Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

6 Тақырып. Заңды тұлғалар азаматтық құқық қатынас субъектілері ретінде

6.1.Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру.

6.2.Заңды тұлғалардың құрылтай құжаттары.

6.3. Заңды тұлағлардың филиалдары мен өкілдіктері.

6.1. Құрылтайшылардың олармен құрылған ұйымдағы мүлікке құқықтарының бар екендігіне байланысты заңды тұлғаларды топтастыру. ҚРАК-нің 36-бабына сәйкес, заңды тұлғаның оқшауланған мүлкіне қатысты оның құрылтайшылары (қатысушылары) міндеттемелік немесе заттық құқыққа ие болуы мүмкін. Құрылтайшылары мүлікке қатысты міндеттемелік құқыққа ие болатын заңды тұлғаларға шаруашылық серіктестіктерді, акционерлік қоғамды, кооперативтерді жатқызуға болады. Ал құрылтайшылары мүлікке қатысты меншік құқығына немесе басқадай заттық құқықты сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығының немесе оралымды басқару құқығының негізінде мүлікке ие болатын ұйымдарды жатқызуға болады. Құрылтайшылары мүлікке мүліктік құқықтарды сақтамайтын заңды тұлғаларға қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды, діни бірлестіктерді жатқызуға болады.

Жоғарыда аталғандарды қорыта айтатын болсақ, мына кестені байқауға болады:

Меншік иесі болып табылатын заңды тұлға

Меншік иесі болып табылмайтын заңды тұлға

Оларға қатысты қатысушылары мүліктік құқықтарды сақтайды

Оларға қатысты қатысушылары мүліктік құқықтарды сақтамайды

1.Шаруашылық серіктестіктер

2.Акционерлік қоғам

3. Өндірістік

кооперативтер

4. Тұтынукооперативі

1.Қоғамдық бірлестіктер

2.Қоғамдық қорлар

3. Діни бірлестіктер

1. Мемлекеттік кәсіпорын

2. Мекеме(сондай-ақ, мемлекеттік)

АК нормаларына сәйкес заңды тұлғалардың түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:

  • занды тұлғаларға немесе олардың мүлкіне қатысты құрылтайшылардың (қатысушылардың) құқықтары;

  • заңды тұлғалар қызметінің мақсаттары;

  • заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.

Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның қүрылтайшыларының міндеттемелік немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.

ҚР АК-ның 36-бабына сәйкес, қатысушылар оларға қатысты міндеттемелік құқықтарын сақтайтын заңды тұлғаларға акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктер және кооперативтер жатады.

Өздерінің құрылтайшылары олардың мүлкіне меншік құқығын ңемесе өзге де заттық құқығын сақтайтын заңды тұлғаларға шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар және оралымды басқару құқығындағы мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның, ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.

Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және өзге де қорлар олардың құрылтайшы-қатысушыларының ешқандай мүліктік құқықтары болмайтын заңды тұлғаларға жатады.

Қызмет ету мақсаттарына қарай заңды тұлғаларды жіктеу АК-ның 34-бабының негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.

Өз қызметінің негізгі мақсаты табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп есептеледі.

Заңдарда көзделген жағдайларда коммерциялық үйымдық-қүқықтық нысаңцағы коммерциялық емес заңды тұлғаны қүруға рүқсат етіледі, мысалы, қор биржасы, зейнетақы қоры акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін. Сондықтан коммерциялық және коммер-циялық емес ұйымды ажыратудың өлшемі заңда және құрылтай құжаттарында белгіленген "заңды тұлғаның қатысушылары (құрылтайшылары) арасында таза табысты бөлудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі" болуы тиіс. Егер заңның күшіне немесе құрылтай құжат-тарына сәйкес заңды тұлға алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлуге (дивидендтер төлеуге) құқылы болса, онда оны коммерциялық ұйымға жатқызу қажет, өйтпеген жағдайда — бұл коммерциялық емес ұйым болады.

Бұл коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарды ажы-ратудың негізгі өлшемі. Сонымен бірге, коммерциялық емес заңды тұлғаларға ортақ нәрсе — олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес сипаттағы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылады (АК-ның 105,107,109-баптары). Сонымен қатар, заңдар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, яғни коммерциялық емес ұйымдар үшін де пайда табуға рұқсат етеді (қараңыз, мысалы АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз коммерциялық емес ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық емес ұйым дегеніміз — бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін және алынған таза табысты өзінің қатысушылары арасында үлестірмейтін, басқару әлеуметтік-медени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылған заңды тұлға.

Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық қорлар, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтынушылар кооперативтері, қауымдастықтар (одақтар) нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды тұлғалардың коммерциялық емес түрлеріне жатады.

Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін белгілі бір нысан көзделеді. Мәселен, заңның талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3—1-тармағы).

Заң қауымдастықтар және одақтар (АК-ның 110-бабы) нысанында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бірлестіктерін құруға жол береді (АК-ның 110-бабы). Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметін үйлестіру мақсатында, соңдай-ақ олардың ортақ мүліктік мүдделерін қорғау үшін құрылады. Қауымдастықтың құрамына кірген заңды тұлғалар өздерінің дербестігін сақтайды.

Заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысанына қарай заңды тұлғалар мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға бөлінеді. Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген және біртұтас мүлік ретінде толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды (кәсіпорындарды және мекемелерді) ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек (АК-ның 102-бабы).

Заңды тұлғалардың келесі түрлері ретінде еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды атауға болады.

Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (не өзгедей түрде) негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым деп танылады (АК-ның 94-бабының 1-тармағы).

Басқа мемлекеттік кәсіпорын өзінің мүлкі есебінен құрған заңды тұлға еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-бабы).

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайыздан астамы басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғаға тиесілі болса, ол тәуелді заңды тұлға болып табылады (АК-ның 95-бабы).

Еншілес және тәуелді тұлғалар құқықтың дербес субъектілері болып саналады, азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді және өз міндеттемелері бойынша дербес жауапты болады, бірақ негізгі заңды тұлғалар арнайы құқықтық тетіктер арқылы еншілес және тәуелді заңды тұлғалардың олардың қызмет сипатына ықпал ететін шешімдер қабылдауына түрткі бола алады (АК-ның 94—95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46-49-баптарын қараңыз). Тәуелді және еншілес заңды тұлғалар ережелерінің ерекшеліктері шаруашылық серіктестіктер туралы заң құжаттарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы заңмен және Бәсекені дамыту туралы және монополиялық Қызметті шектеу туралы заңмен айқындалады.

6.2. Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. АК-ң 41-бабының 1-тармағына сәйкес, заңды тұлға өз қызметін, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, құрылтай шарты мен жарғының негізінде жүзеге асырады.

Жарғының негізінде ғана мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлкеттік мекемелер құрылады. Ал жарғы мен құрылтай шартының негізінде толық және сенім серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жуапкерішілігі бар серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік емес мекемелер құрылады.

АК-ң 41-бабының 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес, құрылтай шарттарында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлғаны құруға міндеттенеді, бірлескен қызметті құру тәртібін, оның мүлкін (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару) меншікке беру және оның қызметіне қатысу шарттарын айқындайды. Сонымен қатар шартта құрылтайшылардың аарсындағы таза табысты бөлу тәртібі, заңды тұлғаның қызметін басқаруға қатысу, құрылтайшылардың оның құрамынан шығу шарттары мен тәртібі көзделеді, сондай-ақ жарғысы бекітіледі.

Коммерциялық емес ұйымадр мен мемлкеттік кәсіпоырндардың құрылтай құжаттарында осы заңды тұлғаларды құру нысанасы мен мақсаты көзделуі міндетті. Ал шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер құрылтай құжаттарында қызметтің нысанасы мен мақсатын көрсету олардың міндеті емес, құқығы болып табылады.

Жалпы ереже бойынша, құрылтай құжаттың мамұны коммерциялық құпияны құрайды, және ол мемлекеттік немесе өзге ресми органдарға, үшінші тұлғаларға берілуге жатпайды.

Заңның мазмұнына сүйенетін болсақ, құрылтай шарты заңды тұлғаның әрекет ететін кезіне дейін жарамды болып табылады.

Қатысушылардың арасындағы өзара қатынасы және қатысушылар мен заңды тұлғаның арасындағы өзара қатынастары заң нормаларымен және осы заңды тұлғаның жарғысымен (ережесімен) реттеледі.

6.3. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.

Филиалдар мен өкілдіктердің заңды тұлға мәртебесі болмайды. Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік түұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан өрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.

Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады (мысалы, Мемлекеттік заң университетінің Астанадағы филиалы). Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.

Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды жөне филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) қызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды. Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұл-ганың уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлес-тіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағы). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлға-лардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірыңгай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды.

Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94-95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46—49-баптарын қараңыз).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]