Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
AKK_Subekt_UMKD_SDU_2014_kaz_Amankozhaev.doc
Скачиваний:
113
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.44 Mб
Скачать

2 Тақырып. Азаматтық құқық қатынас субъектілерінің ұғымы мен түрлері

2.1. Ұжымдық құрылымдар. Жай серіктестік.

2.2. Заңды тұлғалардың бірлестіктері (одағы).

2.1. Ұжымдық құрылымдар. Жай серіктестік. Ұжымдық құрылымдар ортақ меншік қатынастарына қарағанда, едәуір көлемде бірнеше құқықтық қатынастарды қамтиды. Соңғы кезде жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей қалып қойған жаңа құрылымдар пайда болуда. Солардың бірнешеуін сіздерге атап өтелік:

1) Ортақ мүлікке құқық. Ортақ меншік қатынастары- бұл ортақ затқа меншік құқығы. Бірақ субъектілердің ортақ құқығы затқа құқыққа қарағанда кең болып келеді. Бұл мәтінді түсіну үшін АК-ің 115 бабында бекітілген мүлік ұғымына мән беру керек. Ортақ мүлікке құқық заттық құқықты ғана емес, сонымен қатар міндеттемелік, ұйымдастырушылық және интеллектуалдық меншік құқығын да қамтиды.

Мұндай қатынастар, мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан (жай серіктестіктен, консорциумнан) туындайды. Бірақ АК-да бұл шарт тек ортақ меншікпен (заттық құқықпен) байланыстырылады. Ортақ меншікке құқық әдебиеттерде терең зерттелмеген.

2) Интеллектуалдық ортақ меншік құқығы. Бұл жерде ортақ авторлық, туындыны бірлесіп жасаушылар негізге алынады.

3) Ортақ мұрагерлік құқық. Бұл жерде ортақ мұрагерлердің арасында қатынастар негізге алынады.

4) Бірлескен дербес кәсіпкерлік Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 4-бабында көзделген және: ерлі зайыптылардың кәсіпкерлік қызметін; шаруа (фермер) қожалығының бірлескен ортақ меншігіне негізділген отбасылық кәсіпкерлік қызметті; жай серіктестікті қамтиды.

Жай серіктестік. Жай серіктестік – бұл бірлескен қызмет туралы шартқа негізделген шарттық бірлестік.

Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша (жай серіктестік шарты) тараптар пайда табу мақсатында немесе заңға қайшы келмейтін өзге мақсатқа жету үшін бірлесіп әрекет етуге міндеттенеді (АК-ң 228-б-ң 1-т).

АК-ң 228-бабы «жай серіктестік» деп аталатындығымен қатар, жай және шаруашылық серіктестіктің ара қатынасын анықтай білу керек. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық - жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды.

Шаруашылық серіктестік – коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалардың бірі болып табылады.

Жай серіктестік пен толық серіктестік арасында көптеген ұқсастық бар, себебі екі серіктестікте де серіктестікті құрған азаматтар, оның қарызы бойынша өздерінің барлық мүлкімен жауап береді. Ал айырмашылығы, бірінші жағдайда азаматтар заңды тұлғаны құрмай қызметін жүзеге асырады, ал екінші жағдайда – заңды тұлғаны құрумен. Екінші жағдайда заңды тұлға азаматтық айналымға түсетін дербес құқық субъектісі болып табылады. Жай серіктестікті құрған жағдайда дербес құқық субъектісі пайда болмайды, азаматтық айналымға азаматтар – жай серіктестіктің қатысушылары түседі.

Заңды тұлға құрмай жүзеге асырылатын қызметке азаматтардың кәсіпкерлік қызметі негізделеді. Мысалы, жеке кәсіпкерлік туралы Заңда жеке кәсіпкерлік субъектілері болып заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар танылады.

Бірлескен қызмет туралы шартты АК-ң 41-бабымен реттелетін және заңды тұлға негізделетін құрылтай шарттан ажырата білген жөн.

АК-пен жай серіктестіктің бір түрі - кон­сорциум реттеледі. Консорциум – бұл нақты шаруашылық мәселені шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіретін заңды тұлғалардың бірлескен шаруашылық қызмет туралы уақытша ерікті тең құқылы одағы (бірлестігі).

Консорциум – заңды тұлғалардың бірлестік нысандарының бірі. Заңды тұлғаның бірлестігі коммерциялық (бірнеше шаруашылық серіктестіктер шаруашылық серіктестік нысанында коммерциялық бірлестікті құрады) және коммерциялық емес - ассоциация (одақ) түрінде құрылуы мүмкін. Бірақ бұл бірлестік тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болады.

Консорциум заңды тұлға болып табылмайды. Ол шарттық бірлестікті құрайды, және консорциум қатысушылары арасындағы қатынастары бірлестік қызмет туралы шартпен және консорциум мүлкіне ортақ үлестік меншік туралы нормаларымен реттеледі.

Консорциум – бұл қатысушылары заңды тұлға болып табылатын жай серіктестіктің бір түрә болып табылады. Сондықтан жай серіктестіктер туралы жалпы ережелер толық көлемде консорциумға да қолданыла береді.

Консорциум – уақытша бірлестік. Ол белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылады. Шын мәнісінде, мақсаты нақты анықталмаған болуы мүмкін, мұндай жағдайда консорциум мерзімсіз болып табылады. Консорциумнің бірлескен қызметі туралы шарты «консорциалдық келісім» деп аталады. Бұл келісім оның қызметінің барлық мәселесін анықтайды: қатысуышлары арасындағы қатынастар, консорциумның басқару жүйесі.

Жай серіктестің қатысушыларының құқықтары: серіктестіктің ортақ істерін басқаруға және жүзеге асыруға қатысуға; жай серіктестіктің қызметіне қатысуға және қатысудан бас тартуға құқықты беруге құқық; ортақ мүлікке қатысты, сонымен қатар пайданың бір үлесін алуға ортақ мүлікке қатысты пайда болатын құқық.

Көзделген мақсаттарға жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың қатысушылары салымдарын ақшамен немесе басқа мүлікпен немесе еңбектік салым жолымен енгізеді.

Еңбектік салымға кәсіби білімдерін, игі-нышандарын, сонымен қатар іскерлік беделі мен іскерлік байланысын жатқызуға болады. Әрбір тараптардың салымдарын ақшалай бағалау тараптардың келісімімен анықталады. Әрқайсысының үлесі енгізген жарнасының мөлшеріне байланысты анықталады.

Салымдардың мөлшері туралы және салымдарды енгізу тәртібі туралы тараптардың келісімі бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі ережесі болып табылады (АК 393-бабы).

Шарт тараптарының ортақ істерін жүргізу серіктестік қатысушыларының әрі міндеті, әрі құқығы болып табылады. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шарт қатысушыларының ортақ істерін жүргізу олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асрылады.

Әдетте ортақ істерді жүргізу тәртібі бірлескен қызмет туралы шартта анықталады. Дегенмен жай серіктестік әрекет ету барысында қосымша келісімдер де енгізілуі мүмкін.

Істі жүзеге асыру тәртібі, соның ішінде, серіктестікті басқару қатысушылардың саны мен құрамына және бірлескен қызметтің мақсатына байланысты анықталады.

Егер шарт бірлесіп үй құрылысын салу үшін екі аға-інісінің арасында жасалған болса, істі жүзеге асыру үшін арнайы тәртіпті орнату қажет емес. Ал егер азаматтар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жай серіктестікті құратын болса, онда арнайы тәртіпті орнату қажет болады (мәселен, заводты салу, өндірістік шеберхананы салу және т.б.).

2.2. Заңды тұлғалардың бірлестігі (одағы). Батыс заңнамаларына көз салып қарайтын болсақ, бұл бірлестіктер әртүрлі аталады: «байланысты кәсіпорынар», «компаниялардың жүйесі», «ұйымдардың ұйымы», «серіктестіктердің серіктестігі», «екінші сатыдағы серіктестіктер», «компаниялардың топтары» және «топтар. Мұндай жағдайда «қаржылық-кәсіптік топтар», «холдинг», «ассоциация (одақтар)» туралы айтуға болады.

Жай серіктестік нысанында картелдер, консор­циумдар, пулдар құрылуы мүмкін. Монополиялық бірлестіктерге картелдер, синдикаттар, трестер жатқызылады. Концерндер, әдетте, холдинг нысанында құрылады.

Компания топтарының мәнісі – экономикалық бірлестігінде немесе дербес құқық субъектсі болып табылатын ұйым болуында.

Заңды тұлғалардың бірлестігін, ең алдымен, олардың құқық субъектілігіне қатысты ажыратылады. Құқық субъектілікке ие болып табылатын ұйымдарға коммерциялық емес заңды тұлға болып табылатын ассоциацияларды (одақтарды) жатқызуға болады. Ал басқа бірлестіктер құқық субъектілікке ие болып табылмайтын бірлестіктерге жатқызылмайды. Олардың ішінен холдингтерді, қаржылық-өндірістік топтарды, жай серіктестіктерді жатқызуға болады.

Ұйымдастырылу әдісі бойынша бірлестіктер тігінен (вертикальный) және көлденеңнен (горизонтальный) деп бөлінеді.

Тігінен ұйымдастырылған немесе экономикалық субординацияға және бақылауға негізделген тең құқылы емес бірлестіктерге холдинг компанияларын, соынмен қатар и холдинг түріндегі білестіктерді жатқызуға болады: еншілес кәсіпорындары бар мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық бірлестіктермен құрылған коммерциялық емес ұйымдар.

Көлденеңнен ұйымдастырылған немесе кооперацияның ерікті қатынастарына негізделген тең құқылы бірлестіктерге бірлестіктердің шарттық нысандары жатқызылады (жай серіктестіктер). Қаржылық - өндірістік топтар (ҚӨТ) оларды құру нысанына қарай бірінші немесе екінші топқа жатқызылуы мүмкін. ҚӨТ, негізгі және еншілес қоғамдардың жиынтығы ретінде әрекет ете отырып, «қатысу жүйесіне» негізделе отырып, тігінен құрылған бірлестік болып табылады. Ресурстарды және орталық компаниялардың мекемелерін біріктіру жолымен топтарды құру туралы шартқа сәйкес құрылған ҚӨТ, көлденеңнен құрылған бірілестіктерге жатқызылады.

Холдинг. Холдинг компанияларының (ағылшын сөзі «to hold» - ұстау) тарихыайтарлықтай терең деп айта алмаймыз. Алғашқы холдинг немесе «қолда ұстау» компаниялары АҚШ-та XIX ғасырдың соңына пайда болды. Холдинг дегеніміз басқа компаниялардың бақылау пакет акцияларын иелену үшін және олардың қызметімен басқарып, бақылау жасау мақсатында құрылатын қаржылық компаниялардың ерекше түрі.

Холдингтің негізгі ұғымы болып «бақылау» табылады. Бұл ұғым әдебитте әртүрлі түсіндіірледі, бірақ ең негізгі ұғымы- компаниядағы басшылыққа ықпал ету болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, холдинг – бұл негізгі компания және ортақ иеленумен біріктірілген олардың еншілес фирмалары. Енішлес фирмаларды құру холдинг құрылымының пайда болуына әкеп соғады, себебі олар бір негізгі компанияның бақылауында болатын бір немесе бірнеше еншілес кәсіпорындардың бірлестігіне тиесілі болады. Қаржылық -өндірістік топтар.ҚӨТ-нің негізгі екі түрі көрсетіледі;

  1. Негізгі және еншілес қоғам ретінде әрекет ететін заңды тұлғалардың тобына кіретін жиынтығы;

  2. ҚӨТ құру туралы шарт негізінде толық немесе ішінара өздерінің материалдық және материалдық емес активтерін біріктіретін заңды тұлғалардың жиынтығы.

Бірінші түрі - бұл холдинг, екіншісі – бірлескен қызмет туралы шарт (консорциум.)

Компания топтарының экономикалық нысандары. Компания топтары әртүрлі белгілердің негізінде құрылып, әртүрлі атауағ ие болуы мүмкін. Біз холдинг, консорциум, ҚӨТ сияқты түрлерімен таныс болдық. Ал енді өзге де түрлерін қарастырайық.

Картель (ағылшын. саrtel; нем. Каrtell n.; фр. саrtel; ит. саrtellо) – шарттық негізде құрылған бірлескен кәсіпоырндардың нысаны. Картель қатысушылары қаржылық және өндірістік дербестікті сақтай отырып, бағаны айқындаудың ортақ саясатын анықтайды, патенттер мен технологиямен алмасады, тұтыну рыногында ықпал ету аясын кеңейтеді. Картельдің мақсаты – картель қатысушыларының арасындағы бәсекелестікті шектеу жолымен, сонымен қатар сыртық бәсекені жою жолымен ортақ мүддеде пайда табу.

Қатысушылардың қызметі мен құрамына байланысты картелдер ұлттық (ішкі, экспорттық, импорттық) және халықаралық деп бөлінеді; ұйымдастыру нысаны бойынша – бірыңғай өткізу органымен және бірыңғай сатып алу органымен; қатысушылардың өзара қатынастарының сипаты бойынша — ашық (жария), құпия (жасырын), джентльмендік келісімдер; мақсаты мен функциялары бойынша - өткізу рыногын бөлу, бағаларды реттеу, шетел инвестицияларын реттеу, өндіріс объектілерін, сатуды, өнім түрлерін реттеу.

Концерн (ағылшын, соncern) – Германияда бұл ұғым холдинг ұғымын білдіреді. Бірақ кең мағынада концерн – ортақ экономикалық қызмет үшін заңды тұлғалардың шарттық бірлестіктерінің нысандарының бірі. Кон­церн ғылыми-техникалық және өндірістік даму функцияларын орталықтандыру, инвестициялық, қаржылық, табиғатты қорғау және сыртқы экономикалық қызметті, сонымен қатар олардың құрамына кіретін ұйымдарға ақылы қызмет көрсету негізінде әрекет етеді. Концерн өзінің қатысушыларына ерікті түрде өзінің құрылған жүйесінде өзінің өкілеттігі мен функцияларының бір бөлігін береді. Концерн мүшелері шаруашылық дербестікті сақтайды, бірақ оның қатысушылары басқа концерннің құрамына кіре алмайды. Бұл топ компанияларының өзіне тән ерекшелігі болып өнімді шығару және сату немесе көзделген мақсатты шешумен байланысты жан-жақты қызметті қамти отырып, қызмет көрсету болып табылады.

Трест (ағылшын. trust) – кәсіпкерлердің бірігу нысаны. Мұнда қатысушылар тікелей өндірістік, коммерциялық, кейбір жағдайда заңи дербестігін жоғалтады. Нақты билік басқарманың немесе негізгі компанияның қолында шоғырланады. Реальная власть сосредоточивается в руках правления или головной компании. Трестер ең алғаш рет АҚШ-та 1879 жылы құрылған. Трестпен басқару механизміне сәйкес, әртүрлі ұйымдардың акционерлері өз акцияларын сенімді тұлғаларға немесе қамқоршыларға қайта сенім білдіре отырып, акцияның орнына сертификат алады. Акционерлер дивидендтер алуға құқылы, бірақ тресттің құрамына кірген қамқоршыларға бүкіл кәсіпорынды толығымен бақылау жасауға құқық бере отырып, өз дауысынан айырылады.

Пул (ағылшын. рооls) – көбіне көліктік, ақпараттық және т.б. қызмет саласында кеңінен таралған кәсіпкерлердің бірігу нысаны. Пулдар екіжақты және көпжақты болуы мүмкін. Пулға барлық кірістермен қатар, олардың келісілген бір бөлігі енуі мүмкін. Пул қағидасы бойынша құрылған қатынастар жай серіктестік шартын жасасу жолымен рәсімделуі тиіс.

Синдикат (греч. sindikos – ортақ әрект ету; ағылшын. sindicate) - өз мүшелері үшін шикізатты сатып алу және өндіретін өнімді сатуды жүзеге асыратын кәсіпкерлердің бірлестігі. Синдикат қатысушылары өндірістік дербестігін сақтап, коммерциялық дербестігін жоғалтады.

Конгломерат (лат. cоnglomeratus - жинақталған) – қандай да бір ортақ өндірістік негізді көздемейтін, бірақ ұйымдастырушылық және қаржылық байланыстармен біріккен ұйымдардың жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]