Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

21. Әлеуметтік контроль - ол

Әлеуметтік бақылау (контроль)деп әлеуметтік жүйенің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз ететін адамдардың мінез-құлқын және олардың өзара қарым-қатынастарын нормативті реттеу түсініледі.

Әлеуметтік бақылау - әлеуметтік институттардың элементі. Ол арқылы индивидтердің әлеуметтік нормаларды, қызмет ережелерін және әлеуметтік шектеулерді басшылыққа алып әрекет етуі қамтамасыз етіледі. Адамның тіршілік-қызметін реттеудің мұндай тәсілі қоғамның тұрақтылығын ұдайы қамтамасыз етеді. Әлеуметтік бақылауды ретке келтіруде қоғам мен индивидтің өзара қарым-қатынасы проблемасы маңызды орын алады. Теориялық тұрғыдан алғанда қоғам мен тұлғаның қарым-қатынасы әлеуметтік бақылау жағдайында барынша қарапайым түрде көрініс береді: яғни, индивидуалдық сапаларды әлеуметтік стандартқа сәйкес жөнге келтіру

Әлеуметтік бақылау тұлғаның индивидуалдық мінез-құлқына қоғамның, әлеуметтік қауымдастықтың реакциясы арқылы іске асырылады. Соған байланысты қоғам әр түрлі санкцияларды қолданады.

Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.

                Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

  2. Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

  3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

  4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

  5. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.

22. Сауаланама жүргізу әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың әдісі ретінде

Бұл әдіс ғылымда ең кең тараған және барынша жиі қолданылатын әдістеме болып саналады. Оның мұндай дәрежеге көтерілуі әмбебаптығымен түсіндіріледі. Бақылау барысында зерттеуші объектінің тек қана нақты мінез-құлқын белгілейтін болса, сауалнаманың көмегімен ол адамдардың бүгінгі қылықтары туралы кең көлемдегі ақпарат ала алады, сонымен қатар, олардың өткен уақыттағы тыныс-тіршілігімен бірге болашақ жоспары, ниеттері жөнінде де ақпарат алады. Сауалнама әсіресе, индивидтердің субъективті жай-күйі жөнінде мәлімет алу қажет болғанда таптырмайтын ерекше құнды әдіс болып есептеледі. Сұрақтардың жиынтығы бұл әдістің түп негізін құрайды. Сұраулардың көмегімен ақпарат алынады. Ғылымда сауалнаманы жүргізуші адамдарды – анкетерлер, сұрақтарға жауап қайтарушыларды – респонденттер деп атайды. Алынған ақпараттың сипатына және оны алу тәсіліне қарай сауалнама бірнеше түрге бөлінеді.

Сауалнама әдісінің екі түрі бар: анкеталық және сұхбатнамалық. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын-ала жүргізіледі, респонденттің аты-жөні көрсетілмей жүргізіледі. Әдетте анкета үш бөлімнен тұрады: үндеулік, негізгі, төлқұжаттық. Үндеулік бөлімде зерттеудің мақсаты туралы қысқаша айтылып, оның мәні мен маңыздылығы атап өтіледі, анкетаны толтыру ережелері көрсетіледі, қайтарылған жауаптардың құпиялылығы сақталатындығы туралы ескертіледі. Анкетаның негізгі бөлімінде қажетті ақпарат алуға бағытталған сұрақтар орналастырылады. Алғашқы сұрақтар барынша түсінікті және қызықты болуы тиіс. Бұл респонденттердің қызығушылығын арттырады. Төлқұжаттық бөлімде респонденттердің демографиялық мәліметтері (жасы, жынысы және т.б.) жөніндегі сұрақтар қойылады.

Анкетаны құрастыруда сұрақтардың тұыжырымдылығына баса назар аударылады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап алады, содан соң логикалық жүйеде сұрақтар құрастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі.

Анкетаның сұрақтары негізгі үш топқа бөлінеді:

1.ашық түрдегі сұрақтар, мұның жауаптары анкетада көрсетілмейді, оны респонденттер өз қолдарымен жазып қайтарады;

2. жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып көрсетіледі. Жауап беруші жауаптың астын сызып немесе дөңгелектеп және т.б. етіп белгілейді.

3. аралас сұрақтар, бұл бірінші және екінші топтағы сауалдардың элементтерінен құралып, белгілі бір мөлшерде жауаптары жазылады.дайындалған анкетамен

Соседние файлы в папке shpory