Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДП Кульбаевой doc.doc
Скачиваний:
206
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.67 Mб
Скачать

Жұмысқы қабылдау туралы бұйрық

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық басқару іс-әрекетінен басталады: «ҚАБЫЛДАНСЫН», «ТАҒАЙЫНДАЛСЫН» деген сөздер болу міндетті.

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық бірден бірнеше қызметкерге жасалуы мүмкін. Мұндай бұйрықтар жеке қызметкерге қатысты тармақтардан тұрады.

Бұйрықта күні және «ж/қ» (жеке құрам бойынша) индексінің № немесе «к» (кадр) белгілері көрсетіледі.

Бұйрықтың жобасына кадр қызметінің басшысы немесе қызметкерлермен жұмыс жүргізуге жауапты тұлға бұрыштама қояды. Бұйрыққа кәсіпорынның басшысы қол қояды және ол қызметкерлерге жеткізіледі.

Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда бұйрықта жасалған жеке еңбек шартының талаптарын қамтамасыз ету үшін директордың нұсқауы беріледі.

Осындай бұйрықтар тағайындалатын қызметкерге қол қоюға жіберіледі, ал көшірмесін кәсіпорынның барлық қызметкерлері танысу үшін хабарландыру тақтасына ілінеді.

Мәтінге арналған сөздік

жұмысқа қабылдау туралы бұйрық – приказ о приеме на работу

басқару іс-әрекетінен – распорядительные действия

қабылдансын – принять

тағайындалсын – назначить

бірнеше қызметкерге – на нескольких сотрудников

жасалуы мүмкін – могут быть составлены

мұндай бұйрықтар – такие приказы

жеке қызметкер – отдельный работник

қатысты – касается

тармақтардан тұрады – стоят из пунктов

күні – дата

«ж/қ» (жеке құрам бойынша) – «л/с» (по личному составу)

көрсетіледі – указываются

бұйрықтың жобасы – проект приказа

кадр қызметінің басшысы – руководитель кадровой службы

бұрыштама – виза

кәсіпорынның басшысы – руководитель предприятия

қызметкерлерге жеткізіледі – доводится до сведения работника

егер – если

мамандар – специалисты

онда – то

жеке еңбек шарты – индивидуальный трудовой договор

талап – требование

қамтамасыз ету үшін – для обеспечения

директордың нұсқауы беріледі – даются указания директора

тағайындалатын қызметкер - назначенный работник

көшірме - копия

танысу үшін – для ознакомления

хабарландыру тақтасына ілінеді – вывешивается на доске объявлений

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неден басталады?

  2. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықта қандай сөздер болуы тиіс?

  3. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық неше қызметкерге жасалуы мүмкін?

  4. Бірден бірнеше қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар қандай тармақтардан тұрады?

  5. Бұйрықта қандай белгілер көрсетіледі?

  6. Бұйрықтың жобасына бұрыштаманы кімдер қояды?

  7. Бұйрыққа кім қол қояды?

  8. Егер жұмысқа мамандар мен басшылар қабылданатын болса, онда кімнің нұсқауы беріледі?

  9. Бұл нұсқау нені қамтамасыз ету үшін беріледі?

  10. Бұйрықтардың көшірмесі не үшін хабарландыру тақтасына ілінеді?

2-жаттығу. Сөздер мен сөз тіркестерінің қазақ және орыс тілдеріндегі баламасын есте сақтаңыз, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз.

Приказы по личному составу (Жеке құрам бойынша бұйрықтар), прием на работу (жұмысқа қабылдау), перемещение по службе (қызметі бойынша ауыстыру), увольнение (жұмыстан босату), предоставление отпусков (демалыс беру), поощрение (мадақтау), наказание (жазалау), приказы по основной деятельности (негізгі қызметке қатысты бұйрықтар), разновидности приказов (бұйрық түрлері), оформляются на одинаковых бланках (біркелкі бланкілерде толтырылады), загаловка к тексту (мәтін тақырыбы), о приеме на работу (жұмысқа қабылдау туралы), о переводе на другую работу (басқа жұмысқа ауыстыру туралы), об увольнении (жұмыстан босату туралы), приказываю (бұйырамын), распорядительные действия (нұсқаулық әрекеттер), принять (қабылдансын), назначить (тағайындалсын), перевести (ауыстырылсын), уволить (босатылсын), командировать (іссапарға шықсын).

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Приказами по личному составу оформляются прием, перемещение по службе, увольнение, предоставление отпусков, поощрения и наказания. Такие приказы оформляются и ведутся отдельно от приказов по основной деятельности. Вместе с тем обе разновидности приказов оформляются на одинаковых бланках.

В загаловке к тексту приказов по персоналу используются такие формулировки: о приеме на работу; о переводе на другую работу; об увольнении; о предоставлении отпуска и т.п.

Тексты большинства приказов не имеют констатирующей части и глагола “ПРИКАЗЫВАЮ”, как это принято в приказах по основной деятельности. Поэтому кадровые приказы начинаются со слов, обозначающих распорядительные действия: ПРИНЯТЬ; НАЗНАЧИТЬ; ПЕРЕВЕСТИ; УВОЛИТЬ; ПРЕДОСТАВИТЬ ОТПУСК; КОМАНДИРОВАТЬ и т.п.

4-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Жекеқұрамбойыншабұйрықтардыңжайжәнекүрделітүрлеріболадыжекебұйрықтардабірқызметкертуралыақпаратберіледікүрделібұйрықтардаәртүрлібасқарушылықәрекеттеркөріністабуымүмкінжекеқұрамғақатыстыбұйрықтардыңәртармағыеңбектуралызаңдарғасәйкесболуыкерек.

5-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз Бұйрықтың әр тармағы Еңбек туралы Заң (Кодекстегі, Кодексін, Кодексінің, Кодексімен) талаптарына сәйкес (болуым, болуың, болуы, болмауы) керек. Мадақтау мен жазалау туралы бұйрықтар бөлек (толтырылыпты, толытырылса, толтырылады, толтырады). Бұйрықта берілген тармақтың күшіне ену (мерзімін, мерзіміндегі, мерзімімен, мерзімі, мерзімде) көрсетіледі. (Жұмыспен, Жұмысқа, Жұмыстан, Жұмыстың) қабылдауда белгіленген еңбек ақы көлемі міндетті (түрмен, түрден, түрде, түрге) көрсетіледі.

ӨКІМДЕР

Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік қызметінің жедел мәселелері бойынша басшы немесе оның орынбасары шығаратын құжат.

Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттарына арналған бланкілерде ресімделеді және оған басшы немесе оның орынбасарлары қол қояды.

Өкімнің мәтініне:

  • нақты тапсырма (жұмыс);

  • жауапты орындаушы;

  • орындау мерзімі кіреді.

Басқару бөлігі әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде «Міндеттеймін», «Белгілеймін»деген сөздермен аяқталады.

Өкім үлгісі

(Форма распоряжения)

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ

№ 567

ӨКІМ

12. 01. 2007.

Қостанай қаласы

Жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы

№ 211 аудиториядағы жылу жүйесінің апаттық жағдайына байланысты

МІНДЕТТЕЙМІН:

  1. № 211 аудиторияға жөндеу жұмыстары жүргізілсін.

  2. Жауапты шаруашылық бөлімінің инженері А.А. Гробарчук.

Орындау мерзімі: 2007 жылдың 13 – 16 қаңтар аралығы.

Өкімнің орындалуын бақылау шаруашылық бөлімінің бастығы П.Н. Ивановқа жүктелсін.

Ректор қолы аты-жөні

Бұрыштамалар (визы)

№ 396 іске

Орындаушының қолы 12. 01. 2007.

Мәтінге арналған сөздік

өкім – распоряжение

күнделікті – повседневный

өндірістік-шаруашылық – производственно-хозяйственный

әкімшілік – административный

қызмет – деятельность

жедел мәселе – оперативный вопрос

бойынша – по

орынбасар – заместитель

ресімделеді – оформляются

нақты тапсырма – конкретное задание

орындау мерзімі – срок исполнения

міндеттеймін – обязываю

белгілеймін – устанавливаю

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Өкім деп қандай құжатты айтамыз?

  2. Өкім қалай ресімделеді ?

  3. Өкімге кімдер қол қоя алады?

  4. Өкімнің мәтініне қандай мәселелер кіреді?

  5. Өкімнің басқару бөлігі қазақ тіліндегі мәтінде қандай сөздермен аяқталады?

2-жаттығу. Сөз формаларының тиістісін таңдап алып, жақшаны ашыңыз

Басшының өкімі (ойдағымен, ойдағыдай, ойдағылар, ойдағысын) орындалды. Біз мемлекеттік тілді (құрметтесің, құрметтесе, құрметтейміз, құрметпен). Директордың орынбасары кезекті өкімін (шығарысты, шығарды, шықты, шығарылды). Өкім – басқару (құжаттарының, құжаттарына, құжаттарын, құжаттарында) бір түрі. Бүкірдің арманы (шалқасында, шалқасының, шалқасын, шалқасынан) жату.

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз.

Мен мемлекеттік қызметкер… . Біз сабақта отыр… . Сен қазақ тілін жақсы біле… бе? Айгүл іс қағаздарын жүргізе… . Сендер ертең театрға бара… ма? Мен бұл кітапты бұрын оқып… . Біз бүгін жиналыс өткізді… . Сендер ертең жұмысқа ертерек кел… . Біз тапсырманың ойдағыдай орындалғанына қуанды… . Бастық бүгін тағы бір өкім шығарып… . Қазақ тілінде дұрыс жазуға ұмтыла… . Біз жұмыстан шықса…, далада қар жауып тұр екен. Сіздер үйге кір… . Сіз төрге шық… . Сен бастыққа не үшін барды…? Мен қазақ мектебін бітірді… .

4-жаттығу. Төменде берілген сөздердің мағынасын анықтаңыз.

Қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдай, алшақтау, салы суға кету, мүдде, қанағат тұту, ығыстыру, беті бері қарау, жөн көру, түн қату, қоян қолтық жұмыс істеу, көз ілмеу, мұрты қисаймау, қомсыну, күпірлік ету, тәубесіне түсу.

5-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Распоряжение – это правовой акт, издаваемый по оперативным вопросам управления. Оно подписывается заместителями директора, руководителями структурных подразделений в пределах их полномочий. Текст рапоряжения имеет те же составные части, что и приказ.

НҰСҚАУ

Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша басқару құжаты. Нұсқаулар бұйрық, нұсқаулық, өкімдердің орындалу тәртібін түсіндіреді. Нұсқауға кәсіпорынның басшысы немесе құзіреті шегінде оның орынбасары қол қояды.

Нұсқаудың басқару бөлігі «орындау мақсатымен», «соған сәйкес», «мақсатында» деген сөздерден басталады да, «Ұсынамын», «Міндеттеймін» деген сөздермен аяқталады.

Нұсқауларға күнтізбелік жыл шегінде реттік нөмірлер беріледі.

Мәтінге арналған сөздік:

нұсқау – указание

нұсқаулық – инструкция

ұйымдастыруға байланысты – связанным с организацией

басқару құжаты – распорядительный документ

құзіреті шегінде – в пределах компетенции

соған сәйкес – в соответствие (с тем)

мақсатында – в целях

ұсынамын – предлагаю

міндеттеймін – обязываю

күнтізбелік жыл - календарный год

шегінде – в пределах

реттік нөмір – порядковый номер

Нұсқау үлгісі

Қостанай облыстық әскери комитеті

НҰСҚАУ

02. 12. 2006.

Қостанай қаласы

2007 жылғы демалыстар кестесі туралы

2007 жылы берілетін кезекті демалыстар кестесін жасау үшін

ҰСЫНАМЫН:

  1. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары хатшыға 2007 жылғы еңбек демалысының шамамен алынған мерзімі көрсетілген тізімді ұсынуға тиіс. Тізімді ұсыну мерзімі 2006 жылғы 20 желтоқсанға дейін.

  2. Хатшы қызметкерлердің 2007 жылғы еңбек демалысының жиынтық кестесін жасап, оны бастықтың бекітуіне ұсынсын. Кестені ұсыну мерзімі 2006 жылғы 22 желтоқсанға дейін.

Қостанай облыстық

әскери комитетінің бастығы қолы аты-жөні

Бұрыштамалар

№ 596 іске

Орындаушының қолы 02. 12. 2006.

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қандай құжат нұсқау деп аталады?

  2. Нұсқау нелердің орындалу тәртібін түсіндіреді?

  3. Нұсқауға кімдер қол қояды?

  4. Нұсқаудың басқару бөлігі қандай сөздерден басталып, қандай сөздермен аяқталады?

2-жаттығу. Қатесін тауып, түзетіңіз.

Бұйрықтың мәтіні екі бөлікпен тұрады. Өкім бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЙЫРАМЫН» деген сөздің басталады. Өкім – басқарумен шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт. Тұрақты бұйрықтардың күшіне мекеме басшысы жаңа бұйрық шығарып қана жоя алады. Құрылымдық бөлімше жетекшілері нұсқау, жарлықтар берген алады.

3-жаттығу. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1. күнтізбелік □ бөлімше

2. мекеменің □ құрам

3. құрылымдық □ орынбасары

4. нақты □ мерзімі

5. қол □ алу

6. директордың □ жобасы

7. орындалу □ беру

8. есепке □ атауы

9. ішкі □ шығару

10. жеке □ тапсырма

11. жауап □ жыл

12. бұйрықты □ қою

13. бұйрықтың □ құжаттар

4-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңіз.

Бұйрық, өкім, шешім, бұйрықтың жобасы, менің нұсқауым, сенің тапсырмаң.

5-жаттығу. Сөздердің жігін ажыратып, сөйлем санын көрсетіңіз.

Лауазымдық нұсқаулықтар кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтық жағдайын қызметтерін құқықтарын міндеттерімен жауапкершіліктерін белгілейді. Жақсы жасалған тәжірибеде сыналған құжат үміткерді лауазымды қызметке таңдауда жақсы бағдар болады. Соған қоса ол үміткерлерді аталған лауазымға алуда келісім шарттардың көлемін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік береді. Тиімді басқару жұмысы лауазымды адамның қызметі мен сол қызметті жүзеге асырудағы мүмкіндіктерінің тепе-теңдігі арқылы мүмкін болады. Лауазымдық нұсқаулықтың тепе-теңдігі мынаны білдіреді. Лауазымға тек оларды орындауды қамтамасыз ететін құралдар арқылы орындалатын қызметтер ғана беріледі. Соның өзінде құқықтары мен міндеттері өзара теңестірілуі керек, яғни әрбір міндеттеме белгілі бір құқықпен қамтамасыз етілуі қажет және әрбір құқық тек белгілі бір міндеттемелердің арқасында жүзеге асырылуы тиіс. Жауапкершілік көлемі мен билік көлемі де солай сәйкестендірілуі қажет, яғни бір нәрсеге жауапкершілік соған сай билік көлемімен қамтамасыз етілуі керек және керісінше лауазымдық нұсқаулық мәтініне ең алдымен жалпы ережелер кіреді. Онда маманның қызмет аясы оны тағайындау ауыстыру және босату тәртібі белгіленеді. Біліктілік талаптар анықталады, сондай-ақ ол кімге бағынатыны кімді басқаратыны анықталады.

ШЕШІМ

(қаулы)

Шешім немесе қаулы өндірістік мәселелер бойынша жасалған алқалық органдардың (Директорлар кеңесі, акционерлердің жалпы жиналысы) құжаттарын білдіреді. Шешім «ШЕШТІ», «ШЕШІЛДІ», «ҚАУЛЫ ЕТЕДІ», «ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ» деген сөздері пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары сияқты ресімделеді. Шешімге (қаулыға) алқалық органның төрағасы және оның мүшелері немесе төраға мен хатшы қол қояды. Шешім мен қаулы тек қана дербес құжат емес, сонымен бірге хаттаманың құрамдас бөлігі болып табылады.

Хаттама – жиналыстарда, отырыстарда, мәжілістерде мәселелерді талқылау және шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Хаттаманы отырысқа қатысушылардың сөздерін жазып отыратын немесе диктофонға жазып алатын хатшы отырыс кезінде жүргізеді.

Хаттама кәсіпорынның жалпы бланкісі түрінде таза параққа, негізгі деректемелер:

  • мекеменің атауы;

  • құрылымдық бөлімшенің атауы;

  • құжат түрінің аты (хаттама);

  • отырыстың күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • отырыстың орны;

  • мәтін тақырыбы;

  • құжаттың мәтіні;

  • қойылатын қолдар ескеріле отырып ресімделеді.

Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Ол екі бөліктен тұрады: бірінші –

кіріспе, мұнда төрағалық ететін тұлғаның, хатшының, қатысушылардың аты-жөні, күн тәртібі көрсетіледі. Екінші бөлікте отырыс барысын белгілейтін негізгі мәселе болады.

Хаттамалар отырыс барысын көрсету толықтығына қарай толық және

қысқаша болады.

Отырыстың барысында хаттаманың бірінші нұсқасы жасалады. Хаттама

нақтыланады, тексеріледі, редакцияланады және бес күндік мерзімде толық ресімделеді. Хаттамалар кәсіпорынның маңызды құжаттарының біріне жатады, сондықтан оларды кемінде он жыл сақтайды. Хаттамалар сақтауға мұрағатқа жіберіледі.

Мәтінге арналған сөздік

шешім – решение

қаулы – постанавление

алқалық орган – коллегиальный орган

Директорлар кеңесі – Совет директоров

шешті – решил

шешілді – решили

қаулы етеді – постановил

қаулы қабылдады - постановили

төраға – председатель

хатшы – секретарь

дербес құжат – самостоятельный документ

құрамдас бөлігі – составная часть

болып табылады – является

жиналыс – собрание

отырыс – заседание

талқылау – обсуждение

белгілейтін - фиксирующий

таза парақ – чистый лист

негізгі деректемелер – оснаовные реквизиты

кіріспе бөлім – вводная часть

негізгі бөлім – основная – часть

тұлға – лицо

күн тәртібі – повестка дня

отырыс барысы – ход заседания

толық хаттама – полный протокол

қысқаша хаттама – краткий протокол

нақтыланады – уточняется

тексеріледі – выверяется

редакцияланады – редактируется

бес күндік мерзім – пятидневный срок

маңызды – важный

сондықтан – поэтому

мұрағат – архив

1-жаттығу. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Шешім немесе қаулы нені білдіреді?

  2. Шешім қалай ресімделеді?

  3. Шешімге кімдер қол қояды?

  4. Шешім мен қаулы қандай құжаттың құрамдас бөлігі болып табылады?

  5. Хаттама деп қандай құжат аталады?

  6. Хаттаманы кім жүргізеді?Хаттама қалай ресімделеді?

  7. Хаттаманың негізі не болып табылады?

  8. Хаттаманың кіріспе бөлімінде нелер көрсетіледі?

  9. Хаттаманың негізгі бөлімі қандай мәселелерді қамтиды?

  10. Хаттаманың отырыс барысын көрсету толықтығына қарай қандай түрлері бар?

  11. Хаттамаларды неше жыл сақтайды? Хаттамалар сақтауға қайда жіберіледі?

Хаттама үлгісі

«Алатау» ЖШС

ХАТТАМА

21 қаңтар, 2008 жыл. № 2

Қостанай қаласы

Еңбек ұжымының жиналысы

Төраға: Оспанов Біржан Алтынбекұлы

Хатшы: Сұлтанбаева Ләйлә Қайранбайқызы

Қатысқандар: 21 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)

Шақырылғандар: 3 адам (лауазымы, аты-жөні көрсетіледі)

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығын талқылау.

  2. Әр түрлі мәселелер.

ТЫҢДАЛДЫ:

  1. Ыбышев Н.Ы. – кәсіпорын директорының орынбасары (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).

СӨЗ АЛҒАНДАР:

  1. Ертаев С.Е. – бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі).

  1. Оразбаева Қ.Б. – ұжым мүшесі (сөзінің қысқаша мазмұны беріледі)

  2. Көлбаев А.Ж. – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.

ШЕШІМ (ҚАУЛЫ) ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1. Қазақстан Республикасы Президентінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» Жарлығының орындалуы міндеттелсін

    2. Бағдарламаны жүзеге асыруға ұжым мүшелерінің белсенді ат салысуы жөніндегі шаралар белгіленсін.

ТЫҢДАЛДЫ: (2-тармақ 1-тармақ сияқты толтырылады)

Форма протокола

Наименование предприятия

ПРОТОКОЛ

    1. №________

г. Костанай

Собрание трудового коллектива

Председатель (Ф.И.О.)

Секретарь (Ф.И.О.)

Присутствовали:_________________________________________________

(дожности, фамилии, инициалы)

Приглашенные: _____________________________________________________________

(дожности, фамилии, инициалы)

ПОВЕСТКА ДНЯ:

1._______________________________________________________________

2.______________________________________________________________

СЛУШАЛИ:

_______ ____________________________________________________

(Ф.И.О., должность) (содержание выступления)

________________________________________________________________

ВЫСТУПИЛИ:

_______________________________________________________________

(Ф.И.О., должность) (содержание выступления)

________________________________________________________________

ПОСТАНОВИЛИ:

1.1.____________________________________________________________

1.2._____________________________________________________________

СЛУШАЛИ:… (п. 2 оформляется так же, как п. 1)

Председатель подпись И.О. Фамилия

Секретарь подпись И.О. Фамилия

В дело №_______

Подпись исполнителя 00.00.00

2-жаттығу. Сөйлемдерден етіс жұрнақтарын тауып, олардың етістің қай түріне жататынын анықтаңыз.

Шешім қабылданды. Хаттаманың негізі мәтін болып табылады. Күн тәртібіне талқылауға ұсынылған мәселелер қойылады. Күн тәртібінің әрбір тармағы нөмірленеді. Мәселенің мәнін түсіндірді. Хаттама жазысты. Бүгін шығарылған шешім туралы сөйлестік. Ақиқатын айтқызды.

3-жаттығу. Қазақ тіліне аударыңыз.

Основная часть протокола состоит из разделов, соответствующих пунктам повестки дня. Текст каждого раздела строится по схеме: СЛУШАЛИ:, ВЫСТУПИЛИ:, ПОСТАНОВИЛИ:. Эти слова пишутся прописными буквами, каждая с новой строчки, после них ставится двоеточие. Они зрительно разбивает текст, облегчая его восприятие. После двоеточия на следующей строке с абзаца пишутся фамилии и инициалы выступавщих и через тире – краткое изложение текста выступления от третьего лица единственного числа. Если имеются тексты или тезисы выступлений, они не записываются в протокол, а через тире после фамилии делается указание: «Текст выступления (сообщения) прилагается». Постановление (решение) указывается в протоколе полностью.

4-жаттығу. Екі бағанадан сөз тіркеcтерін құрастырыңыз

шешім

алқалық

мәселені

директорлар

күн

алдын ала

құрылымдық

кәсіпорын

талқыланатын

бас

қысқаша

нормативтік

қабылданған

басқару

хаттаманың

қаулы

негізгі

хаттамамен

экономиканы

мүдделерді

тіл

қорғау

маман

хаттама

мазмұны

үйрену

мәселелер

дамыту

төраға

тәртібі

құжаттары

қабылдау

талқылау

қызметкерлері

кеңесі

дайындау

танысу

құжат

қаулы

деректемелер

ету

бөлімше

5-жаттығу. Қысқаша хаттаманың үлгісін толтырыңыз.

Кәсіпорынның атауы

ХАТТАМА

    1. № _________

__________________қаласы

Бас директорда өткен өндірістік мәжіліс

Төрағаның аты-жөні

Хатшының аты-жөні

Қатысқандар: ______________________________________________

Қаралған мәселелер:

  1. ________________________________________________________

  2. ________________________________________________________

Қабылданған шешімдер:

  1. _________________________________________________________

  2. _________________________________________________________

Төраға қолы аты-жөні

Хатшы қолы аты-жөні

№____іске

Орындаушының қолы