Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

7 Тақырып. Заңды тұлғаның құқықтық мәртебесін өзгерту

7.1.Заңды тұлғаны тарату және қайта құру.

7.2.Заңды тұлғаның банкроттығы.

7.1.Заңды тұлғаны тарату және қайта құру. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады.

Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату яғни тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдарының талаптарын, заңды тұлғалардың — жер қойнауын пайдаланушылардың қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарын ұдайы немесе өрескел бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата тұру мүмкіндігін де көздейді. (Жер қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағывдағы 3-тармақшаны қараңыз).

Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшьшардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.

Қосу кезіде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға қүрылады да, тіркеуден өтеді. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының мүлікітк құқықтары мен міңдеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді (АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз).

Өткізу актісі дегеніміз — бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына өтетін мүліктік қүқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктің меншік иесі бекітіп, тіркеу кезіңде жаңадан құрылған заңды тұлғага беруі тиіс (АК-ның 47-бабы).

Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуде тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан қүрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгілде көрсетілуі тиіс.

Біріктіру кезінде бір және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың ңегізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.

Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның негізінде екі және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады. Бөлінетін заңды тұлғаның мүліктік құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан құрылған заңды тұлғаларға өтеді.

Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның құрамынан екі және дан да көп заңды тұлғалар бөлінеді, мұнда бастапқы заңды тұлғаның қызметі тоқтатылмайды. Сондықтан бастапқы заңды тұлға қайта тіркеуден өтуге тиіс (мүлкі өзгерген), ал бөлінген, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүліктік құқықтар мен міндетгердің өтуі де бөлу балансымен ресімделеді.

Бөлу балансы дегеніміз - бұл қайта құрылатын заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің бөлу және бөліп шығару кезінде құқық мирасқорлары арасында бөлінуін рәсімдейтін бухгалтерлік құжат. Бөлу балансын заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бекітіп, жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеу кезінде тапсыруы тиіс.

Тіркеу кезінде өткізу актісі мен бөлу балансын тапсыру ең алдымен қайта құрылатын заңды тұлғалардың несие берушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан құрылтай құжаттарымен қоса тиісті өткізу актісін және (немесе) өткізу балансын тапсырмау, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлық туралы ережелердің болмауы жаңадан құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады (АК-ның 47-бабының 2-тармағы). Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілерінің құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге асыры-латын бірқатар шаралар көзделеді. Мәселен, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл жөнінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілерін жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бөлу және бөліп шығару кезінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқор болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның құқық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады (АК-ның 48-бабы). Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры — заңды тұлғасын қайта қүру туралы АК-да бөлек сөз болады (АК-ның 45-бабының 2-тармағы).

Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта қүру сот органдарының шешімімен және заң қүжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру тек бөлу, бөліп шығару немесе өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар бұзылған кезде; банкроттық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

Ерікті түрде қайта құру шаруашылық серіктестіктің, акционерлік қоғамның, өндірістік кооператив қатысушыларының (құрылтайшыларының) шешімі бойынша қолданыстағы заңдарға сәйкес және осы заңды тұлғалардың құрылтай қүжаттары бойынша жүргізілуі мүмкін.

Мемлекеттік заңды тұлғалардың қайта құрылуын ерекше атап өту керек. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру ҚР Үкіметінің шешімі бойьшша, ал коммуналдық кәсіпорынды қайта құру жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорынды қайта құруды уәкілетті орган жүзеге асырады (Мемлееттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағы). Мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің қызметін жүзеге асыратын уәкілетгі органдар, яғни мемлекетгік органдар республикалық кәсіпорындар үшін министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар және өзге де осыған ҚР Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдар, ал коммуналдық кәсіпорындар үшін —осыған жергілікті әкімшілік басшысы уәкілеттік берген жергілікгі атқару органдары болып табылады. Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады. Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуын тікелей көздейді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрлігінің келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынның өзгеруі — уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрілігінің жергілікті органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.

7.2. Заңды тұлғаның банкроттығы. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банкроттықтың субъектілеріне заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жатқызылады. Заңдарда банкроттық рәсімінде борышкер ретінде заңды тұлғалардың қатысу ерекшеліктері белгіленген. ҚР банкроттық туралы Заңының 2-бабы, 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер банкрот деп танылатын субъектілердің қатарына кірмейді. Осыған сәйкес, Азамттық кодекстің 44-бабының 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкіпен жауап береді деген норма орынды болып келеді. Қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер мұндай жағдайда тек ақша қаражаттармен жауап береді. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша банкроттықтың субъектілеріне заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер жатқызылады. Заңдарда банкроттық рәсімінде борышкер ретінде заңды тұлғалардың қатысу ерекшеліктері белгіленген. ҚР банкроттық туралы Заңының 2-бабы, 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер банкрот деп танылатын субъектілердің қатарына кірмейді. Осыған сәйкес, Азамттық кодекстің 44-бабының 1-тармағына сәйкес, қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкіпен жауап береді деген норма орынды болып келеді. Қазыналық кәсіпорындар мен мекемелер мұндай жағдайда тек ақша қаражаттармен жауап береді. Банкроттық туралы іс сотпен қаралады және тек қана сотпен ғана борышкер банкрот деп танылуы тиіс. Сот шешімі бойынша заңды тұлға келесі жағдайда таратылуы мүмкін:

  1. банкрот болған жағдайда;

  2. заңды тұлғаны құру барысында жойылмайтын сипатта заң бұзушылықтарға жол берумен байланысты заңды тұлғаның тіркелуін жарамсыз деп таныса;

  3. заңды тұлғаның жарғылық мақсатына қайшы келетін қызметті жүйелі түрде жүзеге асырса;

  4. тиісті рұқсатсыз (лицензясыз) қызметті жүзеге асырса;

  5. заң актілерімен көзделген басқа жағдайларда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]