Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Жолдама хат

Жолдама хат – белгілі бір құжатпен бірге жіберілетін қосымшаның немесе қосымшалардың құрамы, мазмұны, көлемі, саны туралы берілген хат.

Жолдама хаттың құрылымы:

  • бланктік штамп реквизиттері;

  • мекеменің толық аты;

  • мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі;

  • мәтін;

  • жолдама хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні, тегі.

1- жаттығу.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жолдама хат қандай құжат?

  2. Оны қай кезде береді?

  3. Оның құрылымы қандай?

2- жаттығу.Төмендегі тапсырмалар бойынша жолдама хат үлгілерін құрастырыңыз.

1.Көкшетау қаласындағы қаржы бақылау бөлімінің бастығы Р.П. Есімсейітоваға «Темір» фирмасы қаржылардың жылдық бақылауына байланысты есеп жолдайтыны туралы жолдама хат

2.Облыстық халық шығармашылық орталығының директоры К.Ә. Біләловаға «Арм-студия» сіздердің №32 сұраныстарыңыз бойынша Алматы-Петропавл пойызымен 2 дана музыкалық орталық жолдайтындығы туралы жолдама хат жазыңыз.

3.ҚР Қаржы министрлігінің есеп-бақылау бөлімінің директоры А.Н. Халеловқа Ақмола облыстық қаржы басқармасы №1,2,3 формалары бойынша есеп жолдайтындығы жайлы жолдама хат жазыңыз.

4.«Мерей» жиһаз жасау АҚ-ның атынан Халық банкінің кредиторының жұмыс орнына жеке еңбекақысы туралы анықтамасын жібергені туралы банк директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

5.«Атамұра» баспасы бас редакторының атынан сұраныс бойынша басылып шыққан әдебиеттерді жібергені туралы «Шоқан Уәлиханов» кітап дүкенінің меңгерушісіне жолдама хаттың үлгісін жазыңыз.

6.Көкшетау қалалық әскери комиссариаты бастығының атынан Астана қалалық әскери комиссариаты бастығына әскери міндетті азаматтың құжаттарын жіберуі туралы жолдама хат үлгісін жазыңыз.

7.Орта мектептің 10-сыныбының лицейдің 10-сыныбына ауысуына байланысты оқушының құжаттарын жіберуі туралы мектеп директоры атынан лицей директорының атына жолдама хат үлгісін жазыңыз.

8.Науқастың Республикалық диагностикалық клиникаға жатқызылуына орай, қалалық емхана кардиолог дәрігерінің тіркеуінде тұрған аурудың 1 жыл ішіндегі ЭКГ нәтижелері мен УЗИ суреттерін жіберуіне байланысты клиниканың бас дәрігеріне емхана меңгерушісі атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.

9.Университет студентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елде оқытылуына байланысты оның құжаттарын жіберу туралы Ресейдің М.Ломоносов атындағы ММУ ректорының атына университет ректоры атынан жолдама хат үлгісін жазыңыз.

10. Жоғалған дипломын қайта алу үшін жеке тұлғаның атына университет мұрағатының меңгерушісі атынан дипломы мен қосымшасының көшірмесін, мемлекеттік емтихан нәтижелері.

3-жаттығу.Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Жолдама хат

Көкшетау қаласы Қазақстан республикасы Ғылым

25.11.2007 ж. №29 академиясының орталық ғылыми

кітапханасына

_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

480021, Алматы қаласы,

Шевченко к. 28-үй

Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Сіздің кітапханаңызға университет баспасынан шыққан төмендегі басылымдарды жолдайды.

1. «Жоғары мектепте лингвистика, әдебиеттану және шет тілін оқыту әдістеме мәселелері» атты Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушыларының мақалалар жинағы.

2. «Солтүстік Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық дамуының мәселелері» аймақтық ғылыми – практикалық конференция материалдары 2 том.

3. «ХХІ ғасырдағы химиялық фосфордың даму перспективасы (келешегі)» атты халықаралық ғылыми семинардағы баяндамалардың тезистері.

Ғылыми бөлімнің жетекшісі: қолы Б.С. Шәріп

АҚПАРАТ ХАТ

Ақпарат хат- белгілі бір ортада атқарылатын жұмыстарға байланысты ақпаратты басқа мекемелерге тарататын жазбаша құжат.

Ақпарат хаттың құрылымы:

  • Бланктік штамп реквизиттері;

  • Мекеменің толық аты;

  • Мекеме басшысының қызметі, ты-жөні, тегі

  • Мәтін

  • Ақпарат хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.

Ақпарат хат

Ш.Ш Уәлиханов атындағы көкшетау мемлекеттік университетінің қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен 2001 жылдың 8 қантарындағы сағ. 11.00, (№ 219 дәрісхана) «Мектепте лексикалық тақырыптады дамыта оқыту» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізіледі.

Ғылыми – әдістемелік семинардың қарайтын мәселелері:

  1. Қазақ тілі оқулықтарына енгізілген жаңа лексикалық тақырыптар.

  2. Сөздің ауыспалы мағынасының жасалу жолдарының оқулықта берілуі.

  3. Ауыс мағына мен көпмағыналық проблемасы.

  4. Лексикалық талдау.

Мекен жайымыз: Көкшетау қаласы, Ақан сері көшесі, 24.

Қазақ тілі кафедрас (№215 бөлме).

Байланыс телефондары: 26-67-13, 25-55-95.

1- жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Ақпарат хат қандай құжат?

2.Оның хабарландырудан қандай айырмашалығы бар?

3.Ақпарат хаттың құрылымы қандай?

2-жаттығу.Төмендегі тапсырмалар бойынша ақпарат хат үлгілерін құрастырыңыз

1.Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театры жеңіс күнінің 63 жылдығы мерейтойына арналған концерт өткізетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.

2.2008 жылғы мамыр айының 7-сі күні «Көкшетау» мәдеинет сарайында Ұлы жеңістің 63 жылдығына арнаған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты облыстық көркемөнерпаздар байқауының галаконцерті өтетіндігі туралы ақпарат хат құрастырыңыз.

3.Студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы болатындығы туралы ақпарат хат құрастырыңыз

4.Мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының ұйымдастыруымен 2006 ж. Наурыз айында «Қазіргі білім беру және оқытудың жаңа технологиялары» тақырыбында аймақтық семинар өткізілмекші. Осы жағдайға орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

5.Облыстық іскер әйелдер қоғамының ұйымдастыруымен «Әйел жәнеіскерлік әлемі» атты дөңгелек үстелі өткізілмекші . Осы жағдайға байланысты күнін , орнын , қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

6.Облыстық кітапханада ҚР-ның танымал жазушысы С.Жүнісовтың шығармашылығына арналған «Көкшенің сәкен серісі» атты оқырмандар конфернциясы өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты конференцияның күнін , орнын , қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

7.Қалалық әкімшіліктің ұйымдастыруымен «Аймақтың экономикалық ахуалы және өркендетудің тиімді жолдары» атты семинар ұйымдастырылмақшы. Осы байланысты семинардың күнін , орнын , қарастырылатын мәселелерін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

8.«Жұлдыз» республикалық дарынды балалардың орталығында нақты ғылымдардың республикалық олимпиада өткізілмекші. Осы жағдайға байланысты олимпиаданың күнін , орнын , пәндерінің тізімдемесін көрсетіп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

9.Орта мектептің ұйымдастыруымен қалааралық мектептердің арасында тапқырлар мен көңілділер сайысы өткізілмекші. Соған орай ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

10.Облыстық спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аймақтық жеңіл атлетикадан спартакиада өткізілмекші. Осы мәселеге орай барлық жағдайды ескеріп, ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

11.Қалалық СЭС-тің ұйымдастыруымен «Нашақорлық пен жас ағзаның ерекшелігі » атты конференция өткізілмекші. Осы мәселеге байланысты ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

12.«Атамұра» республикалық баспасынан осы жылы жоспарланған әдебиеттерді көрсетіп , ақпарат хат үлгісін жазыңыз.

13.Қалалық спорт мектебіндегі барлық секциялар мен жетекшілердің көрсетіп, тәлім алушылардың жетістігін баяндайтын ақпарат хат үлгісін жазыңыз

3-жаттығу.Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Ақпарат хат

Саяхат бойынша Көкшетаулық кеңес Қазақстан Республикасының әр түрлі аудандарына құрастырылған бағдарлар бойынша жаппай сапарларды өткізеді.

Қазіргі кезде шілде - тамыз айларға саяхаттық жолдамалар бар. Жолдаманың құнына кіретіндер: жолақы, тамақ және саяхаттар. Жолдамаларды хаттау саяхат бойынша көкшетаулық кеңесте орындалады. Қосымша : 2006 жылға бағдарлар жоспары.

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Темірбеков көшесі, 14-үй.

Байланыс телефондары: 25-32-51,26-30-21.