Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

27 Сурет

28 Сурет

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Плеврит ауруына графологиялық құрылымын құрастыру.

  • Фармакологиядан «Қақырықты түсіретін дәрілер» және «Антибиотиктер» тақырыбын қайталау.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • Ситуациялық есептерді үйлестіріп құрастыру.

Сағат көлемі: 2.

____________________________________________________________________

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

1.6. Өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, тыныс жеткіліксіздігі

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • аурудың анықтамасын: өкпе эмфиземасы, пневмосклероз, тыныс жеткіліксіздігі;

  • осы жағдайға алып келетін себептер;

  • оларды клиникалық белгілері;

  • оларды анықтау әдісі;

  • осы ауруларды емдеу принциптері және алдын алуы;

Студент істей білу керек:

  • науқасты объективті тексеру және сұрастыру жүргізуді;

  • ауруға тән белгілерді анықтау;

  • қосымша зерттеу мәліметтерін анықтау;

  • болжамды диагнозды негіздеу;

  • науқастарды тексеру және емдеу жоспарын құру;

  • аурудың терминальды сатысында науқасқа психологиялық қолдау;

  • оксигенотерапия жүргізу;

  • дәрілік заттары бар дәрі тамызғышты орнату.

Бақылау сұрақтары

  1. Өкпе эмфиземасы және тыныс жеткіліксіздігіне алып келетін басты себептерді атаңыз.

  2. Өкпе эмфиземасының клиникалық белгілерін суреттеңіз.

  3. Пневмосклероз және өкпе эмфиземасы кезінде қосымша зерттеу әдістерін атап көрсетіңіз.

  4. Өкпе эмфиземасы, тыныс жеткіліксіздігінде негізгі емдеу принциптерін атаңыз?

  5. Пневмосклероз, өкпе эмфиземасының алдын алуы жайлы айтып беріңіз.

1 Тапсырма

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Өкпе эмфиземасы кезінде кеуде клеткасының пішіні:

  1. астеникалық;

  2. рахиттік;

  3. воронка тәрізді;

  4. бөшке тәрізді.

  1. Өкпе эмфиземасының перкуторлы белгісі:

  1. өкпелік дыбыс;

  2. қысқарған дыбыс;

  3. қорапты дыбыс;

  4. тұйықталған дыбыс.

  1. Өкпе эмфиземасының рентгенологиялық белгілері:

  1. өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарылауы;

  2. қараю көлеңке ошағы;

  3. көлденең деңгейлі сұйытық қуысы;

  4. бұлт тәрізді инфильтрат.

  1. Пневмосклероздың аускультациялық белгілері:

  1. сықыр;

  2. «шыңғырлаған» сырылдар;

  3. ысқырықты сырылдар;

  4. қатқыл тыныс.

  1. Созылмалы тыныс жеткіліксіздігін анықтау әдісі:

  1. ЭКГ;

  2. эхокардиография (ЭхоКГ);

  3. спирография;

  4. рентгенография.

  1. Тыныс жеткіліксіздігінде обструкциялық түрі бойынша белгілері:

  1. өкпенің қалыпты тіршілік сиымдылығы;

  2. тыныстың минуттық көлемінің ұлғаюы;

  3. СТҚ қалыпты көрсеткіштері;

  4. дем алу жылдамдық көрсеткішінің төмендеуі.

  1. Өкпелік жүректе ұлғаятын жүрек бөліктері:

  1. сол қарынша және оң жүрекше;

  2. оң қарынша және оң жүрекше;

  3. сол қарынша және сол жүрекше;

  4. оң қарынша және оң жүрекше.

  1. Өкпелік жүректе тері жамылғысының ерекшеліктері:

  1. аяқ қолдары бозғылт;

  2. аяқ қолдары сипаған кезде мұздай;

  3. аяқ қолдары сипап қарағанда мұздай және көгерген;

  4. аяқ қолдары сипап қарағанда жылы және көгерген.

  1. Демкомпенсацияланған өкпелік жүректің клиникалық белгілері:

  1. плевраның үйкеліс шуы;

  2. аяқтарының ісінуі және бауырдың ұлғаюы;

  3. перикардтың үйкеліс шуы;

  4. беттің ісінуі.

  1. Демкомпенсацияланған өкпелік жүрек ауруымен ауыратын науқастың өміріне қатысты болжам:

  1. қолайлы;

  2. салыстырмалы қолайлы;

  3. қолайсыз;

  4. күмәнді.