Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

34 Сурет

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Глоссария құрастыру.

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Дерттің графологиялық құрылымын құрастыру.

  • Фармакологиядан «Антибиотиктер» және «СЕҚҚЗ» тақырыбын қайталау.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • «Мейірбике ісі негіздері» курсынан Бициллин -5 енгізу ерекшеліктерін қайталау.

  • Өзіндік дайындық картасын толтыру.

Сағат көлемі: 2.

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

    1. ЖҮРЕКТІҢ ЖҮРЕ ПАЙДА БОЛҒАН АУРУЛАРЫ

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • жүре пайда болған жүрек ақауларында жүрек ішілік гемодинамика бұзылыстарының ерекшеліктері;

  • жүре пайда болған жүрек ақауларынының клиникалық белгілері және аускультациялық көріністері;

  • жүрек ақауларын анықтайтын негізгі диагностикалық әдістері;

  • жүрек ақауы бар науқастарда кездесетін асқынулар;

  • жүрек ақауларын негізгі емдеу әдістері;

Студент істей білу керек:

  • науқасқа тексеріс жүргізу;

  • қосымша тексеруден алынған мәліметтерді дұрыс талдау;

  • болжамды диагноз қою және негіздеу;

  • науқасты емдеу жоспарын құрастыру;

  • өкпе ісінуінде, кардиальды астма ұстамасында, жүрек ырғағы бұзылғанда шұғыл көмек көрсету;

  • шақыру картасын және ауру тарихын тексеру;

  • дәрілік заттарды қабылдау, демалыс және еңбек ремимі бойынша ұсыныстар беру.

Бақылау сұрақтары

  1. «жүрек ақауы» термині нені білдіреді?

  2. Бүгінгі күні жүрек ақауының қандай жіктемелері бар?

  3. «стеноз» термині нені білдіреді және ол немен сипатталады?

  4. «жеткіліксіздік» термині нені білдіреді және ол немен сипатталады?

  5. Митральды стеноз кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  6. Митральды шамасыздығы кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  7. Аортальды стеноз кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  8. Аортальды шамасыздығы кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  9. Үшжармалы қақпақ стенозі кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  10. Үшжармалы қақпақ шамасыздығы кезіндегі клиникалық көрінісін және гемодинамикасын сипаттаңыз.

  11. Жүрек ақаулары кезіндегі қосымша зерттеу әдістерін атаңыз.

  12. Жүрек ақауымен ауыратын науқастарды негізгі емдеу мақсаттарын атап көрсетіңіз.

1 Тапсырма

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

  1. Митральды қақпақ шамасыздығына сәйкес аускультациялық мәліметтер:

  1. жүрек ұшында систолалық шуыл;

  2. жүрек ұшында диастолалық шуыл;

  3. оң жақ төстің 2 қабырғааралығында систолалық шуыл;

  4. семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шуыл.

  1. Митральды стеноз кезінде жүрек ұшында 1 тон:

  1. әлсіреген;

  2. естілмейді;

  3. өзгермеген;

  4. шапалақ.

  1. Аорта сағасының стенозы алып келеді:

  1. аортада систолалық қысымның жоғарылауына;

  2. сол қарыншада систолалық қысымның жоғарылауына;

  3. жүректің минуттық көлемінің ұлғаюы;

  4. сол жүрекше қысымының төмендеуі.

  1. Митральды стеноздың біріншілік белгісі болып табылады:

  1. ентігу;

  2. тұншығу ұстамасы;

  3. қан қақыру;

  4. жүрек қағуы;

  5. барлық аталғандар.

  1. Аорта қақпақ шамасыздығының аускультациялық белгілері:

  1. жүрек ұшында систолалық шу;

  2. Боткин нүктесінде систолалық шу;

  3. оң жақ төстің 2 қабырғааралығында диастолалық шуыл;

  4. оң жақ төстің 2 қабырғааралығында систолалық шуыл;

  1. Аорта қақпақ шамасыздығына тән АҚ

  1. систолалық қысымның жоғарылауы, диастолалық қысымның төмендеуі;

  2. систолалық қысымның төмендеуі, қалыпты диастолалық қысым ;

  3. систолалық және диастолалық қысымның төмендеуі;

  4. систолалық және диастолалық қысымның жоғарылауы;

  1. Аорта шамасыздығы дамуы мүмкін:

  1. расслаивающей аорта аневризмасы;

  2. жедел ревматизм;

  3. инфекциялық эндокардит;

  4. қатерлі гипертензия;

  5. барлық аталғандар.

  1. Аорта сағасының стенозына тән АҚ:

  1. систолалық қысымның төмендеуі, қалыпты диастолалық қысым;

  2. қалыпты систолалық және диастолалық қысым;

  3. систолалық және диастолалық қысымның төмендеуі;

  4. систолалық және диастолалық қысымның жоғарылауы.

  1. Аортальды стенозға тән тамыр соғысы:

  1. аз, баяу, сирек;

  2. қалыпты;

  3. жоғары, биік, жылдам;

  4. жіп тәрізді.

  1. Митральды стеноз кезінде жүрек шекаралары ығысады:

  1. солға және жоғары;

  2. солға және төмен;

  3. оңға және солға;

  4. оңға және жоғары.

  1. Митральды қақпақ шамасыздығы кезінде жүрек шекаралары ығысады:

  1. солға және жоғары;

  2. солға және төмен;

  3. оңға;

  4. оңға және жоғары.

  1. Аорта қақпағының шамасыздығы кезінде жүрек шекаралары ығысады:

  1. солға және жоғары;

  2. оңға және жоғары;

  3. оңға;

  4. солға және төмен.