Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Құжаттарды топтастыру

“Құжат” (Документ) – латын тілінде “куәлік”, “дәлелдеу тәсілі” деген мағына береді. Дағдылы қолданыста оның негізгі үш мағынасы бар: 1) қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты (мысалы, жол жүруге деген) растайтын іс қағазы; 2) жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат); 3) бір нәрсе туралы жазбаша куәлік (мысалы, ескі грамоталар).

Кәсіпорынды басқару – мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу, шешім қабылдап, оны орындау сияқты белгілі бір дәрежедегі ақпараттық процесс болып табылады. Дұрыс шешім қабылдау үшін толық жедел және ақиқат мәліметтер керек болады. Құжат ақпараттың осы талабына жауап беруі тиіс.

Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие, мемлекеттік мұрағат қорының бөлігі болып табылады, сондықтан олар мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс.

Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі отпуск – шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка – құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат – құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Мәтінге арналған сөздік

құжат – документ

куәлік - свидетельство

дәлелдеу тәсілі – способ доказательство

деген мағына береді – означает

дағдылы қолданыста – обычном употреблении

негізгі үш мағынасы бар – имеет три основных значения

қандай да бір факті – какой-нибудь факт

не бір нәрсеге деген құқықты – или право на что-нибудь

растайтын – подтверждающая

іс қағазы – деловая бумага

жеке басты ресми түрде куәландыратын - то, что официально удостоверяет

личность предъявителя

төлқұжат – паспорт

бір нәрсе туралы – о чем-нибудь

жазбаша куәлік – письменное свидетельство

ескі грамоталар – древние грамоты

кәсіпорынды басқару – управление предприятием

мәліметтерді қабылдап алу және өңдеу – получение и обработка информации

шешім қабылдап, оны орындау – принятие решения и его исполнение

белгілі бір дәрежедегі – в значительной степени

ақпараттық процесс – информационный процесс

дұрыс шешім қабылдау үшін – для выработки верного решения

толық – полная

жедел және ақиқат мәліметтер – оперативная и достоверная информация

керек болады – требуется

құжаттың сапасы – качество документа

кәсіпорынның не ұйымның құжаттары – документы предприятия и организации

белгілі бір мәдени-тарихи құндылыққа ие – представляют определенную

культурно-историческую ценность

мемлекеттік мұрағат қоры – архивный фонд государства

бөлігі болып табылады – являются частью

мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс – подлежат сдаче в государственные архивы

ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша – по признакам сходства и

различия

Ресми іс қағаздары атаулары

анықтама – справка

шағым – жалоба

бұйрық – приказ

жарғы – указ

жарлық –устав

заң –закон

ереже –положение

келісім – соглашение

шарт – договор

кепілхат – гарантийное письмо

қолдаухат – ходатайство

қолхат – расписка

мінездеме – характеристика

өмірбаян - автобиография

өтініш – заявление

сенімхат – доверенность

түсіндірме хат – обьяснительная записка

хабарлама – сообщение

хаттама – протокол

шақырухат – пригласительное письмо

шешім – решение

ілеспехат – сопроводительное письмо

іскери хат – деловое письмо

іс парағы – личный листок

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. “Құжат”– латын тілінде қандай мағына береді?

  2. Дағдылы қолданыста құжаттың неше мағынасы бар? Атап беріңіз. Кәсіпорынды басқару қандай процесс болып табылады?

  3. Дұрыс шешім қабылдау үшін қандай мәліметтер керек болады?

  4. Кәсіпорынның не ұйымның құжаттары не себепті мемлекеттік мұрағаттарға тапсырылуы тиіс?

  5. Құжаттарды топтастыру дегеніміз не?

  6. Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар қалай бөлінеді?

  7. Мазмұнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

  8. Атауына қарай құжаттар қандай түрлерге бөлінеді?

  9. Толтыру орнына қарай құжаттар қалай бөлінеді?

  10. Орындалу мерзімі бойынша құжаттар қалай болып бөлінеді?

  11. Шығу тегіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

  12. Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

  13. Заңдылық күшіне қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

  14. Жасалу сатысына қарай құжаттар қалай болып бөлінеді?

  15. Көшірме құжаттар іштей қалай болып бөлінеді?

2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.

Іс жүргізу

Кәсіпорынды басқару

Ішкі құжаттар

Ұйымның атауы

Жазба құжаттар

Жедел құжат

Қызметтік құжаттар

Жарғы

Құпия құжат

Ресми-жекелік құжат

Жеке тұлға

Ақпарат

Ресми

Информация

Служебные документы

Секретный документ

Наименование организации

Официальный

Управление предприятием

Физическое лицо

официально-личные документы

делопроизводство

письменные документы

устав

внутренние документы

срочный документ

3-жаттығу. Берілген сөйлемдердің құрамындағы сөздерді орын тәртібіне қарай дұрыс орналастырыңыз.

Құжаттарда мемлекеттік белгіленеді құрылым. Іс жүргізу құжаттары болып табылады істі белгілеудің тәсілі. Құжаттар арасындағы заңды және жеке тұлғалар қызмет етеді қатынастар үшін. Заңды күші бар еңбек тартыстарын шешуде мәліметтер қандай да бір фактінің қызмет етеді дәлелі ретінде.

4-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Құжаттарды топтастыру – оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай – ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атауына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар т.б.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс және шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Басқарудың құралы ретінде құжаттар жоспарлауда, (қаржыландырудың, қаржыландыруда, қаржыландырумен, қаржыландырудан) несие беруде қолданылады. (Құжаттардың, құжаттарда, құжаттары, құжаттарым) мемлекеттік құрылым белгіленеді. Құжаттардың қажетті және жеткілікті мөлшерде болуы нақты (жұмыспен, жұмысқа, жұмыстан, жұмысын, жұмысының) көп уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Ұйымды басқарудағы жазба құжаттардың үйлесімді (жүйелі, жүйесінің, жүйесі, жүйесін, жүйелерін) бірте-бірте қалыптасады. Сақталу (мерзімімен, мерзімінде, мерзіміне, мерзімін, мерзіммен) қарай құжаттар 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 (жылмен, жылда, жылдан, жылының, жылға) дейін уақытша сақталатын құжаттар болып бөлінеді.

ЖАРҒЫ

Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай құжаттары болып танылады.

Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды.

Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият өңделуі тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескертетін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді.

Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың қызметін, сондай-ақ, олардың басқа мекемелермен, жеке адамдармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын және міндеттерін белгілейтін ережелер жинағы. Жарғыны мемлекеттік өкімет және басқару органдары бекітеді, ал қоғамдық ұйымдардың жарғыларын құрылтайшылар жиналысы қабылдайды және бекітеді.

Жарғының деректемелері:

  • мекеменің (кәсіпорынның, ұйымның) атауы;

  • құжаттың түрі;

  • индексі, күні, жасалған грифі;

  • мәтіні;

  • кәсіпорын басшысының қолы;

Мәтіннің құрылымы төмендегідей тәртіппен жазылады:

  • жалпы ережелер;

  • негізгі міндеттер;

  • атқаратын қызметі;

  • құқықтары мен міндеттері;

  • басшылық;

  • қарым-қатынас, байланыс;

  • Өндірістік-шаруашылық қызмет;

  • Мүлік және құралдар;

  • Қызметті бақылау, тексеру, жүргізу;

  • Қайта құру және жою.

Заң құжаттары: жарғы, ереже, тұжырымдама, кодекс құрылымы, қажетті деректемелер, қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді.

Мәтінге арналған сөздік

құрылтай құжаттары – учредительные документы

жарғы – устав

құрылтай шарты – учредительный договор

танылады - признаются

айқындаушы құжаттары ретінде – как опеределяющие документы

міндетті нотариалдық куәландыру – обязательное нотариальное удостоверение

талап етеді – требуют

онсыз – без чего

заңды деп танылмайды – считаются недействительными

мазмұн – содержание

мұқият өңделуі тиіс – должны быть тщательно отработаны

салық – налог

төрелік сот – арбитраж

рұқсат қағаз беруші ұйым – лицензирующая организация

қатаң – пристально

қайта тіркеу - перерегистрация

мекеме – учреждения

қарым-қатынас – общение

реттейтін – регулирующий

жеке тұлға – физическое лицо

заңды тұлға – физическое лицо

құқық – право

міндет – обязанность

ережелер жинағы – свод правил

басқару – управление

өкімет - власть

бекітеді – утверждают

қоғамдық ұйым – общественная организация

деректеме – реквизит

мекеменің атауы – наименование учреждения

құжаттың түрі – вид документа

мәтін - текст

кәсіпорын басшысы – руководитель предприятия

мәтіннің құрылымы – структура текста

тәртіп – порядок

жалпы ережелер – общие положения

басшылық - начальство

байланыс - связь

өндірістік-шаруашылық қызмет – производственно-хозяйственная деятельность

мүлік – имущество

құрал - средство

қайта құру – реорганизация

тұжырымдама – концепция

тілдік құралдар – языковые средства

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Мемлекет заңына сәйкес қандай құжаттар құрылтай құжаттары болып танылады?

  2. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары ретінде нені талап етеді?

  3. Қандай құжаттар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарапынан қатаң тексеруден өтеді?

  4. Жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысу үшін не істеуге тура келеді?

  5. Қандай құжат жарғы деп аталады? Жарғыны кімдер бекітеді?

  6. Жарғыны кімдер қабылдайды және бекітеді?

  7. Жарғының деректемелерін атаңыз.

  8. Қандай заң құжаттары деректемелер мен қолданылатын тілдік құралдары жағынан бір-біріне ұқсас келеді?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Мемлекет заңына сәйкес жарғы мен құрылтай шарты құрылтай (құжаттарға, құжаттармен, құжаттары, құжатарының, құжаттарда) болып танылады. Жарғы немесе құрылтай шарты фирманың айқындаушы құжаттары (ретімен, ретін, ретіне, ретінде, ретінің) міндетті нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар (заңды, заңсыз, заңмен, заңға, заңы) деп танылмайды. Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият (өңделумен, өңделуі, өңделудің, өңделуде, өңделуің) тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, заң және рұқсат қағаз беруші ұйымдар (тарапымен, тарапың, тарапта, тарапынан, тарапты) қатаң тексеруден өтеді. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке адамдардың (қызметім, қызметке, қызметте, қызметін, қызметің) реттейтін ережелер жинағы.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз

Законодательством страны в качестве учредительных документов признаются устав и учредительный договор. Устав и учредительный договор как определяющие документы фирмы, ее «конституция» требуют обязательного нотариального удостоверения, без чего они считаются недействительными. Оба документа должны быть содержательно согласованы и тщательно отработаны. Они будут пристально и не раз изучаться в банках, налоговыми, арбитражными, юридическими и лицензирующими организациями. Кроме того, если вам захочется заняться чем-либо, кроме записанного в уставе, придется менять устав и проходить перерегистрацию.

4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз

заңға

құрылтай

айқындаушы

нотариалдық

талап

төрелік

рұқсат

қатаң

қайта

жеке

ережелер

басқару

қоғамдық

құрылтайшылар

мекеменің

құжаттың

кәсіпорын

басшының

мәтіннің

жалпы

негізгі

атқаратын

қызметті

қайта

тілдік

басшының

жинағы

органы

жиналысы

етеді

ұйымдар

жиналысы

атауы

басшысы

қолы

құрылымы

қызметі

бақылау

құралдар

құру

сот

міндеттер

қағаз

тіркеу

куәландыру

ережелер

тексеру

шарты

деректемелері

құжаттар

тұлға

түрі

5-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз

Заңды ұйым, мекеме заңды ұйым болып табылады, мекеме өз қызметінде қазіргі қолданылып жүрген заңдарды, Қазақстан Республикасының Конституциясын, нормативті актілерді басшылыққа алады, өз құзіреті шеңберінде, мекеменің атауы, мекеменің мөрі, мекемені төраға басқарады, ұйымның жоғары органы – жалпы жиналыс, мекеме қажет деп табылған жағдайда қайта құрылады және жойылады, заңды тұлға, жеке мүлкі, мүлік және құралдар, бақылау мен қадағалау, өндірістік-шаруашылық қызмет, осы заң.

6-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Жарғыұйымныңмекеменіңкәсіпорынныңжәнежекеадамдардыңқызметінсондайақолардыңбасқамекемелерменжекеадамдарменқарымқатынасынреттейтінжекетұлғалармензаңдытұлғалардыңқұқықтарынжәнеміндеттерінбелгілейтінережелержинағыжарғынымемлекеттікөкіметжәнебасқаруоргандарыбекітедіалқоғамдықұйымдардыңжарғыларынқұрылтайшыларжиналысықабылдайдыжәнебекітедіжарғыныңдеректемелерінемекеменіңатауықұжаттыңтүрімәтінікәсіпорынбасшысыныңқолымәтінніңқұрылымытөмендегідейтәртіппенжазыладыжалпыережелернегізгіміндеттератқаратынқызметіқұқықтарыменміндеттерібасшылыққарымқатынасбайланысмүлікжәнеқұралдарқызметтібақылаутексеружүргізуқайтақұружәнежоюзаңқұжаттарыжарғыережетұжырымдамакодексқұрылымықажеттідеректемелерқолданылатынтілдікқұралдарыжағынанбірбірінеұқсаскеледі.

7-жаттығу. Екі бағанадағы сөздер мен сөз тіркестерінің орыс және қазақ тілдеріндегі баламаларын сәйкестендіріңіз.

құрылтай құжаттары

жарғы

құрылтай шарты

танылады

айқындаушы құжаттары ретінде

міндетті нотариалдық куәландыру

талап етеді

онсыз

заңды деп танылмайды

мазмұн

мұқият өңделуі тиіс

салық

төрелік сот

рұқсат қағаз беруші ұйым

қатаң

қайта тіркеу

мекеме

қарым-қатынас

реттейтін

жеке тұлға

заңды тұлға

құқық

міндет

ережелер жинағы

басқару

өкімет

қоғамдық ұйым

деректеме

считаются недействительными

налог

требуют

лицензирующая организация

физическое лицо

перерегистрация

учредительные документы

предприятие

общественная организация

реквизит

власть

управление

регулирующий

право

физическое лицо

обязанность

должны быть тщательно отработаны

свод правил

пристально

устав

признаются

обязательное нотариальное удостоверение

учредительный договор

как опеределяющие документы

без чего

содержание

арбитраж

общение

8-жаттығу. Берілген сөз тіркестерін оқыңыз. Олардың қандай сөз таптарының тіркесуі арқылы жасалып тұрғанын анықтаңыз, оларға сұрақтар қойыңыз

Үлгі: мемлекеттік (қандай?) тіркеу (не?)

Туған жер (родная земля), тіл тигізу (оскорбить человека), салмақты кісі (уравновешенный человек), ұлт саясаты (национальная политика), сәлем беру (приветствовать), құқықтық құжаттар (правовые документы), арыз жазу (написать заявлению), қайта тіркеу (перерегистрация), жалпы ережелер (общие положения), заңды тұлғалар (юридические лица), іс жүргізу (делопроизводство), Азаматтық Кодекс (Гражданский Кодекс), шарттың мәтіні (текст договора).