Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

85.К. Маркс тұжырымдамасындағы қоғам ұғымы

К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.

Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.

Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.

Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.

Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.

Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.

Әлеуметтануда қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік көзқараспен толықтырылады. Бұл теория марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық, саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы себеп-салдарлық байланысқа негізделген. Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес, керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде экономикалық жүйеге басты орын береді. өйткені экономикалық жүйенің негізінде материалдық игіліктер өндірісі қоғам мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның негізі болып саналады және әлеуметтік, саяси, идеологиялық салалармен өзара тығыз байланыста болады.

Қоғамның даму концепциялары:

формациялық тұғырнама (Маркс)- әлеуметтiк- экономикалық фактор маңызы және таптық күрес қоғам дамуында асыра бағаланады

адамдардың қоғамдық қатынастарын табиғи-тарихи процесс ретiнде қарастырсақ, бұл мәселеде ьасты рольды К.Маркс тұжырымдаған «қоғамдық сана» және «қоғамдық болмыс» категориялары алады. Өйткенi қоғам тарихында адамның санасы мен еркi арқылы реттелетiн, мақсат-мүддесiмен басқарылатын белсендi iс-әрекетiнсiз ештене болмайды. Бұл мақсат-мүдделердiн объективтi негiз бар- олар қоғамдық болмыс қатегориясымен айқындалады.

Қоғамдық болмыс- қоғамның материалдық өмiрi, ең алдымен адамдардың өндiрiстiк қызметi және адамдар арасында қалыптасатын өндiрiстiк, экономикалық қатынастар жиынтығы.

Қоғамдық сана- адамдардың рухани өмiрi, яғни адамдар өздерiнiң практикалық iс-әрекетiнде басшылыққа алатын идеялар, теолриялар мен көзқарастар жиынтығы. 

Қоғамдық сана ұғымы көлем жағынан аса кең философиялық категория болып келедi. Өйткенi ол коғамның рухани өмiрiнiң барлық жақтарын, шындықтың адам ойлаунда бейнеленуiнiң барлық формаларын қамтиды: идеялар, теориялар, көзқарастар (саяси, құқықтық, адамгершiлiк, эстетикалық, ф-қ, дiни т.б.), ғылыми бiлiмдермен қатар, әлеуметтiк сезiмдер мен көңiл күйлер, әдет-ғұрыптар, мiнез-құлықтар, дәстүрлер, (таптар, ұлттар) халықтар кейiп ерекшелiктерi де кiредi.

Бiрақ бұл екi категорияның арақатынасында келесi үрдiс байқалады: қоғамдық сана материалдық өндiрiстiн, еңбек қызметiнiң негiзiнде,(қоғамдық болмыс) қажеттi түрде шығады. Адамның табиғатқа мақсатты түрде әсер етуi, табиғатты өз қажеттiлiктерiне бейiмдеу, яғни еңбек процесiнде өндiруге тиiстi заттар мен құбылыстардың қасиеттерi жайындағы бiлiм деңгейi өседi.

Маркс пен Энгельс өз философияларында бұл категориялардың арақатынасы жайында келесi тұжырым жасап- қоғамдық болмыс бiрiншi, ал қоғамдық сана оған тәуелдi, оның туындысы екенiне келесi дәлел келтiрдi: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналасу үшiн алдымен сусын iшуi, тамақ жеуi, киiнуii баспанасы болуы тиiс, ал бұлар болу үшiн оларды өндiру қажет. Осы қарапайым ақиқаттың астарында қандай мән жатыр? Адамның бүкiл өмiрi, тiршiлiгi сайып келгенде материалдық игiлiктер өндiру тәсiлiне тәуелдi. Олай болса, бүкiл қоғам өмiрiнiң негiзi-еңбек. Өндiрiстiк еңбексiз қоғам өмiр сүре алмайды, тiптi пайда болмаған да болар. Сонымен, не алғашқы деген сұрақтан, келесi жауап туады: көғамдық сана қоғамдық болмыстан туады, соның бейнесi болып табылады, қ/б өзгергеннен кейiн сана да өзгередi. Бiрақ, адамның санасы әрекетшiл, белсендi қоғамдық күш болып табылады және тарихи дамудың жетекшiсi; ал тарихи дамудың негiзiн қоғамдық практика құрады. Адамның еңбек қызметiнiң практикалық iс-әрекетiнiң белсендiлiгi, сананың жасампаздығын, активтiлiгiн тудырады (К.Маркс «Фейербах туралы тезистерi»).

Сондықтан, қ/с және қ/б арақатынасы бiркелкi емес, қ/б бiлеушi, шешушi болғанымен кейбiр жағдайларда қ/с өз дербестiгiн, өз даму заңдылықтары бар екенiн байқатады:

1)қоғамның көптеген мүшелерiнiң санамы болмысқа сәйкес келмеуi, яғни артта қалып қоюы мүмкiн (Қазақстанда социализмнiң құлағанына ондаған жылдар өткенiмен, көптеген адамдар ескi сана қалдықтарынан әлi арыла алға алмады, зейнеткерлер)

2)қ/с қ/б озып кетуi де ықтимал. Бұл процесс қ/с қ/болмысты өзгерту қажеттiгiн алдын ала бейнелендiрiп, оның өзгеруiне көмектесу керек болған жағдайларда болады. (көрнектi қоғам қайраткерлерi, ғалымдар, өнер қайраткерлерi т.б. қоғамдық дамудың болашақ бағытын алдын ала болжап, құбылыстардың сырт көрiнiсiнiң iшкi мәнiң ашқанда; Ж.Ж.Руссо «Қоғамдық шарт» еңбегiнде буржуазиялық қоғамды дәрiптеп, алдын ала болжады.)

3) қ/с мен қ/б сабақтастық байланыста болады: әрбiр жаңа тарихи дәуiрдiң қ-қ идеялары мен теориялары жоқтан пайда болмайды, өткен дәуiрлердiң идеяларымен сабақтастық байланыстың негiзiнде туады. (социалистiк утопистiк идеялар)

Өткен дәурлердiң озат ф-қ қ-қ теорияларында, өнерi мен моралiнде жалпы адамдық мазмұны бар. Қ/с батлық формаларының өзгеруi мен дамуы сайып келгенде ғана материалдық өндiрiстiң дамуымен, экономикалық базиспен айқындалатының көрсетедi. Экономика қоғамдық сананың даму бағытын айқындап бередi.

4.Әлеуметтiк философияның көпқырлы, көпөлшемдi «түпкiлiктi формуласын» тауып және тегi жағынан тарихи, табиғаты жағынан философиялық болып табылатын әлеуметтанумен, мәдениеттанумен салыстырғанда оның немен айналасатынын бiле аламыз.

К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижелерінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.

Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгілі қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл — қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.

Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады.

Мазмұнына    қарай    әлеуметтік   қоғамдастықтар:

1)                      әлеуметтік - экономикалық (касталар, сословиелер, таптар);

2)                      әлеуметтік - этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар);

3)                      өлеуметтік - демографиялық (жастар, карт адамдар, балалар, ерлер, әйелдср, т.б.);

4)                      әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.);

5) әлеуметтік-территориалық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

Әлсуметтік қоғамдастықтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады.

Қоғамның әлеуметтік құрылымын осындай үш өлшем тұрғыснан жіктей келе әлеуметтану ғылымы басты назарды әлеуметтік - экономикалық қоғамдастыққа аударады. Өйтксні қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін, себептерін түсіну үщін бұл аталған өлшемнің мәні зор.

Қоғамда бір-біріне қарама-карсы таптардың шығуына басты себен болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен кұрылымындағы өзгерістерге байланысты коғамды басқа - рулың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

Қогам дамуының бұл сатысын "таптық, күрделі қоғам" деп жіктеуге болады.

Ғылыми әдебиет беттеріңде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәселсн, жазба өмірінің пайда болуымсн байланысты:

 а) жазбаға дейінгі жәие

 ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялык  катынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, пранвославиелік, католиктік, т.б. қоғамдар ден те жүктейді.

Әлеуметтану ғылымы коғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік -экономикалық белгілерге аударады.

Біз бұл турасында маркстік , формациялық тұрғыдан жіктеудін мәніне  көшейік. Маркстік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда нгізгі өлшемге өндіріс құрал-жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның таптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктсйді. Олардын басқаша 5 қогамдық - экономикалық формациялар дсп те атайды. Олар мыналар:

а)  алғашқы қауымдық қоғам;

ә) құл иеленушілік қоғамдық -экономикалық формация;

б)  феодалдық қоғамдық-экономикалық формация;

в)  капиталистік қоғамдық-экономикалық формация;

г)  коммунистік қогамдық-экономикалық формация.

Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық-экономикалық формациялар — таптық-антагонистік. қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекшс маңыз береді. Бүл — әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тансыз қоғам дейді.

Алайда XX ғасырдың барысындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

Кеңес Одағы мсн социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл-әміршіл, тоталитарлық саяси төртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамдарда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алды. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелдейді.

Ал, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи даму тәжірибесі капиталистік өндіріс тәсілінің артықшылығы дәлелдеп отыр. Бұл жеке меншікке, еркін кәсіпкерлік пеп нарыққа негізделген  қоғам. Мәселен, Германия мен Швеция мемлекеттерінің экономикалық даму дәрежесі, халқының әл - ауқаты, бостандық пен құқықтың кеңдігі, білімнің, ғылымның, денсаулық сақтаудың дәрсжесі осының дәлелі бола алады.

Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын. Ғалымдар капитализмнің  өзің:

-   бастапқы капитализм;

-   бюрократиялық капитализм;

-   олигархиялық каиитализм;

-   демократиялық капитализм

деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі коғамдардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

Бұл ретте XX ғ. 50-60-жылдарында американдық әлеуметтанушылар Даниел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының "үш сатысы туралы теорияның" мәні зор. Бүл ғалымдар өз-дерінің тұжырымдамаларын дүниежүзілік тарихқа салыстырмалы талдау жасау негізінде қорытындылаған.

Соседние файлы в папке shpory