Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
терапия для студента.docx
Скачиваний:
304
Добавлен:
06.06.2015
Размер:
2.36 Mб
Скачать

40 Сурет

2 есеп

Студент М. 24 жаста. Жас өспірім физикалық күштемеден кейін ентігуге, жүрек соғуына, жүрек жұмысының артуына, жүрек ұшының тұрақты түрде ауырсынуы, жалпы әлсіздік.

Екі апта бұрын жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырып дене қызуы 3 күн бойы фебрильды санға дейін жоғарылаған. 5 күннен кейін дене қызуы дұрысталған соң кәдімгі физикалық күштемеден кезінде ентігу, жүрек соғуы және жүрек жұмысының артуы, жүрек ұшында тұрақты түрде ауырсыну пайда болған.

Объективті: терінің бозаруы, акроцианоз. Өкпеде тынысы везикулярлы, ТАЖ минутына 20 рет, жүректің салыстырмалы тұйықтығы екі жағынан да кеңейген, тондары тұйықталған, тахикардия минутына 100 рет, біртекті экстрасистолиялар, АҚ 100/70 мм.сын.бағ.

  1. Болжамды диагноз қойыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Ем тағайындаңыз.

3 есеп

Науқас Ц. 20 жаста. Жасөспірім физикалық күштемеге байланысты емес жүрек аймағындағы сыздап және пышақ сұққандай ауырсынуға, жүрген кезедгі ентігуге, әлсіздік, тершеңдікке, субфеблильды дене қызуына шағымданып келді. Симптомдар 3 апта бұрын ауырған ЖРВИ кейін пайда болды.

Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. Перкуссияда – жүректің сол жақ шекарасы бұғана ортаңғы сызықтан сол жақта 2 см сыртқа қарай. Аускультацияда жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу. Тамыр соғысы минутына 110 рет, ырғақсыз, экстрасистолия минутына-2-4 рет. Басқа ағзаларда патология жоқ.

  1. Болжамды диагноз құрастырыңыз.

  2. Тексеру жоспарын құраңыз.

  3. Ем тағайындаңыз.

Студенттерге арналған өзіндік жұмыстарының түрлері

  • Ситуациялық есептерді құрастыру.

  • Тест түрінде тапсырмалар құрастыру.

  • Емдеу және диагностика жоспарын құру.

  • Өзіндік дайындық картасын толтыру.

  • Анатомия курсынан «Жүрек құрылысын», биохимиялық зерттеуге қанды алу,залалсыздандыруға қанды егу, «Мейірбике ісі негізі» курсынан көк тамыр ішіне дәрілік заттарды тамшылатып және тез енгізу техникасын қайталау.

  • Тіректік конспектілер құрастыру.

  • Рефератпен жұмыс жасау.

Сағат көлемі: 2.