Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы

Тегі ____________________________________________________________________________

Аты_______________________________________Әкесінің аты________________________________________________________

Жынысы______Туған жылы, айы, күні_________________________________________________________________

Туған жері_____________________________________________________________________________________________________

Ауыл, аудан, кала, облысы

¥лты____________________Азаматтығы____________________Әлеуметтік тегі___________________________________________

Білімі_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Оқу орнының атауы, орналасқан жері

Түскен жылы

Бітірген немесе шыққан жылы

Бітірмесе

қай курстан кетті

Қандай мамандық бойынша білім алды

Диплом бойынша мамандығы, білім туралы қүжатының №

Қандай шетел тілдерін және ТМД тілдерін білесіз ___________________________________________________ _____________________________________________________________________________________________________

Жетік білемін, оқимын және сөздікпен аударамын

Рылыми дәрежеңіз, ғылыми атағыңыз_______________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________

Қандай ғылыми еңбектеріңіз және өнертабыстарыңыз бар________________________________________________________ ___________________________________________________________________________________________________________________

Еңбек жолы ( жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқыған жылдарын, әскери қызметін, коса атқарған жүмысын, т.б. коса есептегенде)

Жылы, айы

Қьгзметі, мекеме, үйым,

кәсіпорын, сондай-ак министрлік (ведомство) коса көрсетілсін

Мекеме, үйым, кәсіпорынның мекен-жайы

Келген

Кеткен

Шетелдерде болуы ____________________________________________________________________________________________

Жылы, айы

Қай елде

Шетелде болуыньщ мақсаты

Қашаннан

Қашанға дейін

Сайланбалы органдарға қатысуы_____________________________________________________________________________

Қандай мемлекеттік наградаларыңыз бар______________________________________________________________________

Әскери қызметке қатысы және әскери атағы___________________________________________________________________

Отбасы жағдайы___________________________________________________________________________________________

Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы

__________________________________________________________________________________________________________

Мекен-жайы _______________________________________________________________________________________________

Толтырылған уақыты өзінің қолы

БҰЙРЫҚ

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады. Бұйрық – қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын басшысы шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу, таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді, нұсқаулықтарды, қағидаларды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық – кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

Мазмұны жағынан бұйрықтар 2 түрге бөлінеді: негізгі қызмет бойынша және жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар.

Бұйрықты дайындау

  1. мәселенің мәнін зерделеу;

  2. қажетті мәліметтерді жинау;

  3. бұйрықтың жобасын дайындау;

  4. жобаны келісу;

  5. басшының қол қоюы.

Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы, «Кәсіпорынды тарату туралы», «Жұмысқа қабылдау туралы», «Жазғы киім нысанын киюге көшу туралы», «Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы», «Үстемақы белгілеу туралы» т.б.

«Бұйырамын» сөзі бас әріппен жазылады. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, «байланысты», «... жүзеге асыруда», «жақсарту мақсатында», «орындау мақсатында», «жетілдіру мақсатында»,

«үшін», «сәйкес» деген сияқты тұжырым-даулармен басталады.

Барлық бұйрықтардың мәтінінде етістік бұйрық райдың 3 жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, босатылсын, белгіленсін, жүктелсін, тағайындалсын, ауыстырылсын, қарастырылсын және т.б.

Сонымен қатар жеке құрам бойынша бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі.

  • Басқа жұмысқа ауысуына

  • ресми сапарға кетуіне

  • зейнеткерлікке шығуына

  • келісімшарт мерзімінің аяқталуына

  • бала күтімі үшін демалыс алуына

  • еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне

  • себепсіз жұмыстан қалуына

  • айрықша жұмыс жағдайлары үшін

  • өз өтініші бойынша

Сондай-ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп аталады.

Грамматикалық мәлімет

Бұйрық рай бұйрық, өтініш, кеңес, талапты білдіреді.

Повелительное наклонение выражает волю говорящего, побуждение к действию, направленное на одно лицо.

Жекеше

І жақ. Мен орында – йын, тағайындал – айын, төле – йін, көр – ейін

ІІ жақ. Сен орында, тағайындал, төле, көр

Сіз орында – ңыз, тағайындал – ыңыз, төле – ңіз, көр – іңіз

ІІІ жақ. Ол орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін

Көпше

І жақ. Біз орында – йық, тағайындал – айық, төле – йік, көр – ейік

ІІ жақ. Сендер орында – ңдар, тағайындал – ыңдар, төле – ңдер, көр – іңдер

Сіздер орында – ңыздар, тағайындал – ыңыздар, төле – ңіздер, көр – іңіздер

ІІІ жақ. Олар орында – сын, тағайындал – сын, төле – сін, көр – сін

Сөздік

қайта ұйымдастырылу – реорганизация

таратылу-ликвидация

нұсқаулық-инструкция

қаржыландыру-финансирование

жабдықтау-снабжать

өндіріс-производство

қажетті мәліметтерді жинау – сбор необ-ходимых сведений

зерделеу – изучение

қатаң сөгіс жариялау – объявить строгий выговор

алғыс білдіру – объявить благодарность

бір базалық еңбекақы көлемінде – в размере одного базового оклада

мадақтау қағазымен марапаттау- наградить почетной грамотой

штаттық кестеге сәйкес – согласно штатному расписанию

бұйрық – приказ

кәсіпорын – предприятие

басқару құжаттары – распорядительные документы

ең маңызды – наиболее важный

көп тараған – распространенный

түр – вид

болып табылады – является

қандай да бір – каких-либо

міндет – задача

өндіріс – производство

шешу үшін – для решения

кәсіпорын басшысы – глава предприятия

құжат – документ

мекеме – учреждение

құрылымдық бөлімше – структурная часть

құрылу – создание

таратылу – ликвидация

қайта ұйымдастырылу – реорганизация

өзгеріс – изменение

енгізу – внести

ереже – положение

нұсқаулық – инструкция

бекіту – утвердить

қаржыландыру – финансировать

жоспарлау – планировать

жабдықтау – снабжать

жеке құрам – личный состав

негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности

Қостанай облысының салық комитеті

Бұйрық үлгісі

БҰЙРЫҚ

14.12. 2007. № 159 ж/қ

Қостанай қаласы

Жұмысқа қабылдау туралы

  1. 2007 жылдың 28 қарашасындағы № 736 келісім-шарт бойынша бас бухгалтер қызметіне азаматша Байділдаева Қаракөз Мәсімбайқызы тағайындалсын.

  2. 2010 жылдың 29 қарашасына дейін белгіленген келісім-шартты орындауды қамтамасыз ету мақсатында бас бухгалтер мына жобаларды жүзеге асырсын:

  • бөлімшелерді, қызметтерді, лауазымды тұлғаларды және басқа да қызметкерлерді олардың келісім-шарттарымен таныстыруды көздеген басшының өкімін;

  • бас бухгалтердің келісім-шартта белгіленген құқықтары мен міндеттерін, сонымен бірге келісім-шарттың басқа да талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін бастықтың бұйрығын дайындасын.

Негіздеме: 2006 жылдың 28 қарашасындағы №736-жеке еңбек шарты

Бастық қолы аты-жөні

Бас бухгалтер қолы аты-жөні

14.12.2007.

Бұйрықпен таныстым

Жұмысқа қабылданушының қолы

17.12. 2007.

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіздер

  1. Бұйрық деп қандай құжатты айтамыз?

  2. Мазмұнына қарай бұйрықтар қалай бөлінеді?

  3. Бұйрық қандай мәселерге қатысты шығарылады?

  4. Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?

2-жаттығу. Үлгілермен танысыңыз.Бұйрықтағы мәтіндердің орналасу тәртібіне назар аударыңыз.

  1. Ақпарат бөлімінің бас маманы Болатова Әлияның бала күтіміне байланысты 3 жылға демалыс алуына байланысты штаттағы көрсетілген қызмет орнына Мақсатқызы Динара уақытша қабылдансын. Айлық еңбекақысы штат кестесі бойынша белгіленсін.

Негіздеме: Ә. Болатованың өтініші

Д.Мақсатқызының өтініші

  1. Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты қаржы бөлімінің қызметкері М. Болатовқа кәсіподақ комитетінің келісімімен ескерту жариялансын.

Негіздеме: қаржы бөлімінің басшысы

Е. Дәулетовтің баяндау хаты

  1. Құқық бөлімінің бастығы Абай Мақсатұлы Қазақстан Республикасы ЕТЗК-нің тиісті бабына сәйкес зейнеткерлік жасына келуіне байланысты өз өтініші бойынша жұмыстан босатылсын.

Негіздеме:

А. Мақсатұлының өтініші

  1. Омарова Әлия Маратқызы ЖШС-тің қаржылық реттеу бөліміне 2 ай сынау мерзімі белгіленіп штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде жетекші маман қызметіне 2007 жылғы 20 мамырдан бастап қабылдансын.

Негіздеме: Ә.М.Омарованың өтініші

  1. Ә.Болатоваға отбасы жағдайына байла-нысты 2007 жылғы 20.04-10.05 аралығында кезектен тыс демалыс берілсін.

Негіздеме: Ә.Болатованың жеке өтініші

  1. «Қостанай» шағын кәсіпорнының директоры А.А.Болатовтың Алматы қаласына іссапарға баруына байланысты кәсіпорын директорының қызметін уақытша атқару 2007 жылғы мамырдың 20-сынан маусымның 15-сіне дейін директордың орынбасары А.Мақсатовқа жүктелсін.

  1. Үстемақы белгілеу туралы

Кадр бөлімінің бастығы М.Болатұлына айрықша жұмыс жағдайлары үшін осы жылдың 25 мамырдан бастап штаттық кестеге сәйкес жалақының 5% көлемінде үстемақы белгіленсін.

  1. Жұмыстан босату туралы.

Кәсіпорынның жойылуына байланысты А.Арманұлы 2007 жылғы

маусымнан бастап атқаратын қызметінен босатылсын.

3-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Нұсқаулықты енгізу, құжаттармен жұмыс істеу, қамтамасыз ету мақсатында, ережені басшылыққа алу, бұйрықтың орындалуын қадағалау, қызметі бойынша ауыстыру, іссапарға шықсын, мадақтау, жазалау, Заң талаптарына сәйкес, комиссия құрылсын, бұйрықтың жобасы, жеке тұлғаларға жеткізілсін.

4-жаттығу. Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аударыңыз.

Приказ о денежном вознаграждении; в связи с производственной необходимостью; по вопросам; обязать; возложить; принять решение, назначить; проект приказа; выплатить материальную помощь в установленном порядке;в целях обеспечения; контроль за исполнением приказа; руководствоваться приказом № 3; откомандировать в г.Алматы; снять ранее наложенное наказание; с занимаемой должности; согласно штатному расписанию; в соответствии с организационно-штатными изменениями; особые условия труда; за систематическое нарушение трудовой дисциплины; в связи с истечением срока трудового договора; в связи с ликвидацией предприятия; временное исполнение; рассмотреть; обсудить; на основании, приказ №3 считать недействительным; внести в постановление изменения и дополнения; представить проект к обсуждению; в связи с достижением пенсионного возраста; делопроизводство вести на государственном языке; исходящая корреспонденция и ежедневные документы должны заверяться начальником отдела государственного языка;

5-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Бұйрықты дайындау неше кезеңнен тұрады, атаңыз? Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай бланкілерде дайындалады? Бұйрықта қандай міндетті шарттылықтар болуға тиіс? Бұйрықтың шыққан күні қандай күннен басталады? Бұйрықтың міндетті түрде қандай тақырыбы болады? Бұйрықтарда негізгі жүкті қандай бөлік атқарады? Бұйрықтың басқару бөлігінде қандай мәселелер көрсетіледі? Бұйрықтың басқару бөлігіне қандай қатаң талаптар қойылады? Бұйрықтың мәтіні қандай жағдайда бірнеше тармақтарға бөлінеді?

6-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Второй этап, нумеруются, обеспечить, осуществляет контроль, глагол, контроль исполнения, информация, исполнительный срок, оформляются, экземпляр, подпись, дата, содержание, ознакомление с приказом.

7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларын қойып, сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Тәуелдік жалғаудың қай жақта қолданылып тұрғанын анықтаңыз.

Нақты орындаушыға дейін ақпараттың жету уақыт…н есепке алу керек. Бұйрықтың мәтін… өзара байланысты екі бөлімнен тұрады. Әрбір тапсырма үшін жеке орындау мерзім… белгіленеді. Бұйрықты бұлжытпай орындау сенің міндет… . Менің бұрық…ды неге орындамадың? Біздің тапсырма… орындалды. Бұйрықтың жоба…н дайындаумен айналысатын мамандардың жеткілікті құзірет… оның сапа…ның ең басты шарт… болып табылады.

8-жаттығу. Берілген сөздерді үш жақта, ортақ және оңаша түрде тәуелдеңіз

Орындаушы, бастық, бұйрық, көшірме, жоба, бастама, тапсырма.

9-жаттығу. Төмендегі тақырыптар бойынша бұйрық үлгілерін құрастырыңыз.

1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарыңыз.

2.Жұмыстан босату туралы бұйрық шығарыңыз.

3.Уақытша есепші қызметінен бас е\сепші қызметіне ауыстыру туралы бұйрық шығарыңыз.

4.Үстемақы белгілеу туралы бұйрық шығарыңыз.

5. Кәсіпорынның жойылуына байланысты қызметкерлерді жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз.

6.Еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрық шығарыңыз.

7.Ресми сапарға кету туралы бұйрық шығарыңыз.

8.Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы бұйрық шығарыңыз.

9.Зейнеткерлікке шығу туралы бұйрық шығарыңыз.

10.Денсаулығына байланысты бір қызметтен екінші қызметке ауысуы туралы бұйрық шығарыңыз.

11.Отбасының жағдайымен басқа қалаға ауысуы туралы бұйрық шығарыңыз.

12. Іс жүргізу бойынша нұсқаулықты енгізу туралы бұйрық шығарыңыз.

БҰЙРЫҚТЫ ДАЙЫНДАУ

Бұйрықты дайындаудың мынадай кезеңдері болады:

  • мәселенің мәнін зерделеу;

  • қажетті мәліметтерді жинау;

  • бұйрықтың жобасын дайындау;

  • жобаны келісу;

  • басшының қол қоюы.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерінде дайындалады.

Бұйрықта құжат түрінің атауы, күні, нөмірі болуға тиіс. Бұйрықтың шыққан күні – басшының қол қойған күнінен басталады. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар нөмірленеді және жеке құрамға арналған бұйрықтардан бөлек жүргізіледі.

Бұйрықтың міндетті түрде «не туралы?» деген сұраққа жауап беретін тақырыбы болады. Мысалы: «Кәсіпорынды тарату туралы», «Жұмысқа қабылдау туралы», «Басқа жұмысқа ауысу туралы» т.б.

Бұйрықтарда негізгі жүкті басқару бөлігі атқарады, ол «Бұйырамын» деген сөзден басталады. «БҰЙЫРАМЫН» сөзі бас әріптермен жазылады.

Бұйрықтың басқару бөлігінде кімге (орындаушыға немесе құрылымдық бөлімшеге) не жүктеледі (нақты жұмыс түрі көрсетіледі), күні (оның мерзімінің аяқталу күні) сияқты мәселелер көрсетіледі.

Құжаттың осы тармағында ерекше анықтық, нақтылық сияқты қатаң талаптар қойылады.

Тапсырмалар бірнеше болса, бұйрықтың мәтіні бірнеше тармақтарға бөлінеді. Әрбір тармақ қызыл жолдан басталады. Тармақтар араб сандарымен нөмірленеді.

Мәтінге арналған сөздік

бұйрықты дайындау – подготовка приказа

кезең – этап

мәселенің мәнін зерделеу – изучение существа вопроса

қажетті мәліметтерді жинау - сбор необходимых сведений

бұйрықтың жобасы – проект приказа

жобаны келісу – согласование приказа

ішкі құжаттар – внутренние документы

құжат түрінің атауы – название вида документа

бұйрықтың шыққан күні – дата приказа

бөлек жүргізіледі – ведутся отдельно

міндетті түрде – обязательно

кәсіпорынды тарату туралы – о ликвидации предприятия

Басқа жұмысқа ауысу туралы – о переводе на другую работу

негізгі жүк – основная нагрузка

басқару бөлігі – распорядительная часть

орындаушы – исполнитель

құрылымдық бөлімше – структурное подразделение

көрсетіледі – указываются

мерзімінің аяқталу күні – сроки ее окончания

анықтық – ясность

нақтылық – четкость

қатаң талаптар – жесткие требования

тапсырма – поручение

мәтін – текст

тармақ – пункт

Бұйрық үлгісі

Қостанай облысының қаржы департаменті

БҰЙРЫҚ

14.12. 2007. № 160 ж/қ

Қостанай қаласы

Сақтағанов Арман Талғатұлын жұмыстан шығару туралы

Сақтағанов Арман Талғатұлы Астана қалалық сотының бас бухгалтері қызметіне ауысуына байланысты жұмыстан босатылсын.

Негіз: 10. 12. 2007 ж. Жұмыстан босату туралы өтініш.

Бастық қолы аты-жөні

Бұйрықпен таныстым

Жұмыстан шығушының қолы

15.12. 2007.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Бұйрықты дайындау неше кезеңнен тұрады, атаңыз?

  2. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай бланкілерде дайындалады?

  3. Бұйрықта қандай міндетті шарттылықтар болуға тиіс?

  4. Бұйрықтың шыққан күні қандай күннен басталады?

  5. Бұйрықтың міндетті түрде қандай тақырыбы болады?

  6. Бұйрықтарда негізгі жүкті қандай бөлік атқарады?

  7. Бұйрықтың басқару бөлігінде қандай мәселелер көрсетіледі?

  8. Бұйрықтың басқару бөлігіне қандай қатаң талаптар қойылады?

  9. Бұйрықтың мәтіні қандай жағдайда бірнеше тармақтарға бөлінеді?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Кәсіпорын немесе құрылымдық бөлімше қандай да бір мәселе бойынша бұйрықты (әзірлеумен, әзірлеулік, әзірлеудің, әзірлеуге) бастама көтеруі мүмкін. Бұйрықтың жобасын дайындаудың бірінші кезеңі онда көрінетін мәселелер тобымен (айқындалар, айқындалып, айқындалады, айқындалса). Екінші (кезеңнің, кезеңімен, кезеңдер, кезеңде) қойылған мәселенің мәні бойынша қажетті мәліметтер жинау жүзеге асырылады. Қажетті (құжатты, құжатқа, құжаттың, құжатында) жинау мен зерделеу негізінде бұйрықтың жобасы әзірленеді. Бұйрықтың жобасын басшының тапсырмасы бойынша (кәсіпорынға, кәсіпорында, кәсіпорынның, кәсіпорынын) маманы дайындайды.

3-жаттығу. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.

Бұйрықтың мәтіні, қажетті мәліметтер, жоба, маман, әзірлеу, жүзеге асыру, жеке құрам, бөлім, тармақ, шара қолданылсын, жақсарту қажет.

4-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Второй этап, нумеруются, обеспечить, осуществляет контроль, глагол, контроль исполнения, информация, исполнительный срок, оформляются, экземпляр, подпись, дата, содержание, ознакомление с приказом.