Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

14 Тақырып. Шарттық құқықтық қатынастың жекелеген түрлерінің субъектілері

14.1. Ақшалай міедеттеменің субъектілері.

14.2. Несие-есеп айырысу қатынастарының субъектілері.

14.1. Ақшалай міндеттеменің субъектілері. Ақшалай міндеттеменің ерекшелігі ақшаның нысанасымен анықталады. Ақша – бұл кез келген затқа алмастырылу қасиетіне ие болатын заттық және міндеттемелік азаматтық құқық объектісі болып табылады.

Азаматтық құқықтық қатынас объектісі ретінде ақшаның ерекшелігі – тауар алмасуды қамтамасыз ету. Ақша төлеу және жинақтау құралы болып табылады, сонымен қатар құн мөлшерінің қызметін атқарады. Ақшалай міндеттеменің заңи анықтамасы жоқ. Сондықтан ақшалай міндеттеменің ұғымын анықтау құқықтық ғылым үшін аса қажет.

Ақшалай міндеттеменің анықтаушы белгілердің қатарына ақшаны төлеу міндетін атап өткен жөн. Ақшаны төлеу шарттан, зиян келтіру салдарынан, негізсіз баю салдарынан туындауы мүмкін.

Кез келген мүлік ақшаға бағаланады. Бірақ ақша белгілері ақшалай қарызды төлеу құралы болып табылмайтын қатынастар ақшалай міндеттеме болып таблымайды. Мәселен, кассалық қызмет көрсетуге клиенттің ақша тапсыру міндеті, ақша белгілерін тасымалдаушы тұлғаның міндеті.

Ақшалай міндеттемелер әртүрлі заңи фактілердің –шарттардың, мәмілелердің негізінде пайда болады. Ақшалай міндеттемелердің пайда болу негіздерінің қатарына деликтілерді, әкімшілік актілерді, сонымен қатар азаматтық құқық пен міндеттерді де атап өтуге болады.

14.2. Несие-есеп айрысу қатынастарының субъектілері. Несие-есеп айырысу қатынастарының субъектісі болып, несие-есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын тұлғалар болып табылады.

«Несие» (кредит) ұғымы лат. «сredit» - ссуда, қарыз деген ұғымды білдіреді. Ал есеп айырысу тараптардың өзара міндеттемелерін орындайтын шарттан туындайды. Бірақ бұл қатынастар ақшалай міндеттеменің орындалуын білдірмейді. Кез келген екі жақты шартты немесе бір жақты міндеттемені орындау кең мағынада есеп айырысуды білдіреді.

Несие-есеп айырысу қызметінің субъектілерінің бірі болып ҚР Ұлттық банкі табылады. Заңға сәйкес, ҚР Ұлттық банкі банкілік қызметті бақылайтын және қадағалайтын уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады. Ұлттық банк несиелерді ұсыну және есеп айырысумен байланысты банкілік операцияларды жүзеге асыра отырып, әрине, міндетті түрде несие-есеп айырысу қызметінің субъектілерінің бірі болып табылады. Ұлттық банктен басқа несие-есеп айырысу қызметінің субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер мен банкілік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банкілік емес ұйымдар, сонымен қатар кейбір жағдайда – банктер консорциумы жатқызылады.

Несие-есеп айырысу қызметінің субъектілері мүліктік айналым қатысушылары болып табылады және азаматтық-құқықтық қатынас субъектілеріне тиесілі барлық сапасына ие болады.

Сонымен қатар бұл субъектілердің өздеріне тән ерекшеліктері бар. Елеулі ерекшеліктердің қатарына ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына және несие-есеп айырысу қатынас субъектілерінің құқық қабілеттілігіне қойлатын талаптарды атап өтуге болады.

15 Тақырып. Шарттық құқықтық қатынастың жекелеген түрлерінің субъектілері

15.1.Мүлкті сенімгерлікпен басқару субъектілері.

15.2.Энергиямен жабдықтау саласында азаматтық құқықтық қатынас субъектілері.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару пайда алушының мүддесінде бөтеннің мүлкін басқару механизімін құрайды. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілеріне құрылтайшы, сенімгер басқарушы, пайда алушы жатқызылады. Сенімгерлікпен басқарушының құрылтайшысы болып, әдетте меншік иесі табылады. Мемлекеттік мүлікке қатысты құрылтайшы болып шаруашлық құқығына негізделген кәсіпорын, бұған уәкілетті мемлекеттік орган, қазыналық кәсіпорын немесе құзыретті мемлекеттік органның рұқсатымен мемлкеттік мекеме табылуы мүмкін.

Егер заң актілермен өзгеше көзделмесе, кез келген тұлға сенімгер басқарушы бола алады. Сенімгер басқарушы жеке тұлға болған жағдайда міндетті талап – толық құқық және әрекет қабілетке ие болуы. Ал заңды тұлғаға қойылатын талап – шектелген құқық қабіленттілікке ие болмауы. Жоғарыда аталғандардан басқа сенімгер басқарушының қатарына уәкілетті органның тұлғасында мемлекетті, әкімшілік-аумақтық бірлікті жатқызуға болады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру барысында сенімгер басқарушы өз атынан өзіне берілген мүлікті, егер шартпен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, пайда алушының мүддесінде пайдалануға, иеленуге және билік етуге міндеттенеді.

Сенімгер басқарушы болып кәсіпкерлікпен айналыспайтын тұлға да бола алады. Ал егер лицензия қажет болса, онда бұл талап міндетті түрде сақталуы керек. Коммерциялық емес ұйым да, егер басқару коммерциялық сипатта болмаса, сенімгер басқарушының рөлін атқара алады.

Пайда алушы сенімгер басқарушының құрылтайшысымен немесе заң актілеріне сәйкес анықталады. Көптеген жағдайда құрылтайшы өзін сенімгер басқарушы етіп тағайындайды.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартында, құрылташы мен пайда алушы бір болып келетін жағдайларды ескермегенде, кем дегенде үш тарап қатысады.

Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын жасасу барысында пайда алушының пікірі ескерілмейді, егер пайда алушының пікі ескерілмейтін болса, онда шартта міндетті түрде бұл жағдайды ескерту қажет.

15.2. Энергиямен қамтамасыз ету саласындағы қатынастардың субъектілері. Қазіргі уақытта энергиямен қамтамасыз ету шарты сату-сатып алу шартының бір түрі ретінде қарастырылады. Дегенмен, бұл шарттың өзіне ерекшеліктері де бар. Бұл шарт жария шарттың қатарына жатқызылады.

«Энергиямен қамтамасыз ету» терминімен қосылған желі арқылы, ең әуелі электр энергиясымен, жылу энергиясымен, газбен, сумен және мұнай өнімдерімен қамту құқықтық қатынастарын белгілейді. Қосылған желі деп энергия мен энергия тасымалдаушылары сатушыдан сатып алушыға тауар ретінде берілетін құбырлардың және басқа да техникалық құрылғылардың жүйесін айтамыз.

«Энергиямен қамтамасыз ету» термині энергияны өндіруші мен оның сатушысы арсында, сонымен қатар арнайы энергия тасымалдаушы ұйымдардың арасындағы құқықтық қатынастарды анықтау үшін қолданылады.

Энергияны тасымалдаушы ұйымға нақты қызмет түрімен айналысуға лицензиясы бар, электрлік, жылу желісіне немесе су құбырларының жүйесіне ие болып табылатын, сонымен қатар тиісті тәртіппен жинақталған штаттары бар арнайы заңды тұлғалар жатқызылады. Бірақ энергияны тасымалдаушы ұйымдардың желісі шарт тараптарының – абоненттердің желісіне қосылу керек.

Абоненттерге немесе тұтынушыларға қосылған желі арқылы энергияны қабылдап алатын азматтар мен заңды тұлғалар жатқызылады. Ал тұтынушы дегеніміз – бұл жеке шаруашылықта жеке тұтыну немесе пайдалану мақсатында тауар сатып алатын, жұмыстар мен қызметтермен пайдаланатын азамат. Бірақ энергия секілді тауар заңды және жеке тұлғалрмен өндірістік (кәсіпкерлік) мақсатта да қолданылады. Сонымен қатар тұтынушылар заңды тұлғалар екі категорияға бөлінуі мүмкін: тікелей тұтынушылар мен қайта сатушылар. Тікелей тұтынушыларға тиісті техникалық, өндірістік және өзге мұқтаждықтарға энергияны, суды, газды пайдаланатын кәсіпорындар мен ұйымдар жатқызылады. Қайта сатушыларға энергияны өндірушіден қабылдап алып, содан кейін шарттық негізде субабонент деп аталатын тікелей тұтынушыларды қамтамасыз ететін ұйымдар жатқызылады. Абонент – бұл энергия тасымалдаушы ұйымның энергиямен қамтамасыз ету желісіне тікелей қосылған тұтынушы. Ал субабонент - абоненттің желісіне тікелей қосылған және энергиямен пайдалануға онымен шарт жасасқан тұтынушы.

Электр энергиясының көтерме рыногының субъектілері болып табылады:

  1. электрлік қуаттылықтың және /немесе/ энергияның сатушылары мен сатып алушылары. Сатып алушыларға энергиямен жабдықтау және энергияны тасымалдау ұйымдары, сонымен қатар қайта сатушылар-трейдерлер, ал сатушыларға – энерго шығаратын ұйымдар жатқызылады;

  2. өз құрамында электрлік станциялары бар және КЕGОС жүйесі арқылы электр энергиясын өздерінің дербес электр станциялары арқылы тұтынушыларға жеткізетін ұйымдар;

  3. Ұлттық энерготасымалдаушы ұйым - КЕGОС. Нақты уақытта бұл ұйым көтерме рыногының Техникалық операторы болып табылады;

  4. Аумақтық энерготасымалдаушы ұйымдар - АЭҰ;

  5. Белгілі бір тәртіпте элкетрлік қуаттылықты және немесе энергияның экспортын және (немесе) импортын жүзеге асыратын шет мемлекеттердің заңды тұлғалары;

  6. Нарықтық оператор ЭҚЭРО – қазақстандық электр қуаттылығының рынок операторы (ҚЭҚРО);

  7. ЭҚР Пулы мен ЭҚЭРО-да ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдар.

Жоғарыда аталған субъектілердің қатарына биржалық сауда ержелері бойынша энергия және күнделікті көтерме рыногында электрлік қуаттылықтың сауда-саттығының ұйымдастырушылары болып табылатын Нарықтық және Техникалық опреторларды атап өтуге болады. Міндетті қатысушылардың қатарына, сондай-ақ энергия шығаратын ұйымдар мен тұтынушыларды атап өтуге болады.

ГЛОСАРИУС

1. Акционерлік қоғам – жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі санына бөлінген серіктестік.

Акционер – акциялар бойынша дивиденттер түрінде пайда табатын акция иесі.

Акция – эмиссиялық бағалы қағаз, оның ұстаушысына дивиденттер түрінде пайда табуға, акционерлік қомды басқаруға қатысуға, сонымен қатар ол таратылған жағдайда мүліктің бір бөлігін алуға құқық береді.

Заттық құқық – объектісі зат (мүлік) болып табылатын субъективтік азаматтық құқықтар.

Мемлекет – азаматтық құқықтық қатынас қатысушыларының бірі болып табылатын, азаматтық құқық субъектісі.

Азамат – азаматтық құқықтық қатынас қатысушыларының бірі болып табылатын, азаматтық құқық субъектісі. Барлық азаматтар тең мөлшерде азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді өтеуге тиіс.

Азаматтық құқық қабілеттілік – құқық субъектілерінің белгілі бір құқықтарға ие болу қабілеттілігі. Жеке тұлғаларға құқық қабілеттілік тумысынан беріледі, ал заңды тұлғаларға құрылып, мемлекеттік тірекуден өткен сәттен бастап беріледі.

Азаматтық әрекет қабілеттілік – құқық субъектілерінің өз әрекеттерімен азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие боылп, оларды жүзеге асыру қабілеттілігі.

Еншілес кәсіпорын – шаруашылық жүргізу құқығына негізделген, заңды тұлға ретінде басқа кәсіпорынмен құрылған кәсіпорын.

Шетел азаматтары – нақты мемлекеттің азаматы болып табылмайтын, басқа елдің азаматы екендігін дәлелдейтін тұлға.

Қазыналық кәсіпорын – жедел басқару құқығына негізделген кәсіпорын.

Азаматтығы жоқ тұлғалар (апатрид) – нақты мемлекеттің азаматы болып табылмайтын және басқа мемлекеттің азаматтығына қатысы жоқ тұлға.

Азаматтың тұрғылықты жері – азаматтың тұрақты түрде тұратын жері.

Заңды тұлғаның оранласқан жері – заңды тұлғаның заңмен белгіленген ережелер бойынша белгілі бір географиялық нүктеге (әкімшілік-аумақтық бірліктерге) тиесілі болуы.

Коммерциялық емес ұйым – өз қызметін жүзеге асыру барысында пайда табу мақсатын көздемейтін және түскен пайданы қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға.

Резидент – тұрақты түрде ҚР аумағында тұратын жеке тұлғалар немесе ҚР аумағында құрылған заңды тұлға.

Резидент емес тұлғалар – ҚР аумағынан тыс, шет елде тұратын, ҚР аумағында уақытша тұратын тұлғалар; шетел заңдарына сәйкес, ҚР аумағынан тыс құрылған заңды тұлғалар.

Ортақ меншік – бір мүлікке екі немесе одан да көп тұлғалардың меншікке құқығы.

Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі – егер шартпен өзгеше көзделмесе, некеде тұру барысында жинаған ортақ мүлкі.

Қоғамдық және діни ұйымдар – рухани немесе өзге де материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында заңи нысанда азаматтардың ерікті бірігуі.

Толық серіктестік – қатысушылары серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және өздеріне тиесілі барлық мүлікпен толық көлемде жауап беретін серіктестік.

Тұтыну кооперативі – қатысушылардың материалдық және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мүшелік негізде құырылатын, олардың мүшелері арасында мүліктік жарнаны біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың және заңды тұлғалардың ерікті бірігуі.

Жедел басқару құқығы – шектелген заттық құқықтардың ерекше түрі. Субъектісі болып тек қазыналық кәсіпорын және мекеме табыла алады.

Шаруашылық жүргізу құқығы - шектелген заттық құқытардың ерекше түрі. Субъектісі болып тек мемлекеттік кәсіпорын ғана бола алады.

Өндірістік кооператив (артель) – өндірістік немесе өзге де шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында мүшелік негізде құрылған, қатысушылардың жеке еңбегіне негізделген және оның мүшелерінің мүліктік жаранасын біріктіру негізіндегі азаматтардың ерікті түрде бірігуі.

Заңды тұлғаны қайта құру – заңды тұлғаның құқықтық мирасқорлық қатынасын көздейтін, заңды тұлағның өз қызметін тоқтату немесе өзге де құқықтық мәртебесін өзгерту. Сервитут – бөтеннің жер учаскесін шектеулі түрде пайдалану құқығы.

Азаматтық құқық субъектілері – азаматтық құқықтық қатынас субъектілері, яғни заң бойынша тікелей немесе өкілі арқылы азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыратын тұлғалар.

Сенім серіктестігі – серіктестіктің атынан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және өз мүлкімен толығымен жауап беретін толық серіктестермен қатар, бір немесе бірнеше салымшылардың тек салған салымының негізінде ғана жауап беретін және серіктестіктің қызметіне қатыспайтын тұлғалардың серіктестігі.

Жарғылық капитал – коммерциялық ұйымдарды құру барысында олардың қызметін қамтамасыз ету мақсатында мүлікке енгізілген салымдардың жиынтығы.

Мекеме – меншік иесінің басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипатта өзге де функцияларды жүзеге асыру үшін онымен толық немесе ішінара қаржыландыратын ұйым.

Филиал – заңды тұлғаның тұрғылықты жерінен тыс орналасқан және оның бүкіл функциясын немесе оның бір бөлігін жүзеге асыратын заңды тұлғаның оқшауланған бөлімшесі.

Шаруашылық серіктестік – жарғылық капиталмен құрылтайшылардың үлестеріне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымдар.

Холдинг компаниясы – өзінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, активтердің құрамына басқа кәсіпорындардың бақылау пакет акциялары енетін кәсіпорын.

Заңды тұлға – меншігінде немесе жедел басқару құқығымен, шаруашылық жүргізу құқығымен оқшауланған мүлікке ие болып табылатын, өз мүлкімен толығымен жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болып жүзеге асыратын, міндеттерді орындайтын, сотта жауапкер және талапкер болатын ұйым.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]