «Жеті Жарғында» атап көрсетілгендей, олар «халықтық істерді талқылау үшін дала төсіндегі бір орынға күзде жиналатын» болған.

Әлеуметтік иерархияның биігінде хан тұрды. Саяси дәстүр бойынша хан тағына отыруға әулеттің үлкеніне артықшылық құқығы берілді.Хандыққа саялағанда, ежелгі салт бойынша ақ киізге отырғызып, хан көтеру рәсімі сақталды. Хан оп жарияланатын адамды ақ киізге отырғызады да, оның ұштарынан ұстап үш рет жоғары көтереді. Бұл рәсімнен кейін той-думанға ұласатын болған. Хан төгімдегідей қызмет атқарды: хандықтын барлык аумағына әрі барлық жеріне билік етті, жоғары бас қолбасшы болды, соғыс жариялады немесе бітім жасасты, сыртқы дипломатиялық байланыстарда басты тұлға болды, сыртқы саясат бағытын айқындады; жоғарғы заң шығарушылық және жоғарғы сот қызметтерін орындады. Ханның айналасында кеңісшілері, көмекшілері, арнайы жасағы және күтішелері жүрді. XVII-XVII ғасырдың I жартысында Қазақ хандығының орталықтары Ташкент пен Түркістан қалалары болды.

Хандық құрмаған төрелер сұлтан титулын иеленіп, ұлыстарға билік жүргізді. Шамамен алғанда ұлыстар 10 мыңға жуық шаңырақтан немесе 60 мыңдай халықтан тұрды.Хандық жиырмаға жуық ұлыстан құралды.Ұлыстың аумағын белгілеуді, оны иеліктен алу мен беруді хан жүзеге асырды. Сұлтандарға ұлыстың билеушісі әрі ұлыс әскерін басқару құқығы берілді. Олар тән жазасынан босатылды және билер сотына түспеді. Оларды аға сұлтан немесе хан ғана жазалай алды.

Жалған атпен «ақсүйек» атына жамылу- кісі өлтірумен тең болатын толық құн төлеу арқылы жазаланды.

Қазақ қоғамында билердің алатын орны ерекше болады. Олардың ықпалы басқаратын руларының тектілігімен, санының көптігімен, күштілігімен анықталады. Билерге ұарауындағы рулардың сот, әкімшілік және әскери билігі беріледі. Олар сұлтандармен қатар саяси билік атқарып, ру баспалары ретінде жалпы мемлекеттік істерді шешуге қатысып отырды. Билер қауымы арасындағы ықпалдылары мен беделділері хан жандығы билер кеңесіне енді.

Қазақ қоғамында мүліктік жағдайы мен дәулетіне қарай бай және кедей болып бөліну қалыптасқан. Байлар қоғамның саны басым топтарын құрағанмен, ерекше құқықтар мен артықшылықтарға ие болып алмады. Мысалы, Ибн Рузбихан өз еңбегінде қазақ қоғамындағы байларда ондаған киіз үйлерінің, жүздеген түлерінің, ондаған мың қойларының болғанын және табандарында 15, 18, кейде, тіпті 26 мың жылқыға дейін есептелетінін атап көрсетеді. Бұдан әрі ол: «Қазақтар өте бай тұрады, ең кедей деген отбасының өзінде бірнеше мың бас қой, жылқылары және өгіздері бар», - деп жазады [22, 40-б.].

Бай адамдар билердің, батырлардың, қатардағы көшпелелердің және басқа топ өкілдерінің арасында да болды. Байлық үлкен пайда, қоғамдық бедел мен абырой әкелсе де, ол ерекше саяси құқықтар бере алмады. Ал «ақ сүйектердің» кедей деген өкілінің өзі оларға тиісті барлық құқықтар мен артықшылықтарды иеленді. Онымен орасан зор дәулетке ие, бірақ төре тұқымы болып саналмайтын байлар таласа алмады. Қазақ қоғамында мұсылман діндарлары да маңызды орын алады.

Еркін көшпелі адам жеке және мүліктік құқықтарды иеленетін заңды тұлға болды. Жеке адам мен оның құқықтарын қорғау ру мүшелерінің ерекше ынтымақтастығымен қамтамасыз етіледі, мемлекеттік аппарат мұндай қызметті орындасқан жоқ. Сөйтіп, жеке адамның ру мүшесі ретінде ғана мәні болады. Қарапайым халық қоғамдық сатының төменгі басқышын құрады.

Қазақ қоғамының ең құқықсыз әлеуметтік тобы құлдар болды. Құлдықтың негізгі қайнар көздері: тұтқындар, саудаға түскендер, борышын төлеуге қабілетсіз адамдар болды. Құл затқа, малға теңіліп, иесінің толық билігінде болды, ол құлдың қылмысы үшін жауапты болды әрі өміріне қожалық жасады.

Қазақ хандығында жерді сыйға тарту дәстүрі қалыптасты. Яғни жерге мұрагерлік құқығнын иеленуді «сойырғал» деп атады. Малшы қауымы зекет салығын төледі, ет түрінде соғым, сыбаға берді. Егіншілер баж, харадж төлеп тұрды. Қарапайым жұртшылық қоғамдық жұмыстарға – мердігерлікке тартылды. Әскер үшін қаналға, сондай-ақ текті адамдар үшін жамалға салығы алынды. Әскерді жабдықтау үшін тағар жиналды. Мұсылман дінбасылары вакфтік жерлерді иеленеді.

Қазақтар негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Мал өнімдері: азық-түлік, тұрғын үй жабдығы, көлік, саудадағы айырбас құралы болды. Қазақтар қасы-жазы жайлау мен тебіндеуге бейімделген мал: қой, жылқы және түйелерді көп өсірді. Қой өсірудің ерекше маңызы болды. Еті мен сүті тамаққа пайдалынады, жүнінен киім, терісінен аяқкиім, ыдыс-аяқ, қаракөл елтірісі, майынан сабын дайындалды. XV ғасырда Венециандық саудагер И. Барбора: «Бұл халық құйрығы 12 фунтқа дейін тарататын, ұзын қылшықты әрі ұзын сирақты дәу қойларды өсірді. Мен құйрықтарына байланған арбаларды сүйреткен қойларды көрдім», - деп жазды [33, 325-б.].

XVІ ғасырда Арал маңында болған ағылшындық А. Дженкинсон қазақ халқының ірі әрі үлкен құйрықты, салмағы 60-80 фунт тартатын қойларды асырайтын мәлімдейді.Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати өзінің «Тарих-и Рашиди» еңбегінде Қасым ханның Моғолстан ханы Сұлтан Саидпен кездесуін және оның көшпелі өмір салты туралы айтқан ойларын байлап суреттейді: «Біз дала тұрғындарымыз, біздің сирек кездесетін қымбат заттарымыз жоқ, басты байлығымыз – жылқы. Оның еті мен терісі бізге ең жақсы тамақ пен киім болады... біздің жерімізде бақтар да, ғимараттар да жоқ, біздің сапарымыздың мақсаты – жайлап жатқан малдарға сүйсіну; ал табынға барып, жылқыға қарайық...» [22, 32-33-б.].

Ісі қара мен ешкі өсірудің қазақтар үшін маңызды аз болды. Мал жеке меншікті болса, ал жайылым жерлер ұжымдық меншікте болды. Қазақ руларының дәстүрлі көші-қон жүйесі ғасырлар бойы қалыптасқан жолдардан құралған ені. Қазақтар жазда малды үлкен табынмен қыраттарға жайса, қыста өзен жағалауларындағы ойпаң тебіндетін болған. Мал өрісінің аумағы мауысымдық жайылымның төрт түріне бөлінді: қысқы – қыстау, көктемгі – көктеу, жазғы – жайлау, күзгі – күзеу. Қыстау мен маусымдық көш арасындағы қашықтық жүздеген шақырымдармен өлшенді және жолдың ұзақтығы бірнеше айларға созылды. Малшылардың тұрғын жайы киіз үй болды. Бұл үйлер жануарларға теңделіп тасымалданатын, әрі тез бөшектеніп, құрылатын қолайлы да қарапайым еді. Жағылып, реттелген киіз үй бір түйеге ғана жүк болады. Киіз үйдің сүйегі (ағашы) талдан жасалған тор шарбақтардан – керегеден тұрады, олардың әрбір қатары – қанат (4-тен 12-ге дейін) киіз үйдің шеңберін айнала құрайды. Киіз үйдің үстіңгіжағы уықтан тұрады. Оның ұштарынан шаңырақ кигізіледі, ал оның саңылауынан жарық түсіп, ошақтан түтін шығатын етіп жасалады.

Қазақтарда аңшылық дәстүр де өзінің мән-маңызын сақтады. Аңшылықтың бірнеше түрлері болады: аңшы құстар – қаршыға, бүркіт, сұңқармен немесе тазы иттермен аң аулау; айдап торға түсіру және т.б.

Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Егіншіліктің дәстүрлі аймақтары Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сырдария, Арыс, Шу, Талас аудандары болды. Негізінен бидай, тары, арпа өсіріледі. Суармалы егін алқаптары өзен бойы мен қалалардың айналасына орналасты. Қыратты жерлерде де егін егілді. Қазақстанның далалық аймақтарында егіншілік нашар дамыды, онымен әдітте көшерге жеткілікті малы жоқ кедейленген қазақтар айналысты. Отырықшы қазақтар қыстау маңына көбінесе тары еккен.

Қазақ хандығының экономикалық өмірінде қалалары маңызды рөл атқарды. Олардың ішінде Сырдария алқабындағы отырықшы және көшпелі дала шегінде тұрған Сығанақ қаласы ерекш орын алады. Мұсылман қауымының қасиетті орны әрі қазақ хандарының резиденциясы болған Түркістан ісі саяси, экономикалық әрі мәдени орталық болды. Мұнда Есім, Жәңгір хандардың кесенелері салынды. XІV ғасыр мен XV ғасырдан тоғысында іргесі көтерілген аса ғажайып сәулет өнерінің ескірткіші Қожа Ахмет Иасауи кесенесі болып табылады. Оның ұзындығы 65,5 м, ені 45,5 м, қасбеттегі дарбаза маңдайшасының биіктігі 37,5 метірге жетеді. Оның ішінде отыздан аса бөлмелер, салтанат залы, мешіт, кітапхана, кесене орналасқан. Орта ғасырлық ғалым Ибн Рузбихан өз еңбегінде: «Иасы – Түркістанның басты қаласы, төңірегі байтақ әрі көкке оранған. Мұнда барлық өңірлерден тауарлар келіп түсіп, осы арадан жан-жаққа тарайды. Бұл жерге саудагерлер келіп тоқтайды, саяхатшылар соғып өтеді. Ахмет Иасауи кесенесі - әлемдегі ең зәулім ғимараттардың бірі. Кесененің сәулетінен адам өнерінің соншалықты таңғажайып кереметтігі көрінеді. Оның күмбезінің биіктігі алдында пирамиданың өзі кейін қалады», - деп жазған [22, 45-б.].

Сауран, Сайрам, Созақ, Арқұқ, Түркістан, Отырар сияқты басқа да қалалар қазақ халқының өмірінде маңызды орын алады. Отырыр, Сығанақ және Созақта шамамен 5500, Сайрамда 7560, Түркістанда 9180, Сауранда 11 мың халық тұрған. Қалалар махалла түзеп тұрады, әрбір махаллада 6-дан 15-ке дейін үй болды. Қаланың бір бөлігін қоғамдық пайдалану орындары мен ғимараттар – мешіттер, моншалар, алаңдар, базалар алып жатты. Оған қала ауданының шамамен төрттен бір бөлігі бөлінеді. Қолөнер махаллаларды да қала құрылымына енетін болған. Ақша негізінен Түркістанда және Ташкентте соғылған. Бұл мыс динарлар мен күміс теңгелер еді.

Қазақтардың шаруашылығында қолөнер мен үй кәсіпшілігі маңызды орын алды. Олар негізінен, мал өнімдерін өңдеумен байланысты болды. Қолөнер түрлеріне: ұсталық, зергерлік, құрал-сайман жасау, тері-былғары өңдеу, тігіншілік, етікшілік жатты. Ағаш оюшы ұсталар, темір мен мыстан бұйымдар жасайтын, ат әбзелдерін, қару-жарақ, сауыт-сайман жасайтын шеберлер қоғамда ерекше құрметтелді. Ағаштан түйін түйетін шеберлер – балташылар, ұсталар болды. Олар арба, киіз үй жабдықтарын жасады.

Қазақ хандығының экономикасында кен өндіру ісі де жақсы дамыды. Ұсталар, шеберлер, зергерлар темір, қорғасын, мыс, күміс, алтын және тағы да басқа металл түрлерімен қамтамасыз етіліп отырған.

Қоғамдағы әйелдер қауымы кілем тоқу, киіз басу ісімен айналысты. Бұл өнер түрлерінің де дәстүрі терең еді. Тері мен киіз өңдеуде әшекей, өрнек салу, құра тігу әдістерін терең меңгерді.

Көшпенділердің өмірінде әскери дәстүрінің ерекше орын алғанын атап өткен жөн. Ер-азаматтар қару асынып жүруге құқылы ғана емес, міндетті деп саналды. Егер құрылтайға ер-азамат қарусыз келген болса, оның сөйлеу құқығы болмады, ал жасы кішілердің оған орын бермеуіне де болатын. Қазақ хандығында тұрақты әскер болмады. Әрбір ру қажет болған уақытта жасақ беруге міндетті болды. Ру жасақтары ру басына бағынатын дербес әскери бөлімі құрады. Әрбір ру жасағының өз байрағы мен ұраны болды. Бұл жасақтар ұлыс әскерінің құрамына енді. Қазақ хандығы соғыс жағдайында 300-400 мың әскер шығара алатын еді.

Қазақ сарбаздарының негізгі қаруы алдаспан мен садақ болды. Қарудың басқа түрлерінен айбалта, қолшоқпар, қысқа шоқпар, күрзі шоқпар, аттың қылынан шашақ тағылған әрі қарсыласын аттан жұлып түсіру үшін басына ілмек салынған ұзын найза қолданылды. Қазақтар қару-жарағын өздері жасады. Шақырылған кезде әрбір сарбаз жорыққа екі ереуіл атымен және сауыт-сайман, бес қарумен шығуы міндетті болды. Қазақ сарбаздары соғыс барысында әртүрлі ұрыс тәсілдерін қолданған: жауға тұтқиылдан шабуылдап, шеңбер жасай шайқасты; дұшпанымен тиген кезде жаудың тылын айналу немесе шеткі қанатына шабуылдау және т.б. Ерлігімен көзге түскен сарбазға халық «батыр» деген құрметті атақ беріп отырған.

XV-XVІI ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті

XV-XVІI ғасырдағы Қазақ хандығының мәдениеті өткен дәуірлердегі рухани құндылықтар негізінде қалыптасқан қазақтың халықтық мәдениеті болып саналады. Қазақ халқында көшпелі өмір салтының ерекшелігіне қарай қолдандалы өнер жақсы дамыды. Ол, әсіресе киіз үй, киім, қару-жарақ, ыдыс-аяқ, киіз, сырмақ пен кілем жасауда айқын көрінеді.

Қазақ халқының өмір салты мен алдыңғы ұрпақпен мәдени сабақтастық дәстүрі ұлттық киім үлгілерінен айқын көрініс табады. Этностың айырықша белгісі ретінде қазақ халқының ұлттық киімі оның материялдық мәдениетінің де ерекшеліктерін бейнелейді. Қазақ халқының киім тігу дәстүрлерінде тері, киіз, мақта, жібек, жүн мата, барқыт кеңнен пайдаланылады. Биік киіз қалпақ, сәукеле сияқты баскиім улгілері сақ дәуірінен бастау алады. Қазақтар басына үш қулақты тымақ,, түрлі аң терлерінен тігілген бөрік, төбесі үкі қанаттарымен және маржан,моншақ, інжу сияқты асыл тастармен әшекейленген тақия киген. Белдемше ғун дәуірінің мұрасы болса, бетке арналған ойықтың жан-жағык кестеленіп, ақ материалдан жасалған әйелдің баскиімі-кимешек, түрік-қыпшақ кезеңінен жеткен үлгі болып саналады. Қазақтардың ұлттық киімдеріне, сондай-ақ қомзол, бешпент, көйлек, шалбар, тері шалбар жатады. Қыста тұлып, тон күпі кисе, ал жаңбырдан киізден жасалған кебенек қорғады (олардын үлгісі сақталған). Аяқкім түрлеріне саптама етік, мәсі, байпақ, тері кебіс, шоқай т.б. жатады. Тоғалы,айылбасты белдік, белбеу, кісе кең қолданылды. Әшекей бұйымдардан алқа,шолпы, білезік, жүзік, үлкен шар тәрізді түймелер тақты. Олар інжу түйірлерімен, шыны жапырақшалармен, маржан, гауһар сияқты асыл тастармен өрнектелді. Әшекейлерді дайындаған кезде қазақтар күмісті жоғары бағалады, ал алтынды сирек пайдаланды.

Қазақтар маталық немесе маталық емес, сондай-ақ жүннен басылатын бұйымдарды дайындауда қой және түйе жүндерін қолданды. Оған киіз үйді жабуға арналған ақ немесе сұр киіз; текмет, тұскиіз, төсеніш т.б. жатады. Сырмақ түрлі түсті киізден аппликация (құрықтау) әдісімен әшекейлене өрнектеліп, ою-суреттерінің шеті мен киіздің жиегі түрлі түсті жіптермен көмерілген төсеніш, яғни қолөнерінің ерекше түрі болып табылады. Жерге төсклетін сырмақ киізге түрлі түсті иірілген жіптермен кестеленсе, ал тұскиіз аппликация әдісімен өрнектеледі. Жайпақ тоқыма машинасында (ұршық) түйе жүнінен тоқылған өрнекті төсеніш – алаша, киіз үйдің ішкі бұйымдарына арналған жолақты мата – басқұр, үйішілік шұға тоқылды.

Оюлар мен өрнектер ежелгі көшпелі тайпалардан келе жатқан дәстүр сабақтастығының көрінісі болатын. Олар мынадай сипатта бейнеленіп отырды. Зооморфтық: қошқармүйіз, қосмүйіз, сынықмүйіз, қыңырмүйіз, табан, түйемойын, қазмойын, құсқанат, өркеш, өрмекші; өсімдік бейнелі: ағаш, жапырақ, үш жапырақ, гүл, өткізбе, шиыршық; ғарыштық: күн, төрт құлақ, ай бейнесі, жұлдыз, айшық шұғыла. Геометриялық ою түрлері: сүйір, ирек, балдақ, қармақ, төртүшкіл, тұмар, шынжыр. Ою-өрнектер қатаң симетриялық өлшемдермен салынған.

Әрбір түсінің өзінің терең мәні болды: көк түс аспанды, қызыл түс күн мен отты, ақ түс ақиқатты, қуаныш және бақытты, сары түс сағыныш пен уайымды, қара түс жерді, жасыл түс жастық пен көктем мағынасын білдірген.

Қазақ халқының әдет-ғұрпында баланың тууын, үйлену тойын, хан сайлау, жеңіс, діни мейрамдарды тойлау дәстүрге айналған. Той-думандарда бәйге, күрес, екі салт аттының сайысы, қыз қуу, көкпар ойындары ойналды. Әнші-күйшіле, сал-серілер, ақын-жыршылар мейрам тойларды шаттыққа бөледі. 22 науырыздағы күн мен түннің теңелуін Ұлыстың Ұлы күні деп, Наурыз мейрамына ерекше мән беріледі. Бұл күні халық бірін-бірі құттықтап, молшылық пен берекенің символы наурызкөже дайындаған. Салтанатты дастархан басында салт-жоралар қатаң сақталатын болған. Жұрт белгіленген орындарға жасына және қоғамдағы беделіне қарай отырып, соған сай малдың нақты мүшелері (басы, төсі және т.б.) бөлініп, табақ тартылады.

Қоғам өміріндегі үлкендік қағидат жиындарда, құрылтайларда, әскери тәртіпті анықтауда, соғыстан түскен олжаны бөлу кезінде, үйге кіргенде, жайғасып отырғанда, ас бергенде, салтанатты жиын кезінде, басқа да көптеген өмірлік жағдайларда бұлжытпай сақталды.

Қазақтардың тамағнда малдың еті мен сүті басым орын алды. Сары майды, етті қарағанда сақтау әдсі кең тарады. Мал белгілі бір тәртіппен сойылып, тұтас еті дәлме-дәл бөліктерге жіліктеліп бөлінді. Бас пен жанбас сыйлық қонақтарға тартылды. Сүттен әртүрлі қышқылтым сусындар мен өнімдер: айран, қатық, қаймақ, сары май, құрт, ірімшік, сүзбе, салап, көже (тары көже, биай көже, жүгері көже және т.б.), бие сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындалды. Бір қымыздың өзінен бірнеше сусын түрлері: саумал қымыз, түнемел қымыз, үшкүндік қымыз дайындалды. Жаңа сауылған биенің сүті қосылып, аз ашытылған саумал балалар мен қарттарға арналды. Екі күн бойы ашытылған түнемел қымызды тандыр нанмен және құртпен ішті. Үшкүндік қымыз – үш тәлік бойы ашытылған күшті сусын. Оны үлкендер ішті.

Қазақ халқының ыдыс-аяқтары да көшпелі тұрмысқа бейімделіп жасалды. Мәселен, саба қымыз бен шұбатты дайындау әрі сақтау үшін қолданылатын, сыйымдылығы 100 литрге дейін жететін теріден жасалған конус қалыпты ыдыс. Қымызды тасымалдау үшін төріден жасалған сүйретпе ыдысын, ал жол жүргенде сусындау үшін көлемі 3-4 литрге сәйкес келетін торсық қолданылды. Сауын үшін ағаш шелек, теріден көнек, асқабақтан қауақ жасалынды. Кеселер киіз қап, яғни кесеқаппен тасымалданды. Ет ағаш табаққа салынды, қымыз шұңғыл болып келетін тегенеге қотарылды да, ағаш ожаумен сапырыла отырып, ағаш тостағандарға құйылды. Май май шайқайтын күбіде жасалнды. Ет қазанға асылды, оның бір түрі тайқазан тұтас жылқы етін пісіру үшін қолданылды. Ас-ауқат ошақта пісірілді.

Отбасылық қатынастарда қалың мал, әмеңгерлік салты кең таралды. Ру ішіндегі туысқандар арасында жеті атаға дейін қыз алысуға қатаң тыйым салынды. Ерлі-зайыптылардың некесі халықтың ақ тілек-батасымен және «Жар-Жар» өлеңінің айтылуымен қиылды. Қазақ халқында «Жеті ата» туысқандық байланыстар институты қалыптасты, яғни адам өзінің жеті буынға дейінгі ата-бабасын білуге тиісті еді. Бұл институт қазақ қоғамында өте маңызды мінет атқарды. Біріншіден, бұл рудың, жүздің, этностың тарихи санасы болатын. Өйткені қоғамның әрбір мүшесінен өз ата-бабаларын жай ғана санамалап шығуды емес, оны жатқа білуді және олардың іскерлігін, батырлығы мен ерлігін, мінез-құлықтарын, түр-тұлғаларын және басқа көптеген басқа да қасиеттерін білу талап етілді. Осылайша қазақ халқында ауызша тарих айту және шежіре тарату дәстүрлері қалыптасқан. Екіншіден, ол туыстық байланыстарды үзбей жалғастыруда, жаңа туыстық қатынастар орнатуда, адамның сана сезімін қалыптастыруда және бүкіл қоғамдық халықтық сана аясына топтастыруда маңызды рөл атқарды. Бір шаңырақтың балалары жеті ұрпаққа дейін ірі рулардың қатарына кіріп, мәдениетін, дәстүрін, тіл бірлігін сақталған. Ал сегізінші атадан кейін өз алдарына жеке ру болып бөлінген. Үшіншіден, мұнай дәстү тәрбие берудің бірден-бір жолы еді. Мысалы; «Жеті ата» тәрбиесі – ата-баба дәстүрін сақтаудың жолы.

Төртіншіден, бұл сенім қазақ халқының арасындағы ата-баба аруағын құрметтеу ұғымы шеңберінде жүзеге асырылады. Бесіншіден, «Жеті ата» бұл сол кездегі қоғамдық өміріндегі ең күшті реттеуші күш болды. Ол міндет, тәртіп, тыйым, заң, әдеп сияқты ұғымдарды жастардың бойына сіңірді. Жеті ата дәстүрі туысқандық қарым-қатынас жолынан бастап, үй ішінде отыру және өзін-өзі ұстау тәртібін, тіпті әңгімелесудегі әдептілік пен мәдениетке дейінгі ұстанымдарды айқындап отырды. «Жеті ата» халықтың терең тамырының, үрім бұтағының қаны генетикалық тұрғыда таза болуының, ұрпақ денінің сау болуын сақтау болды. Сол себепті бір ру ішіндегі некеге тек жеті атадан кейін ғана рұқсат етілген.

Қазақтар өздерінің дәстүрлі күнтізбесін пайдаланған. Жыл 12 айға бөлінген, азиялық халықтар сияқты жыл атауларына аңдардың аттарын қолданған. Жыл басы тышқаннан бастылып, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз болып жалғасқан. Жыл мезгілдерін, ауа райын анықтап, жорып отыратын болжаушы, есепші адамдар болған.

Қазақ халқының аспан әлемі туралы түсініктері де кең болған. Олар аспан әлеміндегі шоқжұлдыздарды да анықтай білді. Мысалы, Жетігін, Жетіқарақшы, Шолпан, Марс сияқты т.б. жұлдыздардың көрінуін, ауысуын өмір тәжірибесіне байланыстыра білген. Мұндай жұлдыздар астрономиялық уақыт өлшем бірліктерін анықтауға көмектесіп отырған. Олар малшылардың күзетті ауыстыру уақыттарын белгілеуге мүмкіндік берген.

XVІ-XVІI ғ.ғ. қазақ халқы ислам дініннегізгі дін ретінде қабылдаған. Мұсылманшылықты насихаттайтын діни орталықтар Түркістан, Хорезм, Бұхара қалалары болды. Көк тәңіріне сену дінінен кейін пайда болған дін Ислам діні қазақтардың ежелден бергі дәстүрлі наным-сенімінің негізгі болған Тәңір дінімен қатар жүріп, үйлесіп кетті. Қазақтар жерді Жер-Ана, суды Су-ана деп қасиет тұтты. Қасиетті жерлерге арнайы құрбандық шалынып отырды. Малды қорып, қорғаушы, сақтаушыға сенді. Халық арасында отқа табыну үлкен рөл атқарды. Тарихшы Ибн Рузбихан: «...қазақтар арасында әлі де дінге сенбеушілік белгілері бар. Олар намаз оқитын болса да, пұтқа табынушылық сақталған», - деп жазады [22, 41-б.].

Қазақтар шамандық наным-сенімге де сүйенді, аруақтарды ерекше қастерледі, оларға сенді, жануарларға да табынды. «Аруақтар күш-жігер береді» деп түсінді. Қиын-қыстау жағдай туғанда немесе шайқасқа түсер алдында ата-баба аруағының атын шақыратын болған. Оларға құрбандық шалып, көмек сұрайтын болған. Мысалы, бойға бала бітпесе бала сұраған. Мал сүйегі құрмет тұтылып, сүтті төгу жаман ырымға теңелді.

Шаман мен бақсының арнайы киімдері болған, үстеріне әртүрлі заттарды, тұмар іліп алып, асатаяқ ұстап жүретін болған. Олардың қазақтар арасыда беделі өте жоғары болд, адамдар олардан қорқатын да еді. Бақсы аруақтардың күшіне жүгініп олармен байланыс жасау арқылы рухын шақырған. Олар ұлы, үлкен, кіші деп бөлінген. Ұлылары барлық ауруды емдеген, әйелдерді босандыруға көмектескен және балгерлік көрсеткен. Бақсылар туралы үнемі аңыз-әңгімелер айтылатын болған. Бақсылар халықты емдеумен айналысқан (сынықшы болған, шөптеген дәрі жасаған). Аруақ шақыру арқылы жын-пері, албасты-әйел, жезтырнақ сияқты жаман күштерді қуатын болған. Оларды халық бұрынғы наным-сенімдер бойынша адамдарға кесепат әкеледі, өз мақсаттарына жетуіне кедергі жасап отырады, аурулар шақырады, адамдарды қазаға ұшыратады деп түсінген.

XVІ-XVІI ғ.ғ. қазақ халқының ауыз әдебиетімен қатар, жазу мәдениеті де жақсы дамыды. Ауыз әдебиеті суырып салма ақындармен, жыршы-жыраулармен толықты. Сол тарихи кезеңдегі әдебиеттің көрнекті өкілдерінің бірі Шалкиіз жырау Тіленшіұлы (1465-1560) болды. Оның жырларының негізгі идеясы адам мен халық әрдайым абырой мен еркіндікке ұмтылуы керек деген көзқарас арнасына сайып келеді. Ол мәңгілік рухани құндылықтарға шешендік өнер мен ақыл-парасатты жатқызады. Ең жаман қасиетке қызғанышты жатқызады. Шалкиіз жырау: «... хан халқына адал қызмет ету керк әрі көрегендік пен әділдік таныту керек»,-дейді.

Сонымен бірге сол дәуірде Доспанбек жырау (XVІ ғ.) Жиембет жырау (XVІI ғ.) сынды сөз өнерінің майталмандарын да ерекше атап көрсетуге болады. Сол тарихи кезеңде туған: «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс», «Қобыланды» сияқты батырлық жырларда ола рдың сыртқы жаулардан елі мен жерін, Отанын қоғаған әрліктері баяндалады. Ал әлеуметтік-тұрмыстық жырларға: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Күлше қыз», «Мақпал», «Сұлушаш» сияқты халық мұраларын жатқызамыз.

Қазақ хандығының құрылу мен қалыптасудың алғашқы кезінде ойшыл, жырау Асан Қайғы өмір сүрді Ш.Уәлиханов Асан Қайғыны «Дала философы» деп атаған. Асан Қайғы қазақ халқы үшін өзінің желмаясымен өмір бой «жерұйық» іщдеген адам еді. Ол Жәнібек ханның ордасында кеңесші болған. Асан Қайғы сүйіспеншілік пен ізгілікті жырлаған адам. Жаманшылық пен жалғанға қарсы тұра алатын шындық пен намысты ең басты құндылық ретінде жырларына арқау еткен.

Қазақ халқы ислам дінінің таралуымен бірге араб әліпбиін қолданды. Білім беру жүйесі, негізінен діни сипатта болды. Жазба әдебиет діни және тарихи бағытта жазылды. Тарихи жазбалар ретінде ру-тайпалардың, әулетердің немесе әрбір жүздің «Шежірелері» жазылды. Құнды тарихи ескірткіштердің бірі XV-XVІ ғасырлардағы қазақ халқының тарихына арналған «ЖАми-ат тауарих» (Шежірелер жинағы) болып табылады. Кітаптың авторы – Қадырғали Қосымұлы Жалайыр.

XVІ ғасырда өмір сүрген тарихшы Мырза Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди( атты еңбегінде Қазақ хандығының тарихы туралы өте құнды мәліметтер беріледі.

Көшпелі қазақ халқының өмірінде музыка өнерінің алатын орны ерекше. Қазақ халқы әншілікті, серілікті, музыкалық аспаптарда ойынауды үлкен құмет тұтты. Саз аспаптары үрлемелі, ішекті, соқпалы, қылды, шулы т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі кең тараған аспатарға домбыра, қобыз, сыбызғы жатты. Ал басқа да саз аспаптарға шертер, сазген, даңғыра, дабыл, дауылпаз, шыңдауыл, уілдек, керней, тоқылдақ, асатаяқ, тұяқтас, адырна, сырнай, ауыз сырнай, үшқұрық, жетіген т.б. болды. Тек домбыраның өзі ғана он шақты түрге бөлінеді. Олар түрі және ішектерінің саны жағынан, көлемі жағынан ерекшеленген; екі жақты домбыра, ағаштан тұтас ойып жасалған домбыра түрлері болып та бөлінеді. Қобыздың да қылқобыз, нарқобыз, жезқобыз сияқты бірнеше түрлері болған. Күйшілер аспаптарда шебер ойнап қана қоймай әртүрлі тақырыптағы әндер мен күй туындыларын халыққа жеткізіп отырды.

Осылайша кейінгі орта ғасырларда, яғни XVІ-XVІI ғ.ғ. қазақ халқының мәдениетінің басты құндылықтары жинақталып, өркендей бастады.

Қазақ-жоңғар соғысы

1. 17-18 ғғ. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы

2. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуі

3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқы

4. «Аңырақай» шайқасы және қазақ халқының Ордабасы тауындағы жиыны, оның мақсаттары мен міндеттері

17 ғ. аяғы мен 18 ғ. басында Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы өте күрделі болды. Қазақ жүздерін біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет құру талпынысы ешқандай нәтижеге әкелмеді. Қазақ хандығы саяси бытыраңқы мемлекет болып қала берді. Жүздер арасында тұрақты саяси байланыс болмады, олар жыл сайынғы жиналыстар – құрылтайларға жиналып отырды.

Хандықтың сыртқы саяси жағдайы бұдан да күрделі болды. Батыстан қазақтарға Волга бойының қалмақтары мен Жайық казактары, солтүстіктен Сібір казактары, оңтүстіктен Бұқаралықтар мен Хиуалықтар төнді, бірақ ең қауіпті жау шығыстағы Жоңғар хандығы еді.

1635 жылы Жоңғар хандығының құрылуы кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді. Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей тырысты. 1687 жылы Тобольскіге Тәшім батыр бастаған елшілік жіберілді. Бұл Ресеймен байланыс жасай отырып, қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді. 1689-1690 жж. Басында Тобольскіге Туман батыр бастаған тағы бір елшілік жіберілді. Алайда бұл байланыстар заң жүзінде, екі жаққа тиімді келісімдер жасаумен бекітілмеді. Мұның себебі бір жағынан – қазақ иеленушілерінің хандық тәуелсіздігін сақтап қалуға ұмтылуынан, екінші жағынан – Ресейдің сол кездері поляк және түрік істерімен айналысып жату жағдайынан туу мүмкін.

Ақназардың, Тәукенің және басқа қазақ хандарының орталықтандырылған ірі мемлекет құру әрекеттері ақыр соңында табысты бола алмады. Жүздер арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақтың феодалдық ақсүйектерінің өзара талас-тартысы агрессивті көршілерге дем беріп, қазақ халқын аса зор бақытсыздыққа душар етті.

1717 жылы қазақтардың жекелеген басшылары Қайып пен Әбілқайыр сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніп тұрғанына ескеріп, Петр І-ге өздерін бодандыққа алуды өтінді. Ал ол Швециямен соғысудан қолы босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі тартысы туралы мәліметі болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды әзірше қадағалай тұруды жөн көрді.

1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен тұста жоңғарлардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлері жөнінде толық мағлұмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жж. Қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Ал 1712 ж. Аягөз өзенінің жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандап жеңді. 1723 ж. қазақ елін түпкілікті басып алуға бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықпақшы болды. Мол әскер жинаған жоңғарлар оның қолбасшылығына Шуна Дабо деген жоңғар бахадурын тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлері 2 бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Малын, мүлкі, қонысын тастап, бала-шағасынан, туысынан айырылып, босқан халық беті ауған жаққа қашуға мәжбүр болды. Ұлы жүз бен Орта жүз халқы Ходжент пен Самарқанға қарай шұбырса, Кіші жүз қазақтары Хиуа мен Бұқараға қарай ағылды. Бұл кезең қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Ақтабан шұбырындыда көшкен жұрт көптеген қалалар мен елді мекендерді, отырықшы халықтарды жұтқа ұшыратты. Әбден ашынған халық 1728 ж. Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары Тайлақ, Саурық, Малайсары батырлар Ырғыз уезінің оңтүстік-шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында Қарасиыр деген жерде жоңғарларға есеңгірете соққы берді. Жоңғар әскері ондаған мың адамынан айырылды. Бұл жер кейіннен тарихта «қалмақ қырылған» деген атпен қалды. 1730 ж. көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бір қырғын соғыс болды. Бөгенбай, қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары жоңғар әскеріне 2-ші рет күйретте соққы берді. Бұл жер кейін «Аңырақай» деп аталып кетті. Аңырақайда жеңілген Шона Дабо бастаған жоңғар әскері Іле өзенінің бойымен Шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Осыдан кейін 3 жүздің игі жақсылары Ордабасы деген жерде жиын өткіщіп, онда қазақ әскерінің қолбасшысы етіп Әбілхайырды, оның көмекшісі қылып Бөгенбай батырды саяйлады. Осындай шайқастардың бірінде Бөгенбай батырмен жекпе-жекте жоңғар қолбасшысы Шона-Дабо қазақ тапты. Мұның өзі жау әскерлерінің рухын түсіріп жіберді. Осы тұста Тәуке ханның үлкен баласы Болат хан қайтыс болып, осыған байланысты қазақ халқының тағдырында ірі оқиғалар болды.

Қазақтың үш жүзінің басын қосып, біртұтас мемлекеттілігін қалыптастыруға тиісті аға хан Болат жігерсіз жан болды. Сондықтан аға хандықтан 1-ші үміткер Болат ханның інісі Орта жүздің ханы Сәмеке болды. Бірақ оған аға хандық бұйырмады. Үлкен Орданың иелігіне 2-ші үміткер Кіші жүз ханы Әбілхайыр еді. Бірақ Үлкен Орда иелігі оған да бұйырмады. Аға хан болып көпшілік билер қолдамаса да, Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Мұндай таңдау жасалғанына наразы болған Әбілхайыр майдан шебінен әскерін алып, еліне кері бұрылды. Сәмеке де Әбілхайырдан әскерін алып, Шудың бойымен Бетпақдалаға қарай кейін шегініп кетті. Жоңғарларға қарсы майдан әлсіреп, өз әскерімен Ташкентке бағыт алған Ұлы жүздің ханы Жолбарыс қазақтардың Ресеймен бірігуі іске асқанша қазақ елінің қас жауы жоңғарлармен мәмілеге келуге мәжбүр болды. Әбілхайырдың елге кері бұрылуы башқұрттардың кіші жүз жеріне шабуылды үдетуіне байланысты да болуы мүмкін. Бұл кезде әрбір жүздің ішінде феодалдық бытыраңқылық күшейіп, ру басшылары мен сұлтандары хан билігіне бағынбай, бөліне бастады.кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде де Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхар мен Хиуамен қатынастары да шиеленіскен күйінде қала берді. Сонымен бірге қазақстардың ортақ жауы жоңғарларға қарсы күрес те күн тәртібінен түскен жоқ.