Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Мына бекітулерді толықтырыңыз:

  1. Іріңді ауруларға жататын өкпе ауруларын атаңыз:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  1. Өкпе абцессінің даму кезеңін атаңыз:

  1. ...

  2. ...

  1. Науқаста жауырынның төменгі бұрышына 4 см жақын орналасқан тегіс беткейлі қуыс анықталады. Осы аймақтарда тыныс шуылының сипатын атаңыз:..

  2. Өкпе гангренасы, абцессі кезінде дамитын асқынулар:

Бронхоэктаз деген (18 сурет).

18 Сурет

Бронхоэктаз Қалыпты өкпе

  1. Бронхоэктаз ауруының негізгі симптомдары...

  2. Бронхоэктаз ауруын негізгі анықтау әдістері...

  3. Өкпенің іріңді ауруларында антибиотиктерді енгізу тәртібі...

3 Тапсырма

Сұрақтарға (1-9) қатысты дұрыс жауаптарын (А-И) табыңыз.

  1. Өкпе абцессі дегеніміз не?

  2. Өкпе абцессі ағымында қандай мезгілдерді бөледі?

  3. Өкпе абцессінің рентгенологиялық белгілерін атаңыз?

  4. «Бронхоэктаз» термині нені білдіреді?

  5. Бронхоэктаз ауруы жиі қандай аурулардың асқынуы болып табылады?

  6. Бронхоэктаз ауруының негізгі клиникалық белгілері.

  7. Бронхоэктаз ауруын анықтайтын аспаптық әдісі қалай аталады?

  8. Бронхоэктаз ауруларында дәрілік заттарды қалай енгізеді?

  9. Постуральды дренаж дегеніміз не, және оны қандай мақсатта қолданылады?

  1. Таңертеңгілік жөтелмен көп мөлшерде қақырық бөлінуі, ентігу. Объективті: кеуде клеткасының пішіні бөшке тәрізді, саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді.

  2. Бронхтардың патологиялық кеңеюі.

  3. Қақырық жақсы шығу үшін денені арнайы жағдайда ұстау, яғни аяқты көтеріп жату.

  4. Шектеулі қабыну процесімен сипатталатын өкпенің іріңді аурулары.

  5. Көлденең деңгейдегі сұйықтықтың дөңгелек көлеңкесі.

  6. Абцесс қалыптасуы және абцесс шығуы (іріңнің бронхқа қарай жарылуы).

  7. Созылмалы бронхит.

  8. Бронхоскопия.

  9. Бұлшық ет, көк тамыр ішіне, интратрахеальды.

Динамикалық есептер

1 есеп

Науқас М. 25 жаста жөтел иісті кілегейлі іріңді қақырық (200 мл дейін) бөлінуіне, көбінесе таңертеңгі уақытта, қан қақыруына, ентігуге шағымданып келді. Бала кезінде жиі жөтелген. Соңғы 5 жылда уақытта жыл сайын өршулер байқалған.

Дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

  1. Мүмкін болатын диагноз:

  1. бронхоэктаздық ауру;

  2. өкпе рагы;

  3. созылмалы өкпе абцессі;

  4. созылмалы бронхит.

  1. Науқасты жалпы қарап тексергенде анықталатын объективті симптом (19 сурет)

19 Сурет 20 сурет

  1. асцит:

  2. сарғаю:

  3. ісінулер;

  4. саусақтары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді.

  1. Осы ауруда міндетті түрде зерттелетін әдіс:

  1. фиброэзофагодуоденоскопия (ФЭГДС);

  2. биохимиялық қан анализі;

  3. бронхография;

  4. пикфлоуметрия.

  1. Мына аурудың өршуінің емдеу схемасына жатады:

  1. анальгетиктер;

  2. антибиотиктер;

  3. анестетиктер;

  4. диуретиктер.

2 есеп

Науқас М., 68 жаста ауруханаға дене температурасының 38,6 С жоғарылауына, қалтырау, ұстама тәрізді жөтелмен көп мөлшерде кілегейлі –іріңді қан аралас қақырық бөлінуіне, ентігуге шағымданып келді. Бір апта бұрын жедел түрде ауырған, сол жақты пневмония анықталған. Амбулаториялық жағдайда емделген, участкелік дәрігер ампициллин тағайындаған. Ем бастапқыда жақсы нәтиже берген, бірақ ауруының 7 күні жағдайы бірден нашарлаған: температурасы 39,2 дейін жоғарылаған, қалтырау пайда болған, ентігу күшейген, қақырық мөлшері ұлғайып, қан араласқан.

Дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

  1. Мына жағдайға алып келетін себептері:

  1. оң өкпеде қабыну инфильтратының дамуы;

  2. өкпе абцессінің қалыптасуы;

  3. жедел өкпелік жүректің дамуы;

  4. пневмоторакс;

  5. ұсақ өкпе артерия бұтақтарының тромбоэмболиясы.

  1. Науқастың өкпе рентгенограммасына сұхбат беріңіз. Ауруға тән қандай өзгерістер бар (21 сурет)? 21 сурет

  1. «ниша» симптомы;

  2. көлденең деңгейдегі сұйықтық ауалы қуыспен;

  3. өкпе бөліктерінің қараю көлеңкесі;

  4. өкпе суретінің күшеюі

  1. Науқасқа антибактериалды терапияны тағайындаңыз:

  1. ампициллин дозасын көбейту;

  2. көк тамыр ішіне цефалоспориндердің екінші тобына аминогликозидтерді қосып тағайындау;

  3. аминогликозидтерді бұлшық етке тағайындау;

  4. көк тамыр ішіне пенициллиндерді көп дозада тағайындау;

  5. фторхинолондарды ішке қабылдау.

3 есеп

Ер кісі 50 жаста, ішкіш, темекі шегеді, жүдеу, шіріген тістері бар. 2 аптадан бері оң жақ кеуде клеткасының ауырсынуы, дірілдеу, жөтел іріңді қақырықпен мазалайды. Рентгенографияда: оң жақ өкпенің жоғары бөлігінде диаметрі 2 см қуыс сұйықтығымен анықталады.

Дұрыс жауаптарын таңдаңыз.

  1. Болжамды диагноз:

  1. өкпе абцессі;

  2. бронхоэктаз;

  3. өкпе инфаркты;

  4. перифериялық өкпе рагы;

  5. өкпе туберкулезі.

  1. Өкпе абцессінің қандай уақытына күдіктенуге болады:

  1. абцесстің қалыптасуы;

  2. іріңнің бронхқа қарай жарылуы.

  1. Өкпе абцессінің объективті белгілеріне жатады:

  1. тыныстың әлсіреуі;

  2. амфоралық тыныс;

  3. құрғақ ысқырықты сырылдар;

  4. экстрасистолия.

  1. Мұндай жағдайда қандай ем қажет:

  1. зәр айдағыштар;

  2. кортикостероидттар;

  3. антибиотиктер;

  4. анальгетиктер.

Ситуациялық есептер

1 есеп

Ер кісі 34 жаста, санаторлы - курорт картасын толтырту үшін емханаға келді, және де тексерілу үшін ауруханаға жатқызылды.

  1. жасында алғашқы рет сол жақты пневмониямен ауырған, сол уақыттан бері тұрақты түрде жөтеледі. Көктем күз айларында дене температурасы жоғарылап, сол жақ бүйірінің ауырсынуы байқалады. Тәулігіне стақан толы қақырық тастайды, көбіне таңертеңгі уақытта байқалады. Ремиссия кезінде жылдам жүргенде аздаған ентігу сақталады, ал асқыну кезінде ентігу күшейеді.

Жалпы қарағанда жағдайы қанағаттанарлық, акроционаз, саусақ фаланга ұштарының өзгерістері байқалады. Кеуде клеткасын перкуссиялағанда қорапты дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы түскен. Сол жақ жауырын астынан қатқыл дыбыс, сол жерде плевра үйкеліс шуылы және ірі көпіршікті сырылдар естіледі.

  1. Ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№4 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 17.06.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :5. Дәрігерге : Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

90 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

5,1 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,88

0,85-1,05

Тромбоциттер

280 х 10 12/л

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

9,1 х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

Таяқша ядролы

7 %

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

68 %

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

1 %

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

19 %

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

5 %

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

19 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. Ұсынылған жалпы қақырық анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№ 4 ҚАҚЫРЫҚ АНАЛИЗІ

Күні: 17.07.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :5. Дәрігерге : Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Мөлшері -160 мл, түсі – жасыл, жағымсыз иісті ірің тән, консистенициясы – жабысқақ. Куршман спиральдары - жоқ, Шарко- Лейден кристаллдары жоқ, эозинофилия – жоқ, эластикалық талшықтар – жоқ, лейкоциттер – 150 -200 мл көру алаңында, эритроциттер -0-2 көру алаңында, аз мөлшерде – эпителий клеткалары, аз мөлшерде – альвеолярлы клеткалар, Кох бацилласы – жоқ, аз мөлшерде – стрептококк және стафилакоктар.

  1. Клиникалық зәр анализінің нәтижесін бағалаңыз:

№ 15 ЗӘР АНАЛИЗІ

Күні: 17.07.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :5. Дәрігерге : Семенова. Науқас П. 34 жаста.

Ақуыз іздері, лейкоциттер – 2-3 көру алаңында, эритроциттер – көру алаңында бірен саран.

  1. Науқастың рентгенограммасын бағалаңыз ( 22 сурет).