Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Форма справки

СПРАВКА

Леонова Оксана Анатольевна работает экономистом отдела маркетинга_________________________ с окладом ________________ тенге в месяц.

(наименование предприятия) (цифрами и прописью)

Директор подпись И.О. Фамилия

Главный бухгалтер подпись И.О. Фамилия

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтар бойынша жауап беріңіз.

  1. Қандай құжат анықтама деп аталады?

  2. Анықтама істің жайын қалай көрсетуі тиіс?

  3. Анықтаманы жасау нені талап етеді?

  4. Анықтаманы неше топқа бөледі?

  5. Бірінші топқа қандай анықтамалар жатады және олар кімдерге беріледі?

  6. Анықтамалардың екінші тобы нені растайды?

  7. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша не беруге міндетті?

  8. Анықтаманың мәтіні әдетте нені көрсетуден басталады?

  9. Анықтама берілетін мекеменің атауы қайда жазылады?

  10. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп қалай жүргізіледі?

  11. Мұндай анықтамалар неше дана болады?

  12. Анықтамаға кімдер қол қояды?

  13. Анықтаманың мәтіні немен расталады?

  14. Бухгалтерия салық инспекциясына не туралы анықтама береді?

2-жаттығу. Мәтіннен толымды және толымсыз көмекші етістіктерді тауып, Кестені толтырыңыз.

Анықтаманың мәтіні әдетте мәліметтер берілетін тұлғаның атау септігіндегі аты-жөнін көрсетуден басталады. Анықтаманың соңында не оң жақ жоғары бұрышында анықтама берілетін мекеменің атауы жазылады. Анықтамаларды беру туралы журнал бойынша есеп жүргізілген кезде анықтаманың күнін көрсете отырып, оған реттік сан қойылады. Осындай анықтамалар бір дана болады. Анықтамаға оны жасаған және берілген мәліметтерге жауап беретін тұлға қол қояды. Анықтаманың мәтіні қолмен және мөрмен расталады. Бухгалтерия көбінесе жеке тұлғалардың бір жылдағы кірістері туралы салық инспекциясына анықтама береді.

Анықтаманы рәсімдеген Марат Бекзатұлы емес, Асқар Жарасқанұлы екен. Анықтама жазып отырып қателесе жаздадым. Бүгін бастықтың атына өтініш жазып қой. Бұйрықпен танысқан соң қуанып кеттім. Бұйрық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы екен. Бұл күтпеген қуаныш еді.

Толымды көмекші етістік

Толымсыз көмекші етістік

Берілетін

Емес

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Справка – документ, содержащий описание или подтверждение тех или иных фактов и событий. Справки составляются по указанию вышестоящего органа или должностного лица. Они содержат запрашиваемую информацию без выводов и предложений.

Справки, составляемые для внутренней информации, подписывает составитель, а для вышестоящего органа – руководитель.

Справки содержат те же реквизиты, что и докладные записки.

Если справка содержит несколько вопросов, то текст рекомендуется разделить на части или оформить в виде таблиц.

4-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін қойып, жақшаны ашыңыз.

Анықтама – қандай да бір болмасын фактіні сипаттап (растау, растамайтын, растайтын, растаса, растап) құжат. Анықтамалар да баяндау (хаттарға, хаттармен, хаттарда, хаттардың) тән (деректерге, деректерден, деректердің, деректермен) тұрады. Анықтамада бірнеше мәселе қамтылса, мәтінін бірнеше (бөліктің, бөлікке, бөлігі, бөліктер) бөлген немесе кесте түрінде (құрастырып, құрастырған, құрастырды, құрастыра) жөн. Жеке адамға байланысты анықтамаларға (мекемеде, мекемедегі, мекемеден, мекемесіз) жұмысы туралы анықтама, лауазымы туралы анықтама, оқуы туралы анықтама, тіркелімі туралы анықтамалар (жатты, жатқан, жатады, жатып, жатса). Олар қалыпты (қағаздар, қағазы, қағазға, қағаздан) толтырылып, кадр бөлімі бастығының не кәсіпорын басшысының және бас бухгалтердің (қолына, қолымен, қолдары, қолы, қолға) қойылады, (мөрден, мөрмен, мөрлермен, мөріне, мөрдің) куәландырылады.

5-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Анықтамағабірнешемәселелербойыншамәліметтерберілетінболсаондаоныңмәтініанықталғанмәселелергебайланыстыбірнешебөлімдергебөлінедіәрбөлімніңтақырыбыболадыоларарабсандарыменнөмірленедісандықкөрсеткіштерібаранықтамаларкестетүріндересімделуімүмкінөндірістіктақырыпбойыншаанықтамаларекіданаданжасаладыбірданасыадресатқажіберіледіекіншіданасыіскетігіледіқаржылықсипаттағымәліметібаранықтамаларғабасшыбасбухгалтерқолқоядыжәнемөрсоғылады

6-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркестерін құрастырыңыз.

растайтын

баяндау

кәсіпорын

стратегиялық

біліктілік

жеке

көрсетуі

тұратын

беруге

анықтаманың

анықтама

екінші

мекеменің

мөрмен

қосымша

фактіні

мәселелер

салық

іске

кесте

бөлімдерге

деректер

атауы

міндетті

расталады

растау

инспекциясы

тігіледі

беру

басшысы

бойынша

бөлінеді

түрінде

хат

мақсат

адам

топ

тиіс

құжат

мәтіні

талаптары

жері

7-жаттығу. Орыс тіліне аударыңыз.

Анықтаманы әдетте екі топқа бөледі. Бірінші топта қандай да бір заңды фактіні куәландыратын қызметтік сипаттағы фактілер мен оқиғалар туралы ақпарат болады және мүдделі адамдар мен мекемелерге беріледі. Анықтамалардың екінші тобы атқаратын қызметі, жалақысы, тұратын жері, асырауында адамдардың болуы туралы растайды. Кәсіпорынның басшысы қызметкердің сұрауы бойынша мамандығын, лауазымын, біліктілігін, жұмыс уақытын және жалақысының мөлшерін көрсете отырып, осы ұйымдағы жұмысы туралы анықтама беруге міндетті.

Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын құжат. Ол көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты ақпаратты растау үшін беріледі.

Анықтама мазмұны қысқа болады. Ең алдымен жолдың ортасынан «Анықтама» деген сөз, содан кейін азат жолдан анықтама мәтіні жазылады. Онда анықтама кімге, не үшін берілгені және қай мекемеге берілгені көрсетіледі. Соңында анықтаманы беруші мекеме басшыларының қолы қойылып, мекеме мөрі басылады және жарамдылық мерзімі жазылады.

8-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз.

№ 1 Анықтама

10 қыркүйек 2010 жыл

Осы анықтама азамат Аманов Болат Аманұлына берілді.

Аманов Болат Аманұлы шын мәнінде Қостанай мемлекеттік университеті заң факультетінің 2 курсында оқиды.

Анықтама кітапханаға тапсыру үшін берілді.

Анықтама 1 жыл өз күшінде.

№ 2 Анықтама

20 мамыр 2010 жыл

Осы анықтама Қостанай қаласы Абай даңғылындағы 10 – үй, 10 – пәтердің тұрғыны Болатов Мақсат Аманұлына берілді.

Оның отбасында өзінен басқа 2 адам бар:

  1. Жұбайы – Болатова Айдана, 1980 жылы туылған.

  2. Ұлы – Болатов Дәулет, 2006 жылы туылған.

Анықтама әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 1 ай өз күшінде.

№ 3 Анықтама

15 наурыз 2010 жыл

Осы анықтама азаматша Асанова Аружан Мақсатқызына берілді.

Асанова Аружан Мақсатқызы шын мәнінде Қостанай мемлекеттік университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Анықтама Қостанай қаласының әкімшілігіне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 3 ай өз күшінде.

9- жаттығу. Таырыптық анықтама үлгісін құрастырыңыз.

  1. Әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  2. Ұлттық кітапханаға тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  3. Педагогикалық тәжірибе өту үшін анықтама беріңіз.

  4. Ғылым академиясына тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  5. Жұмыс орныңызға тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  6. Банкке тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  7. Әскери комиссариатқа тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  8. Салық полициясына тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  9. Оқу бөліміне тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  10. Диссертациялық кеңеске тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  11. Аудандық әкімшілікке тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  12. Тұрғын үй алуға байланысты тапсыру үшін анықтама беріңіз.

  13. Дәрігердің қабылдауында болғандығыңыз туралы анықтама беріңіз.

  14. Емханада ем алғандығыңыз туралы анықтама беріңіз.