Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

3 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

3.1.Жеке тұлға ұғымы.

3.2.Құқық және әрекет қабілеттілік ұғымы.

3.3.Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық

хал-ахуал актілері.

3.1.Жеке тұлға ұғымы. Адамдар мен олардың өздері құратын ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық қатынастар орнығады. Адамдар мен ұйымдар өзара мәмілелер жасасып, құқық субъектісінің тұлға деп аталатьш қоғамдық қасиеті ретінде ғана құқықтық қатынастарға қатыса алады.

ҚР заңдары бойынша, ерекше заңдық қасиетті — азаматтық құқық субъектілікті иеленетін, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерді иеленуге және оларды жүзеге асыруға қабілетті адамдар (индивидтер) және олардың кейбір ұйымдары (заңды тұлғалары, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бөліністер) азаматтық құқық субъектілері немесе тұлғалар деп танылады. Мұндай қасиеттерді иелену индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Мұнда әрбір адамның, мейлі ол ҚР азаматы болсын, мейлі басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болсын, азаматтық құқық субъектілігі болады, демек ол азаматтық құқық субъектісі деп танылады. Ал ұйым — бұл басқаша жағдай. Ол азаматтық құқықтың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін немесе азаматтық құқық субъектілігі болмауы да мүмкін. Заңды тұлғалар деп танылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқық субъектілігі бар. Сонымен бірге, азаматтық құқық субъектісі мен оның құқық субъектілігін шатастыруға болмайды. "Азаматтық құқық субъектісі" ұғымы оның құқық субъектілігі ұғымынан кең болады және есімді (атауды), тұрғылықты жерді (тұрған орнын) және басқа белгілерді қамтиды. Азаматтық құқық субъектіліктің бастаулары экономикалық тауарлы қатынастарға сүйенеді, ал азаматтық заңдарда "құқық субъектілігі" термині пайдаланылмайтын болса да, көрсетілген қасиеттің өзін қолданылып жүрген құқық бекіте түседі. Құқық субъектілігі ұғымының өзін заң ғылымы қалыптастырған және ол ҚР Конституциясында баянды етілген. ҚР Азаматтық кодексі азаматтық құқықтардың субъектілеріне жеке тарау (2-тарау) арнаған, оңда "құқық субъектілері" және "тұлғалар" терминдері бір мағыналы терминдер ретінде пайдаланылады. Құқық субъектілері туралы нормалар АК-да ғана еме, сондай-ақ басқа да заң актілерінде кездеседі.

Азаматтық құқық субъектілерінің (немесе тұлғаларының) ішінен ДК ҚР азаматтарын және басқа жеке тұлғаларды бөліп көрсетеді, оларға осы оқулықтың бір тарауы арналған. Тарауда азаматтық құқық субъектіліктің жалпы ұғымдары мәселелері ең аз қажетті шамада сөз болған, ал қажетті жағдайларда жеке және занды тұлғалардың құқық субъектілігі мәселелері салыстырмалы тұрғыда қарастырылады.

"Жеке тұлға" жалпы ұғымы ҚР АК-ның 12-бабында тұжырымдалған. Бұл бап жеке тұлғалар туыстық ұғымымен Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын (шетелдіктерді), сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Қазақстан аумағында тұратын жеке тұлғалардың басым көпшілігі оның азаматтары болғандықтан, ал АК ҚР-дың ұлттық заңы болып табылатындықтан, ол Қазақстан азаматтарын ғана емес, жеке тұлғаларды да белгілеу үшін кең мағынада әдетте "азамат" терминін қолданады. Егер заңдар мен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен міндеттерді атқаратындықтан, "азамат" терминін осылайша кең мағынада түсінуге болады (КР Конституциясының 12-бабының 4-тармағы, ҚР АК-ның 3-бабының 7-тармағы). "Азамат" ұғымы әлдеқайда кең маңызға ие болып, құқықтың барлық салаларында қолданылғанымен, мұнда, азаматтар туралы азаматтық құқықтың субъектілері ретінде сөздің арнайы мағынасында ғана айтылады.

Азаматтық құқық субъектілік — салалық құқық субъектіліктің бір түрі. Бұл ұғымды талдау кезінде, жалпы алғанда, заңдық шындық ретінде құқық субъектілік не үшін пайда болады және не үшін қолданылады деген сұрақ бірден туады. Бұған берілетін ең қысқа жауап мынадай: азаматтық құқықтың ерекше институты — құқық субъектіліктің болуы қоғамдық ағзалар — адамдарды құқықтық қатынастарға тарту мүмкіндіктері мен шараларын (шектерін) жіктеу қажеттігіне байланысты. Сондықтан құқық субъекттілік дегеніміз адамдардың қоғамдық, заңдық қасиеттері болып табылады. Бұлайша жіктеу құқықтың түрлі салаларында түрлі санаттар бойынша жүргізіледі. ҚР Конституциясы адамдардың құқық қабілетгілігін ең алдымен адам мен азаматтың құқықтарын бөлу және айыру негізінде жіктейді. Адам құқықтарына қарағанда, азаматтың құқықтары көлемді болады. Олар адамның бүкіл құқықтарын, бұған қоса, ҚР азаматтарына ғана тән құқықтар мен міндеттерді қамтиды (мысалы, саяси құқықтар, әскери қызметті өтеу міндеттері). Азаматтық құқықта нақты құқықтар мен міндеттерді иеленудің алғышарты — құқық субъектіліктің болуы қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша және өзге де қатынастарды жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға және азаматтық құқықтың ерекше субъектілеріне заңдық жіктеуге байланысты, оның үстіне, бұл қатысушылардың құқықты иелену шарасы (шегі) түрліше болады.

Конституция әркімнің құқық субъектісі ретінде танылу құқығын баянды етіп, оның адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының тізбесі түріндегі негізгі мазмұнын ашып көрсетеді (ҚР Конституциясының 13, 21 және 26-баптары).

Белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыруды жазалау шарасы ретінде кездей отырып, ҚР Қылмыстық кодексі азаматтардың құқық субъектілігі элементтерінің бірін құқық деп атайды. (41-бап)

Құқық субъектілікті ерекше субъективтік құқық деп танудың теориялық қана емес, сондай-ақ практикалық маңызы бар. Атап айтқанда, оны бұлайша тану құқық субъектілікті жүзеге асыру кезінде азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы АК-ның 8-бабының нормаларын қолдануға мүмкіндік береді. Мәселен, құқық субъектілікті жүзеге асыру құқықтың басқа субъектілерінің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс, адал, әділетті өтуі тиіс.Адамның заңдық қасиеті ретінде, ерекше субъективтік құқық ретінде азаматтық құқық субъектілікті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерден айыра білу керек. Өзінің табиғаты жөнінен құқық субъектілік те субъективтік құқық болып саналғанымен, нақты субъективтік құқықпен салыстырғанда бұл өзгеше деңгейдегі құқық болып табылады: олар бір-бірімен жалпы және жеке-дара арақатынаста болады. Басқаша айтқанда, әрбір қүқық субъектілік тұлға тиісті нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерді иелене алады. Әрбір құқық субъектісінің заң актілерінде көзделген көлемде құқық субъектілігі бар. Нақты субъективтік құқықтар мен міндеттерге қатысты мәселе басқаша. Әрбір тұлға үшін олардың жиынтығы жеке-дара болады және ұдайы өзгеріп отырады. Мысалы, барлық жеке тұлғалардың меншік құқығында мүлкі, атап айтқанда, меншігінде пәтері болуы мүмкін. Алайда кез келген адамның іс жүзінде белгілі бір мекен-жайдағы белгілі бір үйдегі нақты пәтерге меншік құқығы бола бермейді. Кез келген басқа мүлік жөнінде де осыны айтуға болады. Нақты субъективтік құқық ретінде меншік құқығы қашан да жеке-дараланған — бұл белгілі бір адамның белгілі бір мүлікке құқығы. Азаматтық әрекет қабілетгілігі жоқ болғанымен, азаматтық құқық қабілеттілігі бар адам — бұл азаматтық құқық субъектісі, яғни нақты субъективтік құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алатын адам. АК-да заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі туралы арнайы бап (25-бап) болғанымен, олардың әрекет қабілеттілігіне катысты мұндай бап жоқ.

Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі АК нормаларында көрсетілген, олар "әрекет қабілетгілігі" деген терминнің өзін пайдаланбастан, заңды тұлғаның өз органдары мен өкілдері арқылы өзіне құқықтарды қабылдау тәртібін анықтайды. Сондықтан құқық субъектілік ұғымы әрекет қабілеттілікті іс жүзінде құқық қабілеттілікті жүзеге асырудың жалпы шарты ретінде қамтиды. Сонымен бірге, бұл — құқық қабілеттілікті жүзеге асыру шарты, ал құқық субъектілікте әрекет қабілеттілікті бөліп көрсету адамның интеллектуалдық ерекшеліктеріне, оның өз іс-әрекеттерін ой елегінен өткізіп, оларды қолдана білу қабілетіне байланысты.

3.2. Құқық және әрекет қабілеттілік ұғымы. Құқық субъектілікте құқық қабілеттілік анықтаушы элемент болып табылатынын ескере отырып, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылатынын атап көрсеткен ҚР Конституциясының 12-бабына, сондай-ақ азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған сәттен басталады деп көрсеткен АК-ның 13-бабының 2-тармағьша сүйену арқылы азаматтың құқық субъектілігі ол туған сәттен басталады деген қорытынды жасауға болады.АК-ның 13-бабында "Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті (азаматтық құқық қабілеттілігі) барлық азаматтарға бірдей деп танылады" деп көрсетілген. Сонымен, АК азаматтардың тең құқық қабілеттілігі принципін белгілейді, бұл олардың шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне, біліміне, ақыл-ой қабілетіне және кез клеген өзге де мән-жайларға тәуелсіз болады. Ерекше жағдайларда ғана заң актілерінде тікелей көзделген құқық қабілеттілікке кейбір шектеулер қойылуы мүмкін. Әрекет қабілеттілігі секілді, құқық қабілеттілігінен айыруға мүлде жол берілмейді.

Тек заң актілеріне сәйкес және оның үстіне, АК-да көзделген ерекше жағдайларда ғана азаматтардың құқық қабілетгілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеу мүмкіндігі ҚР Конституциясы 39-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес келеді. Мәселен, жер туралы заңдарға сәйкес, шетелдік азаматтардың жеке меншігінде өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру және саяжай тұрғызу үшін берілетін жер учаскелері болмауы тиіс.

Заң актілерінде ҚР азаматтары емес және тұлғалар үшін кейбір қызмет түрлерімен (адвокаттық, нотариалдық) айналысуға да шектеулер қойылған. Құқық қабілеттілігін шектеу жеке түұлғалардың белгілі бір - санаттарына ғана емес, сонымен қатар жасаған қылмыстары үшін жаза ретінде кейбір жеке тұлғаларға да белгіленуі мүмкін. Мұндай шектеулер ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес соттың үкімімен белгіленеді, ол жазалау түрі ретінде белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

Әрекет қабілеттілік. Адамның психикалық күйімен байланысы жоқ заңдық қасиет ретіндегі құқық қабілеттіліктен өзгеше, әрекет қабілеттілік онда айтарлықтай дамыған ақыл-ой мен еріктің болуына, өзінің іс-әрекеттерін саналы түрде сезініп, оларды игере білу қабілетіне байланысты. Сондықтан заң адамның әрекет қабілеттілігі толық көлемде кәмелетке толғанда, яғни ол 18 жасқа жеткенде басталады деп көрсетеді. Осылайша, кәмелетке толғандардың толық дәрежеде әрекетке қабілеттігі болуына мүмкіндік беретін психикалық толысу шүбәсыздығы белгіленеді. Кәмелетке толған адамдар өздерінің іс-әрекетгері арқылы толық көлемде азаматтық құқықтарды иеленіп, жүзеге асыра алады, өздері үшін азаматтық міндеттерді белгілеп, оларды орындай алады. Атап айтқанда, азаматтардың өздерінің мәмілелер (мәмілелер жасау қабілеті) және басқа занды іс-әрекеттер жасау қабілеттерін, сондай-ақ азаматтық-құқық бұзушылық (деликт қабілеттілік) үшін жауапкершілік атқару қабілеттерін әрекет қабілеттілік ұғымы қамтиды. Бұл арада әрекет қабілеттілік іс-әрекеттер жасаудың өзі емес, керісінше, нақ іс-әрекеттер жасау заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.

Егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады (АК-ның 17-бабының 3-тармағы).

Азаматтың әрекет қабілеттілігінің оның ақыл-ойы мен ерік-жігері күйімен байланысы, біріншіден, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу қажеттігіне және, екіншіден, олардың ақыл-ойы мен ерік-жігерінің жетіспеушілігі салдарынан кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігін шектеу немесе одан айыру мүмкіндігіне әкеп тірейді. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, кәмелетке толмағандардың әрекет қабілетгілігін шектеу тікелей заң актілерімен жүзеге асырылады, ал кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін шектеу — заң актілерінде көзделген жағдайларда тек сот арқылы шешіледі.

Қазақстан заңдары адам 18 жасқа жеткенде толық көлемде әрекет қабілеттілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден бір ғана ерекшелік белгілейді: заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілетгілігіне ие болады (АК-ның 17-бабының 2-тармағы).

"Неке және отбасы туралы" 1998 ж. 17 желтоқсандағы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған неке ғана жұбайлардың міндеттерін іс-жүзінде некеге тұруы (бірге тұруы) ол толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болды дегенді білдірмейді. ҚР азаматтық заңдары құқықты теңеу (эмансипация) институты дегенді, мысалы, РФ АК көрсеткендей, құзіретті мемлекетгік органның шешімімен кәмелетке толмағанды толық әрекетке қабілетті деп жариялау дегенді білмейді. Алайда РФ АК секілді, ҚР АК азаматтар кәмелетке толғанда олардың толық әрекет қабілетгілігі пайда болатыны туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктерге жол береді. Мұндай ерекшеліктердің азаматтық қатынастардың кейбір салаларына ғана қатысы бар. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандар банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы (АК-ның 25-бабы).

ҚР АК психикалық даму деңгейіне қарай кәмелетке толмаған азаматтарды 14 жасқа жетпегендерге және 14-тен 18-ге дейінгілерге бөле отырып, олардың әрекет қабілетілігінің түрлі шешімін белгілейді.

14 жасқа дейінгі азаматтар әрекетке қабілетсіз болады. Сондықтан, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың атынан ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары мемілелер жасайды (АК-ның 23-бабының 1-тармағы). Әрекетке қабілетсіз кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін де осылар жауап береді.

Заң 14 жасқа жетпеген азаматтардың әрекетке қабілетсіздігі туралы жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер жасайды. Бұл адамдар өздерінің жасына қарай жасай салып орындалатын тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға (АК-ның 23-бабының 2-тармағы), сондай-ақ банкілерге салымдар салуға және өздері салған салымдарға дербес билік етуге құқылы.

Кәмелетке толмаған азаматтың өзінің, оның отбасының және өзге де оған таныс адамдардың күнделікті тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға байланысты жасайтын құны болмашы мәмілелерін тұрмыстық ұсақ мәмілелер деп түсіну керек. Мысалы, тағам өнімдерін, газет, мектеп оқу керек-жарақтарын, қала көлігінде жүру билеттерін жөне т.с.с. сатып алу тұрмыстық ұсақ мәмілелерге жатады. Бұл арада, 14 жасқа жетпеген адамдар жасайтын тұрмыстық мәмілелер бір мезгілде мынадай үш шартқа сай болуы тиіс. Біріншіден, мұндай мәмілелер ұсақ, яғни құны жөнінен болмашы болуға тиіс. Екіншіден, олар кәмелетке толмағанның жасына, яғни оның психикасының деңгейіне сай болуы, ал мұндай мәмілелер ауқымы шектеулі болуы тиіс. Мысалы, 2 жасар, 7 және 13 жастағы балалардың психикалық даму деңгейі түрліше болатыны айқын. 2 жасар бала өзінің психикалық даму деңгейі бойынша тіпті өте ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алмайды, ал 7 жасар бала да тұрмыстық ұсақ мәмілелерді (мысалы, сіріңке сатып алуды) жасай алмайтыны түсінікті. Бұл мәмілелердің құны аз ғана болғанымен, сіріңкенің ерекше қасиеті бар — оны пайдалану қауіпті болатындықтан, баланың қолына беруге болмайды. Бұл жастағы балалар, әдетте, сатушылар немесе тіпті тұрмыстық ұсақ мәмілелер бойынша сыйға тартушылар бола алмайды. Үшіншіден, 14 жасқа жетпеген адамдар жасалып болысымен орындалатын мәмілелерді ғана жасай алады, мысалы, азық-түлікті несиеге емес, тек қолма-қол ақшаға сатып ала алады. Заңда қандай мәмілелерді ұсақ деп есептеуге болатын және қандай мәмілелерді оларды жасайтын кәмелетке толмағанның жасына сай келеді деуге болатын жалпы өлшемдерді белгілеу мүмкін емес. Сондықтан мұндай өлшемдер әрбір нақты жағдайда бағалаушы сипатта болады, ал бағалауды, әдетте, бастапқы кезде кәмелетке толмағанмен мәміле жасайтын адамның өзі жүргізеді. Жасалған мәміленің ұсақ екені және оның кәмелетке толмағанның жасьша сай келетіні жөнінде дау туатынш жағдайда — дау сот арқылы шешіледі.

Көрсетілген жағдайларда 14 жастан 18 жасқа дейінгілердің әрекет қабілеттілігін ұлғайту олардың әрекет қабілеттілігін кәмелетке толғандармен теңестіреді. Кәмелетке толмағандардың өздерінің табыстарына немесе өздері жасаған интеллектуалдық меншік нысандарына билік ету жөніндегі әрекет қабілетгілігін шектеу олардың кіріс келтіретін қызметапен айналысу немесе кәмелетке толмағандардьщ психикалық толысуының айтарлықтай жоғары деңгейін көрсететін интеллектуалдық меншік нысандарын жасау ынталарын тұншықтыруға әкеп соққан болар еді. Көрсетілген жағдайларда кәмелетке толмағандар тарапынан теріс әрекеттер (мысалы, кірістерді ысырап ету) байқалатын реттерде, АК қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдарының кәмелетке толмағандардың тиісті құқықтарын шектеуіне немесе тіпті мұндай құқықтарынан айыруына рұқсат етеді.

Заң бойынша әрекет қабілеттілігі пайда болатын жасқа жеткен кейбір азаматтар өздерінің психикалық күйіндегі кемістіктері салдарынан өз іс-өрекеттерінің зардаптарын толық дәрежеде түсіне алмайтындықтан және оларды орынды пайдалана білмейтіндіктен, соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылуы мүмкін. АК-ның 26-бабына сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азамат әрекетке қабілетсіз деп танылуы мүмкін. Жүйке ауруы да, ақыл-естің кемдігі де жүйке бұзьшуының түрлері болып табылады, оның үстіне, ақыл-естің кемдігі аурушаң күйге байланысты болса да, азаматтың туған сетінен басталады. Өз өрекеттерінің маңызын түсіну немесе оларды пайымдай білу қабілетінен айрылуға әкеп соқтыратын жүйкенің бұзылуы ғана азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану үшін шешуші рөл атқарады. Жүйкесінің бұзылуына байланысты азаматты әрекетке қабілетсіз деп тануды Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен сот қана шеше алады және бұл азаматқа қамқоршылық белгілеу үшін негіз болады. Соттың шешімімен жүйкесінің бұзылуына байланысты әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан оның қамқоршысы жасайды. Әрекетке қабілетсіз азаматтың денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекетке қабілетті деп танылады да, оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады. Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілетгілігін сот шектеуі мүмкін (АК-ның 27-бабы). Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынған азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу үшін мұндай салынудың нәтижесінде отбасы мүшелерінің санына қарамастан, оның отбасы материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешуші рөл атқарады. Егер азаматтың отбасы болмай, тек өзін ғана материалдық ауыр жағдайға қоятын болса, онда бұл оның әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануға негіз бола алмайды. Азаматтың материалдық тіршілік деңгейінің айтарлықтай төмендеуін, сондай-ақ көрсетілген теріс әрекеттердің салдарынан бұл деңгейді көтерудің мүмкін еместігін спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынатын азамат отбасының материалдық ауыр жағдайы деп түсіну керек. Сот арқылы әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматқа қорғаншылық белгіленеді. Мұндай азамат қорғаншының келісімімен ғана тұрмыстық ұүсақ мәмілелерден басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы, өзге де кіріс түрлерін алуға және оларға билік етуге құқылы. Азаматтың спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.

Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану және мұндай шектеулерді алып тастау тәртібі Азаматтық іс жүргізу кодексі арқылы анықталады.

Қамқоршылық және қорғаншылық. Мәмілелерді әрекетке қабілетсіз және әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдардың атынан олардың қамқоршылары мен қорғаншылары жасайтынын жоғарыда айтып өткенбіз. Олар тек кәмелетке толған өрекетке қабілетгі адамдар болуға тиіс.

Әрекетке қабілетсіз азаматтардың мүдделерін қорғайтын қам-қоршьшарды, ал әрекет қабілетгілііі шекгеулі азаматгардың мүдделерін қорғайтын — қорғаншыларды арнайы мемлекетгік қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындайды. Егер кәмелетке толмағандардың ата-аналары (асырап алушылары) жоқ болса немесе олар көмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін атқара алмаса, кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау үшін қамқоршылар мен қорғаншылар тағайындалады. Қамқоршылар мен қорғаншыларды тағайындау тертібін, олардың атқаратын қызметін, қүқықтары мен міндеттерін отбасылық заңдар белгілейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]