Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

4 Сурет

  1. Осы ауруда қандай асқынулары пайда болуы мүмкін?

  2. Науқасқа өршудің алдын алу үшін қандай кеңестер бересіз?

6 есеп

Науқас З., 48 жаста,әрдайым ентігуге, аз көлемді физикалық күштеме түскенде күшеюіне шағымданады. 25 жылдан бері күніне 1,5 -2 қорап темекі тартады. Бастапқыда жөтелмен бірге аз мөлшерде ашық –сұрғылт түсті қақырық бөлінуі(кейде жасыл) мазалаған. Ентігу 5 жыл бұрын басталған. Соңғы айда жедел респираторлы аурумен ауырғаннан кейін ентігу күшейген, қақырық көбейген, түсі сары –жасыл болады.

Объективті: кеуде клеткасы көлденеңнен кеңейген, кеуде клеткасын перкуссиялағанда –өкпелік дыбыс қорап тәрізді болады. Өкпені тыңдағанда қатқыл тыныс, өкпенің барлық аймақтарынан төментембрлі шашыранды құрғақ сырылдар естіледі.

Жалпы қақырық анализі: лейкоцит – 150 көру алаңында, жайпақ эпителий – көп.

  1. Болжамды диагнозды құрастырыңыз және оны негіздеңіз.

  2. Аурудың ауырлық дәрежесін анықтауға және диагнозды нақтылау үшін қандай тексерулер жүргізу қажет?

  3. Жалпы қақырық анализін жинау тәртібін айтыңыз (5 сурет).

5 Сурет

  1. Сыртқы тыныс қызметінің (СТҚ)обструкциялық бұзылыс түріне тән сипаттама?

  2. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты қалталық ингаляторды дұрыс пайдалануды үйретіңіз.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Тақырып бойынша ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Аурудың графологиялық құрылымын құрастыру.

  • «Мейірбикелі ісі негізі» курсынан бұлшық етке және көк тамыр ішіне инъекция жасау техникасын, арнайы ингаляторды пайдалану тәртібін, әртүрлі зерттеулер түріне қарай қақырықты жинау тәртібі.

  • Науқастарға арналған ескертпелер «Бронхит кезіндегі фитотерапия» құрастыру.

  • Сағат көлемі:2

1.2. Бронхтық демікпе

Сабақтың мақсаты: теориялық білімдерін бекіту; студенттерді ауру ағымының ерекшеліктерімен, тексеру әдістерімен,емдеу принциптерімен және алдын алумен таныстыру; алынған мәліметтерді талдай білу.

Студент білу керек:

  • бронхтық демікпе (БД) анықтамасын;

  • этилогиясын, аллергендер түрлерін;

  • 2 қосымшадан өзіндік жұмыстарды орындау үшін ұсыныстарын қараңыз.

  • БД жіктемесін;

  • БД клиникалық белгілерін;

  • асматикалық жағдайдың клиникасын;

  • БД анықтауда қазіргі заман талабына сай принциптерін;

  • тұншығу ұстамасында көрсетілетін көмек алгоритмін;

  • БД қазіргі заман талабына сай сатылы емдеу әдісін;

  • БД дәрілік заттардың негізгі топтарын;

  • БД алдын алуын;

  • астматикалық мектептің ролін;

  • фельдшер БД ұстамасында және астматикалық статуста ауруханаға дейінгі сатыда көрсетілетін көмекті;

  • БД науқастарды диспансерлік бақылау;

Студент істей білу керек:

  • науқасты сұрастыру жүргізуді және объективті тексеруді;

  • БД тән белгілерді табу;

  • қосымша тексеру мәліметтерін талдау;

  • болжам диагнозды негіздеу;

  • ажыратпалы диагностика жүргізу;

  • тұншығу ұстамасы кезінде шұғыл көмек көрсету;

  • науқасты дұрыс тасымалдау;

  • науқасты қалталық ингаляторды, пикфлоуметрияны, спейсерді, небулайзерді пайдалануды үйрету (6 сурет);

6 Сурет

  • ылғалданған оттегі беру;

  • барлық зерттеулер түріне қақырықты жинау;

  • дәрілік заттарды көк тамыр ішіне жылдам және тамшылатып енгізу;

  • дәрілік заттарға рецепт жазып беру;

  • медициналық құжатты толтыру;

Бақылау сұрақтары

  1. БД ауруының негізі неде?

  2. БД патогенездік сатысын атаңыз. Бронхтарда қандай морфологиялық өзгерістер болады және неге? Қалыпты бронхиоланы және БД кезіндегі өзгерісін анықтаңыз (7 сурет).

7 сурет 8 сурет

  1. Тригер дегеніміз не және оларға жататында (8 сурет)?

  2. БД ұстамасының клиникалық белгілерін атаңыз?

  3. БД ауырлық дәрежесіне байланысты асқынуларының жіктемесі?

  4. Астматикалық статус дегеніміз не, оның қандай сатылары бар?

  5. БД сатыларына байланысты емдеу принциптері қандай?

  6. Астматикалық статуста ауруханаға дейін негізгі шүғыл көмек көрсету принциптерін атаңыз.