Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

13 Тақырып. Азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің жекелеген түрлері

13.1.Ортақ меншік құқығының субъектілері.

13.2. Жер қойнауын пайдалану құқығы субъектілері.

13.1.Ортақ меншік құқығының субъектілері. Меншік құқығы бір субъектіге тиесілі болуы мүмкін, бірақ мүлікті екі немесе одан да көп субъектілер иеленген жағдайда ол көп субъектілік болуы мүмкін. Ортақ меншік құқығы ортақ мүлікке меншік құқығын иеленген сәттен бастап пайда болатын тұлғалар арасындағы арнайы қоғамдық қатынастарды реттейді.

ҚР азаматтық заңында ортақ меншіктің екі түрі көзделген: үлестік және бірлескен.

Ортақ меншік құқығының субъектілеріне үлестік меншікте – кез келген азаматтық құқық субъектілері, ал ортақ бірлескен меншікте – тек қана жеке тұлғалар табыла алады. Ортақ үлестік меншік қатысушыларының құрамы заңмен шектелмейді. Олардың қатарына азаматтарды, заңды тұлғаларды, мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бірліктерді қосуға болады. Ортақ бірлескен меншік қатысушылары болып тек азаматтар ғана және тек заңмен көзделген жағдайда ғана бола алады. Мәселен, АК-ң 2219-абына сәйкес, ортақ бірлескен меншік келесі түрде әрекет етеді:

  1. ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;

  2. шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;

  3. жекешелендірілген тұрғын-үйге ортақ меншігі. Заң акітлермен басқа да ортақ бірлескен меншіктің түрлері көзделуі мүмкін.

Сәйкесінше, ортақ бірлескен меншік құқығының субъектілері мыналар: жұбайлар, шаруа (фермер) қожалығының мүшелері, жекешелендірілген тұрғын-үйге бірлескен меншік қатысушылары, яғни жалға алушылар мен олармен тұрақты түрде тұратын отбасы мүшелері жатқызылады.

Иелену мен пайдалану, егер тараптардың арасында өзге келісім болмаса, онда ортақ меншік қатысушыларының арасында ортақ жүзеге асырылады. Ал ортақ мүлікке билік ету тек қана ортақ меншіктің барлық қатысушыларының келісімімен жүзеге асырылады.

АК-ң 220-бабына сәйкес, жұбайлар ортақ бірлескен меншікті иеленуді және пайдалануды ортақ жүзеге асырады және мүлікке қатысты кім мәміле жасайтындығына қарамастан, ортақ келісім бойынша билік етеді. Бірақ нотариалды куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап ететін мәмілелерді жасасу барыснда, мәмілені жасауға жұбайлардың келісімі нотариалды тәртіпте расталуы тиіс. Жұбайлардың мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы тең болып табылады. Олар ортақ мүлікті құруға байланысты жұбайлардың шын мәнісіндегі салымдарына байланысты болмайды.

Неке және отбасы туралы Заңның 32-бабының 1 тармағына сәйкес, неке барысында жұбайлармен жиналған мүлік олардың ортақ бірелскен меншігі болып табылады.

Жұбайлардың ортақ бірлескен құқығының айрықша белгісі – олардың үлестік сипатта болмауында. Яғни басқаша айтқанда, әрбір жұбайлар екінші жұбайымен тең мөлшерде барлық ортақ мүліктің меншік иесі болып табылады.

Ал шаруа және фермер қожалығына қатысты айтатын болсақ, олар азаматтық құқытың және ортақ меншіктің құқық субъектісі бола алмайды.

Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі оның мүшелеріне бірлескен меншік құқығы негізінде тиесілі (АК 224-б, 1-т.)

13.2. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері болып қазақстандық және шетел жеке және заңды тұлғалары табылады. «Жер қойнауын пайдалану операциялары» лицензияланатын қызмет түріне жатқызылады.

Жер қойнауын пайдалану кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады. Кәсіпкерлік – бұл жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық жүргізу құқығына негізделген тауарға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс табу мақсатына бағытталған меншік нысанына қарамастан, азаматтардың және заңды тұлғалардың бастамашылық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, өз тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК 10-бап, 1 тармақ).

Кәсіпкерлік қызмет саласында жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға коммерциялық заңды тұлға болып табылатын кез келген ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы заңды тұлға бола алады. Сонымен қатар олардың қатарына ҚР азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар да жатқызылады.

Шетел инвестициялары туралы Заңда «ұлттық инвестор», «шетел инвесторы» деген ұғымдар да кездеседі.

Ұлттық инвестор – бұл ҚР аумағында тұрақты тұратын (тек ҚР азаматтары ғана емес, сонымен қатар ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетел азаматтары) жеке тұлғалар және (немесе) ҚР аумағында инвестицияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Шетел инвестрлері болып танылады: шетел заңды тұлағлар; шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, тұрақты түрде шетелде тұратын ҚР азамттары, егер олар шетелде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген болса; шетел мемлекеттері; халықаралық ұйымдар; ҚР заңды тұлғалары, егер оларға қатысты шетел инвесторы белгілі бір шешімдерді қабылдауға құқылы болса.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]