Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpory / Sotsiologia.docx
Скачиваний:
1678
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
600.8 Кб
Скачать

29. Құрылымдық функционализм (т.Парсонс).

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ФУНКЦИОНАЛИЗМ қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыратын теореткалық көзқарас.

Аталмыш бағыт аясында талдап ҽзірленген қоғамның жүйелік моделі органицизмге тҽн идеялар жиынтығын біріктіріп, қорытты. Өзгерістерді талдауда ҽдетте пайдаланылатын тұжырымдамалық аппарат, түгелімен ең алдымен жүйелік модельден алынады, тіпті ғалымдар мұны түсінбесе немесе өздерін жүйелік жҽне құрылымдық – функциялық теориялардың жақтасушымыз деп санамаса да солай етіледі. Тек таяуда ғана, «жүйелік модельге», қоғамның процесс тұрғысынан, қарастырылатын «балама бейнесі» немесе морфогенетикалық көзқарас тұрғысынан қарсы қойылды да, соның салдарынан ҽлеуметтік өзгерістерді зерттеуде пайдаланылып келген тұжырымдамалар тиісінше модификацияға ұшырады.

Жүйелік модель әлеуметтік өзгерістер тұжырымдамасының туындысы ретінде

Жүйелер теориясының негізгі идеясына сҽйкес, кешенді бүтін ҽрқилы өзара байланыстармен біріккен жҽне өздерін қоршап тұрған нҽрседен қандай да бір шекаралармен оқшауланған көптеген элементтерден тұрады. Бұндай жүйелердін кҽдуілгі мысалдары қызметін тірі организмдер ғана емес, молекулалар, планеталар, галактикалар атқара алады. Бұлай қорытуды адамзат қоғамының ҽртүрлі деңгейлеріне қолдануға болады. Жүйе ретінде макродеңгейде «жаҺандық қоғам» (адамзат), орта деңгейде (мезодеңгей) – ұлттық мемлекеттер мен аймақтық саяси немесе ҽскери одақтар, микродеңгейде – локалдық бірлестіктер, ассоциациялар, фирмалар, отбасылар, достар тобы жҽне т. б. қарастырылады. Ол-ол ма, ондай терминдермен экономика, саясат, мҽдениет секілді принципінде қилы өрістер де нобайлана алады. Осылайша, жүйелер теориясы мектебінің өкілдері, соның ішінде Талкотт Парсонс (1902–1979), «жүйе» ұғымын тек өзекті ғана емес, ҽмбебапта ұғым деп санады.

30.Интервалдық шкала – ол

Интервалдық шкала – ол измеряет в интервальных значениях возраст, доход.31. Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол «ұжымдық санаға» негізделген жекешеден жоғары тұрған рухани шындық ретінде сипатталады.

32. Э.Дюркгейм әлеуметтануындағы қоғамның даму факторлары – ол

19-ғасырдыңаяғында итальян дәрігері Цазере Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адм қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның астыңғы иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл концепцияны жақтаушылар көп болды.

Мәселен, атақты американдық психолог және дәрігер Уильям Х. Шелдон да (1940) девиацияға байланысты адамның дене бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын. Мысалы, эндоморфты адамдар, яғни, біршама дөңгелектеу келген орташа толық адамдар әдетте көпшіл, елмен тіл табыса алатын және өз қалауын бірінші орынға қоймайтын, басқаның иіне көнгіш болып келеді. Мезоморфты адам, яғни, денесі мығым, сымбаттылығымен ерекшеленетін адамлар мазасыздыққа бейім, белсенді, әрі сезгіштік қасиеті төмендеу болып келеді. Ал эктоморфты адамдар, яғни, денесі жіңішке, нәзік адамдар өзіне-өзі талдау жасай алу қасиеті басым, сезімтал және тез көңілі қалғыш келеді деп көрсетеді.

Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім(девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді. Тағы да осындай зерттеулерге сүйене отырып, басқа да кейбір тұжырымдар жасайды. Мәселен, егер баланың бойынын аласалығын бетіне баса беретін болса, ол өзінің эмоциялық күйзелісін қоғамға қарсы қоюы мүмкін, содан ол балада девиантты мінез пайда болуы мүмкін деп қорытынды жасайды. Алайда, биологиялық фактор девиациялық құбылыс үшін көп себептердің бірі ғана болуы мүмкін, ол үшін, бұнымен бірге, психологиялық және әлеуметтік факторлар да болуы ықтимал. Сондықтан девиациялық құбылыстың себебін анықтау үшін көпетеген күрделі факторлардың жүйесіне сүйену керек.

Психоаналитиктер адамның мінезіндегі құбылмалы (девианттық) жағдайларды психологиялық тұрғыдан талдау жасай отырып, «адамның ақыл-есіндегі деффектерді», «дегенративті», «ақылы баяу» және «психопатия» мәселелерін зерттеуді маңыздылығын көрсетеді. Криминологтар осындай құбылыстар мен криминальды мінездің арасындағы байланысын көрсететін ғылыми тәсілдерді табуға тырысады. Мәселен, Фрейд «өзін кінәлімін деп сезгіш» адам потенциалды бұзақы адам деген түсінікті енгізеді.

Соседние файлы в папке shpory