Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

12 Тақырып. Мемлекет азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

12.1.Мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынасқа түсуі.

12.2.Мемлекет халықаралық жеке құқық субъектісі ретінде.

12.1.Мемлекеттің азаматтық құқықтық қатынасқа түсуі. Мемлекет қоғамдық қатынастарға билік субъектісі немесе азаматтық-құқықтық катынастарға қатысушы-меншік иесі ретінде араласады, бұл жайларды нақты айыра білу керек. Мысалы, заң актілерін шығара отырып, мемлекет өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады, ал мемлекеттік заем облигацияларын шығару арқылы — азаматтық айналымның басқалармен тең қатысушысы ретінде көрінеді. Сонымен қатар, мемлекет қоғамдық қатынастарға өзінің органдары арқылы араласады, олар да бір жағдайларда билік субъектілері ретінде, келесі жағдайларда — азаматтық-құқықтық қатынастардың қатысушылары ретінде әрекет етеді. Сондықтан субъектінің құқықтық мәртебесін анықтаумен қатар, бұл органдардың қай кезде өз атынан, қай кезде — мемлекет атынан әрекет етегінін айыра білу маңызды болады. Мәселен, Қаржы министрлігінің қазынашылығы мемлекет атынан мемлекеттік бюджетке есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ал өзінің пайдалануына арналған жиһазды өз атынан — мемлекеттік мекеме құқығында сатып алады. Солай бола тұрса да, мемлекеттік заңды тұлғалар үшін міндетті нұсқамалар шығара отырып, қазына-шылық өзінің билік жүргізу функцияларын жүзеге асырады және мемлекеттік орган ретінде әрекет етеді.

Тұтас алғанда, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс жеке және заңды тұлғалармен қатар, азаматтық құқық субъектілері бола алады. Мемлекеттің азаматтық құқық субъектілігі теориясы пікірталасты мәселе болып табылады. Мамандардың бір тобы мемлекеттік заңды тұлғалардың бір түрі деп есептейді, келесі тобы — бұл пікірімен келіспейді. Кез келген жағдайда мемлекеттің құқық субъектілігінің шектелген заңдық формальдылығын есте ұстау керек. Мемлекеттік меншіктің меншік иесі біреу — мемлекет болатынына қарамастан, мүліктік құқықтық қатынаста Қазақстан Республикасы, әкімшілік-аумақтық бөлініс немесе мемлекеттік заңды тұлға субъект болады. Азаматтық айналымда Қазақстан Республикасы және әкімшілік-аумақтық бөлініс үшін олардың органдары — жеке-дара немесе алқалық органдары өкілдік етеді. Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негіздерде кіреді (АК-ның Ш-бабының 1-тармағы), бұл, жалпы ереже бойынша, әр түрлі субъектілердің құқықтық мәртебесінде басымдықтардың болмайтыны және сот үшін Қазақстан Республикасының қатысуымен дауларды шешуде басымдықтардың болмайтынын білдіреді. Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкілеттіктерін пайдаланбайтындықтан, оған азаматтық заңдардың нормалары толық көлемде таралады. Ол, ерекше субъект ретінде азаматтық құқықтық қатынастар субъектісінің барлық құқықтарын иеленеді және өзі қабылдаған заңдар арқылы ғана құқық субъектілігінде шектеулі болады. Мәселен, АК-ның 58-бабының 3-тармағына сәйкес, мемлекет толық және сенім серіктестіктерінде толық серік бола алмайды.

12.2.Мемлекет халықаралық жеке құқық субъектісі ретінде. Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкімет билігі акционерлік қоғамға мемлекетгің атынан акционер-мемлекеттің функциясын атқаратын уәкілетті тұлға тағайындалады.

Азаматтық құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасы атынан бұған заң арқылы тікелей уәкілеттілігі бар мемлекеттік органдар ғана араласа алады. Республика атынан азаматтық айналымға қатысу құқығы бар билік және басқару органдарына, бірінші кезекте Парламент, Президент, Үкімет, атқарушы биліктің республикалық органдары (министрліктер, мемлекеттік комитеттер) жатады. Мемлекеттік билік және басқару органдарының мекеме мәртебесі болады, бұл АК-ның 34-бабының 3-1-тармағынан туындайды. Сондықтан олардың қай кезде өз атынан, ал қай кезде — Қазақстан Республикасы атынан мемлекеттік билік және басқару органдары ретінде әрекет ететінін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілеттілігі арнаулы болады және олардың құзіретімен айқындалады.

Уәкілеттігі жоқ органның мемлекет атынан жасаған мәмілесі жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасы үшін мүліктік міндеттемелер туғызбайды. Заңдарда белгіленген реттерде әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқықтық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ете алады (АК-ның 112-бабының 3-тармағы). Мемлекеттік заңды тұлғаның балансына бекітілген мүлікке қатысты жасалған мәміледе мемлекет оның бір тарабы бола алмайды. Қазынаның мүлкі, мемлекеттің ерекше меншігіндегі объектілер және мүліктік құқықтармен байланысты оның мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңдарда көзделген арнаулы объектілер мемлекеттің қатысуымен жасалатын мәмілелердің объектісі болуы мүмкін.

Тұтас алғанда, мемлекет секілді, әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық заңдармен реттелетін қатынастарға бұл қатынастардың өзге де қатысушыларымен тең негіздерде кіреді және құқық субъектілігі қолданыстағы заңдармен ғана шектеледі (АК-ның 112-бабының 1-тармағы). Азаматтық құқықтық қатынастардың басқа субъектілерімен қатынастардағы тең негіздер, жалпы ереже бойынша, әр түрлі субъектілердің құқықтық мәртебесінде басымдықтардың болмайтынын және әкімшілік-аумақтық бөліністің қатысуымен дауларды шешуде соттар үшін басымдықтардың болмайтынын білдіреді. Әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің билік жүргізу өкілеттіктерін пайдаланбайды және азаматтық заңдардың нормалары оларға толық көлемде таралады. Жергілікті өкілді және атқарушы органдар осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында, ережелерінде және өзге де құжаттарында белгіленетін құзіреті шегінде өз әрекеттері арқылы әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік етеді (АК-ның 112-бабының 2-тармағының 1-бөлігі). Әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан азаматтық айналымда өкілдік ету құқығы бар билік және басқару органдарына, бірінші кезекте, мәслихаттар, әкім, әкімият, атқарушы биліктің аумақтық органдары (облыстық әділет бөлімдері, облыстық қаржы басқармалары, мемлекеттік мүліктерді басқару жөніндегі аумақтық комитетгер және т.с.с.) жатады. Мемлекетгік билік пен басқарудың жергілікті органдары мекеме мәртебесін иеленеді. Сондықтан олардың қай кезде өз атынан мекеме ретінде, ал қай кезде — әкімшілік-аумақтық бөліністің атынан мемлекеттік билік немесе басқару органы ретінде өкілдік ететінін айыра білу қажет. Екі жағдайда да олардың құқық қабілетгілігі арнаулы болып табылады және олардың құзіретімен айқындалады. Заңдарда көзделген реттер мен тәртіп бойынша арнаулы тапсырмамен әкімшілік-аумақтық бөлініс атынан жергілікті мемлекеттік органдар өкілдік ете алады (АК-ның 112-бабының 2-белігі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]