Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Азаматтық құқықтық қатынас субъектілері пәні бойынша емтихан сұрақтары

  1. Азаматтық құқытық қатынас субъектілерінің ұғымы.

  2. Азаматтық құқықсубъектілік.

  3. Азаматтық құқық субъектілерінің түрлері және меншік нысаны.

  4. Жай серіктестік.

  5. Заңды тұлғалардың бірлестігі.

  6. Жеке тұлғалардың ұғымы.

  7. Құқықсубъектілік, құқық қабілеттілік, әрекет қабілеттілік.

  8. Азаматтың есімі.

  9. Азаматтың тұрғылықты жері.

  10. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану.

  11. Азаматты өлді деп жариялау.

  12. Шаруа (фермер) қожалығының құқық субъектілігі.

  13. Заңды тұлғаның ұғымы мен белгілері.

  14. Коммерциялық ұйымдар.

  15. Коммерциялық емес ұйымдар.

  16. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі.

  17. Заңды тұлғаның органдары.

  18. Заңды тұлғаның атауы.

  19. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары.

  20. Заңды тұлғаны құру.

  21. Заңды тұлғаның филиалы мен өкілдіктері.

  22. Заңды тұлғаны тарату және қайта құру.

  23. Заңды тұлғаның банкроттығы.

  24. Толық серіктестік.

  25. Сенім серіктестігі.

  26. Жуапкершілігі шектеулі серіктестік.

  27. Акционерлік қоғам.

  28. Өндірістік кооператив.

  29. Мемлекеттік кәсіпорын.

  30. Мекеме.

  31. Қоғамдық бірлестік.

  32. Қоғамдық қор.

  33. Тұтыну кооперативі.

  34. Діни бірлсетік.

  35. Ауылшаруашылық серіктестігі.

  36. Заңды тұлғаның ассоциациялары мен одағы.

  37. Мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынасқа қатысу ееркшелігі.

  38. Ортақ меншік құқығының субъектілері.

  39. Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері.

  40. Интеллектуалдық меншік құқығының субъектілері.

  41. Ақшалай міндеттеме субъектілері.

  42. Несие-есеп айырысу қатынастарның субъектілерінің құқытық ережелерінің ерекшелігі.

  43. Мүлікті сенімгерлікпен басқару субъектілері.

  44. Энергиямен жабдықтау саласындағы субъектілері.

«Сулейман Демирел атындағы университет» мекемесі

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Құқықтану кафедрасы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС СУБЪЕКТІЛЕРІ

пәні бойынша 5В030100 «Заңтану» мамандығы үшін

Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Каскелен, 2014

Азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар адамдар арасында әрекет етеді. Бұл қатынастарға жекелеген азаматтармен қатар, заңмен көзделген белгілерге ие болып табылатын ұжымдық бірлестіктер де қатыса алады. Мұндай бірлестіктердің қатарына заңды тұлға деп аталатын ұйымдар, әкімшілік-аумақтық бірлітер де жатқызылады.

«Заңды тұлға» терминімен қатар заң «жеке тұлға» терминін де кеңінен қолданады. Бұл термин тек Қазақстан Респубилкасының азаматтарын ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларды (апатридтерді) де қамтиды. Азаматтық құқықтық қатынастар кез келген барлық азаматтық құқық субъектілерінің арасында пайда болуы мүмкін. Бұл адамдар мен ұйымдар құқық субъектісі ретінде тек қана қоғамдық құқықтық қатынастарға қатысып, мәмілелерді жасаса алады.

Құқық субъектісі туралы нормалар тек Азаматтық кодексте ғана емес, сондай-ақ басқа заңи актілерде көрініс табады.

Азаматтық құқық тұлғалары мен субъектілеріне ерекше қасиеттерге – азаматтық құқық субъектілікке, яғни азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болып, жүзеге асыру қабілеттілігіне ие болып табылатын жекелеген адамдар (индивидтер) мен кейбір олардың бірлестіктері (заңды тұлға, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірлестіктер) жатқызылады. Бұл қасиеттерге ие болу индивидті немесе ұйымды азаматтық құқық субъектісіне айналдырады. Әрбір адам, ҚР азаматы ретінде бола ма, басқа мемлекеттің азаматы болады ма, жоқ әлде азаматтығы жоқ тұлғалардың қатарына жатқызылады ма – азаматтық құқық субъектілікке ие болады, сәкесінше, ол азаматтық құқық субъектісі болып табылады.

ЖОО-нда оқудың ерекшелігі – орта білім алу процессіне қарағанда, жоғарғы білім алу процессі – ол дербес өзіндік білім алу. Семинар сабақтарға дайындалу оқу материалын игерудің негізгі нысаны болып табылады.

Сабақтарда студенттің белсенділігі пән бойынша өз білімдерін тереңдетуге, қайнар көздермен дербес жұмысты атқару, дайындалып дәлелді баяндама жасау, дискуссияға қатысып өз пікірлерін негіздеу дағдыларын алуға мүмкіншіліктер береді.

Әдебиетті оқудың жалпы ережелері:

1. Оқу кезеңдері:

1) кітаппен алдын ала танысу;

2) алғы сөзді немесе кіріспені оқу;

3) мәтінді оқу.

2. Мәтінді ұқыпты оқыңыз – түсініксіз жерлерге қайта оралып.

3. Мәтінді мұқият оқыңыз – маңызды жерлерін жібермей.

4. Мәтінді зейінділікпен оқыңыз – оқып жатқаныңызды ойдан тастамай.

5. Мәтінді логикалық соңына дейін оқыңыз – абзац, параграф, тарау, бөлімінің және т.б. соңына дейін.

6. Тиісті институтты реттеген заң нормаларының ара қатынасын меңгере отырып оқу қажет

Тиімді оқу жолдарын дербес игеру үшін келесі оқу құралын ұсынамыз - Андреев О.А., Хромов Л.Н. Учитесь быстро читать.- М., 1991.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]