Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1.4. Өкпенің іріңді аурулары: абцесс, гангрена, бронхоэктаздық ауру

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

____________________________________________________________________

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

Студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын: абцесс, өкпе гангренасы, бронхоэктаздық ауру;

  • өкпенің іріңді ауруларының этилогиясы;

  • өкпенің іріңді ауруларының клиникалық белгілері;

  • өкпенің іріңді ауруларын анықтау әдісі;

  • өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарды қазіргі заман талабына сәйкес емдеу принциптері;

  • өкпеден қан кетуде және қан қақыруда шұғыл түрде көмек көрсету;

  • аурудың алдын алу және болжамы.

Студент істей білу керек:

  • науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;

  • ауруға тән белгілерді анықтау;

  • қосымша зерттеу мәліметтерін анықтау;

  • болжамды диагнозды негіздеу;

  • өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;

  • науқасқа дұрыс дренажды жағдай жасау;

  • науқасты қалталық түкіргіштерді пайдалануды және оларды дұрыс зарарсыздандыруды үйрету;

  • қан қақыруда және қан кетуде шұғыл көмек;

  • медициналық құжаттарды толтыру.

Бақылау сұрақтары

  1. Өкпенің қандай ауруларын іріңдіге жатқызады?

  2. Өкпе абцессіне анықтама беріңіз?

  3. Өкпе абцессінің даму себептерін атаңыз?

  4. Өкпе абцессінің бастапқы қалыптасқан түріндегі негізгі клиникалық белгілері.

  5. Өкпе абцессінің екінші кезеңіндегі клиникалық белгілері.

  6. Өкпе абцессі кезінде қосымша зерттеу әдістерін атаңыз.

  7. Бронхоэктаздық ауруға анықтама беріңіз.

  8. Бронхоэктаздық ауруларының негізгі клиникалық белгілерін атаңыз.

  9. Бронхоэктаздық аурудың қосымша зерттеу әдістерін көрсетіңіз.

  10. Бронхоэктаз ауруын және өкпе абцессін негізгі емдеу принциптерін атап көрсетіңіз.

1 Тапсырма

Жауаптың дұрыс түрін таңдаңыз.

  1. Өкпенің жедел абцессінде және гангренасын шақыратын инфекция қоздырғыштары өкпе тініне енеді:

  1. бронхтар арқылы;

  2. лимфа тамырлары арқылы;

  3. қан тамырлары арқылы;

  4. өкпе жарақатында.

  1. Барлық аталған белгілер ашық үлкен көлемді өкпе абцесс сипатына тән, тек біреуінен басқасы:

  1. қақырық мөлшерінің көбеюі;

  2. интоксикация белгілерінің азаюы;

  3. зақымдалған аймақта тыныстың әлсіреуі, тұйықталуы;

  4. зақымдалған аймақта амфоралық және бронхиалды тыныстар, тимпаникалық дыбыс;

  5. дене температурасының жоғарылауы.

  1. Жедел өкпе абцессін анықтау негізделеді:

  1. клиникалық белгілер (жөтелмен көп мөлшерде іріңді қақырықтың бөлінуі және т.б.)

  2. қақырықты лабораториялық зерттеу нәтижесінде (қақырықта көп мөлшерде іріңді микрофлора);

  3. клинико рентгенологиялық ерітінді.

  1. Жедел өкпе абцессімен ауыратын науқасты тексеруге жатпайтын әдіс:

  1. жалпы клиникалық зерттеу әдісі;

  2. өкпедегі ірің құрамын, қақырықты бактериологиялық зерттеу;

  3. бронхоскопия;

  4. өкпе рентгентомографиясы;

  5. бронхография.

  1. Абцесстің пневмониямен асқынуына тән емес фактор:

  1. аталектаз дамуы;

  2. қант диабеті (ҚД);

  3. атеросклероз;

  4. алкоголизм;

  5. иммунтапшылықты жағдай.

  1. Өкпе абцессінің негізгі рентгенологиялық белгілерін атаңыз:

  1. контуры анық дөңгелек қараю көлеңкелері;

  2. қабырғасы жұқа ауалы қуыс;

  3. көлденең деңгейде сұйықтығы бар қуыс;

  4. басым түрдегі қараю көлеңкелерімен көптеген қуыстар;

  5. контуры анық емес гомогенді емес дөңгелек қараю көлеңкелері.

  1. Жедел жалғыз абцесстің бронхқа жарылуына тән емес симптом:

  1. рентгенограммада қуыс көлденең деңгейде;

  2. дене температурасы 39 С дейін жоғарылайды және одан да жоғары;

  3. жөтелмен көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі;

  4. жалпы жағдайының жақсаруы;

  5. қан қақыруы.

  1. Жедел өкпе абцесімен ауыратын науқастарды емдеуді жүргізу керек:

  1. амбулаторлы жағдайда;

  2. стационарда терапия бөлімшесінде;

  3. стационарда пульмонология бөлімшесінде;

  4. торакальды хирургия бөлімшесінде.

  1. Бронхоэктаз ауруымен ауыратын науқастар мына шағымдармен келеді:

  1. қалтырау, кеуде клеткасының ауырсынуы;

  2. жиі таңертең жөтелмен жеңіл бөлінетін қақырық;

  3. қан қақыру, өкпеден қан кету;

  4. ентігу;

  5. барлық аталғандар.

  1. Бронхоэктаз ауруына тән клиникалық белгілер:

  1. тұрақсыз орташа көпіршікті сырылдар;

  2. өнімді жөтелмен тәулігіне 100 мл дан көп қақырық бөлінеді;

  3. перкуторлы дыбыстың қысқаруы;

  4. «барабан таяқшасы» және «сағат әйнегі» белгілерінің жиналуы.

  1. Бронхоэктаз ауруын анықтауда шешуші роль атқарады:

  1. клинико – рентгенологиялық әдіс;

  2. бронхоскопия;

  3. бронхография;

  4. спирография.

  1. Бронхоэктаз ауруы өршуінде науқасты емдеуді жүргізу керек:

  1. амбулаторлы жағдайда;

  2. стационарда терапия бөлімшесінде;

  3. стационарда пульмонология және торакальды хирургия бөлімшесінде.