Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

52. Э. Дюркгейм әлеуметтануы.

Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына « Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», « Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар , яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.

Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында.Қалыпты жағдайда сыртқы әлеуметтік детерминацияадамның құнды бағдары арқылы іске асады. Нормалар мен құндылықтар әлеуметтік құбылыстың, жалпы эмперикалық өмірдің екі жағына айналды.Әлеуметтік нормалар әлеуметтік факторлар сияқты мәжбүр ету сипатында болады, яғни адамды солардың мазмұнына сәйкес әрекет етуге күштейді.Дюркгеймнің ғылыми айналымға құндылықтар және бағдарлар ұғымдарын енгізуіне байланысты оның әлеуметтануының жаңа қырлары көрінеді:егерде сырттан әсер етілетін мәжбүр етуге сүйенбей, қоғамның адамгершілік қасиеттерін жетілдіруге көңіл бөлінетін болса , әлеуметтік нормаларда соғұрлым тиімдірек болады.

Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси , құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.

Жеке адамдарға қатысы әлеуметтік нормалар,құндылықтар және өзге де қоғамдық сананың көріністері объективті өмір сүреді. әрбір адам қалыптасқан белгілі бір саяси, құқықтық, моральдық және басқа да нормаларға, құндылықтарға және әлеуметтік нұсқауларға кезігеді. Адам болса оларды меңгеруі қажет және күнделікті өмірде іске асыруы тиіс. Осыған байланысты Дюркгейм әлеуметтік фактілердің екі негізгі белгілерін көрсетеді: жеке индивидтерге қатысты олардың объективтік өмір сүруі және олардың адамдарға мәжбүр ету ықпалы. Осылар арқылы Дюркгейм адамға әлеуметтік тіршілік иесі деп қарайды, оның дамуы мен қызметі әлеуметтік нормалар мен жарлықтардың ықпалымен жүреді. әлеуметтік фактілердің ортақ рухани табиғаты және мәні бар. Олардың бәрі топтық немесе бұқаралық сананын көрінісі. Олар адамдарға ұйымдасқан саналы ықпал етеді және әлеуметтік институттар, соның ішінде құқықтық, діни, т.б. арқылы жүзеге асады.

Соседние файлы в папке shpory