Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции по ИК исправленные.doc
Скачиваний:
497
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
1.03 Mб
Скачать

4. Сталиндік жаппай саяси қуғын-сүргін

Сол 1920-1930 жылдардағы күрделі кезеңде Қазақстанда мәдениет, білім мен ғылым саласындағы, әдебиет пен өнердегі жетістіктермен қатар, келеңсіз құбылыстар да орын алады. Өйткені бұл кезең мәдениеттің тарихи тамырынан, әлемдік өркениеттің жетістіктерінен ажыраған жылдары болып табылды. Сонымен бірге бұл кезең зиялы қауым өкілдерінің саяси қуынға түсіп, тоталитарлық жүйенің құрбынан айналған болды.

1928 жылы «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген жалған айыппен 44 адам, бұрынғы Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және т.б. тұтқындалды. 1930 жылы еінші топ ішінде М.Тынышпаев, Х.Досмұхамедов сынды зиялылары бар 40-тан астам адам құғын-сүргінге ұшырады. 1937-1938 жылдарда саяси қуғын-сүргін қатыгездегі жағынан өзінің шарықтау шешіне жетіп, жаппай сипатқа ие болды. Жоғарыда аталған азаматтардың басқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Т.Рұсқылов, Ж.Садуақасов, О.Жандосов, қазақ әдебиетінің өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, ғалымдар Қ.Жұбанов, С.Асфендияров және т.б. ұсталып, аталды.

Сталиндік қуғын-сүргін саясатына байланысты Қазақстан жазалау лагерьлерінің аймағына айналды. Қазақ жерінде Дальний, Степной, Песчанный, камышлаг, Ақтөде, Жезқазған, Петропавллагерьлері, Кеңгір, Өскесен арнайы лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлер ішіндегі ең ірілері – Карлаг (ерекше тәртіптегі Қарағанды лагері), «Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагері («АЛЖИР») болды.

1937 жылдың күзінде Қазақ өлкесіне Қиыр Шығыстан «жапон таңшылары» деген заңсыз айып тағылып, 100 мың корей күштеп қоныс аударылды. Сол жылдың күзінде КСРО-ның кавказдық шекарасы бойынан «шекаралық аймақты тазалау мақсатында» мыңдаған курдтар, түріктер, әзірбайжандар, ирандықтар Қазақ жеріне күшпен көшіріліп әкелінді.

1920 жылдардың соңында КРСО-да тоталитарлық жүйенің негізі толығымен орнады. Бұл 1929 жылғы 6 қарашадағы КСРО-ның БОАК мен ХКК шешімімен қауіпті қылмыскерлерді қоғамнан аластату мен күшпен еңбек еткізу және алыс әрі игерілуі қиын аудандардағы табиғи ресурстары игеру үшін КСРО-ның шеткі аймақтарында – солтүстік аудандарда, Оралда, Қиыр Шығыста, Орта Азияда еңбекпен түзеу лагерьлерін құруынан көрінді. Бұл жерде БМСБ мен соттың ерекше қаулысы негізінде 3 жылдан 10 жылға дейін сотталғандардың еңбегін пайдалану туралы шешім қабылданды. Ол кезде еңбек лагерьлерінің және Еңбек қоныстарының бас басқармасы – ГУЛАГ құрылған болатын. 1940 жылы ГУЛАГ жүйесінде 53 лагерь болды, ал 1954 жылы олардың саны 64-ке жетті. 1930 жылы лагерьлерде 179 мың адам тұтқында болса, 1940 жылы 1344408 адам, ал 1953 жылы лоардың саны 1727970 адамға жетті.

1930 жылы КСРО ХКК-ның 13 мамырдағы қаулысымен Карлаг құрылды. Қарқаралы округінің аумағынан оған 110 мың га жер бөлінді. Қарағанды лагерінің басқармасы Қарағандыдан 45 км жердегі Долинка селосында орналасты. Карлаг ашылғанда, онда 47 ұлттың 2567 тұтқын өкілі отырды. 1933 жылы олардың саны 20262 адамға жетті, оның 2943-і қазақ болды. 1937-1938 жылдары тұтқындар саны 43мыңға жетті. Карлаг жүесінде 292 шаруашылық лагері, 26 еректі қоныс бөлімшісі болды. 1931-1960 жылдары Карлагта 1 млн-ға жуық адам жазасын өтеді. Жаппай қуғын-сүргін ауқымы күшейді. Оған дәлел ретінде мына деректерді келтіруге болады. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында* 1937 жылғы 19 қарашадағы Қазақстандағы Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының «Қуғын-сүргінге ұшырағандардың санын қосымша өсірутуралы» қаулысы сақталған. Осы қабылдаған қаулыға сәйкес І категория бойынша Кеңес Үкіметіне қарсы 2 мың адам (алдыңғы жоба бойынша 1975 адам болатын, бірақ сол кезде ОК хатшысы Л.Мирзоян өз қолымен барлық белгіленген цифрларды арту жағынан қарай көк қарындашпен қоршап қойған, басқа да көрсеткіштерді сөйткен). Ал ІІ категория бойынша 3 мың адам, барлығы 5 мың адам болды. Ондағы арсыздық пен қорлаудың шегі мына сөздер болды. Онда: «І категория бойынша 350, ІІ категория бойынша 400 адам қудаланушылардың резервінде тұрсын», - деп жазылған. Сұрау салу парағында бюро мүшелерінің бәрі де бірауыздан мақұлдап қол қойған. Сөйтіп, жоспар толық жасалды, енді оны орындау үшін «кінәлілерді» іздеп табу ғана қалды.

Мәскеу мен Ленинградтағы «дәрігерлер ісі», «Ленинград ісі» және т.б. қолдан жасалған «істер» Қазақстанда да пайда болды. «Іле ісі», «Шымкенттік іс», «Қарқаралы ісі» және т.б. «істер» бойынша «контрреволюциялық топтарға қатысушылар әшкерленіп, оларға ашық соттар жүрді». Ресми құжаттарда «сот құрамын ашық процестерді тез ұйымдастыра алатын адамдардан құру туралы» бұйрықтар беріліп отырған. ІІХК «үштігі» ешқандай сотсыз үкімдер шығаруға құзырлы болды. Ал «Қылмыстық кодекстің бабы» деген орынға (ҚК бойынша сотталған айыпкер) «шетел агенті», «Контрреволюциялық үгіт», «зиянкес» деп жазылып отырған.

Сол кездегі маңызды тарихи оқиғалардың бірі – Қазақ АКСР-ның астанасы 1929 жылы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Ал 1936 жылы 5 желтоқсанда қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес Қазақ АКСР автономиядан одақтық республикаға айналды, яғни Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Бұл қазақ мемлекеттілігінің тарихындағы маңызды саяси қадам болды.