Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

4 Тапсырма

Сұрақтарға (1-6) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз:

  1. БД себебі.

  2. БД патогенезінің бір звеносы.

  3. БД негізгі бір белгісі.

  4. БД емінде қолданатын ингаляциялық дәрілер.

  5. Астматикалық статус көріністері.

  6. Астматикалық статус кезінде шұғыл жағдайда қолданылатын заттар.

  1. Дем шығару қиындығымен байқалатын ентігу.

  2. Аллергендердің әсері.

  3. Преднизолон, гидрокортизон.

  4. Бронх тарылуы, бронх өткізгіштігінің жедел бұзылысы.

  5. Сальбутамол, беродуал.

  6. Кәдімгі бронх кеңейткіш дәрілердің әсерінің төмендеуінен тұншығу ұстамасы күшейеді.

5 Тапсырма

Науқастың жалпы жағдайын, қалпын, тынысын, өкпені тыңдағандағы мәліметтер, жүрек қан тамыр жүйесі жағынан өзгерістерін есепке ала отырып, астматикалық статустың сатысына байланысты клиникалық көріністерін суреттеңіз.

  1. саты - ….

  2. саты - ….

  3. саты - ….

6 Тапсырма

Шұғыл көмек көрсету алгоритмін құрыңыз:

  1. БД жеңіл ұстамасында;

  2. Орташа ауыр өршуінде;

  3. БД ауыр өршуінде.

Динамикалық есептер

1 есеп

40 жастағы әйел кісі, созылмалы синуситпен ауырады, артриттің жедел түрі дамыған. Дәрігер ацетил салицил қышқылын тағайындаған. Науқаста бірден ұстамалы тұншығу пайда болған.

Дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. Мүмкін болатын себептері:

  1. аллергиялық астма дамуы;

  2. қосарланған дәнекер тіннің бұзылу синдромы;

  3. ацетилсалицил қышқылына аллергиялық реакция;

  4. бөгде денелерді аспирациялау.

  1. Объективті тексерудің қандай бөліміне көбірек көңіл бөлу керек:

  1. ЛОР ағзалар;

  2. жүрек қан тамыр жүйесі;

  3. асқазан ішек жолдары (АІЖ);

  4. аяқ қолдар.

1 есеп

Сізді 32 жастағы науқасқа шақырды. БД 10 жылдан бері ауырады. Қазіргі уақытта науқаста айқын ентігу, қабырғааралықтары қатты тартылғаны байқалады. Тері астаны жасалған адреналин айтарлықтай өз нәтижесін бермеді.

Дұрыс жауапты таңдаңыз.

      1. Науқастың артериялық қан анализінің газ құрамы рО 2 =60% көрсетті. Осыған байланысты келесі іс шаралар жүргізілуі тиіс:

  1. өкпеге жасанды вентиляция және интубация;

  2. оттегімен ингаляция;

  3. антибиотикті енгізу;

  4. атропинді енгізу.

      1. Төменде көрсетілген барлық шаралардың біреуінен басқасының пайдасы бар:

  1. кортикостероидттарды енгізу;

  2. көк тамыр ішіне сұйықтық енгізу;

  3. қақырық түсіретін дәрілер;

  4. эуфиллинді енгізу.

      1. Науқасты қарқынды емдеуден кейін жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылған, бірақ 4 күн өткен соң қабылдау бөліміне келген. Осы уақытта СТҚ көрсеткіші:

  1. өршу алдынан да, өте нашар;

  2. өршу алдынан да, өте нашар;

  3. қалыпты көрсеткіштермен салыстыру бойынша да өзгеріссіз.

3 есеп

Науқас К. 50 медициналық бөлімге БД ұстамасына ұқсас белгілермен келді.

Дұрыс жауапты таңдаңыз (санын көрсетіңіз).

  1. БД ұстамасына тән сипаттама:

  1. жүрек аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну -1;

  2. эпигастрий аймағындағы ұстама тәрізді ауырсыну, жүрек айну, құсу -2;

  3. дем шығару қиындап ентігумен, жөтел, тұншығу -3;

  4. қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу -4.

К. осыған тән ұстамалар соңғы 3 жылдан бері кейбір иіс суларға жанасқанда пайда болады.

2. Фельдшер шұғыл көмек көрсету үшін қолдану қажет:

  1. сальбутамол ингаляциясы -5;

  2. кордиамин тері астына -6;

  3. нитроглицерин тіл астына- 7;

  4. анальгин бұлшық етке -8;

Көрсетілген жәрдемге қарамастан әйелде ентігу күшейгені, әлсіздік байқалады.

3. Осындай жағдайда енгізу қажет:

  1. жүрек гликозидттері, зәр айдағыштар -9;

  2. бронхолитиктер, кортикостероидттар -10;

  3. наркотикалық анальгетиктер -11;

  4. гипотензивті заттар – 12.

Науқастың жағдайы анағұрлым жақсарған. Жөтелмен шырышты қақырық шығады, ентігу азайған.

      1. Фельдшердің науқасқа қатысты ары қарай іс әрекеті:

  1. жұмыстан босату және үйіне жіберу – 13;

  2. ауруханаға жатқызу үшін жедел жәрдемді шақыру – 14;

  3. жақын күндері жергілікті жердегі дәрігерге бару туралы кеңес беріледі -15;

  4. ауруханаға жоспарлы түрде жатқызылуға жолдама беріледі – 16;

4 есеп

Науқас 35 жаста, қысқа әсерлі В2 адреномиметиктер ингалясымен тез басылатын, аптасына бір рет немесе сирек пайда болатын экспираторлы тұншығу ұстамасына шағымданып келді. Ұстама кезінде өкпені тыңдағанда құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, ұстама аралығында ДшЖкБш > 80% тиістісінен.

Дұрыс жауапты таңдаңыз (санын көрсетіңіз).

  1. Мына науқаста:

  1. интермиттік астма -1;

  2. жеңіл персистирлеуші астма -2;

  3. орташа ауырлықты персистирлеуші астма -3;

  4. ауыр персистирлеуші астма -4;

  5. жиналған ақпараттар БД анықтау үшін жеткіліксіз -5;

  1. Науқасқа қандай ем тағайындау керек:

  1. қысқа әсерлі В2 адреномиметиктер ингаляциясын тұрақты түрде қолдану -6;

  2. орташа дозада кортикостероидттар ингаляциясын тұрақты түрде қолдану -7;

  3. кромоглицил қышқылы (интал) тұрақты түрде қолдану -8;

  4. ішке теофиллин дәрілерін тұрақты түрде қолдану – 9;

  5. қысқа әсерлі В2 адреномиметиктерді тек қажет жағдайда ғана қолдану, дәрілік терапияны тұрақты түрде қолдануға көрсеткіш жоқ – 10;

5 есеп

Науқас 36 жаста, ұстама тәрізді аз өнімді жөтелге шағымданады. Ұстамалы жөтел көбіне түнгі уақытта, таңертең, күндіз суыққа және ылғалды ауа райына шыққанда пайда болады. Науқас жарты ай бұрын пневмония ауырып, антибиотикмен белсенді түрде емделмеген, аз өнімді жөтел сақталады. Қақырық түсіретін және жөтелге қарсы дәрілерді белгілі бір нәтижесіз қабылдаған. Шылым тартпайды, бала кезінен атопиялық дерматитпен ауырады. Қарағанда: өкпеде тыныс қатқыл, екі жақтан да құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

Өкпені рентгенологиялық тексеру барысында өзгеріс байқалмайды. Қан анализінде –эозинофилия, қақырықта – эозинофиллия, белгілі бір мөлшерде бактериалды флораның жиналуы.

Дұрыс жауап санын таңдаңыз.

  1. Мүмкін болатын диагноз:

  1. ұзаққа созылған пневмония -1;

  2. созылмалы обструктивті бронхит -2;

  3. БД -3;

  4. өкпе туберкулезі - 4;

  1. Науқаста диагнозды дәлелдеу үшін қандай қосымша тексерулер қажет:

  1. СТҚ зерттеу -5;

  2. терде хлор және натрий концентрациясын анықтау -6;

  3. В2-адреномиметиктер ингаляциясымен сынама жасау -7;

  4. қақырықты бактериологиялық зерттеу алып микрофлораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтаймыз -8;

  1. Науқасқа тағайындалады:

  1. микрофлорасына сезімтал антибиотиктер тағайындалады-9;

  2. ингаляциялық кортикостероидттар -10;

  3. қақырық түсіретін дәрілер -11;

  4. бронхолитикалық дәрілер-12;

  1. Ем оң нәтижелі болғанда және аурудың белгілері басылғанда:

  1. медикаментті терапияны тоқтату -13;

  2. ингаляциялық кортикостероидтты қолдануды жалғастырамыз біртіндеп сүйемелдеуші дозаға дейін төмендетеміз – 14;

  3. дәрілік тесттан таңдап алынған бронхолитиктерді қолдануды жалғастырамыз -15;

  4. микрофлорасына сезімтал таңдап алынған антибактериалды дәрілерді өршуге қарсы терапияны жалғастырамыз -16.

Клиникалық есептер

1 есеп

Науқас К. 49 жаста, созылмалы бронхитпен ауыратын, бірден ұстамалы тұншығу пайда болды. Объективті: науқас бозарған, көзінде қорқыныш, кеудемен толығымен дем алады, ауаны аузымен қармайды, төсекте дөңбекшиді. Кеуде клеткасы кеңейген, құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.

  1. Қандай ауруға күдіктенуге болады?

  2. Ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін негізгі көмекті атаңыз?

  3. Ауруды ары қарай қандай ем жүргізіледі?

Емдеуге қолданылатын дәрілердің әсер ету механизмін сипаттама беріңіз (9 сурет).