Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1 Тапсырма

Жауаптың дұрыс түрін таңдаңыз.

  1. Өкпе обыры ауруы бірден жоғарылайды:

  1. 30 жаста;

  2. 40 жаста:

  3. 50 жаста.

  1. Өкпе обырымен жиі ауырады:

  1. әйелдер;

  2. ер кісілер;

  3. әйелдер және ер кісілерде бірдей.

  1. Өкпе обырына әрекет етеді:

  1. ішкілікке салыну;

  2. темекі тарту;

  3. наркомания және токсикамания;

  4. барлық аталғандар.

  1. Өкпе обыры жиі байқалады мына науқастарда:

  1. қант диабеті;

  2. асқазан және он екі елі ішек жара аурулары (ЖА);

  3. өкпенің созылмалы арнайы емес аурулары;

  4. бронхиалды демікпе.

  1. Науқаста өкпе обырының ісігі ыдырағанда қақырық түсі:

  1. жасыл;

  2. татты;

  3. сарғыш;

  4. «таңқурай» тәрізді.

  1. Құрғақ плевритте қабыну процессінен кейін:

  1. плевра қуысына сұйықтықтың жиналуы;

  2. плевра жапырақшаларының қабынуы;

  3. өкпе тінінің қабынуы.

  1. Құрғақ плевритке тән емес белгі:

  1. кеуде клеткасындағы ауырсыну;

  2. құрғақ жөтел;

  3. тершеңдік;

  4. субфебрильді температура;

  5. акроцианоз.

  1. Құрғақ плеврит кезінде кеуде клеткасында ауырсыну күшейеді:

  1. сау жағына қарап жатқанда;

  2. ауру жағына қарап жатқанда;

  3. арқасымен жатқанда;

  4. ішімен жатқанда;

  5. алдына қарап еңкейгенде.

  1. Құрғақ плевритте аускультациялық белгілері:

  1. сықыр;

  2. құрғақ ысқырықты сырылдар;

  3. плевраның үйкеліс шуылы;

  4. бронхофонияның күшеюі.

  1. Экссудативті плевриттің бөліктік пневмониядан айырмашылығы:

  1. зақымдалған аймақта перкуторлы дыбыстың тұйықталуы;

  2. бронхиалды тыныс;

  3. зақымдалған аймақта тынысы және бронхофония әлсіреген;

  4. дем алғанда кеуде клеткасының қалыңқылығы.

  1. Экссудативті плевриттің негізгі клиникалық белгілері:

  1. плеврадағы экссудат орналасуына сәйкес аймақта өкпелік перкуторлы дыбыстың тұйықталуы;

  2. өкпеде перкуторлы дыбыстың тұйықталу аймағында аускультация аймағында тыныс шуларының әлсіреуі;

  3. өкпенің зақымдалған аймағына қарай қарама - қарсы кеуде қуысындағы ағзалардың жылжуы;

  4. барлық аталғандар.

  1. Экссудативті плевриттің этиологиясын анықтау үшін бірінші кезекте жүргізу қажет:

  1. экссудатты зерттеу үшін плевраны пункциялау.

  2. қақырықты ТМБ зерттеу;

  3. өкпені радиоизотопты зерттеу;

  4. өкпені торакоскопия жасау арқылы биопсия алу;

  5. Манту реакциясы.

  1. Диагностикалық плевралық пункция көрсеткіші болып табылады:

  1. тұрақты су жиналуы;

  2. плевра эмпиемасына күдіктену;

  3. обырлы этиологияға күдіктену;

  4. сұйықтық жиналуының түсініксіз белгісі;

  5. барлық аталған жағдайларда.

2 Тапсырма

Келесі бекітулерді толықтырыңыз.

  1. Плевриттің жіктемесін атаңыз:

  1. ...

  2. ...

  1. Құрғақ плевриттің негізгі белгілері...

  2. Экссудативті плеврит кезінде перкуторлы дыбысқа тән өзгеріс....

  3. Плевральды пункцияны жасау мақсаты....

  4. Плевритті емдеу комлпексіне кіреді:

  1. ...

  2. ...

  3. ...

  1. Өкпе обырында қақырық сипаты...

3 Тапсырма

Сұрақтарға (1-9) қатысты дұрыс жауаптарын (А-Е) табыңыз.

  1. Плевритке анықтама беріңіз.

  2. Плевриттің себептерін атап көрсетіңіз?

  3. Плевритпен ауыратын науқастың негізгі шағымдарын атаңыз?

  4. Құрғақ плеврит кезінде аускультацияда науқаста анықталады?

  5. Экссудат дегеніміз не?

  6. Экссудатты сипатына қарай қалай бөлеміз?

  7. Дамуазо сызығы дегеніміз не, оның пайда болуы немен байланысты?

  8. Экссудативті плеврит кезінде тыныс қалай өзгереді?

  9. Плевральды пункция жасау мақсаты?

  1. Қабыну сұйықтығына тән.

  2. Диагностикалық және емдік мақсаты.

  3. Плевраның үйкеліс шуылы.

  4. Плевра жапырақшаларының қабынуы.

  5. Бірден әлсіреген немесе мүлдем анықталмайды.

  6. Сау жағына қарағанда, терең дем алғанда, жөтелгенде кеуде клеткасында күшейетін қатты ауырсынуы.

  7. Жұқпалы және жұқпалы емес.

  8. Дамуазо сызығы –иілген қисық сызық, жоғарғы нүктесі артқы қолтық асты сызықта орналасқан. Сұйықтық көбіне плевра қуысындағы өкпе тініне ыңғайлы бүйір бөліктерінде (синустарында) жиналады. Синустардың төменгі бүйір бөліктеріне тез толуы және ал қалған бөліктеріне ақырындап жиналуы доға тәрізді Дамуазо сызығын құрайды.

  9. Фибринозды, серозды, іріңді, геморрагиялық, шіріткіш, холестеринді, хилезды.

Ситуациялық есеп

1 есеп

Әйел 30 жаста, таңертең жұмысқа бара жатқан жолда жауын астында қалған. Күндіз әлсіздік және қалтырау пайда болған, аспиринді екі рет қабылдағаннан соң құсу пайда болған. Түнде қатты терлеу, қалтырау, сандырақ пайда болған. Келесі күні таңертең: әлсіздік, жағымсыз сезімдер, температурасы 38,7 С. Құрғақ жөтелмен кеуде клеткасының жартысының ауырсынуы пайда болды, осымен бірге ауырсынулар терең дем алғанда да мазалады.

Тексергенде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, беті қызарған, ТАЖ минутына 22 рет, тынысы беткейлік,оң жақ кеуде клеткасының жоғары бөліктерінде перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда бронхиалды тыныс, сол жерде плевра үйкеліс шуы естіледі. Тамыр соғысы минутына 94 рет, ырғақты, толықтығы және күштілігі қанағаттанарлық, АҚ 100/60 мм.сын.бағ. Науқас ауруханаға жатқызылды.

  1. Көрсетілген рентгенограмманың қайсысы науқасқа арналған (25 сурет)?