Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

118. Әлеуметтік мобильділік – ол

«Әлеуметтік мобильдік» деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға орын ауыстыруын айтамыз. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді.

119. Ұжымдық мобилділік: түсінігі, себептері, салдарлары.

120. Мәдениет әлеуметтануы: түсінігі, қалыптасу уақыты, пәні, зерттеу мәселесі.

«Мәдениет» деген ұғым латын тіліндегі «Cultura» сөзінен алынған. Ол өңдеу, игеру, әдемілеу, тәрбиелеу, білім алу сияқты мағыналарды білдіреді. Ғылыми әлеуметтану мәдениетті, оның алуан түрлерін адамның қолымен істелген және ақыл-ой санасымен өңделіп, жасалған еңбегінің жемісі ретінде қарастырады.

Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы. Мәдениетсіз адам қоғамы болмайды.Мәдениеті өркендеген қоғам әр уақытта ілгеріп, дамиды, мәдениет қоғамдағы барлық құбылыс, процестермен тығыз байланысты.

Мәдениет негізінде екі үлкен түрде болады: Материалдық және рухани.

1. Материалдық – бұл өндірістегі құрал-саймандар,техника, құрылымдар, т.б

2. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет,т.б.

Мәдениет – адам құндылықтарының жиынтығы. Басқаша айтқанда, мәдениет адамдардың іс-әрекет, қимылдарының, еңбегінің, іс-қызмет, жұмысының, тәрбиесінің негізінде жинақталған және қоғамның ілгері дамуына әсер ететін, адамдардың жоғары адамгершілік қасиеттерінің, ғылымның, білімнің, тәрбиенің, әдет-ғұрып, салттардың бағалы ережелердің, нұсқаулардың, т.б мұраттардың жиынтығы. К.Маркс айтқандай, мәдениет адамның мәнді, маңызды күш-қуатын, яғни оның мақсатын, талап-тілегңн, қабілетін іске асырып орындауды, оның өзін-өзі қалыптастыру және жан-жақты дамуын қамтамасыз етііп,күнделікті өмірде қолдануды білдірмек. Мәдениетті жалпы әлеуметтанудыңарнаулы териясы – мәдениет әлеуметтануы зерттейді. Ол мәдениеттің қоғамдағы атқаратын қызметінің заңдылықтарын, нақтылап айтсақ, қоғамдық жүйеде мәдениеттің алатын орны мен маңызын, әлеуметтік және әлеуметтік-демографиялық әр түрлі топтардың талап-тілегін, мүддесін, ұсынысын, бұқара халықтың мәдени қызметін, өндіріс және мәдениетті тұтыну салаларында мәдени әлеуметтік институттардың, мекемелердің жағдайын, атқарып жатқан қызметтерін,т.с.с зерттейді. Мәдени әлеуметтану мұнымен бірге мәдени дамуды, оның әр түрлі әлеуметтік институттары (білім,ғылым,этикалық жәнк көркемөнер, адамгершілік) мен мекемелерінің (театр, кино, мұражай, кітапханалар) дамуын болжап, жоспарлайды. Мәдениет әлеуметтануының негізгі мәселесі – мәдениеттің ерекше құбылыстарын, оның қоғамда атқаратын қызметінің заңдылықтарын, қоғамдық мәдениеттің шығармашылық мақсатын зерттейді, қоғамда жаңа мазмұндағы мәдени және рухани құнды мұраттарды қалыптастырады.Мұнан әрі мәдени әлеуметтану әлеуметтік тапсырыстардың, яғни жүзеге асуы міндеттелген әс-қызметтің (жұмыстың) орындалу мазмұндарын анықтайды.Мысалы,жаңа көркем әдебиет пен арнаулы бір көркемөнер түрін жасауға арналған әлеуметтік тапсырысты орындауға қандай факторлар кедергі жасап отырғанын зерттеп, оларды жұмсарту немесе жою туралы жаңа шешім, кеңес, ұсыныстар береді.

121. Рөлдік күту – ол нақтылы бір рөлден қандай да бір мәселеге байланысты бірдеңе күту,тосу,үміт ету.

122.Әлеуметтік топ – ол кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы.

Соседние файлы в папке shpory