Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

2 Тапсырма

Келесі бекітулерді толықтырыңыз.

  1. Ревматизмнің негізгі себептері –бұл ...

  2. Ревматизм жатады ....ауруларға.

  3. Ревматизмнің негізгі диагностикалық критерилерін атап өтіңіз:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  4. ...

  5. ...

  1. Ревматикалық полиартрит үшін тән...

  2. Ревматизмді негізгі емдейтін принциптері...

  3. Ревматизмнің алдын алу түрлері:

  1. ...

  2. ...

3 Тапсырма

Жедел ревматикалық қызбаға сәйкес клиникалық көріністерді белгілеңіз (33 сурет).

33 Сурет

Ситуациялық есептер

1 есеп

Оқушы 15 жаста, баспамен ауырғаннан кейін субфебрильды температура сақталады, науқас тез шаршайды, физикалық күштемеден кейін ентігуге және жүрек соғуына шағымданады. Объективті: температура 37,2 С бадамша безі ұлғайған, борпылдақ, еріннің әлсін көгеруі, қарау кезінде жүрек аймағында ешқандай өзгеріс жоқ. Тамыр соғысы екі қолда да бірдей, ырғақты, толықтығы аз, минутына 96 рет, АҚ 105/75 мм.сын.бағ. жүректің салыстырмалы перкуссиялық шекаралары солға және жоғарыға кеңейген, жүрек ұшында 1 тон әлсіреген, осы жерде физикалық күштемеден кейін (5 рет отырып тұру) және сол жағына қарай жатқанда күшейетін, сол жақ қолтық асты аймағына таралатын үрлеуші тембрдағы систолалық шуыл естіледі, 2 тон біршама акценті өкпелік артерияда байқалады. Басқа ағзаларында өзгеріс жоқ.

  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрастырыңыз:

  1. ұсынылған жалпы қан анализінің нәтижесін бағалаңыз.

№57 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 10.09.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :10. Дәрігерге : Семенова. Науқас П. 15 жаста.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

130 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

4,2 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,9

0,85-1,05

Тромбоциттер

280 х 10 12/л

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

13,0 х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

Миелоциттер

0,5%

Х 10 9/л

Жас клеткалар

0,5 %

% х 10 9/л

Таяқша ядролы

5 %

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

60 %

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

6 %

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0,5 %

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

21 %

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

8 %

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

35 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. биохимиялық қан анализі: жалпы белок – 80 г/л, альбуминдер – 45%, глобулиндер – 55%, альфа – 1- глобулиндер – 6,5%, альфа -2 – глобулиндер – 11%, бета – глобулиндер – 12%, гамма глобулиндер 25,5 %, фибриноген – 6,0 г/л, аспартатаминотрансфераза (АСТ)- 0,75 ммоль/л, аланинаминотрансфераза (АЛТ) – 0,6 ммоль/л. АСЛ-О – 500 бірлік.;

  2. жалпы зәр анализі: түсі – ашық – сары, реакциясы – қышқыл, мөлдірлігі – толық, салыстырмалы тығыздығы – 1020, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – 4-6 көру алаңында, эритроциттер – 2-3 көру алаңында, цилиндрлер жоқ.

  3. эхоКГ: сол жақ қарыншаның және сол жақ жүрекше қуыстарының ұлғаюы, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасы қалыңдайды, жүректің сол бөліктерінің қабырғаларының тербелу амплитудасы ұлғаяды,митральды қақпақтың регургитациясы байқалады.

  1. Науқасты емдеу әрекетін анықтаңыз.

2 есеп

Студент С. 19 жаста, тізе, шынтақ, балтыр табан, білезік және иық буындарындағы тұрақсыз көшпелі ауырсынуына, жалпы әлсіздік, шаршағыштыққа, субфебрильды дене қызуына, шектеулі физикалық күштемеде ентігуге, жүрек жұмысында «қатып қалу» сезімі және толқуы шағымданып келді.

Анамнезінде белгілі болғандай мектепте жедел ревматикалық қызбамен ауырған, ауруханада пенициллинмен емделген. Бір жыл бұрынУниверситетке түскеннен кейін физикалық күштемеден кейін ентігу мазалаған, мысалы 2-3 қабатқа баспалдақпен жылдам көтерілгенде жүрек аймағында тұйық сыздап ауырсыну байқалған. Дәрігерге қаралмаған, өз еркімен корвалол, валидол, валериана қабылдаған. Аурухана түспей тұрып әлсіз көріністі баспамен ауырып, эритромицинмен 6 күндей емделген. Тамақтың ауырсынуы басылғанына және дене қызуының қалыпты болуына қарамастан, жағдайы жақсармай керісінше әлсіздік күшейген, тершеңдік пайда болған. 2 аптадан кейін дене қызуы субфебрильге дейін жоғарылап, бірнеше күн аралығында көрсетілген шағымдар қосылды.

Объективті тексеру кезінде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, терісі бозғылт, ылғалды, акроцианоз, бетінің қызаруы байқалады. Балтырының ісінуі, оң жақ білезік буындарының және сол жақ балтыр табаның дефигурациясы және гиперемиясы, барлық ірі және орташа буындарын пальпациялағанда ауырсыну байқалады. Өкпені тыңдағанда – тынысы әлсіреген және екі өкпенің төменгі бөліктерінде аздаған мөлшерде дыбыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, ТАЖ минутына 20 рет. Жүректің сол жақ салыстырмалы шекарасының тұйықтығы алдыңғы қолтық алды сызықтан 5 қабырғааралықтан 1 см ішке қарай, оң жақта - 4 қабырғааралықта оң жақ төс сүйегінен сыртқа қарай 0,5 см. Жүрек аускультациясында – жүрек ұшында бірінші тонның әлсіреуі, өкпе артерия үстінде 2 тон акценті, максимальды жүрек ұшында және қолтық асты аймағынынан өтетін систолалық шуыл естіледі. Тондары ырғақсыз, минутына кезектен тыс 8-10 рет жиырылу естіледі, ЖЖЖ минутына 78-84 рет, АҚ 110/70 мм.сын.бағ. Бауыры қабырға доғасынан 6 см шығып тұрады, жиегі дөңгелектенген, тегіс, пальпацияда әлсін ауырсыну байқалады.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Қосымша тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Емдеу тактикасын анықтаңыз.

  4. Клиникалық қан анализінің ұсынылған нәтижесін бағалаңыз.

№86 ҚАН АНАЛИЗІ

Күні: 10.09.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :10. Дәрігерге : Семенова. Науқас С. 19 жаста.

Көрсеткіштер

СИ мөлшер бірліктері

Гемоглобин

Е

Ә

117 г/л

130,0- 160,0

120,0-140,0

г/л

Эритроциттер

Е

Ә

3,6 х 10 12/л

4,0-5,0

3,9-4,7

Х 10 12/л

Түстік көрсеткіш

0,9

0,85-1,05

Тромбоциттер

200 х 10 12/л

180,0-320,0

Х 10 9/л

Лейкоциттер

9,3х 10 9/л

4,0-9,0

Х 10 9/л

Миелоциттер

0,5%

Х 10 9/л

Жас клеткалар

0,5 %

% х 10 9/л

Таяқша ядролы

8 %

1-6

0,040-0,300

% х 10 9/л

Сегментядролы

71 %

47-72

2,000-5500

% х 10 9/л

Эозинофилдер

2 %

0,5-50

0,20-0,300

% х 10 9/л

Базофильдер

0 %

0-1

0-0,065

% х 10 9/л

Лимфоциттер

13 %

19-371

200-3000

% х 10 9/л

Моноциттер

6 %

3-11

0,090-0,600

% х 10 9/л

Эритроциттердің тұну жылдамдығы

Е

Ә

44 мм/сағ

2-10

2-15

мм/сағ

  1. Ұсынылған клиникалық зәр анализ нәтижесін бағалаңыз:

№ 15 ЗӘР АНАЛИЗІ

Күні: 10.09.07 ж.

Мекемеде: ҚКА. Бөлімше :10. Дәрігерге : Семенова. Науқас С. 19 жаста.

Түсі – сары, реакциясы – әлсіз қышқылды, салыстырмалы тығыздығы – 1008, белок – 0,066 г/л, қант – жоқ, жайпақ эпителий – 1-7-12 көру алаңында, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер -0-1-5 көру алаңында, гиалинді цилиндирлер – 1-3 көру алаңында7

  1. Биохимиялық қан анализінде : АСТ – 12 Б\л, мочевина – 8,6 ммоль/л, Билирубин – 17,0 мкмоль/л, С-реактивті белок (СРБ) – 1, белок – 70 /л. Гликемия – 5,76 ммоль/л.

3 есеп

Науқас 16 жаста. Жас жеткіншек терапия бөліміне тізе және балтыр табан буындарының ауырсынуына, физикалық күш түскенде ентігуге, дене қызуының 38.5 С жоғарылауына шағымданып келді. Анамнезінде соңғы екі айда жиі баспамен ауырған. Жоғарыда аталған симптомдар 2 апта бұрын басталған.

Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тізе буындары ұлғайған, терісі қызарған, ауырсынуға байланысты белсенді және белсенді емес қимылдары шектелген, басқа буындарында өзгеріс байқалмайды. Дене қызуы 38 С, бадамша бездері ұлғайып, таңдайдың жиегіне қарай болбырап шыққан, іріңдеген. Жүректің салыстырмалы тұйықтығы қалыпты. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында нәзік систолалық шуыл естіледі. Тамыр соғысы минутына 90 рет, АҚ 120/70 мм.сын.бағ., бауыры пальпацияланбайды.

Жалпы қан анализі: лейкоцит – 10 х 10 9/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ, СРБ ++++, фибриноген – 7,6 г/л.

ЭКГ: синусты тахикардия, атриовентрикулярлы блокада 1 сатысы.

  1. Болжамды диагнозды құрастырыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрастырыңыз.

  3. Ревматизмге тән терілік өзгерістер қалай аталады (34 сурет)?

  4. Науқастың емдеу жоспарын құрастырыңыз.