Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Жеделхат

Жеделхат – телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Жеделхат мәтіні қысқа, дәл, анық, ең ұзақ дегенде 300 сөзден аспауы керек. Жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданылмайды.Хабарландырулармен теледидар, радио, газеттерден және хабарландыру тақталарынан танысуға болады. Ресми хабарландырулардың белгілі тәртібі болады. Хабарландыру бос қызмет орны туралы, жылжымайтын мүлікті сату, сатып алу және қандайда бір шараның өту мерзімін, уақытын, мекенін хабарлау үшін беріледі.

Негізгі сөздік

жиналыс-собрание

мәжіліс-заседание

кеш-вечер

бүгін-сегодня

ертең-завтра

кездесу-встреча

күн тәртібі- повестка дня

мәселелер-вопросы

баяндама-доклад

хабарлама-сообщение

болады-состоится

өткізіледі-проводится

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

1. Жеделхат қандай жағдайларда жазылады?

2.Жеделхат қандай сөздермен басталады?

3.Жеделхаттың құрылымы қандай?

4.Жеделхат мәтіні қандай болуы тиіс?

5.Телеграф арқылы берілетін жедел сипатты құжат түрін атаңыз?

6.Жеделхат мәтінінде кіріспе сөз, шылау сөздер қолданыла ма?

3-жаттығу. Жеделхат үлгісімен танысыңыз

Астана қаласы

ШҰҒЫЛ

Бейбітшілік көшесі, 10-үй

«Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру -әдістемелік орталығы» директорына

«Тұлпар» поезымен 1000 дана «Жаңа толқын» оқу-әдістемелік кешені жіберілді. Ертеңгі сағат 7:45- те қарсы алыңыздар.

Алматы қаласы, С.Мұқанов көшесі, 24

Сөздік баспасы.

Директоры: (қолы) Ж.Қамбаров.

12.10.2009 жыл

4-жаттығу.Тиісті жалғауларды қойыңыз.

Жеделхат – телеграф арқылы беріл..... жедел сипатты құжат. Жеделхат мәтін.. қысқа, дәл, анық, ең ұзақ деген... 300 сөзден аспауы керек. Жеделхат мәтінін.. кіріспе сөз, шылау сөздер қолданыл...йды.

5-жаттығу.Жеделхат үлгілерін құрастырыңыз.

1.Өзіңіз оқитын оқу орнына науқастануыңа байланысты сабаққа кешігетінің туралы жеделхат жіберіңіз.

2.Ініңізді 25- жүрдек пойызынан күтіп алу туралы отбасыңызға жеделхат үлгісін жазыңыз.

3.Апаңызға «сәлемдемеңді алдым» деген жеделхат құрастырыңыз.

4.№1 орта мектеп директоры атына 50 жылдық мерейтойымен құттықтайтындығыңыз туралы жеделхат жазыңыз.

5.Досыңа өзіңнің курстастарыңмен 5 жылдық кездесуге келе алмайтындығыңыз туралы жеделхат жазыңыз.

Түсініктеме хат

Түсініктеме – негізгі құжаттың (жоспардың, есептің, жобаның) жекелеген ережелерін немесе қандай да бір фактінің, оқиғаның себептерін түсіндіретін құжат. Мазмұны бойынша түсініктеме екіге бөлінеді. Бірінші топқа негізгі құжатқа (жоспарға, есепке) ілесіп жүретін және негізгі құжаттың жекелеген ережелерін түсіндіретін құжаттар кіреді. Олар кәсіпорынның жалпы бланкілерінде ресімделеді.

Екінші топқа қандай да бір оқиғалар, қалыптасқан жағдайлар, жекелеген қызметкерлердің әрекеттері мен тәртібіне байланысты түсіндірме жазбалар енеді. Мұндай жазбалардың мәтіні дәлелді, қысқа болуы керек. Баяндау хаттар сияқты олар ішкі және сыртқы болып бөлінуі мүмкін. Құрылымдық бөлімшелердің немесе мекемелердің басшыларына берілетін ішкі түсініктемелер компьютермен бастырылған түрде немесе қолмен жазылған түрде таза қағазға ресімделеді. Жоғары тұрған органдарға жіберілетін сыртқы түсініктемелерге кәсіпорынның басшылары қол қояды және хаттар, факстерге арналған жалпы бланкіде ресімделеді.