Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Коммерциялық құпияны жарияламау турлы міндеттеме

Конфиденциалды ақпаратқа рұқсаты бар қызметкер коммерциялық құпияны жарияламау туралы жеке жазбаша міндеттемеге қол қояды. Міндетеме бір данада жасалады және қызметкердің арнайы немесе жеке ісінде ол жұмыстан шығарылғаннан кейін 5 жыл сақталады.

Конфиденциалды мәліметтер мен құжаттарға рұқсат берілген кәсіпорынның қызметкерлері рұқсат алардан бұрын нұсқау алады және кәсіпорынның коммерциялық құпиясын сақтау туралы жаднамамен танысады. Жаднаманы қауіпсіздік қызметі әрбір кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып жасайды, оған директордың орынбасары қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.

Мәтінге арналған сөздік

конфиденциалды – конфиденциальный

ақпаратқа рұқсаты бар қызметкер – работник, получивший доступ к информаций

коммерциялық құпия – коммерческая тайна

жарияламау туралы – о неразглашении

жеке жазбаша міндеттеме – индивидуальное письменное обязательство

бір данада жасалады – составляется в одном экземпляре

арнайы немесе жеке іс – специальное или личное дело

ол жұмыстан шығарылғаннан кейін – после его увольнения

сақталады – хранится

мәліметтер – сведения

құжаттар – документы

рұқсат алардан бұрын – чем получить доступ

нұсқау – инструктаж

жаднамамен танысады – ознакомиться с памяткой

қауіпсіздік қызметі – служба безопасности

әрбір кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып – с учетом специфики

конкретного предприятия

директордың орынбасары – заместитель директора

кәсіпорынның басшысы – руководитель предприятия

бекіту – утвердить

Міндеттеме үлгісі

(Форма обязательства)

Жеке еңбек шартына қосымша

№___ «____»________________200___ж.

Коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді жарияламау туралы

МІНДЕТТЕМЕ

_________________________________________

(ұйымның атауы)

Мен, _________________________, қызметкер ретінде________________________ ұйыммен еңбек қатынасында болған ____________________ кезең ішінде және одан кейін де мына төмендегі мәселелер бойынша:

  1. Маған жұмысыма байланысты сеніп тапсырылған кәсіпорынның құпия мәліметтерін жаря етпеуге;

  2. Кәсіпорынның келісімінсіз оның коммерциялық құпиясына жататын мәліметтерді үшінші тұлғаларға және көпшілікке таратпауға;

  3. Кәсіпорынның коммерциялық құпиясын сақтау жөніндегі бұйрықтардың, нұсқаулықтардың және ережелердің маған қатысты талаптарын орындауға;

  4. Бөтен тұлға кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерін маған қысым көрсету арқылы білгісі келген жағдайда, ол туралы кәсіпорын басшысына хабарлауға;

  5. Өзара іскерлік қарым-қатынас жүргізілетін ұйымдардың да коммерциялық құпияға жататын мәліметтерін сақтауға;

  6. Кәсіпорынның коммерциялық құпиясы туралы білгендерімді оларға қарсы бәсекелестік жағдаймен ұйымның қызметіне зиян келтіретін іс-әрекеттерге пайдаланбауға;

  7. Жұмыстан шыққан жағдайда менің лауазымдық қызметіме байланысты менің өкімімде болған, коммерциялық құпияны сақтайтын барлық құжаттарды (қолжазбалар, сызулар, магнитті ленталар, дискілер, принтерден шығарылған қағаздар, кино-фотонегативтер, позитивтер, материалдар, бұйымдар)_________ өткізуге;

  8. Коммерциялық құпия сақталған құжаттарды, куәліктерді, қойманың, сейфтің кілттерін, рұқсат қағаздарын, жеке мөрлерді және де басқа кәсіпорынның коммерциялық құпиясы сақталған құжаттарды жоғалтқан жағдайда ұйымның басшыларына хабарлауға міндеттеме аламын.

Мені кәсіпорынның коммерциялық құпиясын сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі

тиісті ережемен таныстырды.

Осы ережелерді бұзатын болсам, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

әкімшілік, қылмыстық, азаматтық-құқықтық және басқа да жауапкершілікке тартылып, бас бостандығымнан айырылатыным, кәсіпорынға келтірген зардаптар бойынша ақшалай айыппұл төлейтінім және басқа да жазаның түрлерін алатыным маған белгілі (ҚР АК-нің 126-бабының 2 тармағы, ҚР ҚК-нің 200-бабы).

____________________________________________

(келісім-шарт бойынша лауазымы, аты-жөні, қолы, күні)

Приложение к

индивидуальному трудовому договору

№ _____от «_____»_______________200___г.

ОБЯЗАТЕЛЬСТВО

о неразглашении сведений, относящихся к коммерческой тайне

________________________________________

(наименование организации)

Я, _______________________________, в качестве работника (служащего) ___________________ в период трудовых отношений с организацией и в течение ___________________ после их окончания обясуюсь:

1. Не разглашать сведения, составляющие коммерческую тайну предприятия, которые мне будут доверены или станут известны по работе;

2. Не передавать третьим лицам и не раскрывать публично сведения, составляющие коммерческую тайну организации, без ее согласия;

3. Выполнять относящиеся ко мне требования приказов, инструкций и положений по обеспечению сохранности коммерческой тайны предприятия;

4. В случае попытки посторонних лиц получить от меня сведения коммерческой тайны предприятия немедленно сообщить руководителю организации;

5. Сохранять коммерческую тайну тех организаций, с которыми имеются деловые отношения;

6. Не использовать знание коммерческой тайны организации для занятия любой деятельностью6 которая в качестве конкурентного действия может нанести ущерб организации;

7. В случае моего увольнения все носители коммерческой тайны предприятия (рукописи, черновики, чертежи, магнитные ленты, дискы, дискеты, распечатки на принтере, кино- и фотонегативы, позитивы, модели, материалы, изделия и пр.), которые находились в моем распоряжении в связи с выполнением мною должностных обязанностей во время работы в организации, передать ________________________;

8. Об утрате, недостаче носителей коммерческой тайны, удостоверений, пропусков, ключей от режимных помещений, хранилищ, сейфов (металлических шкафов), личных печатей и о других фактах, которые могут привести к разглашению коммерческой тайны предприятия, а также о причинах и условиях возможной утечки сведений, немедленно сообщать руководителю по подчиненности.

Для моего сведения доведены с разъяснениями соответствующие положения по обеспечению сохранности коммерческой тайны предприятия.

Мне известно, что нарушение этих положений может повлечь уголовную, административную, гражданско-правовую или иную ответственность в соответствии с законодательством РК в виде лишения свободы, денежного штрафа, обязанности по возмещению ущерба предприятию (убытков, упущенной выгоды и морального ущерба) и других наказаний (ст. 126, п. 2 ГК РК, ст. 200, УК РК).

__________________________________________________

(должность по контракту, Ф.И.О., подпись, дата)

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай қызметкер коммерциялық құпияны жарияламау туралы жеке жазбаша міндеттемеге қол қояды?

  2. Міндетеме неше данада жасалады?

  3. Міндеттеме неше жыл сақталады?

  4. Конфиденциалды мәліметтер мен құжаттарға рұқсат берілген кәсіпорынның қызметкерлері рұқсат алардан бұрын не алады?

  5. Мұндай қызметкерлер немен таныстырылуы тиіс?

  6. Оған кім қол қояды? Жаднаманы кім бекітеді?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі коммерциялық (құпияны, құпияның, құпияға, құпиямен) жатқызылуы мүмкін мәліметтердің (тізімінің, тізімін, тізімінде, тізімің) көрсетеді. Кәсіпорынның (өзін, өзі, өзінің, өзіненен, өзім) заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын (мәліметтерден, мәліметтермен, мәліметтердің, мәліметтерін) тізімін нақты анықтайды. Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен (көлемде, көлемін, көлемінің, көлемінсіз) өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария (болуға, болумен, болудан, болудың) қорғайды, құпия мәліметті білетін (адамдарға, адамдармен, адамдарын, адамдардың, адамдардан) тізімін белгілейді.

3-жаттығу. Мәтінге морфологиялық талдау жасаңыз. Баяндауыш етістіктің қай шақта тұрғанын анықтаңыз.

Мемлекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайлардан басқа уақытта араласа алмайды. Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорын әкімшілігі құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын белгілейді.

4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Арнайы бекітеді басшы “Кәсіпорынның коммерциялық құпия мәліметтерінің тізімін” бұйрықпен. Коммерциялық қойылады құжаттарға гриф құпия. Құпия бар есепке алу журналдарда құжаттарды жеке тіркеледі мәліметі. Жүргізіледі құпия ол. Коммерциялық құпия ғылыми мүмкін болуы мәліметтер сипатта.

5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Конфиденциалды ақпаратқа рұқсаты бар қызметкер коммерциялық құпияны жарияламау туралы жеке жазбаша міндеттемеге қол қояды. Міндетеме бір данада жасалады және қызметкердің арнайы немесе жеке ісінде ол жұмыстан шығарылғаннан кейін 5 жыл сақталады.

Конфиденциалды мәліметтер мен құжаттарға рұқсат берілген кәсіпорынның қызметкерлері рұқсат алардан бұрын нұсқау алады және кәсіпорынның коммерциялық құпиясын сақтау туралы жаднамамен танысады. Жаднаманы қауіпсіздік қызметі әрбір кәсіпорынның ерекшелігін ескере отырып жасайды, оған директордың орынбасары қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді.

АҚПАРАТТЫҚ-АНЫҚТАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

Қызметтік хаттар

Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға хаттар, жеделхаттар, телефонограммалар, актілер, анықтамалар, мағлұмат хаттар, арыздар т.б. жатады. Ішкі, тысқы ақпараттық-анықтамалық қатынас хаттар басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын құрайды.

Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар: кепілдік беру, ақпараттық, жарнамалық, коммерциялық, сұрату хаттары, шақыру хаттары, жауап хаттар, өтініш хаттар, хабарлама хаттар, бастама хаттар, еске салу хаттары болып бөлінеді.

Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.

Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады.

Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Хатта сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс. Көпсөзділік хаттың мәнін түсінуге қиындық тудырады.

Хаттарда «Адресат» (хатты алушының) деректемесінің құрамдас бөліктері дұрыс көрсетілуі керек: фирма; құрылымдық бөлімшелер; лауазымы; аты-жөні; алушының почталық мекен-жайы.

Мекемеден жіберілетін барлық хаттар бастама және жауап хаттар болып екі топқа бөлінеді. Жауап хатты жіберуші өзі алған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.

Мәтінге арналған сөздік

ақпараттық-анықтамалық құжаттар – информационно-справочные документы

хат – письмо

жеделхат – телеграмма

анықтама – справка

мағлұмат хаттар – докладная записка

ішкі – внутренний

пайыз – процент

басқару қызметі – управленческая деятельность

туындайтын – возникающих

көптеген – многочисленных

жедел мәселелер – оперативные вопросы

шешу үшін – для решения

қолданылады – применяется

мазмұн – содержание

ілеспе хат – сопроводительное письмо

кепілдік беру хаттары – гарантийные письма

ақпараттық хаттар – информационные письма

жарнамалық хаттар – рекламационные письма

коммерциялық хаттар – коммерческие письма

сұрату хаттары – письма-запросы

шақыру хаттары – письма-приглашения

жауап хаттар – письма-ответы

өтініш хаттар – письма-просьбы

хабарлама хаттар – письма-уведомления

бастама хаттар – инициативные письма

еске салу хаттарыписьма-напоминания

мәтін – текст

қарапайым – простой

жүйелі – последовательный

арнайы бланк – специальный бланк

құрастырушы - составитель

мақсат – цель

көпсөзділік – многословие

деректеме – реквизит

құрамдас бөліктері – составные части

дұрыс көрсетілуі керек – должны быть правильно указаны

лауазым - должность

түпкілікті – окончательный

ресімдеу – оформлять

Қызметтік хат үлгісі

ҚЫЗМЕТТІК ХАТ

Кәсіпорынның атауы Директор

Кәсіпорынның мекен-жайы Ә.Н. Сардаровқа

Тел.

Факс: 001111, Қостанай,

00.00.00 № 21/1 – 3

№ ___ 00.00.00 Алтынсарин, 12

Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы

Құрметті Әнуар Нұрбекұлы!

Біз Сізге 00.00.00-дағы № ___ келісім-шарт бойынша келісілген үш офис жиһазының жиынтығын, өкінішке орай, уақытында жеткізіп бере алмағаныңыз туралы хабарлаймыз. Өзара келісілген мерзімнен бері екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз.

Жеткізуді кешіктіру бұдан әрі жалғасатын болса, бірлескен қызметіміз доғарылуы мүмкін.

Біз Сіздер қажетті шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деп есептейміз.

Директор қолы аты-жөні

Байтұрсынов 265 5192

Форма служебного письма

СЛУЖЕБНОЕ ПИСЬМО

Наименование предприятия Директору

Адрес предприятия Сардарову А.Н.

Тел.

Факс: 001111, Костанай,

00.00.00 № 21/1 – 3

№ ___ 00.00.00 Алтынсарина, 12

О задержке поставки мебели

Уважаемый Ануар Нурбекович!

Сообщаем Вам, что обьязательства по контракту 00.00.00 № ___ о поставке трех комлектов офисной мебели, к сожалению, не выполняются. Напоминаем, что согласованный нами срок отгрузки истек две недели назад.

Дальнейшая задержка поставки может привести к прекращению совместной деятельности. Мы рассчитываем, что Вы примете необходимые меры и сообщите нам о результатах.

Директор подпись Султанов К.Б.

Байтурсынов 265 5192

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ақпараттық-анықтамалық құжаттарға қандай құжаттар жатады?

  2. Басқару құжаттары көлемінің 80 пайызын қандай хаттар құрайды?

  3. Қызметтік хаттар қандай мақсаттарда қолданылады?

  4. Мазмұны мен мақсатына қарай хаттар қалай болып бөлінеді?

  5. Қызметтік хаттың мәтіні қандай болуы тиіс?

  6. Қызметтік хат қандай бланкіде толтырылады және онда нелер көрсетіледі?

  7. Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты не?

  8. Мекемеден жіберілетін барлық хаттар нешеге бөлінеді?

Кепілдік хат үлгісі

(Форма гарантийного письма)

Кәсіпорынның атауы «Іскер» АҚ-ның

Кәсіпорынның мекен-жайы Бас директоры

Тел./факс А.Е. Белгібаев мырзаға

КЕПІЛДІК ХАТ 001111, Қостанай,

00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23

№ 2-5/114 00.00.00

Құрметті Асқар Ерболұлы

Біздің мекен-жайға Сіздің компанияңыздың екі контейнер өнімінің жіберілу мүмкіндігін растауыңызды өтінеміз.

Біз ол заттарды осы айдың аяғына дейін алғымыз келеді.

Төлемді алдын-ала жасауға кепілдік береміз.

Біздің есеп шотымыз _________________ , ____________ банкі

Директор қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

М. О.

Наименование предприятия Генеральному директору

Адрес предприятия АО «Іскер»

Тел./факс г-ну Белгибаеву А.Е.

ГАРАНТИЙНОЕ ПИСЬМО 001111, Костанай,

00.00.00 № 1-3/28 Шипин, 23

№ 2-5/114 00.00.00

Уважаемый Аскар Ерболович!

Просим подтвердить возможность отправки в наш адрес двух контейнеров изделий Вашей компании.

Мы заинтересованы в их получении до конца текущего месяца.

Предоплату гарантируем.

Наш расчетный счет ___________________ , банк ______________________

Директор подпись И.О. Фамилия

Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия

М.П.

2-жаттығу. Қатесін түзетіңіз.

Хабарлама хат өзінің стилі бойынша шақыру хаттарындағы ұқсас. Жарнамалық хаттардың мақсаты – адресаттың ұсынылып отырған қызметтерге қызығушылығы-ңызды тудыру. Хаттан мәтіні нақты, анық және толық болуға тиіс. Шақыру хатында жүргізілетін іс-шараның сипатын беріледі, өтпейтін мерзімі, нақты уақыты көрсетіледі. Көбінесе, ақпараттық хаттарға көмегімен қандай да бір ұйымның қызметін, өндіретін өніміңді, шығаратын әдебиеттеріңізді үгіттейді. Растау хатында «растаймыз» деген сөз болуың тиіс.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Инициативные письма – это письма, которые требуют ответа. Большая категория таких писем выражает просьбу (предложение, запрос) к адресату в решении каких-либо вопросов. Это самая распространенная разновидность писем, их тематика не ограничена. Их характер предполагает вариантность положительного или отрицательного решения поставленного вопроса.

4-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Ескертпе хат міндеттеменің ескертеді қандай да бір немесе жақындағанын мерзімінің өтіп кеткенін. Бұл хат мүмкін қысқа болуы өте. Мұндай аяқталады “ескертеміз” хаттар сөзбен деген. Шақыру хаттың мақсаты – шақыру адресатты іс-шараларға жүргізілетін қандай да бір. Кепілдік беру жоғары хаттарының функциялары бар құқықтық. міндеттемелерге кепілдік хаттарда беріледі белгілі бір кепілдік. Кездерінде коммерциялық хаттар оны келісім-шарттар жасау және орындау жасалады.

5-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Жіберілетінхаттарғамүдделілауазымиелерібұрыштамабелгісоғадымысалықаржымәселесібойыншахатқабасбухгалтербелгісоғадыбұрыштамабелгілеркәсіпорынныңөзіндеқалатынхаткөшірмесініңалдыңғыбетінеқойыладыегерқұжатекіадресбойыншажіберілетінболсаалдыңғыекіданасыарнаулықағазғабасылыпкөшірмесіжайқағазғатүсіріледіяғнибарлығыүшданаболадыкейжағдайдахатмөрменкуәландырыладықабылданатынхаттарғакеліптүскендігітуралыбелгіжәнекәсіпорынныңбасшықызметкерлерініңтапсырманыорындауғаалғандығытуралыбұрыштамабелгіқойыладыондаорындаушыныңтегіесіміәкесініңатытапсырмамазмұныжәнеорындаумерзімікөрсетіледі.

БАЯНДАУ ХАТ

Баяндау хат – кәсіпорын басшысына арналған немесе тұжырымдар мен ұсыныстардан тұратын, жұмысты орындау туралы құбылыс, фактісі бар қалыптасқан оқиға туралы жоғары тұрған органға ақпарат беретін құжат. Жоғары тұрған басшыны қандай да бір фактілер, оқиғалар туралы хабардар ету жағдайында автордың бастамасы немесе басшының нұсқауы бойынша жасалады. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша құрастырушының ұсынысы да болуы мүмкін. Мақсаты – басшының белгілі бір шешім қабылдауына ықпал ету.

Баяндау хаттың мазмұнын ашатын тақырыбы болады. Құжаттың осы түрін ресімдеу адресатқа байланысты. Баяндау хат ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Баяндау хаттың күні оған қол қойылған күн болып есептеледі. Кәсіпорын қызметінің негізгі қызметі бойынша баяндау хаттар 5 жыл сақталады.