Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Мінездеме

Аскаров Қайрат Қуанышүлы 1964 жылы 15 кыркүйекте Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы... туған, ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1971-1981 жылдар аралығында Қорғалжын орта мектебі... оқыды. 1981 жылы аталған мектеп... тәмәмдап, 1981 жылы Ақмола ауылшаруашылық институты... механикаландыру факультетіне оқуға түсті. Осы аталған оқу орнын 1986 жылы үздік диплом... бітір... .

Еңбек жолы... Ақмола ауылшаруашылық институты механикаландыру қафедрасы... оқытушы... болып бастады. 2000 жылы механикаландыру саласы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Қ.Қ. Аскаров - өз ісін жетік білетін, тәжірибелі маман. Ол бірнеше ғылыми еңбектер... автор... .

Қ.Қ. Аскаров - қазақ, орыс, ағылшын тілін жетік біледі, компьютер... жұмыс істей алады.

Қ.Қ. Аскаров – студент... мен әріптестер... арасында беделді; үлгілі отбасы иесі.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталық... бас маманы қызметі... ұсыну үшін беріледі.

8- жаттығу.Мінездеме үлгілерімен танысыңыз

1-үлгі

Ахмет Байтұрсынов атындағы

Қостанай мемлекеттік университетінің

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің

3 курс студенті А. Өтеповаға

Мінездеме

Анар Өтепова Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің 3 курс студенті. Факультеттегі ең үлгілі, жауапты студент. Оқу озаты, топ жетекшісі. Әрқашан сабақтарға жақсы дайындалады. Қоғамдық жұмысқа белсене араласады.

Өз жанынан шығарған өлеңін домбыраға қосып айтудан Астана қаласында өткен жастар фестивалінің жеңімпазы. Университет, факультет көлемінде өткен конференцияларға қатысып, үнемі жүлделі орындарды иеленеді. Қазір «Ахмет Байтұрсынов» атындағы стипендияны алады. Сабақтан тыс үйірмелерге, спорт секцияларына қатысады. Студенттерге көмектесуге үнемі әзір тұрады. Студенттермен, оқытушылармен өте жақсы тіл табыса алады.

Болашақта Анардың білімді маман болатынына сеніміміз мол.

Факультет деканы: /аты жөнi, қолы/

Топ эдвайзері: /аты жөнi, қолы/

20 жылы

2-үлгі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

практикалық лингвистика кафедрасының оқытушысы О.Т.Сұлтанғазинаға

Мінездеме

Мінездеме 1975 жылы 23 шілдеде Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Әулиекөл ауылында дүниеге келген О.Т.Сұлтанғазина берілді. О.Т.Сұлтанғазина А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін 1997 жылы бітірген. Жалпы еңбек өтілі - 18 жыл, жоғары оқу орнында – 12,5 жыл.

Орынбасар Талғатқызы қызмет еткен кезінен бастап, қабілетті, білімді, ұқыпты маман ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өз мамандығы бойынша кәсіптік шеберлікті жақсы меңгерген. Орынбасар Талғатқызы өз сабақтарында теорияның тереңдігін, іскерлік машықтарын, алған білімін өмірде қолдана алу дағдыларын қалыптастырады.

Оқытушының басты мақсаты – қазақ тілін қарым-қатынастық мақсатта, жаңа инновациялық технологиялар қолдана отырып үйрету, студенттерді ізденіске баулу. Оқытушы тіл үйрету жолында әр түрлі тәсілдер мен әдістерді өзінің тәжірибесіне байланыстыра, сабақтың әр кезеңінде әрбір топтағы студенттердің білім деңгейіне байланысты пайдаланылады. Орынбасар Талғатқызы өз сабақтарында коммуникативтік, интерактивті әдістерін қолданады.

Философия, шетел тілі пәндерінен кандидаттық минимумдер тапсырды.

Университет, факультет ішіндегі қоғамдық іс-шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, салмақты, кішіпейіл. Сынды дұрыс түсінеді. Ұйымдастырушылық қабілеті бар. Ұжымда құрметке ие. Әріптестеріне сөзімен де, ісімен де көмектесуге дайын. Берілген ісіне жауапкершілікпен қарайды.

Орынбасар Талғатқызы Сұлтанғазина өзінің лауазымына сай келеді.

Бұл мінездеме аттестациядан өту үшін берілді.

Практикалық лингвистика

кафедрасының меңгерушісі,

ф.ғ.к., доцент А.М.Жараспаева

20 жылы

9- жаттығу. Берілген сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Білімді, іскер, ізденімпаз .

Ұжымдағы қоғамдық және мәдени шараларға белсене араласады.

Мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады.

Жақсы, үлгілі әке.

Атқарып жүрген қызметіне лайық.

Ғылыми жұмысқа икемі мол.

Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындайды.

Әріптестерінің арасында беделі мол.

Мінездеме еңбек келісімін ұзарту үшін берілді.

Қазақ, ағылшын, түрік тілдерін жақсы біледі.

Ұйымдастырушылық қабілеті бар.

Компьютермен жұмыс істей алады.

Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын.

Салмақты мінезімен, адалдығымен көзге түседі.

10-жаттығу. Оқыңыз, қазақ тіліне аударыңыз

Характеристика, должность, высшее образование, среднее образование, опытный, квалифицированный, специалист, знать в совершенстве, авторитетный, коллега, образцовый, добросовестно выполнять, своевременно, активный, совершенствовать, верен (верна) Республике Казахстан, полностью поддерживать, руководствоваться, показать себя с положительной стороны, руководствуется законами РК, соответствует занимаемой должности, профессиональная подготовка, недостатки, инициатива, настойчивость, служебная деятельность сотрудника, общественная деятельность, официальная оценка, деловая способность, по службе, зарекомендовал себя с положительной стороны, требователен к служебной дисциплине, в коллективе пользуется уважением, способен принять правильное решение, на критику реагирует сдержанно, государственным языком владеет.

11-жаттығу.Төмендегі тапсырмалар бойынша мінездеме үлгілерін құрастырыңыз.

1.Студентке аспирантураға түсу үшін мінездеме беріңіз.

2. Жұмысшыңызға прокуратураға жұмысқа тұру үшін мінездеме беріңіз.

3. Қызметкеріңіздің кәсіби білімін көтеру мақсатында мінездеме беріңіз.

4.Бас маманды жаңа қызметке жоғарылату турлы мінездеме беріңіз.

5. Мектепте педагогикалық тәжірибеден өту үшін мінездеме беріңіз.

6. Демалыс кезінде педагогикалық отрядта жетекші болып жұмыс істеу үшін мінездеме беріңіз.

7.Еңбек келісімін ұзарту үшін мінездеме беріңіз.

8. Аттестациялық мінездеме құрастырыңыз.

9. Қызметтік мінездеме құрастырыңыз.

10. Прокуратураға жұмысшы туралы толық мінездеме беріңіз(обьективті).

11. Зауытта тәжірибеден өту үшін мінездеме беріңіз.

12. Сырттай оқуға түсу үшін мінездеме беріңіз.

ӨТІНІШ

Өтініш – жазбаша, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат. Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы үміткердің тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, біліктілігі мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен жайы; құжаттың түрі (өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.

Өтініште «кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ «Сізден өтініп сұраймын», «алдын ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағаз парағына толтырылады.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

- оқуға түсу;

- жатақханадан орын сұрау;

- сынақ, емтиханды қайта тапсыруға

рұқсат сұрау;

- академиялық демалыс сұрау;

- сырттай бөлімге ауысу;

- басқа жоғары оқу орнына ауысу;

- отбасы жағдайына байланысты

демалыс сұрау;

  • жұмысқа қабылдау;

  • жұмыстан босату:

  • басқа жұмысқа ауыстыру;

  • кезекті демалыс сұрау;

  • кезектен тыс демалыс сұрау;

  • материалдық көмек сұрау;

  • жалақыны көтеру туралы өтініш айту және т.б.

Негізгі сөздік

өтінемін (сұраймын) – прошу

жіберу – отпустить

қабылдау – принять

рұқсат ету – разрешить

тұратын – проживающий

тіркелген –прилагается

өз еркіммен – по собственному желанию

негізінде – на основании

босату – освободить

атына – на имя

жағдай – ситуация

мекенжай – адрес

жұмысқа қабылдану кезінде – при поступлении на работу

үміткер – кандидат

өтініш – заявление

оның ресми тілегі – его официальная просьба

әрі – и

штатқа тіркеу үшін негіз – основание для зачисления в штат

болып табылады - является

мамандық – профессия

кәсібі – специальность

біліктілігі – квалификация

өзі сұрап отырған қызмет түрі – должность, на которую претендовал работник

көрсетіледі - указываются

төмендегідей деректемелерден тұрады – имеет следующие реквизиты

қабылдаушы (кімге) – адресат (кому)

автордың мекен жайы – место проживания автора

құжаттың түрі – вид документа

мәтіні – текст

өтініш иесінің қолы – подпись составителя

жазылу мерзімі – дата составления

«кімнен» - «от кого»

«Сізден өтініп сұраймын» - «убедительно прошу Вас»

«алдын ала рахмет айтамын» - «заранее признателен»

«соған қоса» - «к сему»

қолданылмайды – не принято употреблять

қалыпты қағаз парағы – стандартный лист бумаги

толтырылады – оформляется

ТҰРАҚТЫ КЛИШЕ ҮЛГІЛЕРІ: басқа жұмысқа ауысуыма байланысты; отбасы жағдайыма байланысты; кезекті демалыс; кезектен тыс демалыс; жұмысқа қабылдау; жұмыстан босату; .... көлемінде қаржылай көмек беру; материалдық көмек көрсету; жалақыны көтеру; ақысыз демалыс; еңбек келісімінің мерзімін ұзарту; бос тұрған орынға қызметке орналасу;

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ:

Барыс септік (-қа, -ке, -ға, -ге,-а, -е, -на, -

не)

Кімге? (Кому?)

- А. Сағатовқа

  • А.Сағатов мырзаға

  • Б. Сабитоваға

- Б. Сабитова ханымға

Шығыс септік (нан,нен,дан,ден,тан,тен)

Кімнен? (От кого?)

- МжКТ институтының студенті А.Жұмабаевтан

- кадр бөлімінің бастығы В. Ахметовтен

- ................................... Р. Сұлтанғазиннен

Жұмысқа қабылдауыңызды

Кезекті (кезектен тыс)

демалыс беруіңізді

Материалдық көмек ӨТІНЕМІН

беруіңізді

Астана қаласына

ауыстыруыңызды

Жәрдемақы беруіңізді

Рұқсат беруіңізді

Мені тұрғын үймен

қамтамасыз етуіңізді

Мені басқа

бөлімге ауыстыруыңызды

Мені өз еркіммен

босатуыңызды Еңбек келісімін ӨТІНЕМІН

ұзартуыңызды

Жұмыста тәртіп СҰРАЙМЫН

сақтауыңызды

Осы мәселе бойынша

шара қолдануыңызды

Маған ақысыз

кезектен тыс демалыс

беруіңізді

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өтініш кімдердің тарапынан жазылады?

  2. Өтініш қалай жасалады?

  3. Өтініш сөзінің орыс тіліндегі баламасын атаңыз.

2-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Өтінішең көп тараған құжат түрі. Өтініш жеке тұлғалар тарапынан басшылардың, мемлекеттік органдардың атына жазылады. Өтініш іс қағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жасалады.

3-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айтыңыз. Морфологиялық талдау жасаңыз.

Өтінішке қажетті өзге құжаттар: өмірбаян, кадрлық есепке алу жеке қағазы немесе сауалнама; ұсыныс хат (мінездеме); сауалнама мен куәлікке қажет фотосурет; білімі мен кәсіби біліктілігі туралы құжаттың көшірмесі қоса тіркеледі. Төлқұжат жеке көрсетіледі. Еңбек туралы Заң Кодексі мекемелерден заңда көрсетілмеген құжаттарды талап етуге тыйым салады.

Жаңа сөздер: кадрлық есепке алу жеке қағазы (личный листок по учету кадров), сауалнама (анкета), ұсыныс хат (рекомендательное письмо), қоса тіркеледі (прилагаются).

4-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Жұмысқа қабылдау туралы» өтініш жазыңыз.

«Жетісу» фирмасының

Бас директоры

Б.Қ. Уәлибаев мырзаға

Омарова Ләйлә Маратқызынан,

мекен-жайы: 418048, Алматы қ-сы,

Қастеев көшесі, 12-үй, 7-пәтер

ӨТІНІШ

Мені бухгалтерия бөліміне бас есепші қызметіне жұмысқа алуыңызды сұраймын.

    1. қолы

5-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Ауысу туралы» өтініш жазыңыз.

Алматы электротехникалық ____________________

зауыты 0244863

Өтініш Зауыт директоры

00.00.00. Б.Т. Найманбаев мырзаға

Өткізу бөлімінің технигі

Н. Сағындықұлынан

Қазақ ұлттық техникалық университетін бітіруіме байланысты мені өткізу бөлімінің инженері қызметіне ауыстыруыңызды сұраймын.

Жеке қолы

Жаңа сөз: өткізу бөлімі (отдел сбыта)

6-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Демалыс туралы бланкіге толтырылады алу өтініш арнайы. Қызметтен туралы босату өтініш жұмысқа туралы алу ұқсас өтінішке. Кезекті еңбек алу демалысын туралы бекітілген өтініш демалыс кестесі арқылы шешіледі.

7-жаттығу. Үлгіні пайдаланып, «Кезекті еңбек демалысын алу туралы» өтініш жазыңыз.

Қостанай облыстық

салық комитетінің бастығы

Ғ. Т. Ақаевқа

Кадрлар бөлімінің инспекторы

Ғ.С. Сералиевтен

ӨТІНІШ

Бекітілген еңбек демалысы кестесіне сәйкес мен 21.10.2006 – 20.01.2007 аралығында кезекті еңбек демалысына жіберуіңізді сұраймын.

    1. Қолы

8-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Жұмысқа қабылдану кезінде үміткер өтініш жазады, бұл оның ресми тілегі, әрі штатқа тіркеу үшін негіз болып табылады.

Өтініш мәтінінде жұмысқа алу туралы үміткердің тілегі баяндалады, мамандығы, кәсібі, біліктілігі мен өзі сұрап отырған қызмет түрі көрсетіледі.

Өтініш қолмен жазылады және төмендегідей деректемелерден тұрады: қабылдаушы (кімге); авторы, автордың мекен жайы; құжаттың түрі (өтініш); мәтіні; өтініш иесінің қолы; жазылу мерзімі.

Өтініште «кімнен» деген үлгідегі көрсеткіштер жазылмайды, сондай-ақ «Сізден өтініп сұраймын», «алдын ала рахмет айтамын», «соған қоса» және т.б. архаизмдер қолданылмайды. Өтініш А4 форматтағы қалыпты қағаз парағына толтырылады.

9-жаттығу. Аударыныз.

Басқа жұмыска ауысуыма байланысты -

Отбасылық жағдайыма байланысты -

Денсаулығыма байланысты -

Кезекті еңбек демалысы -

Кезектен тыс еңбек демалысы -

Еңбекақысыз демалыс -

Материалдық көмек беруіңізді сұраймын –

10-жаттығу. Сөйлемдерді аяктаңыз. Орыс тіліне аударыңыз.

Мына құжаттарды аяқтау ...

Осы мәселені қарастыру...

Қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына шығу кестесін бекіту ...

Осы мәселе бойынша тиісті шара қолдану ...

Мені қызметімнен өз еркіммен босату ...

Тәртіп сақтау ...

Қаржылай көмек беру...

Семинар-кеңеске қатысу... рұқсат ету ...

Несие алу... рұқсат ету...

11-жаттығу. Сөйлемдерді кеңейтіп жазыңыз.

Мені... босатуыңызды сұраймын.

Мені... жіберуінізді сұраймын.

Мені... ауыстыруыңызды сұраймын.

Мені ... кабылдауыңызды сұраймын.

Маған ... беруіңізді сұраймын

12-жаттығу. Бірінші қатардағы сөздердің екінші қатардағы баламасын көрсетіңіз.

1) өтініш

□ согласно штатному расписанию

2) отбасы жағдайыка байланысты

□ заявление

3) кезекті еңбек демалыс

□ без сохранения заработной платы

4) кезектен тыс еңбек демалыс

□ прнять на должность

5) еңбекақысыз

□ внеочередной отпуск

6) жұмыстан босату

□ очередной отпуск

7) материалдық көмек

□ по семейным обстоятельствам

8) қысқа мерзімді демалыс

□ материальная помощь

9) жалақыны көтеру

□ уволить

10) басқа жұмысқа ауысу

□ краткосрочный отпуск

11) сынау мерзімі

□ повысить заработную плату

12) арнайы тексеруден өту

□ временно возглавить

13) уақытша атқару

□ перевести на другую работу

14) лауазымға тағайындау

□ пройти спец проверку

15) штаттық кестеге сәйкес

□ испытательный срок

13- жаттығу. Тақырыптық өтініш үлгілерін құрастырыңыз.

  1. «Арай» шағын кәсіпорны басшысы Б.Е.Кәрімнің атына жалақыны көтеру туралы өтініш жазыңыз.

  2. Аграрлы- биологиялық факультетінің деканы А.С.Хамзинаның атына денсаулығыңызға байланысты қысқы сессияның мерзімін екі аптаға шегеруге рұқсат сұрайтындығыңыз туралы өтініш жазыңыз.

  3. А.Бйтұрсынов атындағы Қосанай мемлекеттік университетінің экономика факультетінің деканы У.М.Сағалбековтың атына күндізгі бөлімнен сырттай бөлімге ауысу тураы өтініш жазыңыз.

  4. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ-түрік гимназиясының директоры А.Асқарқызының атына отбасы жағдайына байланысты кезектен тыс демалыс беру туралы өтініш жазыңыз.

  5. Аграрлы- биологиялық факультетінің деканының атына Халықаралық конференцияға қатысу үшін сабақтан босату туралы өтініш жазыңыз.