Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Құттықтаухат

Құттықтаухат мерейтойларда, үкімет наградасымен марапатталғанда, маңызды мерекелерде және тағы басқа жағдайларда жолданады.

Құттықтаухат құрметі, қадірлі, аса қадірлі, қымбатты деген сөздермен басталады. Содан кейін құттықтау себебі жазылады және құттықтаушы қуаныш иесінің жетістіктері туралы хабардар екенін білдіруі қажет. Мысалы:

- Сіз осы жылдар аралығында зор жетістіктерге (табыстарға) жеттіңіз

- Біз сізді әділ басшы, іскер маман ретінде көрсете білдіңіз

- Сіз өзіңізді іскер маман ретінде көрсете білдіңіз

- Қызметкерлер арасында сіздің беделіңіз жоғары

- Сіздің экономика (филология, ветеринария т.б) саласына, фирманың (кәсіпорынның, мемлекеттің) өркендеуіне қосқан үлесіңіз зор т.б.

Осыдан кейін ізгі тілектер жазылады. Соңында құттықтаушының аты-жөні шын жүректен, ізгі тілекпен, шынайы көңілден деген сөздермен аяқталады.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Құттықтаухат қандай жағдайларда жазылады?

2. Құттықтаухат қандай сөздермен басталады?

3. Құттықтаухаттың құрылымы қандай?

2-жаттығу. Құттықтаухат үлгісімен танысыңыз

Құрметті Абай Дәулетұлы!

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университеті ұжымы атынан Сізді 50 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Біз Сізді әділ басшы, білікті маман ретінде жоғары бағалаймыз. Сіз осы уақыт аралығында биік жетістіктерге жеттіңіз.

Біздің ұжым атынан сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасылық бақыт тілейміз. Ғұмырыңыз ұзақ болсын.

Ізгі ниетпен,

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымы

3-жаттығу. Мереке-кештерде, жиын-тойларда айтылатын тілектермен танысыңыз. Есте сақтаңыз

1. Шығыс халықтарына ортақ үлкен мейрам Наурыз – бірліктің, татулықтың, ізгіліктің, бақыттың мерекесі саналады. Олай болса құрметті қауым, барлықтарыңызға татулық, береке-бірлік тілеймін. Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт-береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

2. Ғұмыр жасы ұзақ болсын. Жастан жасқа аман есен жете берсін. Елінің елеулі, халқының қалаулы азаматы болсын.

3. Көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін аяулы аналарымыздың, әпкелеріміздің, қарындастарымыздың төл мерекесі – 8 наурыз мейрамын бәріміз асыға күтеміз. Ер азаматтар бұл күні гүл, сыйлық дайындап, анасының, қарындасының, сүйіктісінің жүрегіне қуаныш сыйлауға асығады.

Құрметті ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­қыз-келіншектер! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін!

Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпаңыздар!

4. Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жыл жаңа табыстар әкелсін! Жаңа жылда бәріміз бақытты болайық, жаңа табыстарға жетейік

5. Туған күнің құтты болсын! Денсаулығың мықты болсын, жұмысың табысты болсын, дастарқаның мол болсын!

6. Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Аспанымыз ашық болсын! Еліміз тоқ болсын! Достарымыз көп болсын!

7. Бүгінгі той құтты болсын! Жас жұбайлар бақытты болсын! Босағалары берік, шаңырақтары биік, керегелері кең болсын! Үбірлі-шүбірлі болсын!

8. Кішкентай нәресте құтты болсын! Бауы берік болсын! Ғұмыр жасы ұзақ болсын! Жастан жасқа аман есен жете берсін! Үлкен жігіт болсын! Еліміздің үлкен азаматы болсын!

9. Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор, еңбегіңіз табысты, көңіліңіз көтеріңкі болсын! Жасыңыз ұзақ болсын!

10. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың аспаны ашық болсын!

4-жаттығу.Төмендегі тапсырмалар бойынша құттықтаухат үлгілерін құрастырыңыз.

1.Жеке тұлғаның атынан белглі бір мекеменің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаңыз.

2.Мектеп әкімшілігі атынан «Жыл ұстазы» байқауының жеңімпазын құттықтаңыз.

3. «Салтанат» құрылыс фирмасының атынан «Қазақстан темір жолы» Ақ мерейтойымен құттықтаңыз.

4.Досыңызды мүшелтойымен құттықтаңыз.

5.Ағаңызды тойымен құттықтаңыз.

6.Наурыз мерекесімен Қазақстан халқын құттықтаңыз.

7.халықаралық әйелдер күнімен анаңызды құттықтаңыз.

8.Әріптесіңізді мерейтойымен құттықтаңыз.

9.Оқытушыңызды ұстаздар күнімен құттықтаңыз.

10. «Көкшетау минсулары» АҚ «Сапа белгісі» иегері атануымен құттықтаңыз.

11.Танысыңызды жаңа жыл мерекесімен құттықтаңыз.

12.Соғыс ардагерін Жеңіс күнімен құттықтаңыз.

13.Балабақшаның тәрбиеленушілерін балалар күнімен құттықтаңыз.

14.Түлектерді мектеп бітіруімен құттықтаңыз.

5-жаттығу.Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Құрметті Баймұрат Кәрімұлы!

Сізді ұлыстың ұлы күні, халықтық мереке - Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Наурыз - қайрымдылық пен имандылық , бірлік пен достықтың ұлы мерекесі. Ол баршамызға жақсылық, ырыс, отбасыңызға баянды бақыт пен құт-береке ала келсін.

Шынайы тілекпен - әріптестеріңіз