Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

Ойынды жүргізу ережелері

Семинарға қатысушы-студенттер екі немесе үш топқа бөлінеді. Семинар тақырыбы бойынша әр топ қарсыластарға сұрақтарды дайындайды. Оларды дайындау үшін қайнар көздер мен сұрақтардың саны шектелмеген.

Сұрақтарға қойылатын талаптар:

  • дұрыс, сауатты, анық құрастырылуға тиіс;

  • семинар тақырыбының шеңберінде құрастырылуға тиіс.

Бастамасында топтар таңдау жүргізеді: білай бірінші, екінші жәнеә.қ. жауап беретін топ анықталады. Сұрақты талқылауға 15 секунд беріледі, уақыт өтісімен топ өкілі қойылған сұраққа жауап береді. Жауаптарды оқуға болмайды. Көмек көрсету, толықтыру, ұжымдық жауап беруге жол берілмейді.

Сұрақты қойған топ берілген жауапты келесі кесте бойынша бағалайды:

  • дұрыс;

  • дұрыс емес;

  • дұрыс, бірақ толық емес. Толық емес жауап дұрыс емес жауапқа теңестіріледі.

Қойылған сұраққа дұрыс жауапты берген топқа 1 балл беріледі және топ жауап беру құқығын сақтайды. Сұрақты қарсылас тобы ұсынады.

Қойылған сұраққа дұрыс емес жауапты берген топ жауап беру құқығынан айырылады. Дұрыс жауапты сұрақты қойған немесе болса келесі үшінші топ береді. Жауап беру құқығы келесі кезектегі топқа өтеді. Әрі-қарай ойын шеңбер бойынша өтеді.

Тәртіп ережелері:

  1. Ойында барлық даулы жағдайларды оқытушы шешеді.

  2. Балдарды қойылған сұрақтарға дұрыс жауапты берген топ алады.

  3. Сұрақ қойғаны үшін топ балдарды алмайды.

  4. Сұрақтар семинар тақырыбының шеңберінен тыс, дұрыс емес, сауатсыз құрастырылған жағдайда оқытушы сұрақтарды ойыннан алып тастауға құқылы болады.

1-ші орынды алған топ А бағаға ие болады, 2-ші орын – В бағаға, ал 3-ші орын – С бағаға ие болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]