Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

12 Сурет

Науқас Е. 26 жаста. Әйел кісі 8 жылдан бері бронхиалды демікпемен ауырады. Ұстамалар күшті иістермен дем алғанда, үй жануарларымен қатынас болғанда аптасына 1-2 рет болады, айына 1-2 рет түнгілік тұншығудан оянады. Өршулер көктем –күз айларында өсімдік гүлдеген уақытта пайда болады. Анамнезінен: әкесі жағынан әжесі БД ауырған. Спирографияда: 1ФАК және ДшЖкБш > 80%; ДшЖкБш – 20-30% айырмашылығы тиістісінен. Ұстама кезінде әйел кісі сальбутомолды пайдаланады. Объективті: кеуде клетка формасы қалыпты, аускультацияда – қатқыл тыныс, форсирленген дем шығару сынамасында кеуденің алдыңғы беткейінде біртекті ырғақты сырылдар естіледі.

  1. Қазіргі заман талабына сәйкес диагнозды қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз. Қақырық анализінде БД тән қандай өзгерістер (13 сурет)?

  3. Бұл зерттеу әдісі қалай аталады? Ауруға тән осы әдіс арқылы қандай өзгерістерді анықтауға болады (14 сурет)?

14 Сурет

13 Сурет

  1. Науқасты негізгі емдеу принциптері.

  2. Рецепте тағайындау парағын рәсімдеңіз.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Тақырып бойынша ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Тақырып бойынша тіректік конспектісін құрастыру.

  • Әртүрлі қосымша тыныс алу еңбектерін пайдалану инструкциясын қайталау.

  • Фармакологиядан «Бронхтарды кеңейтетін дәрілер» тақырыбын қайталау.

  • БД ұстама кезінде шұғыл көмек алгоритмін құру.

  • «БД» творчествалық жұмысты орындау.

  • Науқастарға арналған ескертпелер: «Аллергияға қарсы пәтердегі жағдай».

  • Тақырып бойынша глоссария құру.

  • Өзіндік дайындық картасын толтыру.

Сағат көлемі:3.

____________________________________________________________________

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

    1. Пневмония

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын;

  • пневмонияның этиологиясын;

  • пневмонияның жіктемесін;

  • пневмонияның клиникалық белгілері;

  • пневмонияның мүмкін болатын асқынулары және шұғыл көмек көрсету;

  • пневмонияны анықтау принциптері;

  • емдеу принциптері;

  • алдын алу.

Студент істей білу керек:

  • науқасты сұрастыру және объективті тексеру жүргізу;

  • пневмонияға тән белгілерді анықтау;

  • қосымша зерттеу әдістерін бағалау;

  • болжамды диагнозды негіздеу;

  • гипертермияда, коллапста және өкпе ісінуінде көмек көрсету;

  • науқасты тексеру және емдеу жоспарын құру;

  • антибиотик дозасын есептеп, антибиотикті еріту;

  • тері асты, бұлшық ет және көк тамыр ішіне инъекцияларды орындау;

  • медициналық құжатты толтыру.

Бақылау сұрақтары

  1. Пневмония дегеніміз не?

  2. Пневмония жіктемесі қандай?

  3. Пневмония этиологиясы.

  4. Пневмония дамуына алып келетін факторларды атаңыз.

  5. Қандай пневмония ошақты деп аталады?

  6. Бөліктік пневмония қалай басталады?

  7. Аурудың басында бөліктік пневмонияның клиникалық белгілері қалай басталады және олар немен түсіндіріледі (15 сурет)?