Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Ұсыныс хат

Ұсыныс хат – қызметкерді белгілі бір қызметке ұсыну жөнінде басшыға жазылған хат.

Ұсыныс хаттың құрылымы:

  • бланктің штамп реквизиттері;

  • мекеменің толық аты;

  • мекеме басшысының қызметі, аты-жөні, тегі

  • мәтін

  • ұсыныс хат иесінің қызметі, қолы, аты-жөні тегі.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Ұсыныс хат қандай құжат?

2. Ұсыныс хат қай кезде жазылады?

3. Ұсыныс хаттың негізгі бөліктері қандай?

Ұсыныс хат

Көкшетау қаласы Қазақ мемлекеттік Басқару

25.06.2007ж. № 15 академиясындағы экономика

саласы бойынша білім

жетілдіру институтының

директоры Б.Б. Манаповқа

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректораты экономикалық теория және кәсіпкерлік кафедрасының аға оқытушысы

Гүлнар Алтайқызы Қожахметованы 2000 жылдың 4 – 13 желтоқсанға дейін экономикалық пән оқытушыларының білімін жетілдіру курсына

жібереді.

Университет ректоры,

Профессор: қолы А. С. Сәрсекеев

2-жаттығу. Төмендегі тапсырмалар бойынша ұсыныс хат үлгілерін құрастырыңыз.

1. Ақмола облыстық мемлекеттік тілді дамыту басқармасының бастығы Ғ. Т. Төлеғұлға «Өзге ұлт өкілдері арсында мемлекеттік тілді меңгеру» байқауына денсаулық сақтау басқармасынан қызметкер ұсынылатындығы туралы ұсыныс хат жазыңыз.

2.Ақмола облыстық мәдениет басқармасы бастығы Н. С. Сейітжановаға облыстық халық шығармашылық орталығы бас маманы Қ. Қалдырбаевты Мәдениет басқармасының маманы қызметіне лайық екендігі туралы ұсыныс хат жазыңыз.

3.Көкшетау қаласының «Отан» бірлестігі кеңесінің директоры Ю. И. Совотинге іс жүргізуші-хатшы Г. Теміртасованың әдіскер қызметіне, лайық екендігі туралы ұсыныс хат жазыңыз.

4.Мектептің педагогикалық кеңесі атынан мектеп директорына тәжірибелі ұстазы мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі қызметіне ұсыну туралы хат үлгісін жазыңыз.

5.Студенттердің атынан факультет деканы атына хат жазып, үздік студентті факульете кеңесінің мүшесіне ұсыныңыз.

6.Кәсіпорын басшысынң атына білікті маманмен келісімшартты ұзартуды ұсынып, бөлім меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

7.Университет ректорының иатына студенттік кеңестің төрағасының атынан Астана қаласынада өткізілетін «Жастар жарқын болашақ үшін» форумына депутаттыққа бір студентті ұсынып, хат жазыңыз.

8.Университет ректорының атына бір оқытушыны аға оқытушылыққа ұсынып, кафедра меңгерушісінің атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

9.Қала әкімінің атына бір азаматты экономика бөлімінің бас маманы қызметіне ұсынып, әкімнің орынбасары атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

10.Қалалық Ішкі істер басқармасының кадрлар бөлімі бастығының атына ұйымдасқан қылмыспен күресу бөлімі бастығының атынан бір қызметкерге әскери «капитан» шенін беруге ұсыну үшін ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

11.«Валют-Транзит» банкінің жергілікті филиалы директорының атына

екі қызметкерді алуға ұсыныс білдіріп, несие бөлімінің меңгерушісі атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

12.Жергілікті қалалық Тіл орталығы төрағасының атына көшедегі жарнамалардың сауаттылығын қадағалайтын аудармашыны 0,25 штатқа алуды ұсынып, бас маманның атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

13.Жергілікті сайлау комиссиясының төрағасының атына қалалық мәслихаттың депутатттығына кандидат ретінде тіркеуге алу үшін «Мұсылман әйелдер қоғамы» атынан бір азаматты ұсынып, қоғамның төрайымы атынан ұсыныс хат үлгісін жазыңыз.

3- жаттығу. Берілген құжат үлгісінің құрылымын түсіндіріңіз.

Ұсыныс хат

Көкшетау қаласы Ш. Уәлиханов атындағы

05.09.2007ж. № 31 Көкшетау мемлекеттік

университетінің ректоры,

проф. А. Б. Қайсаровқа

Филология факультетінің деканаты қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Өміргүл Ақанқызы Жұмағұлованы факультет деканының орынбасары қызметіне лайық деп тауып, осы қызметке алуыңызды сұрайды.

Декан: қолы О. В. Черненко