Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Еңбек қатынастары жөніндегі құжаттар Материалдық жауапкершілік туралы шарт

Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен айналысатын қызметкерлердің (18 жасқа толған) арасында жасалуы мүмкін. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері заңмен немесе жұмыс берушінің нормативтік актілерімен белгіленген тәртіппен бекітіледі.

Сақтауға, өңдеуге, сатуға (жіберуге), тасымалдауға тікелей байланысты жұмыстарды орындайтын немесе оларға берілген құндылықтарды өндіріс үрдісінде пайдаланумен байланысты, әрбір қызметкерге материалдық жауапкершілікті бөліп беру немесе олармен материалдық жауапкершілік туралы шартты жасау мүмкін болмағанда, жұмыстардың жекелеген түрлерін қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік енгізіледі.

Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кәсіпорын ұжымының тиісті сайлау органымен келісім бойынша кәсіпорынның әкімшілігі белгілейді. Ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы шарт кәсіпорын мен ұжымның сеніп тапсырылған құндылықтарға тікелей қатысы бар барлық мүшелері арасында жасалады (ортақ жауапкершілік).

Мәтінге арналған сөздік

материалдық жауапкершілік туралы шарт – договор о материальной ответственности

жазбаша шарттар – письменные договоры

сақтау – хранение

өңдеу – обработка

сату – продажа

жіберу – отпуск

тасымалдау – перевозка

тікелей байланысты – непосредственно связанный

құндылықтар – ценности

өндіріс үрдісінде – в процесе производства

пайдалану – применение

18 жасқа толған – достигшими 18-летного возраста

арасында – между

жасалуы мүмкін – могут быть заключены

мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі – перечень таких должностей и работ

шарттардың үлгілері – типовой договор

заңмен – законодательством

жұмыс берушінің нормативтік актілерімен – нормативными актами работодателя

белгіленген тәртіппен – в порядке

бекітіледі – утверждаются

мүмкін болмағанда - когда невозможно

жұмыстардың жекелеген түрлерін – отдельных видов работ

қызметкерлер бірлесіп орындаған кезде – при совместном выполнении

работниками

ұжымдық-материалдық жауапкершілік – коллективная метериальная

ответственность

енгізіледі – вводиться

кәсіпорын ұжымы – коллектив предприятия

тиісті сайлау органы – соответствущий выборный орган

келісім бойынша – по согласованию

әкімшілік – администрация

белгілейді – устанавливает

сеніп тапсырылған құндылықтар – вверенные ценности

тікелей қатысы бар – имеющий прямое отношение

ортақ жауапкершілік – солидарная ответсвенность

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Толық материалдық жауапкершілік туралы жазбаша шарттар кімдердің арасында жасалуы мүмкін?

  2. Мұндай лауазымдар мен жұмыстардың тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы шарттардың үлгілері немен және қалай бекітіледі?

  3. Ұжымдық-материалдық (бригада) жауапкершілік деген не?

  4. Ұжымдық материалдық жауапкершілік қандай жағдайларда енгізіледі?

  5. Ұжымдық материалдық жауапкершілікті кімдер белгілейді?