- •1.Әлеуметтік стратификацияның тарихи типтері
- •2 2.Әлеуметтік нормалар – ол
- •3.3Әлеуметтену – ол
- •4.Әлеуметтік аномия – ол
- •6.О.Конт және г.Спенсер әлеуметтануы
- •7.Әлеуметтік мәртебе – ол
- •8.Экперимент әлеуметтанулық зерттеудің әдісі ретінде
- •9. Әлеуметтік рөл – ол
- •10.Әлеуметтанудың функциялары
- •11.Конт әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •12.Адам, индивид, тұлға ұғымдарының арақатынасы
- •13.Әлеуметтік құндылықтар – ол
- •14.Тұлғаның әлеуметтенунің негізгі стадияларының сипаттары
- •15. О. Конттың қоғам дамуының үш стадиясы жөніндегі ілім.
- •16. К.Маркс әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •17. Ұжымдық мобилділік – ол
- •18. Әлеуметтік институттар: түсінігі, түрлері.
- •19.Басқару деңгейі бойынша қоғамның классификация
- •20. Д. Белл әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •21. Әлеуметтік контроль - ол
- •22. Сауаланама жүргізу әлеуметтанулық ақпаратты жинаудың әдісі ретінде
- •23. Жаһандандыру және оның салдарлары
- •24. Негізгі және өтпелі мәртебе – ол
- •25. Құрылымдық функционализм теориясын әзірледі
- •26. Индикаторлар – ол
- •27. Моралдік санкциялар – ол
- •28.Сипаты мен технология деңгейі бойынша қоғамның стратификациясы
- •29. Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).
- •30.Интервалдық шкала – ол
- •32. Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол
- •33. Әлеуметтік санкциялар – ол
- •34. Әлеуметтік конфликтердің негізгі түрлері.
- •35. Әлеуметтану қоғам туралы ғылым ретінде. Әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны.
- •36. Әлеуметтанулық сұрау: түсінігі, түрлері, әдісі, қолдану саласы.
- •37. Әлеуметтік эволюция – ол
- •38. Социометрия тұлғаралық қатынастың өлшеу әдісі ретінде.
- •39. Өндіріс тәсілі бойынша қоғамның классификациясы.
- •41. Х. Шелдон көзқарасы бойынша девиация байланысты …………….
- •42. Саяси әлеуметтану.
- •43.Әлеуметтік мәртебе: түсінігі, құрылымы
- •44.Іріктеу жиынтығы – ол
- •46. З. Фрейд көзқарасы бойынша девиация байланысты.................
- •47. Тiршiлiк ету құралдарының табуының әдiстерi бойынша қоғамның классификациясы.
- •48. Экономикалық әлеуметтану: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •50. Ч. Ломброзо көзқарасы бойынша девиация байланысты
- •51. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
- •52. Э. Дюркгейм әлеуметтануы.
- •53. Құрылымдық функционализм (т. Парсонс).
- •54. Әлеуметтік сұрау түрлері (атап өту):
- •55. Әлеуметтік конфликттің алғашқы субъектісі – ол
- •57. Әлеуметтік конфликт: түсінігі, түрлері.
- •59. Отбасы әлееуметтануы:түсінігі, қалыптасу уақыты
- •61. Постиндустриалды қоғамның белгілері
- •72Рөлдік конфликт
- •74. Мәдени – тарихи типтер тұжырымдамаларындағы қоғамның дамуы туралы
- •75. М. Вебер тұжырымдамасында қоғам ұғымы.
- •76. Қоғамның әлеуметтік құрылымы: түсінігі, негізгі элементтері
- •77. Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
- •78. Келе біткен мәртебе – ол
- •79.М. Вебер мен г. Зиммел әлеуметтануы
- •80. Тұлға ұғымы
- •82. Т. Парсонс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •83.Тұлғаның ролдер теориясы
- •84.Білім беру әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі
- •85.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы
- •86.Әлеуметтік құрылым ішіндегі мәртебе иерархиясы аталады......
- •87. Генералды жиынтық (совокупность) – ол
- •88. Әлеуметтену – ол
- •105.Заманауи Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылықтың факторлары (Стратегия «Казахстан-2030»).
- •106.Символикалық интеракционизм (д. Мид).
- •107.Бұқаралық коммуникацияның әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты,
- •108.Эмпирикалық зерттеулер: түсінігі, құрылымы.
- •118. Әлеуметтік мобильділік – ол
- •119. Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.
- •120. Мәдениет әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.
- •123. Заманауи қазақстандық қоғамдағы әлеуметтік процестер.
- •124. П. Сорокин, к. Маркс, р. Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт табиғаты.
- •126. Әлеуметтенудің алғашқы және кейінгі агенттеріне жатады………..
- •127. Ч.Кулидің «Сол күйіндегі бейнелеу» теориясы.
- •128. Әлеуметтік рөл және әлеуметтік мінез-құлық моделінің арақатынасы.
- •132. Аз топтардағы өлшемдердiң қатынасының әдiстемесі – ол
- •133.Сорокин, Маркс, Дарендорф тұжырымдамаларындағы әлеуметтік конфликт
- •134.Көлденең мобильділік – ол
- •135.Қоғам типологиясы
- •136.Марксизмдегі тұлға – ол
- •1137.Әлеуметтік рөлдің құрылымы
- •1138.Конфликтология (Дарендорф)
- •139.Келе біткен мәртебе
- •1140.Қоғамның дамуы туралы тұжырымдамалар
51. Қоғамның әлеуметтік стратификациясы.
Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз. Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар:
-касталар;
-сословиелер;
-таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады
жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған. Бұл қоғамда касталардың 4 тобы болған:
-брахмандар (діни иелері, абыздар), олар халықтың 3%-ын құрайтын;
-кшатрийлер (әскери адамдар);
-вайшьтер (саудагерлер), бұл екі топ халықтың 7%-ын құрайтын;
-шудралар (шаруалар мен қолөнершілер) – 70%-ға жуық;
-хариджандар – қоғамдағы ең төменгі, ауыр жұмыстарды (ауланы сыпыру, -қоқыстарды жинау, тері илеу, шошқа бағу) атқаратын адамдар.
Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек. Қазіргі кезде де Үндістанның кейбір аймақтары мен селолық жерлердегі адамдардың мінез-құлықтары және өмір салттарында касталық жүйенің қалдықтары сақталған. Сословиелік жүйелер – феодалдық қоғамда орын алған стратификациялық жіктеу типі. Бұл қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі сословиелерге бөлінген. Сословиелік статустар атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары сословиеге дворяндар, дін иелері, ал, төменгі сословиеге – қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір сословиеден екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасында кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі сословие адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары сословиелік статусты сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған. «Тап» деген ұғым ғылыми айналымға жаңа заманда енді. Әсіресе, XVIII-XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде бұл ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екендігін мойындау болды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылды.
Әлеуметтік стратификация теориясына өз үлесін қосқан М. Вебер және К.Маркс.