Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

4 Тақырып. Жеке тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

4.1.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

4.2.Азаматты өлді деп жариялау.

4.1.Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану. Қайда екені белгісіз, оның үстіне, хабар-ошарсыз кеткен адамды өлді деп есептеуге айтарлықтай негіздер болса, онда азамат қатысатьщ құқықтық қатынастар әрі қарай дами алмайды. Хабар-ошарсыз кеткен адамдармен құқықтық қатынастары бар адамдардың мүдделері қорғалуы тиіс. Сондықтан азаматты хабар-ошарсыз кетгі деп тану және өлді деп жариялау институты АК-да баянды етілген Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетті деп танылы мүмкін (АК-ның 28-бабының 1-тармағы). Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе оны өлді деп жариялау — бұл оның қатысуымен орындалатын құқықтық қатынастардағы күмәндылықты жоюдың заңдық түрі, ол азаматты хабар-ошарсыз кетгі деп тануда оны тірідей табудың анықтығына немесе азаматты өлді деп жариялауда оның өлімінің шүбәсыздығына сүйенеді. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану да, сондай-ақ оны өлді деп жариялау да мүдделі адамдардың өтініштері негізінде азаматтық іс жүргізу зандарының ережелері бойынша сот арқылы жүзеге асырылады. Адамды хабар-ошарсыз кетті деп танудың және өлді деп жариялаудың шарттары мен салдары түрліше болады. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бір жыл бойы деректер болмаса, ол хабар-ошарсыз кетгі деп танылуы мүмкін. Мұнда тұрғылықты жерінде азаматтың болмау фактісінің өзі емес, онда азамат туралы мәліметтердің болмауы маңызды. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану бірқатар құқықтық салдарды туғызады. Бұлардың адамды өлді деп жариялаудың салдарынан айтарлықтай айырмашылықтары бар, өйткені олар бұл адамның тірі табылуының анықтығына сүйенеді. Соттың хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық тағайындауы — аса маңызды салдар. Бұл қамқоршылықтың әрекетке қабілетсіз адамдарға белгіленетін қамқоршылықтан айырмашылығы болғанымен, бұлар бір терминмен белгіленеді. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында оларға қамқоршылық белгіленеді. Мүлікке деген қамқоршьшық оны хабар-ошарсыз кеткен адамның мүдделері үшін қамқоршылыққа алудан тұрады. Сондықтан мүлікті пайдалану жөніндегі қамқоршының мүмкіндіктері оның меншік иесінің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі болады. Қамқоршы мүлікті күтіп ұстау және сақтау жөнінде қамқорлық жасауы тиіс және мүлікті жұмсауда оның әрекеттері шектеулі болады. Атап айтқанда, ол хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті жандарға осы мүлік есебінен қаражат бөлуді, сондай-ақ оның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешекгерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс. Іс жүзінде, хабар-ошарсыз кеткен адамның мүлкіне қамқоршылық жасау мекемесі мүлікті қамқоршының сенімгерлікпен басқаруьша беру больш табылады. Сенімгер басқарушының қүқықтары мен міндеттері АК-ның Ерекше бөлімінің тиісті тарауларында баяндалады.

Сот адамның хабар-ошарсыз кетуі фактісін мойындағанға дейін оның мүлкіне қамқоршылық жасау екі жағдайда белгіленуі мүмкін. Біріншіден, қамқоршыны мүдделі адамдардың өтініші бойынша Қамқоршылық және қорғаншылық жасау органдары тағайындай алады. Бұл, мысалы, мүліктің жоғалып кету қаупі төнгенде немесе оны тиісті күйде сақтау қажет болатын кезде істеледі. Екіншіден, АІЖК адамды хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы өтінішті қабылдаған соң қамқоршылық және қорғаншылық жасау органына бұл адамның мүлкін қорғау үшін қамқоршы тағайындауды ұсыну құқығын көздейді.

Мүлікке қамқоршылық тағайындаумен қатар, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп танудың басқа да бірқатар салдары болады. Атап айтқанда, ол берген немесе оған берілген сенімхаттың қолданылуы тоқтатылады (АК-ның 170-бабының 7 және 8-тармақтары). Хабар-ошарсыз кетті деп танылған азаматтың жұбайы онымен қиылған некені азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдарында бұза алады ("Неке және отбасы туралы" Заңның 16-бабының 2-тармағының 1-тармақшасы). Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азамат өзінің тұрғылықты жерінде пайда болуы мүмкін немесе оның тұратын жері анықталуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы өз шешімінің күшін жояды (АК-ның 30-бабы және 32-бабының 1-тармағы). Мұнда хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы қабылданған шешім бұзылған адамның мүлкіне қамқоршылық жасау тоқтатылады. Бірақ, қамқоршылардың соттың осындай шешімі шыққанға дейін жасаған мәмілелері өз күшін сақтайды.

4.2. Азаматты өлді деп жариялау. Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы 3 жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жаза-тайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда 6 ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, ол өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабының 1-тармағы). Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адамдарды өлді деп жариялау үшін ерекше тәртіп белгіленген. Бұл адамдар соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК-ның 31-бабы). Екі жағдай үшін де оларды анықтаудың сот тәртібі көзделгеніне қарамастан, азаматты өдді деп жариялауды оның өлімі фактісін танудан айыра білу керек. Азаматтың белгілі бір уақытта және белгілі бір мән-жайларда өлуі фактісін анықтау тәртібін АК емес, АІЖК белгілейді. Азаматтың белгілі бір уақытта және белгілі бір мән-жайларда қайтыс болуының дәлелдемелері болатын кезде сот мұндай фактіні белгілейді, бірақ азаматтық хал-ахуал актілерін жазу органдары өлім оқиғасын тіркеуден бас тартады. Адамды өлді деп жариялау оны алдын ала хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді. Азаматты өлді деп жариялау оның өлімі кезіндегідей салдар туғызады, атап айтқанда, оның мүлкіне мұрагерлік ашылады. Адамды өлді деп жариялау туралы соттың шешімі занды күшіне енген соң азаматтық хал-ахуал актілерін жазу кітабына оның өлімі туралы жазылады да, тиісті куәлік беріледі.

Азаматты өлді деп жариялау, егер ол іс жүзінде тірі болып шығатын жағдайда, оның құқық субъектілігін жоя алмайды. Ал азаматтың оны өлді деп жариялаған сәттегі субъективтік құқықтарына келетін болсақ, мұндай жариялау жойылған соң оның кейбір субъективтік құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін, кейбір құқықтарын қалпына келтіру мүмкін емес немесе ол басқа адамдардың мүдделеріне қисынсыз залал келтіруі мүмкін. Сондықтан АК азаматты өлді деп жариялауды жоюдың оның мүлкіне қатысты салдарын мұқият көрсетеді (АК-ның 32-бабы). Бұл салдардың төмендегі жағдайларға қарай бірқатар өзара айырмашылықтары бар. Біріншіден, мүлік жаңа иесіне тегін өтті ме, әлде ақылы негізде өтті ме? Екіншіден, мүлікті алушы мен мүлікті иеліктен шығарушы адам өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білді ме? Өлді деп жарияланған азамат өзінің тірі оралу уақытына қарамастан, кез келген адамнан оған тегін өтіп кеткен, өзінің сақталған мүлкін қайтаруды талап ете алады. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкін ақылы мәміле арқылы алған адам бұл мүлікті қайтаруға міндетті, ал ол жоқ болатын жағдайда — шығынның орнын толтыруға міндетті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]