Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Мәтінге арналған сөздік

Баяндау хат – докладные записки

кәсіпорын – предприятие

басшысы – руководитель

тұжырымдар – выводы

ұсыныстар – предложение

құбылыс – явление

қалыптасқан оқиға – сложивщаяся ситуация

жоғары тұрған – вышестоящий

бастама – инициатива

нұсқау – указание

құрастырушы – составитель

шешім қабылдау – принять решение

мазмұн – содержание

ашатын – раскрывающий

ресімдеу – оформление

5 жыл сақталады – хранятся 5 лет

Баяндау хат үлгісі

Өндірістік-техникалық бөлім

БАЯНДАУ ХАТ

00.00.00.

М.Д. Сағатовты іссапарға жіберу туралы

____________________ байланысты өндірістік-техникалық бөлімнің менеджері М.Д. Сағатовты «Формаз» зауытына 00.00.00 – 00.00.00 дейін іссапарға жіберуіңізді өтінемін.

ӨТБ-нің бастығы қолы аты-жөні

Производственно-технический отдел

ДОКЛАДНАЯ ЗАПИСКА

00.00.00

О командировании Сагатова М.Д.

В связи ___________________ прошу командировать менеджера производственно-технического отдела Сагатова М.Д. на завод «Формаз» с 00.00.00. по 00.00.00.

Начальник ПТО подпись И.О. Фамилия

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Баяндау хат деп құжаттың қандай түрі аталады?

  2. Баяндау хат қандай жағдайларда, нендей себептермен жасалады?

  3. Баяндау хатта баяндалған мәселе бойынша кімнің ұсынысы болуы мүмкін?

  4. Баяндау хаттың мақсаты не?

  5. Баяндау хаттың мазмұнын ашатын несі болады?

  6. Баяндау хатты ресімдеу кімге байланысты болады?

  7. Баяндау хат қалай және нешеге бөлінеді?

  8. Баяндау хаттың күні қай күн болып есептеледі?

  9. Баяндау хаттар неше жыл сақталады?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз.

Баяндау хат – ұйым (басшысымен, басшысына, басшысын, басшысының) қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар (жасамаған, жасаған, жасап, жасай, жасасатын) құжат. (Ұйымға, ұйымның, ұйымдағы, ұйыммен, ұйымнан) өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен (жазылар, жазылып, жазысып, жазатын) жазған адамның қолы қойылады, мерзімі (көрсетілді, көрсетіліпті, көрсетіледі, көрсетілген). Сонымен қатар, мекеменің (атауға, атауының, атауы, атауымен), құрылымдық (бөлімшеге, бөлімшелер, бөлімшеде, бөлімшенің) атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге (арналыпты, арналса, арналғаны, арналар, арналатын) көрсетіледі. Баяндау хат мекеменің (атымен, атында, атынан, атындағы, атын) жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.

3-жаттығу. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Баяндау хат – ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат. Ұйымның өз ішіне арналған баяндау хаттар қолмен жазылып, жазған адамның қолы қойылады. Мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, мекеменің атауы, құрылымдық бөлімшенің атауы, құжат аты, жазылған орны, мәтін тақырыбы, кімге арналғаны көрсетіледі.

Баяндау хат мекеменің атынан жоғары жаққа арналса, компьютерге басылып, мекеме басшысы қол қояды.

4- жаттығу.Тақырыптық баяндау хат үлгілерін құрастырыңыз.

  1. Студенттердің сабаққа дұрыс қатыспайтындығы туралы баяндау хат құрастырыңыз.

  2. Қазақ тілі курстарын ұйымдастыру туралы баяндау хат құрастырыңыз.

  3. Философия пәнінің мұғалімінің орнына басқа мұғалім беруін өтінетіндігіңіз туралы баяндау хат құрастырыңыз.

  4. Сынып жетекшісі атынан мектеп директоры атына 11- сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.

  5. Оқытушыға сабақтан босатылған студенттердің аты- жөнін, пәннің атын, сағат санын, уақытын көрсетіп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.

  6. Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабаққа қатыспағаны туралы мәлімдеп, оқытушының атынан баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.

  7. Мекеме басшысының атына бөлім меңгерушісінің атынан қызметкерлерді аттестациялау қорытындсын мәлімдеп, баяндау хат үлгісін құрастырыңыз.