Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

23. Жаһандандыру және оның салдарлары

Қазіргі жаһандандыру заманында өмірдің әлеуметтік - саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни бір қоғам бар қорғанғысы келеді - ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қолқам бар өзінің даму өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандай да бір тосқауылды сезінбейді. Жаһандану ұғымы мен құбылысына және жағымды - жағымсыз жақтарына қатысты ойдың жосығын былай қоя тұрып, мен оның принципті мәні бар бір қасиетін түсіндіре кетуді қажет деп санаймын. Жаһандану барлық елдер мен халықтар үшін ортақта жазмыштық құбылыс емес.

Мамандардың және саясаткерлердің пікіріне сай, жаһандандыру бірқатар елдер үшін жағымсыз салдар әкелу мүмкін. Бұл әр түрлі елдердің бірдей емес даму деңгейінде болу себебінен.

24. Негізгі және өтпелі мәртебе – ол

Әлеуметтік мәртебе – мамандығына, біліміне, біліктілігіне, қызмет түріне байланысты жіктейді. Әлеуметтік мәртебе адамның үлкен әлеуметтік топтың өкілі ретінде (мамандық, тап, ұлт,жыныс, жас мөлшері, дін) қоғамдағы орны. Жеке мәртебе деп индивидтің шағын топтағы орнын айтады, бұл индивидті осы топ мүшелерінің (таныстары,туыстары) бағалауы мен қабылдауына байланысты болады.

Әлеуметтік мәртебе индивидтің жағдайын жан-жақты сипаттайды: мамандығын, кәсібін, біліктілігін, нақты атқаратын жұмысының сипытын, қызмет-лауазымын, материалдық жай-күйін,саяси ықпалын,партияға мүшелігін,ұлтын, дінін, жас мөлшерін,отбасылық жағдайын және т.б. қамтиды.

НЕГІЗГІ МӘРТЕБЕ, мысалы ӘЙЕЛ, ҚАЗАҚ, ДӘРІГЕР, ДОЦЕНТ, БӨЛІМІ МЕҢГЕРУШІСІ, ЗАЙЫБЫ, АНАСЫ, ӘПКЕСІ, ҚЫЗЫ

УАҚЫТША МӘРТЕБЕ(өтпелі) мысалы, ЖАЯУ ЖҮРУШІ, ОҚЫРМАН, САТЫП АЛУШЫ, ЖОЛАУШЫ, КЛИЕНТ, ЕМДЕЛУШІ

25. Құрылымдық функционализм теориясын әзірледі

Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

26. Индикаторлар – ол

Индикатор, әлеуметтік объектілердің көрсеткіші, олардың күйлерін , қызмет ету процестерін және дамуын көрсетеді, салыстыру құралы болып табылады.

27. Моралдік санкциялар – ол

Моральдік санкциялар - қоғамның этикалық құндылықтарын қолдауға бағытталған ықпал ету шаралары.

Соседние файлы в папке shpory