Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

3.3. Азаматтың есімі және тұрғылықты жері. Азаматтық хал-ахуал актілері

Азаматтың есімі — оны дараландырудың аса маңызды құралы. Азамат өз есімімен құқықтарға ие болып, оларды жүзеге асырады (АК-ның 15-бабының 1-тармағы). Заң есім ретінде азаматтың фамилиясын, өз есімін, қаласа әкесінің атын қоса алғанда, оның толық есімін түсінеді. Белгіленген тәртіппен берілген және құжаттарда (туу туралы куәлікте, жеке куәлікте, төлқүұатта және т.с.с.) жазылған есімнің ғана заңдық маңызы болады.

Заңдарда азаматтық құқықтарды жасырын атпен иеленіп, міндеттерді жүзеге асыратын немесе бүркеншік (ойдан шығарылған) есімді пайдаланатын жағдайлар да көзделуі мүмкін. Мәселен, ауызша түрде жасалатын сатып алу-сату мәмілелерінің көпшілігі оларға қатысушылардың есімдерін анықтауды және жазуды қажет етпейді.

Заңдарда құқықтарды жасырын атпен немесе бүркеншік есіммен жүзеге асырудың арнайы ережелері көзделуі мүмкін. Мысалы, автордың туындыны өз атынан, бүркеншік атпен немесе жасырын атпен шығару құқығы бар (АК-ның 977-бабы, "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" 1996 ж, 10 маусымдағы Заңның 15-бабының 1-тармағының 2-тармақшасы).

Алғашында адам туылған соң отбасылық заңдарда белгіленген тәртіппен оған есім қойылады. Азамат отбасылық заңдарда белгіленген жалпы тәртіппен немесе кейбір жағдайлар үшін көзделген заңдардағы тәртіппен өз есімін немесе оның құрамдас бөліктерін өзгертуге құқылы.

Жалпы ереже бойьшша азаматтың фамилиясын, атын, әкесінің атын ауыстыруға оның өтініші бойынша рұқсат ету тәртібімен ол 16 жасқа жеткенде жол беріледі. Есімді ауыстыруға дәлелді себептер болғанда ғана рұқсат етіледі. Некелескенде немесе ажырасқанда жұбайлардың өздерінің және олардың балаларының, сондай-ақ асырап алған балаларының фамилиялары арнайы тәртіппен өзгертіледі. Қазақ ұлтына жататын азаматтар фамилияларының өзгертілуін есімді ауыстырудан айыра білу керек. Бұл адамдар өздерінің қалауы бойынша қазақ тіліне жат қосымшалардан арыла отырып, бірақ фамилиясы мен екесінің атындағы түбірлерді сақтау арқылы өз фамилиясы мен әкесінің аты жазылуын өзгертуге құқылы. Азаматтық хал-ахуал актілеріне өзгерістер енгізбестен, төлқұжаттар мен жеке куәлистер беру кезінде ішкі істер органдары фамилия мен әкесінің аты жазылуын өзгертуді оңайлатылған тәртіппен жүргізеді (Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақ ұлтына жататын адамдардың фамилиясы мен әкесінің аты жазылуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" 1996 ж. 2 сәуірдегі Жарлығы).

Адам есімі жазылуының өзгеруі секілді, есімінің ауысуы оның бұрынғы атымен, жасырын атымен немесе бүркеншік есімімен иеленген құқықтары мен міндеттерін тоқтатпайды және өзгертпейді. Азаматтың есімінің ауысуы немесе жазылуының өзгеруі оның борышқорлары мен несие беруішлерінің мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс болғандықтан, бұларға осындай өзгерістер дер кезінде хабарлануы тиіс.

Басқа адамдар азаматгың есімін оның келісімімен ғана пайдалана алады.

Азаматтың тұрғылықты жері. Азаматтың тұрғылықты жері оны дараландырып тұратын келесі белгісі болып табылады. Азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері деп танылады (АК-ның 16-бабы). Тіркелімнің немесе тұрғылықты жерге мемлекеттік тіркелудің тек дәлелдемелік маңызы бар және олар өзімен-өзі заңдық тұрғылықты жерді көрсетпейді. Азамат тұратын үй немесе пәтер, осы мекеннің ауданы емес, нақ елді мекен ғана түрғылықты жер деп танылады. Үйдің немесе пәтердің мекен-жайы азаматтың тұрғылықты жерін тек нақтылай түседі.

14 жасқа жетпеген және басқаның қамқорлығында болатын адамдардың тұрғылықты жерінің заңдық ерекшеліктері бар. Мұндай адамдардың тұрғылықты жері тиісінше олардың ата-аналарының, асырап алушыларьшың немесе қорғаншыларының тұргылықты жері бойынша анықталады да, сондықтан қажетті тұрғылықты жері деп аталады.Егер 14 жасқа жетпеген адамның ата-аналары әр түрлі елді мекендерде тұратын болса, ол іс жүзінде бірге тұратын ата-анасының тұрғылықты жері кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері болып есептеледі.

"Тұрғылықты жер" термині заңда жоғарыда көрсетілгеннен өзгеше мағынада да қолданылады. Жеке тұлғаларды резиденттерге жөне резидент еместерге бөлуде елді мекен емес, осы жеке тұлға тұрақты тұрып жатқан ел ескеріледі. Қазақстан Республикасында тұрғылықты жері бар, оның ішінде, уақытша шетелде тұрып жатқан немесе Қазақстан Республикасыньщ шегінен тысқары жерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлғалар резиденттер деп танылады, ал резидент ұғымына кірмейтін қалған жеке тұлғалардың барлығы резидент еместер болып саналады ("Валю-талық реттеу туралы" 1996 ж. 24 желтоқсандағы Заңы).

Азаматтық хал-ахуал актілері. Азаматтың өміріндегі, оның қоғамдағы құқықтық жағдайын, ең алдымен, азаматтық-құқықтық және отбасылық-құқықтық жағдайын айқындайтын және өзінің құқықтық маңызына қарай мемлекеттік тіркеуге жататын аса маңызды оқиғаларды азаматтық хал-ахуал актілері деп түсінеді. Өзінің құқықтық жаратылысы жөнінен азаматтық хал-ахуал актілері заңдық фактілерге жатады. "Неке жене отбасы туралы" Заң азаматтық хал-ахуал актілерін заңдық тұрғыдан ресімделген мән-жайлар ретінде тұжырымдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]